Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығЫ» АҚ филиалы


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА КРИТЕРИАЛДЫҚ



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет21/37
Дата25.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#44039
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37
1638940762302 (3)

 
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА КРИТЕРИАЛДЫҚ 
БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу нәтижелері 
мектептік білім берудің барлық кезеңдерінде білім, білік және дағдылармен 
шектеле алмайды, оқыту мақсаты тұлғаның білімі, тәжірибесі мен 
құндылығына негізделген жалпы қабілет сияқты құзыреттіліктің қалыптасуы 
болуы тиіс [2]. Құзыреттіліктер білім, білік, дағдыларға қайшы келмейді, 
құзыреттіліктер бұларды саналы пайдалануды көздейді. Құзыреттілік тәсілін 
ескере отырып білім беру процесін жетілдіру, оқушыларды алған білімдері мен 
біліктерін нақты оқу және өмірлік жағдайларда қолдануға үйрету. Құзыреттілік 
оқушының жеке оқуының кіріктірілген нәтижесі ретінде олардың мағыналық, 
іс жүргізу және дәлелдемелік компоненттерді меңгеруі негізінде қалыптасады, 
оның деңгейі бағалау процесінде көрсетіледі [25]. 
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу жетістіктерін 
бағалаудың мақсаты: қысқа мерзімді мақсаттарға және оқу бағдарламасына 
сәйкес оқыту нәтижелеріне оқушылардың қол жеткізулерін талдау;оқу 
материалын меңгеру және оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктерді 
анықтау үшін мұғалім мен оқушы арасында жедел өзара байланысты 
орнату;оқу үдерісін ұйымдастыруға түзету енгізу; - жалпы білім беру мекемесі 
жағдайында мүмкіндіктері әртүрлі балаларға инклюзивті білім беруді әзірлеу 
және енгізу.
Осы мақсаттардан барып келесі міндеттерді шешу қажеттілігі туындайды:

оқу бағдарламасын меңгерудегі бар кемшіліктерді жоюға 
оқушыларды ынталандыру;


33 

оқытудың жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізу үшін оқушының 
жеке ілгерілеушілігін бақылау және дамуының өзіне тән 
траекториясын түзету;

оқу үдерісінің әрбір кезеңіндегі әрбір оқушының дайындық 
деңгейін анықтау;

әртүрлі 
атқарған 
қызметтері 
үшін 
алған 
бағаларының 
маңыздылығын саралау;

оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

мұғалім, оқушы және ата-аналар арасындағы кері байланысты 
қамтамасыз ету;

ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуға кедергісіз 
орта жасау және оқушыларды теңгерме құралдармен қамтамасыз 
ету; 

бастау мүмкіндіктері әртүрлі балаларға бірыңғай білім беру 
ортасын құру;

мәселе бойынша нормативтік-құқықтық база әзірлеу;

іс-әрекеттің 
диагностика-консультациялық, 
емдеу-
сақтандырушылық, 
әлеуметтік-еңбекшіл 
бағыттары 
арқылы 
инклюзивті сыныптарда балалардың дамуына психологиялық-
педагогикалық бағыттау жүйесін ұйымдастыру; 

ата-аналармен және қауыммен өзара әрекеттесу, балалардың 
қауымда табысты әлеуметтену моделін әзірлеу;

инклюзивті білім беру мәселесі бойынша педагогтардың кәсіби 
біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз ету;

