совет түркологияның соңғы жетістіктері негізінде зеттеген «Қазіргі заман
ұйғыр тілінің» 2-томы жарық көреді. Бұл екі томдық еңбек қазіргі ұйғыр тілі
бойынша жазылған алғашқы академиялық грамматика еді. Ұйғыртану
бөлімінің жас мамандары Ғ. Садвақасов, А. Қайдаров, Т.Талипов, Ш.
Кибиров, О. Жамалдинов, Ю. Цунвазо, И. Семәтов, И. Мусазаевтардың
қатысуымен жазылған бұл еңбек кейін арап жазуында ұйғыр тілінде 1983-
жылы Үрімшіде, қытай тіліне аударылып 1988 жылы Пекинде жарық көрді.
Демек ұйғырлардың тарихи отаны болған Шынжаң-Ұйғыр автоном
районында да 1980 жылдарға дейін дәл осы еңбек секілді ұйғыр тілі боынша
жоғары теориялық деңгейде жазылған еңбектер болмаған. 1980 жылдардың
екінші жартысынан бастап ұйғыртанудың орталығы айналған бұл өлкеде
қазір ұйғыр тіл білімі бойынша жазылып жатқан жалпытүркологиялық
маңызға ие үлкен еңбектер өз бастауын Қазақстан ғылым академиясы Тіл
білімі институты Ұйғыртану бөлімі тілшілері дайындаған екі томдық
«Қазіргі заман ұйғыр тілі» атты еңбектен алады деп сенімді түрде айта
аламыз. 1989 жылы осы еңбектің негізінде орыс тілінді «Ұйғыр тілінің
құрылымы» атты еңбек жарық көрді.
Қазақстан ұйғыр тіл білімінің қалыптасуына және дамуына Қазақстан
Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы,
профессор Ғ.Садвақасовтың еңбегі өте зор. Ол 1950 жылы Абай атындағы
қазақ педагогика институты филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімі мамандығы бойынша аяқтайды. Сол жылы Қазақстан ғылым
академиясының Ұйғыр-дүнген мәдениеті секторының аспирантурасына оқуға
түседі. 1957-жылы «Қазіргі ұйғыр тіліндегі зат есімдердің жасалуы» деген
тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғайды. 1961, 1962, 1967 және
1970-
жылдары Өзбекстанда өмір сүретін ұйғырлардың тілін зерттеу
мақсатында диалектологиялық экспедицияға барады. Өзбекстанның
ұйғырлар көп шоғырланған Ферғана өлкесіндегі ұйғыр ауылдарын аралап,
тілдік, фольклордық материалдар жинайды. Бұл зерттеулерінің нәтижесінде
ғалым 1972-жылы «Ферғана ұйғырларының тілі және ұйғыр, өзбек тілдері
диалектілерінің өз ара әсері проблемасы» деген тақырыпта докторлық
диссертациясын қорғайды. Ғалымдың Ферғана ұйғырларының тілі туралы
зерттеулері «Ферғана ұйғырларының тілі» атты екі томдық еңбек болып
жарық көреді. 1970-жылы жарық көрген 1-томда Ферғана ұйғырлары тілінің
фонетикалық ерекшеліктері зерттеліп, мәтіндер мен сөздік берілген болса,
1976
жылы жарық көрген 2-томында Ферғана ұйғырлары тілінің лексикалық
және морфологиялық ерекшеліктері зерттелген. Сонымен қатар ғалым бұл
еңбегінде ұйғыр және өзбек тілдері диалекттерінің өзара әсері туралы да
талдау жүргізеді. Ғ. Садвақасовтың бұл еңбегі жоғары бағаланып, 1977-
жылы Қазақстан ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы
сыйлығына ие болады. Ғ. Садвақасов Қазақстанда қалыптасып, дамып бара
жатқан ұйғыр әдеби тілінің емле ережелерін түзіп, емле сөздігін (А.
Илиевпен бірге) жазуға да қатысқан. Ғ. Садвақасов ғылыми жұмыстарынан
басқа ұйғыртану бойынша зерттеулерді ұйымдастырушы ретінде де белгілі
ғалым. Ол Қазақстан ғылым академиясы Тілбілімі институты жанында
219
ашылған ұйғыртану бөлімін, кейін осы бөлім негізінде құрылған Ұйғыртану
институтын ұзақ жылдар бойы басқарған.
