Әдебиеттер: 1-5, 6-10, 11-23, 24-27.
11-дәріс. Синтаксисті оқыту әдістемесі
Жоспар:
Синтаксис туралы жалпы түсінік беру.
Синтаксисті оқыту әдістері.
Синтаксис жүйесінің ішкі құраушылары.
Сөз тіркесі синтаксисі және сөйлем синтаксисі.
Жай сөйлем синтаксисі мен құрмалас сөйлем синтаксисі.
Синтаксистік талдау және оны жүргізу логикасы.
Синтаксис- грамматиканың көлемді құраушы бөлігі болып табылады. Синтаксис жүйесінің ішкі құраушылары - сөз тіркесі синтаксисі және сөйлем синтаксисі. Сөйлем синтаксисінқұраушылары - жай сөйлем синтаксисі мен құрмалас сөйлем синтаксисі. Мәтін синтаксисі және қатысымдық синтаксис мәселелерін жан- жақты түсіндіру. Синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастар туралы ұғым қалыптастыру. Синтаксистік талдау жүргізудің жолдарын ұсыну. Синтаксистің тілдің басқа деңгейлерімен тығыз байланыстылығы.
Синтаксис туралы жалпы мәлеметті оқушыларға әңгіме әдісімен де, лекция арқылы да түсіндіруге болады. Қандай әдіспен түсіндірілсе де мұғалім синтаксистің өзіндік ерекшелігін оқушыларға саналы білдіру үшін, оның тілдің өтілген басқа фонетика, лексика, морфологиямен салыстыруды ұмытпаған жөн. Ол бөлімдердің қарастыратын мәселелерін оқушылардың есіне қысқаша түрде түсіре отырып, синтаксистің нені зерттейтінін саралап айтып берсе, оқушылар жақсы меңгереді және тілдің басқа салаларынан синтаксистің айырмашылығын жете біледі.
Синтаксис жайында жалпы түсінік төмендегі көлемде және осы жүйеде берілгені жөн:
1. Синтаксис деген терминнің мәні.
2. Синтаксис грамматиканың ең негізгі саласы екені.
3. Синтаксис қарастыратын мәселелер (синтаксистің өзіндік белгілері).
4. Қазақ тілі синтаксисін оқытудағы мақсат.
5. Қазақ тілі синтаксисінің мәні.
6. Қазақ тілі синтаксисі оқулығы мен жаттығулар жиынтығы жөнінде қысқаша мәлімет.
7. Қазақ тілі синтаксисін оқытқанда қолданатын көрнекі құралдар.
Тіл ғылымында синтаксис грамматиканың ең негізгі саласы болып есептеледі. Ол – сөздердің басын қосып, тіркес жасап, бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құруды, сол арқылы адам ойын білдіру жолын үйретеді. Сондықтан да сөз тіркесі мен сөйлем жайындағы ғылымды синтаксис дейміз. Қазақ тілі синтаксисі іштей үш салаға бөлінеді: сөз тіркесі синтаксисі, жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі. Сөз тіркесі синтаксисі сөздердің тіркес жасайтын, жай сөйлем синтаксисі, негізінен сөйлем мүшелерімен жай сөйлемнің түрлерін және оқшау сөздерді зерттейді; ал құрмалас сөйлем синтаксисі сөйлем түрлерін қарастырады. Әрбір синтаксистік тұлғаның өзіндік белгілері болады. Соларды бір-бірімен салыстырып, әрқайсысының өзіндік белгілерін ажырата, саралай түсіндіру. Морфология мен синтаксисті, синтаксис пен пунктуацияны, синтаксис пен стилистиканы мүмкіндігінше байланыстырып оқыту.
Достарыңызбен бөлісу: |