сыни тұрғыда ойлау және өзін-өзі бағалау қабілеттерін 
дамыту [27]. 
Критериалдық бағалау жүйесі бағалаудың келесі түрлерін: қалыптастырушы 
бағалауды; ішкі жиынтық бағалауды; − сыртқы жиынтық бағалауды жүзеге 
асырады.
Инклюзивті білім беру жағдайындағы білім алушылардың оқудағы 
жетістіктерін анықтауға негіз болатын бағалау критерийлері нормативтік 
құжаттарда көрсетілгендей оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптарына сәйкес әзірленуі тиіс [1, 10, 16, 17]. Ескеретін жағдай, мектепте 
оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың басым көпшілігі зерде 
дамуы қалыпты және зерде дамуының тек жеңіл бұзылыстары бар балалар 
болғандықтан, дамуында ауытқушылығы жоқ өзінің құрбыластарымен білім 
мазмұнын бірдей игереді.
Қалыптастырушы бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерінің дамуы мен 
өсуіне әсер ететін сабақ барысындағы негізгі үдеріс. Ол мұғалімге сынып 
оқушыларының білімін қадағалауға, жоспарына түзету енгізуіне, ал оқушыларға 
өз оқу жетістіктерін өздері бақылауына және одан әрі өзінің даму бағыттарын 
анықтауға 
мүмкіндік 
береді. 
Осылайша 
бағалау 
ынталандырушы, 


34 
қалыптастырушы және уәждемелік қызмет атқарады. Мұндай бағалау түрінде 
оқудың жақсаруын қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың арасында кері 
байланыстың болуы шарт. Қалыптастырушы бағалау оқу үшін бағалауды мақсат 
ете отырып, белсенді әдістерді тиімді пайдалануға негізделген. Мұнда бағалау 
мен оқуды ажырату мүмкін емес, олар білім сапасын арттыруда бірін бірі 
толықтырып отырады. Демек оқушылардың бірігіп талдау мәдениеті 
қалыптасады; сыни және шығармашылық ойлауы дамиды; сұрақтарды қолдайтын 
орта қалыптасады; өздерінің жеткен жетістіктерін көру арқылы оны жақсарту 
сенімі нығаяды; күтілетін нәтижелері алдын ала анықталады. Қалыптастырушы 
бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады 
және тоқсан бойында үздіксіз жүргізіледі. Бұл бағалаудың нәтижесінде алынған 
ақпараттың негізінде оқушылар оқу барысында өздерінің тапсырманы 
қаншалықты дұрыс орындағанын біле алады. Ал мұғалімдер оқушының 
қаншалықты ілгерілегені туралы мәлімет алып, соған сүйене отырып оқыту 
үдерісіне өзгеріс енгізіп, түзетіп отырады. Қалыптастырушы бағалау кезінде 
оқушы оқу үдерісіне белсене араласып, одан қандай нәтиже күтілетінін түсінеді. 
Сонымен бірге, өз жұмыстарына өзі баға берумен қатар, сыныптастарын бағалау 
арқылы өзінің оқуын жетілдіреді.
Критериалды бағалау жүйесі мектеп бітіруші түлектің тұлғасына 
қойылатын қазіргі заманғы білім беру парадигмасының талаптары бойынша, 
балалардың әртүрлі мүмкіндіктерінің, соның ішінде ерекше білім беруде 
қажеттіліктері 
бар 
балалардың 
мүмкіндіктерін 
ескере 
отырып 
қалыптастырылады. Сондықтан, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау 
жүйесі мектептегі құзыретті білім беру шарттарында келесі қағидаттарды 
ескеру арқылы әзірлену қажет:
− меңгеру деңгейін саралау;
− критериалды бағалау;
− бағалаудың объективтілігі;
− бағалауды дараландыру;
− бағалауды жариялау [19].
Инклюзивті сыныптарда оқыту адамгершілік тұрғыда, тұлғаға 
бағытталған негізде, дамытушы, дифференциалды және жеке қажеттіліктерін 
ескере отырып жүзеге асырылады. Жоғарыда аталған бағалау принциптерін 
ескере 
отырып, 
мектептің 
құзыретті 
білім 
беруге 
жағдайында 
қалыптастырылған оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жүйесі мектеп 
практикасындағы жаңа білім парадигмаларының талаптары мен бағалау 
құралдарының арасындағы қайшылықтарды жоюға көмектеседі. Атап 
айтқанда:
− оқу материалдарын игеруіне қарай деңгейлеп дифференциациялау 
арқылы қалыптастырылған бағалау шкаласының критериалды бағалау 
платформасы білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалауға 
мүмкіндік береді;


