Мұғалімнің басты рөлі – тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-
жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын
айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім
саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, нәтижеге
бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді
басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда
жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын
дамытуды талап етеді.
Әрбір мұғалімнің кәсіби дайындық сапасына қойылатын талап немесе
кәсіби теориялық білімі мен практикалық біліктілігі –құзыреттілік пен кәсіби
шеберлігінің сапасы ретінде қаралады.
Әр ұстаз оқытудың жаңа технологиясындағы тиімді пайдаланылған
әдістердің бәрі бала дамуына қарай бағытталатындығын ескеруі керек. Білім
беру саласында қолға алатын мәселелерді шешуде көмекке келетін кәсіби
құзыреттілігі жоғары, шығармашыл мұғалімдер екені даусыз. Атап айтар
болсақ:
Әлемдік тәжірибеде бар электронды оқу құралдарын пайдалану
шеңберін ұлғайту.
Мектептің тәжірибесін зерттеп қорыту, тарату.
Мектепішілік бақылау – басшылық жұмыстарын жандандыру, себебі
бұл оқушының білім сапасының деңгейін анықтап, ұстаздың жеке
жауапкершілігін көтереді.
-
Мемлекеттік тілде жазылған әдістемелік құралдарды шығару.
-
Оқыту деңгейін халықаралық стандартқа жеткізуге қадам жасау.
Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалім
ғана жүзеге асырмақ. Олай болса, кәсіби жағынан құзыретті мұғалім
шығармашылық әлеуеті дамыған болуы керек.
Ендеше, шығармашылық деген не? «Шығармашылық» деген ол -
адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен
талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп,
ақыл ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді.
«Шығармашылық - проблемалық сипаты бар, барлық ішкі
байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеялық
құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті» - деп түсіндіріледі
философиялық сөздікте. Педагогикалық шығармашылық объективті және
субъективті құндылығы бар, жаңа сападағы өнім алуға бағытталған
мұғалімдердің ерекше әрекеті.
Шығармашылық әрекет –тұлғаның шығармашылық міндеттерді өз
бетінше шешуі: білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай алуы,
белгіліден жаңа мәселені көре білуі, объектінің жаңа қызметін байқай
алуы, жаңа соны шешімдер қабылдауы.
Абайдың 43 сөзінде адам баласының 2 нәрсемен: тән және жан
қуатымен адам екенін, оның ішінде жан қуатын ерекше бөліп атап, әуелде
оның кішкене ғана болатынын, ескеріп баққан адам оны үлкейтіп,
121
ұлғайтып зорайтатынын, ал ескерусіз қалса, ол қуаттың қайсысы болса
да жоғалатынын айтады.
Шығармашыл мұғалім үшін өзгенің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз
тәжірибесі мен жаңалықтарын басқаларға ұсына алуының, шығармашылық
бағыттылықтың болуының мәні зор. Өйткені, мұғалімдердің кәсіби дамуы
шығармашылық жұмысқа тікелей байланысты болмақ. Шығармашылықпен
жұмыс істейтін мұғалімнің кәсіби жағынан дамитыны сөзсіз.
Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы
бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен
дарындылығына жағыдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы
жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен
атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген,
отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби
маман педагогті атаймыз.
Мұғалімнің шығармашылық әлеуеті: бұл тұлғаның жаңа жағдайға
сәйкес әрекет тәсілін өзгерте алуға негіз болатын білім, білік, дағдылары;
әрекеттің нәтижесін анықтайтын жаңалық, сонылылық, қайталанбастық;
тұлғаны өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға әкелетін өнертапқыштық,
елес, сыни ойлау, жаңалыққа деген ашықтық сияқты жеке қасиеттердің
жүйесі. «Әлеует» – жасырын жатқан мүмкіндіктер немесе белгілі бір
мәселелерді шешуде іске қосылатын ішкі күш - қуат, қор.
Мұғалімнің өзінің шығармашылық әлеуетінің дамуы белгілі бір
әлеуметтік ортада, соның әсері арқылы дамиды. Сол ортада оның өзін-өзі
қаншалықты ұйымдастыра алатындығына байланысты. Шығармашылық
әлеуеті жоғары адам қауымда әлі шешімін таппаған мәселелердің жауабын
іздейді. Мұғалім өзін шығармашылық әрекетте көрсете отырып, өзінің
әлеуметтік мәртебесін жоғарылатып, өзін-өзі анықтайды. Оның өзінің
шығармашылық күштеріне баға береді, педагогикалық шығармашылық
арқылы ол алдымен өзін-өзі өзгертеді, содан соң педагогикалық әрекетке
жаңашылдық әкеледі. Мұны өзінің бағдарының артуы және жалпы
адамзаттық құндылықтарға үлес қосуы деп қарастыруға болады.
Шығармашылық әрекет барысында мұғалімде жаңа білімдер
қалыптасып қана қоймайды, өз кәсібі жайлы мағлұматтары кеңейе түседі,
қызметтің мазмұнына тереңдеу орын алады. Сондықтан да
шығармашылыққа оқытуға болмайды, оған үйрену керек деген пікір бар.
Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуына ықпал ететін негізгі
факторлардың бірі-олардың тұрақты білімдерін көтерумен байланысты.
Мұғалімнің білімін көтеру ісі ең алдымен оның өзіне қарай бағытталғанда
ғана ұстаздардың өз санасын дамытып, атқарып отырған қызметінің мәнін
терең ұғынуы, соған сәйкес өзін - өзі жетілдіру қабілеттерін
қалыптастыруды, кәсіби шығармашылықтың биіктеріне жетуді қамтамасыз
ететін болады.
Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту мәселесінің теориясы мен
практикасы Қазақстан Республикасындағы қазіргі білімнің дамуының
мақсат-міндеттерінің талаптарына сәйкес, еліміздің бүгінгі күнгі әлеуметтік-
122
Достарыңызбен бөлісу: |