Қазақстандағы ұйғыр тіл білімінің ғылыми негізін қалауда Қазақстан
Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы,
профессор Әбдуәли Қайдардың еңбегі ерекше. Ұлы Отан соғысының
ардагері Әбдуәли Қайдар да өзінің ғылымдағы жолын Қазақстан ғылым
академиясының Ұйғыр-дүнген мәдениеті секторының «ұйғыр тілі»
мамандығы бойынша аспирантурадан бастайды (1951-1954). Ғалым 1955-
жылы «Қазіргі ұйғыр тіліндегі қос сөздер» тақырыбы бойынша кандидаттық
диссертациясын қорғайды. Кейін бұл еңбек 1958-жылы монография болып
Қазақстан ғылым академиясының баспасынан жарық көреді. 1962- жылы жас
ғалымдың «Ұйғыр тілі мен әдебиеті» атты ұйғыртанудағы алғашқы
мазмұндалған библиографиялық көрсеткіші жарық көреді. Ә. Қайдардың
1969-
жылы "Қазіргі ұйғыр әдеби тілінің дамуы (Ұйғыр диалекттері және
әдеби тілдің диалекттік негізі)» атты үлкен еңбегінің 1-бөлімі жарық көреді.
«Кітапта жалпыхалықтық ұйғыр тілінің барлық диалектілік көріністері,
сондай-ақ олардың қазіргі совет ұйғырлары мен Шыңжаң ұйғырлары әдеби
тілімен қарм-қатынасы жан-жақты қаралды. Мұнда ұйғырлардың халықтық
сөйлеу тілі ерекшеліктері, жалпыхалықтық тілдің диалектілер мен
говорларға жіктелуінің негізгі белгілері мен ғылыми принциптері
айқындалып, СССР-де, Қытай Халық Республикасының Шынжаң-Ұйғыр
автономиялы районында қолданылатын ұйғыр әдеби тілінің екі түрлі
нұсқасының диалектілік негізде нормалану барысы егжей-тегжейлі
зерттелді», деп жазады ғалым туралы қысқаша очеркте әріптесі академик Р.
Сыздықова мен шәкірті филология ғылымының докторы Е. З. Қажыбеков
(199
4, 30 б.). Бұл монография ғалымдың келесі жылы қорғаған доктордық
диссертациясын негізі болады.Түркология ғылымының дамуына үлкен үлес
болып қосылған бұл еңбегі үшін ғалым 1971-жылы Ш. Уәлиханов атындағы
1 дәрежелі сыйлыққа ие болады. Академик Әбдуәли Қайдар ұйғыр тілінің
барлық салалары бойынша дерлік елеулі еңбектер жазған ғалым. Ғалымдың
әр бір мақаласы ғылыми тиянақтылығымен және зерттеліп жатқан
тақырыптың теориялық, практикалық жақтарын терең меңгеріп оларды
шеберлікпен ұштастыра отырып жазылғандығымен ерекшеленеді. 1961
жылы Алматыда жарық көрген «Ұйғырша-орысша сөздікке» «Ұйғыр тілінің
қысқаша грамматикалық очерки», 1966 жылы Мәскеуде жарық көрген
«КСРО халықтары тілдері: түркі тілдері» кітабына «Ұйғыр (жаңа ұйғыр)
тілі» атты мақалаларды жазады. Әбдуәли Қайдар түрлі баспаларда жарық
көрген ұйғыр тілнің тарихы (1969), стилистикасы (1961,1966, 1969),
лексикологиясы (1961, 1970), этнолингвистикасы (1972), орфографиясы
(1973), терминологиясы (1965, 1987) басқа тілдермен өз ара байланысы
(1970, 197
3,1987) салалары бойынша бірнеше мақалаларды жазды. Ұйғыр тіл
білімі туралы сөз болғанда, Ғ. Садвақасов, Ә. Қайдарлар қатарында
филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Талиповтың фамилиясы да
аталады. Замандас, құрдас және дос болған үш ғалым ұйғыр тіл білімінің үш
алып бәйтерегі еді. Олардың ғылымдағы жолы да ұқсап кетеді. Т. Талипов та
220
Достарыңызбен бөлісу: |