35 
− бағалаудағы жариялылық көптеген психологиялық тұрғыдағы 
мәселелерді шешуге көмектеседі, соның ішінде, білім алушылар мен олардың 
ата-аналарының арасындағы қанағаттанғысыз бағаға қатысты қақтығыстар, 
білім алушылар мен олардың мұғалімдерінің арасындағы балаға қойылған 
бағаға келіспеушілік тұрғысындағы даулар, мұғалімдер мен ата-аналар 
арасындағы қостарапты түсініспеушіліктер.
Зерде дамуының бұзылыстары бар балаларды қоспағанда, дамуында және 
денсаулығында ауытқушылықтары анықталған, білім алуға арнайы қажеттілігі 
бар балалардың жалпы мектептегі пәндер бойынша оқу жетістіктерін бағалау, 
кейбір бұзылыс түрлеріне байланысты шектеулерді ескермегенде (көру, есту, 
сөйлеу, тірек-қимыл аппараттарының бұзылыстары, әлеуметтік-эмоционалдық 
бұзылыстар), жалпы сыныпқа арналған критерийлер мен көрсеткіштер арқылы 
бағаланады. Түзете дамыту пәндері бойынша бағалау критерийлері кез келген 
тақырыпты игеру барысындағы оқу материалдарымен және қалыптастырылған 
дағдыларымен тығыс байланысты болуы тиіс. Олар білім алушының әртүрлі 
ісәрекеттерінің жиынтығы болып табылады және жұмыс барысында оқу 
әрекеттерін жүзеге асыра отырып, білім деңгейін шыңдауына көмектеседі. 
Осылайша белгілі бір білім дағдыларының қалыптасуын жедел бақылап отыру 
жүзеге асырылады.
Түзете дамыту пәндерін қалыптастырушы бағалау критерилері жаңа 
сабақты игеру мүмкіндігіне қарай ерекше білім беруде қажеттіліктері бар 
оқушылар үшін, олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып әр сабаққа 
жасалады[19].
Ерекше білім беруде қажеттілігі бар оқушылардың ерекшеліктерінің 
ескерілуі жан-жақты бағалау өлшемдерін енгізуді талап етеді. Аталған бағалау 
өлшемдері бағдарламаны игеру процесінде білім алушының аздаған 
жетістіктерін және алға ілгерілеушілігін ескеруге мүмкіндік береді, 
түзетедамыту жұмыстарының нәтижесін бағалауға және алдағы жеке дамыту 
жұмыстарының жоспары мен білім, білік, дағдыды икемді қалыптастыруға 
ықпал етеді. Біріншіден, ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың 
оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі, арнайы қажетті жағдайлар 
жасалғанда ғана объективті болады
Екіншіден, ерекше қажеттілігі бар баланы инклюзивті білім беру 
жағдайында оқытудағы критериалды бағалау жүйесінің тағы бір ерекшелігі, 
мұғалім оқу процесінде қолданылып отырған әдіс-тәсілдердің тиімділігін 
анықтап, алдағы уақытта жетілдіру үшін білім алушының оқу жетістіктерін 
зерделеп отырады. Нәтижесінде ерекше білім беруде қажеттіліктері бар 
оқушылардың оқу жетістіктерін жалпы білім беру стандартына сәйкес, тиісті 
критерийлермен бағалау мүмкіндігі артады. Бұл түпкілікті нәтижеге жетуге 
бағытталған жұмыс болып табылады. Оқу бағдарламасындағы түзете-дамыту 
компонентінен ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушымен түзете-
дамыту жұмыстары жүргізілген жағдайда, пән мұғалімі жеке дамыту 
бағдарламасының нәтижелерін өз жұмысының барысында ескеруі тиіс. Бұл 


