Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет66/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   122

пайдаланып  отырсақ  оқытушының  ұтары  мол  деп  ойлаймын.  Тек  оларды 
тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы 
жүзеге асырылуы мүмкін. 
Меніңше, жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары мыналар:  
1. 
Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады; 
2. 
Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады; 
3. 
Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады; 
4. 
Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды; 
5. 
Оқытушының уақытын үнемдейді 
6. 
Қосымша мәліметтер береді. 
Ал, жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға береріне келсек: 
1. 
Барлық  баланы оқыту; 
2. 
Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу; 
3. 
Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару; 
4. 
Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену; 
Біз  ұстаздар  қауымы  қандай  болмасын   жаңалыққа  құлақ  түре  жүретініміз 
айқын.  Жаңа  технологияларды  сабақта  қолданудың  тиімділігін  қашан  да 
жолға  қоярымыз  анық.  Қазіргі  кезде  білім  беру  үрдісінде  көптеген 
технологиялар  қолданылады.   Соның  бірі  «Оқу  мен  жазу  арқылы  сын 
тұрғысынан  ойлауды   дамыту»  техногиясын  басшылыққа  алдым.Бұл 
бағдарламаның  мені  қызықтырғаны  сол  баланың  өзі  ізденіп,  дәлелдеуі.Ол 
бұрын  тыңдаушы  болса,енді  ізденуші,ойлаушы,  өз  ойын  дәлелдеуші,ал 
мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. 
    
Сын  тұрғысынан  ойлау  –  өз  алдына  сұрақтарға  жауап  іздеп,  жан-жақты 
пікірлесу,  талдау  жасап  отыру,яғни  оқушы  санасын  сол  тақырыпқа 
байланысты ояту,ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу.Сонымен қатар 
қасындағы  оқушының  пікірінтыңдау,сол  пікірлерді  салыстыру.Бұл 
технологияның  негізгі  ұстанымдар:  әлсін  –әлі  қайталау,  міндетті  кезеңдік 
бақылау,  тіректерді  пайдалану,  келіспеушіліктің  болмауы,  оқушының 
жетісіктерінің  жариялығы,  қателерді  түзеуге  мүмкіншілік  жасау,  барлық 
балалар  дарынды,  табысқа  жетуге  жағдай  жасау,  оқытумен  тәрбиенің 
бірлігі.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процес болып келеді. Сыни 
ойлау  ақпарат  алудан  басталып,  қаралатын  мәселеге  байланысты  шешім 
қабылдаудан  аяқталады.  Сыни  ойлау  кез  –  келген  жас  аралықтарына  тән. 
Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау 
қажет.    Мұнда  әр  оқушының   ойы  шыңдалып,  өз  даму  деңгейіне  сай 
жетістіктерге жетуге болады. 
Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы: 
1. 
Нақты мақсат қоюға дағдыланады 
2. 
Өзіне деген сенімі артады 
3. 
Оқу процесіне белсенді қатысады 
4. 
Жолдастарының пікірін сыйлайды. 
5. 
Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар  қоя біледі. 
6. 
Сараптауға, бағалауға  дағдыланады 
7. 
Пәнге деген қызығушылығы артады. 
146 
 


 
Сын тұрғысынан ойлау  жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады. 
• 
Қызығушылығын ояту; 
• 
Мағынаны тану: 
• 
Ой толғаныс. 
Бұл технологияда  бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал 
соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда 
оқушыға  ойланып  толғануға  уақыт  берілуі  керек,  ойын  айтуға  оқушы 
шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. 
     
«Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру 
мақсатында   тест  жұмыстарын  өткізу  арқылы  оқушы  білім  деңгейін 
қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы 
оқушылармен  бірлесе  жұмыс  жасауға  болады.Сабақтың  қай  құрылымында 
болмасын  осындай  стратегияларды  қолданғанда  «Мен  не  ұтам?»,  және 
«Оқушы не ұтады? деген     сұрақтарды есінен шығармауы керек. 
      
«Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар 
дайындап   оны  «Куббизм»  стратегиясы     арқылы  жүзеге  асыруға  болады. 
Сұрақтар  үш  деңгейде  әзірленеді.  Дайындаған  сұрақтарға  оқушылар  өз 
ойларын  білдіріп  жауап  береді.  Бұл  технологияның  келесі  бір  кезеңі  –  ой 
толғаныс.Мұнда  «Венн»  диаграммасын   қолдану  арқылы  тақырыптардың 
ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде    пікір-
сайыс  немесе  «5  минуттық  эссе»  жаздыруға  болады.  Мұндағы  мақсат 
оқушылардың  өзіндік  көзқарасын  қалыптастыру.  Эссе  жазғанда  сабаққа 
қабілеті  төмен  деген  оқушылардың  5-6  сөйлемнен  тұратын  ойын  жазса, 
соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз. 
     
Жаңа технологияның принциптері- оқытуды ізгілендіру,өздігінен білім 
алып,  ізденіс  арқылы  дамитын,  өзіндік  дұрыс  шешім  қабылдай  алатын, 
өмірге бейім жеке тұланы қалыптастыру. Жаңа оқыту технологиясы арқылы 
оқушы  қандайда  болмасын  ақпаратты  өздігінше  игеріп,  өз  өміріне   жарата 
алатын  әмбебап  тәсілдерді  үйрену  керек.  Технологиялық  жүйелікті  сақтай 
отырып,  қазіргі  сабаққа  қойылатын  талапарды  қатаңескерген  мұғалім, 
оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт – 
бағдар бере алады. 
   
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденген де ғана, 
шәкірт  жанына нұр  құя  алады»,  –  деген  сөзі  ізденімпаз,  жаңаша ұстаздарға 
арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс. 
 
 БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ҮДЕРІСТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Байжанова М.Ж. 
Алматы облысы, Ескелді  ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
        
Білім  мен  ғылымды  өз  дәрежесінде  меңгерген  елдер  ғана  әлемдік 
дамудың  алдында,  озық  көштің  бұйда  ұстар  тұсында  тұрады  десек,  қазіргі 
147 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау