Салалас құрмалас сөйлемді оқытудың тәсілдері.
Одағайды оқытудың амал-тәсілдері.
Тест тапсырмаларымен жұмыс.
2.10 Глоссарий
Қазақ тілін оқыту әдістемесі – қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс-тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым.
Дидактика – оқытудың, білім берудің, тәрбиелеудің амал-тәсілдерін, олардың теориялық және практикалық заңдылықтарын қарастыратын сала.
Морфология – сөз және оның грамматикалық көрсеткіштер туралы ілім. Әрбір сөздің контексте нендей өзгеріске түсіп, грамматикалық қандай мағына мен қызметке ие болып тұрғаны ескеріледі.
Мәтін – тілдік таңбалардың мағыналық және тұлғалық байланыстығы негізінде түзілген. Мәтін – сөйлеу процесінің жемісі болып табылады. Ол тілді жүйелі қолданудың барысында ғана пайда болады. Мәтін – жазудың шығуымен байланысты қалыптасып жетілген және әрі қарай дамып отыратын тілдік құрылым.
Достарыңызбен бөлісу: |