36 
жағдайда, 
критериалды 
бағалау 
жүйесінің 
икемділігі 
мұғалімге 
қалыптастырушы бағалау критерийлерін жекелеген тақырыптарды өту 
барысында өзгертіп отыруына мүмкіндік береді. Алдағы уақытта оқушыға 
қойылатын нақты талаптарды күрделендіріп отыруға болады. Сондықтан 
ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылар мен білім алуда жеке 
қиындықтар туындаған оқушылар үшін оқу жетістіктерін бағалау 
тапсырмаларын бейімдеу келесі мәселелерді қамтуы қажет: 
− тұжырымдар мен анықтамалардың мазмұнын және грамматикасын 
жеңілдету;
− көпбірлікті нұсқаулықтарды шағын бірлікті қадамдарға бөлу арқылы 
тапсырманың орындалуын жеңілдету;
− тапсырмаға берілген жазбаша нұсқаулықтардан бөлек, қажеттілігіне 
қарай, мұғалім тапсырманы қосымша дауыстап, мағынасын келтіре отырып, 
баяу оқып беру;
− тапсырманың мәтінін ерекше білім беруде қажеттілігі бар 
оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеу (үлкейтілген шрифт, 
тапсырмаларды бөліп беру және т.б.);
− қажеттілігіне қарай жеке дара көмек көрсету: ынталандыру (мақұлдау, 
эмоциялық қолдау), ұйымдастырушылық (назарын қарата білу, зейінін 
жұмысқа аудару, өзін-өзі бағалау қажеттігін есіне салу), бағыттаушы (қайталау 
және тапсырмаға берілген нұсқаулықты түсіндіру);
− тапсырманы орындауға берілген уақытты ұзарту; 
− сабақ барысында баланың шаршауы, жалығуы байқалған жағдайда, 
қысқа мерзімді (10-15 мин) сергіту сәттерін ұйымдастыру;
− педагог тарапынан теріс көзқарастың болуына жол берілмейді, білім 
алушының эмоциялық күйзеліске түсуінің алдын алу қажет.
Зерде бұзылыстары бар (ақыл-ой кемістігі бар) оқушылар, танымдық 
қызметіндегі айтарлықтай шектеулері болуы салдарынан, МЖМБС талаптарын 
орындауға бағдарланбаған арнайы оқу жоспарларына және бағдарламаларына 
сәйкес білім алады [19].
Танымдық қызметінің және тұтас жеке тұлғасының анық жетілмеуі 
себебімен зерде бұзылыстары бар оқушылар оқу процесінде айтарлықтай 
қиыншылық көреді. Әлеуметтік тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған оқу мен 
тәрбие әсерінен балалардың білім сапасы дамиды, белгілі білім, білік, 
дағдыларды алады. Бірақ оқудағы осындай ілгері басқан қадамдар түрлі 
оқушыларда бірдей бола бермейді. Ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту 
мүмкіндіктерінің түрлілігі даму бұзылысындағы тереңдігіне және таралуына 
байланысты болады. Дегенмен, критериалды бағалау жүйесін қолдану, ақыл-
ойының дамуында кемістіктері бар балалардың да даму динамикасындағы оң 
өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді. Түрлі мақсаттарға сәйкес, 
оқушылардың жетістіктерін қадағалау және бағалау орындалуы тиіс, олар 
жалпы бағалау нормаларына негізделе алмайды. Баға оқушының ілгері 
басуының дәрежесін ескеріп, оның оқу және даму процесін белсендендіріп, 


37 
тәрбиелік және түзете-дамыту міндеттерін орындауы керек. Ақыл-ойының 
дамуында кемістіктері мен ауытқушылықтары бар балалар үшін олардың оқу 
жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесі бойынша Ы. Алтынсарин 
атындағы Ұлттық білім академиясы «Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу 
жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі» тақырыбында әдістемелік 
ұсынымдарын әзірлеген [20]. Инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың 
оқу жетістіктерін бағалауға қойылатын басты талаптардың бірі, олардың жеке 
ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жалпы оқу мақсаттарының 
орындалуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бағалау критерийлерін, жалпы 
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың қабылданған принциптеріне 
сүйене отырып әзірлеу қажет және ол білу деңгейінен бастап, нәтижені бағалау 
деңгейіне дейінгі аралықты қамтиды.
Оқушы:
− өтілген оқу материалын білетінін және түсінетінін көрсете алады;
− алған білімін стандартты және өзгеше жағдайларда қолдануға қабілетті;
− тиісті тәсілдерді қолдана отырып, қандай да бір тапсырмаларды 
зерделей алады, заңдылықтарын таба алады, олардың арасындағы байланысты 
анықтай алады;
− шартты белгілер мен тиісті сәйкес терминологияларды қолдана отырып, 
ақпаратты түсінікті жеткізуге қабілетті;
− оқу міндеттерін шешу мақсатында таңдалған тәсілдердің дұрыстығы 
мен тиімділігін зерделеп, ойын айта алады. Критерийлер оқу тапсырмасының 
қандай деңгейде орындалғанын нақты бағалауға мүмкіндік беретін 
көрсеткіштерге жіктеледі, ал бұл көрсеткіштердің әрқайсысы оқушының оқу 
мақсаттарын орындауда нәтижеге қандай дәрежеде жақындағанын анықтап 
береді. Критериалды бағалау жүйесін қолдануда әрбір тапсырма бағаланып 
отырады. Нәтиже әрбір тапсырманың жекелеген элементтерінің дұрыс 
орындалуына қойылған бағалаудан тұратын жиынтық балдық көрсеткішпен 
өлшенеді. Критериалды бағалау жүйесі кері байланыс функциясын атқарады. 
Сондықтан күнделікті ағымдағы оқу тапсырмаларын орындау барысындағы ең 
қанағаттанғысыз нәтиженің өзін оқушы жеке оқу жетістіктерін жақсарту үшін 
берілген ұсынымдар деп қабылдайды. Критериалды бағалау жүйесінде әр 
балдық көрсеткіш жетістік деңгейін көрсетеді. Маңыздысы, бағалау 
шкаласының нөлден басталатынында, бұл оқушының жеке тұлғалық қасиеттері 
емес, керісінше оқу іс-әрекеті бағалаудың тағы бір көрсеткіші [19]. Оқушының 
білімін критериалды бағалауға арналған дескрипторлар тексерілетін әр 
тапсырмаға құрастырылады. Қазіргі уақытта білім алушының оқу жетістіктерін 
бағалауда жалпы қолданысқа енген бірыңғай критерийлер жоқ. Себебі, 
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлері қандай да бір 
педагогикалық мақсаттар таксономиясының негізінде жасалады. Бүгінгі күні, 
деңгейлер санымен, сол деңгейлердің негізінде жасалған критерийлерімен, 
әрбір деңгейлерді тармақтарға жіктеп көрсететіндігімен ерекшеленетін 
көптеген таксономиялардың түрлері бар екені белгілі. Дегенмен, бұл 


38 
мақсаттардың барлығы да білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау 
критерийлерін қалыптастыруға болатын негізгі төрт деңгейді қамтиды.
Инклюзивті білім беретін мектеп сыныптарындағы білім алушылардың оқу 
жетістіктерін 
бағалау 
критерийлерін 
әзірлеуде 
қандай 
мақсаттар 
таксономиясын негізге алуға болатындығы сол сынып оқушыларының үлгерімі 
мен сабақ үстіндегі өзара әлеуметтік қарым-қатынас орнату белсенділіктеріне 
байланысты анықталады. Топтық тапсырмаларды орындау кезіндегі белсенді 
өзара әлеуметтік қарым-қатынас білім алушылардың өз мүмкіндіктерін толық 
ашуына және бір біріне қолдау көрсетуіне бағытталған. Сондықтан, мұндай 
жұмыстарды белсенді ұйымдастыру мүмкіндігі бар инклюзивті білім беретін 
мектеп сыныптарында критериалды бағалау жүйесін қалыптастыру негізіне 
жоғары эвристикалық мақсаттарды алуға болады. Бұл ерекше білім беруде 
қажеттілігі бар оқушылардың өз мүмкіндіктерін толық ашуына және алдағы 
уақытта жанжақты дамуына ықпал етеді. Қалыптастырушы бағалауда жиі 
қолданылатын өзін-өзі бағалау және өзара бағалау тәсілдері, инклюзивті оқыту 
сыныптарындағы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы тиімді 
әдістердің бірі. Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау білім алушылардың 
жауапкершілігін арттырып, өз нәтижесін зерделеуге жетелейді және жиынтық 
критериалды бағалау нәтижесінде білім деңгейлерінің жоғарылағанын 
көрсетеді. Жалпыға міндетті білім беру стандартын игеру жалпы білім беретін 
мектептерде қамтылған ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардан да 
талап етіледі, сондықтан инклюзивті білім беру жағдайындағы критериалды 
бағалау жүйесі де бірыңғай болуы тиіс.
Ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін 
критериалды бағалау жүйесі: − оқу бағдарламасының мазмұнымен салыстыру 
арқылы білім алушылардың тиісті білім деңгейін меңгергенін бағалау. Ол екі 
деңгейден тұруы тиіс: критериалды бағалаудың бірінші деңгейі базалық 
мазмұнды қамтиды, екіншісі - ілгері деңгей (кәсіпалды және кәсіби), кәсіби 
дайындықты көздейтін негізгі білім мазмұны аясын қамтиды. Инклюзивті білім 
берумен қамтылған балалардың басым көпшілігі интеллектісі сақталған 
балалар және олардың арасында білім алуда биік жетістіктерге жеткен 
балалардың бар екенін ескерсек, екінші ілгері деңгей оларға қолжетімді; − 
әрбір оқушының жалпы үлгеріміндегі өзгерістерді анықтаумен қатар, оның әр 
саладағы танымдық белсенділігінің динамикасын қадағалап отыру шарт 
(ақпаратты қабылдау, ақпаратты өңдеу, өз ойын шығармашылық тұрғыда 
жеткізу және бейнелеу, т.б.);
Ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушының оқу барысындағы 
қиындықтары мен қажеттіліктерін, оқу үлгеріміндегі ауытқушылықтардың 
себебін күнделікті бақылай отырып, оқушының білім деңгейі мен МЖМБС 
талаптары арасындағы алшақтықты барынша азайту; 
− оқушының үлгерімі жайлы ақпарат нақты әрі мазмұнды болуы қажет, 
сонымен қатар тек мұғалім ғана емес, ерекше білім беруде қажеттіліктері бар 
оқушы да өз үлгерімі туралы ақпараттан хабардар болуы тиіс. 


39 
Тиісінше оқушы өз бағасын мұғалімнің бағасымен салыстыра отырып, өз 
қабілетіне сенім пайда болады және мұғалімнің объективтілігіне көзі жетеді
осы әрекет баланың өзіне деген сенімсіздігінің алдын алады және алдағы 
уақытта өз қабілетін толық ашуына ықпал етеді; 
− әсіресе ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау көп деңгейлі, көп балды, дүниежүзілік бағалау 
тәжірибесіне бейімделген болуы тиіс, себебі мұндай оқушылар сараланған 
көзқарасты қажет етеді;
− белгіленген уақыт аралығында балл жинау механизмін енгізу арқылы 
оқу процесінің бірізділігін қамтамасыз ету;
қажет болған жағдайда ерекше білім беруде қажеттіліктері бар 
оқушыларға қосымша уақыт беріледі;
− мұғалім, оқушы, ата-ана, сынып жетекші, сонымен қатар мектептің 
педагогикалық ұжымы мен басқармасы арасында тығыз байланыс орнатылуы 
қажет. Бұл ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушының оқу процесіндегі 
мәселелеріне жедел түрде назар аударуға және қажет болған жағдайда 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін керек болып табылады;
− ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушы үшін мектеп 
бағдарламасының тиісті деңгейлері бойынша қойылатын талаптар жалпы орта 
білім алатын барлық оқушы үшін білім деңгейіне қойылатын талаптармен 
бірдей болуы тиіс. Себебі ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылар 
жалпы білім беру ұйымын аяқтағаннан кейін жалпы мектепті аяқтағаны туралы 
орта білім аттестатын алады;
− мұғалім, сынып жетекші, ата-ана, мектеп басшылығы және бәрінен 
бұрын оқушының өзі оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыруда бірлескен тығыз 
байланыста қарым-қатынас орнатулары шарт;
-
ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беру 
мектептеріне түбегейлі тарту, оны қоршаған ортасының түсіністігі мен 
қолдауын қажет етеді; 
− оқушының психикасына қамқорлықпен қарап, оқушының іс-әрекеттері 
мен талаптарына шыдамдылық таныту қажет, оның психикасына нұқсан 
келтіретін жағдайлардың алдын алу маңызды. Бұл ерекше білім беруде 
қажеттіліктері бар оқушының білім алуына қолайлы жағдайлардың жасалуына 
ықпал етеді [19].
Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім алушылардың білімін 
бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 
бұйрығымен бекітілді [29]. Тілдік емес пәндер бойынша білім алушылардың 
оқу жетістіктерін бағалаудың бекітілген өлшемшарттары оқу материалын 
меңгерудің түрлі деңгейлерін бағалауға негізделген. Тілдік пәндер бойынша 
білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары Блум 
таксономиясына негізделген. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау
өлшемшарттары білім берудің барлық деңгейлері бойынша әзірленді. Сонымен 


40 
қатар, 
бағалаудың 
өлшемшарттары 
мен 
параметрлерін 
анықтайтын 
критериалды бағалау жүйесінің ғылыми негізі, білім беру процесіне 
тұжырымдамалық 
тәсілдері 
«2016-2017 
оқу 
жылында 
Қазақстан 
Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін 
ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатта көрсетілген 
[30].
Сонымен білім алушылардың тұлғасы емес, тек жұмысы ғана 
бағаланады; оқушының жұмысы басқа оқушы жұмысымен емес, эталонмен (өте 
жақсы орындалған жұмыс түрімен) салыстырылады; эталон оқушыларға алдын-
ала белгілі болады. Неге оқытты соны ғана бағалауға болады, сондықтан 
бағалау өлшемдері – оқу мақсаттарының нақты көрінісі. Ерекше қажеттілігі 
бар балалар үшін критериалды бағалау жүйесі бағалау рәсімінің сол тәртібі мен 
құрылымын, сонымен қатар, бекітілген бағалау өлшемшарттарын болжайды.
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық 
бағалауды құрайды.
Қалыптастырушы бағалау түрлі формада (ауызша сұрақ, жазбаша 
жұмыс, тәжірибелік жұмыс және т.б.) жүзеге асады және жиынтық бағалауды 
өткізгенше мұғалім мен оқушыларға оқыту процесін түзетуге және мүмкін 
болатын олқылықтар мен кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Оқу 
тоқсандары ішінде жүргізіледі.
Жиынтық бағалау тоқсанды аяқтауы бойынша білім алушылардың 
білімді меңгеруініңкіріктірілген деңгейімен дағдыларының қалыптасуын 
айқындауға арналған. Оқу тоқсанының аяғында жүргізіледі. Бағалауды жүргізу 
тәртібі бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктерінкритериалды бағалау 
Ережесінде көрсетілген [31]. Осы құжат қалыптастырушы және жиынтық 
бағалауды жүргізу тәртібін, тоқсандық жиынтық бағалау модерациясын жүргізу 
тәртібін, сонымен қатар, білім алушыларға тоқсандық және жылдық баға қою 
тәртібін енгізеді. Сонымен қатар, білім алушылардың оқу жетістігін бағалау 
өлшемшарттары қарапайым балаларға да арналған.
Сонымен, ерекше қажеттілігі бар балалар үшін де тілдік емес пәндер және 
тілдік пәндер бойынша екі түрге бөлінеді. Ерекше оқыту қажеттілігі бар білім 
алушылардың оқу жетістігін бағалау өлшемшарттары 

жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау