Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет35/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   122

ерекшеліктері    бұрынғы  пікірлеріне  қарағанда  тереңірек  түсінікті  болды. 
Өздерінің  әдістемелік қоржынына «Құбыр», «Торенс» әдістерін алды. 
Тренер  болу  –  әркімнің  қолынан  келе  бермейтін,  ерекше  талантты 
қажет  ететін,  бай  қиялды  адамға  тән  қасиет  деп  ойлаймын.  Ол  өз  кәсібінің 
майталмандарын  дайындауда    рухани  күш-жігерін,  парасат-қуатын  салу 
керектігі  айтпаса  да  түсінікті.  Сондықтан  да  тренерлік  курстан  алған  білім 
мен  білігімді    әріптестеріме  «Тиімді    оқыту»    бағдарламасы  бойынша 
қажеттісін      ұсынуды    басты  міндетім  деп  түсінемін.  Осы  міндетті  жүзеге 
асыру  жолында  өзімді  де  өзгені  де  өзгерту  үшін  жалықпай,  тынбай  еңбек 
етуім  қажет  деп  ойлаймын.  Соның  нәтижесінде  жаңа  біліммен  қаруланған, 
кәсіби  әлеуеті  жетілген,  мінсіз  мұғалімдер    қалыптасып,  қабілеті  дамыған, 
білімін  кез  келген  жерде  тиімді  пайдалана  білетін  оқушының  саны  да 
көбейері  сөзсіз.  Сонда  ғана  алға  қойған  мақсатымыздың  оң  нәтижесін  көре 
аламыз. 
 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУДА 
ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Мыржиков Қ.Т. 
Алматы облысы, Қаратал ауданы, 
С.И.Морозов  атындағы №51орта мектеп - гимназиясы, 
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі 
 
         
Елбасымыз  Н.  Ә.  Назарбаев  Қазақстан  халқына  жолдауында: 
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына 
сай  білім  қажет.  Қазақстанды  дамыған  50  елдің  қатарына  жеткізетін, 
терезесін тең ететін – білім» деп айтқан. Сондықтан, қазіргі білім саласының 
алдына  қойылған  талаптар  –  оқушыларға  білімді  жан  –жақты  тереңдетіп 
беру.  Мұндай  жағдайда  мұғалімнің  алдында  үлкен  мәселе:  оқушыны  қалай 
шаршатпай,  енжарлыққа  салдырмай  терең  білім  беруге  болады.  Осы 
тұрғыдан қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану – бұл проблемадан 
шығудың жолдарының бірі болып есептеледі. 
       
Бала  білмегенін  білгісі  келіп,  ашылмаған  нәрсені  ашуға  тырысатын, 
жаны жаңалыққа құмар жан. Мұғалімдер олардың осы талпынысын дамытуға 
көңіл бөлулері керек. Сабақ барысында тиімді әдіс–тәсілдерді енгізіп, оның 
ұйымдастыру формаларын түрлендіріп отыру – мүғалімнің басты міндеті.Ал 
негізгі  мақсат  –  оқушыларға  танымдық  әрекет  етудің  әдістері  мен 
дағдыларын меңгерту, ақыл- ой қабылеттерін жетілдіру. 
Ойын  –  адамның  өмір  танымының  алғашқы  қадамы.  Қазіргі  кезде  ойын 
мәселесі  бірқатар  ауқымды  зерттеулерде  қомақты  орын  алып,  оның  баланы 
дамытудағы  мәні  анықталды.  Зерттеушілер  ойын    арқылы  оқу  міндеттерін 
тиімді шешуге болатынын дәлелдеді. Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы  
әр  кезде педагогика ғылымының  майталмандары  үнемі  көрсетіп  отырған. 
Ойын  арқылы  балалар  әлем  есігін  ашады,  шығармашылық  қабылеттері 
77 
 


артады.  Ұлы  ойшыл,  қытай  философы  Конфуций    «Естігенді  ұмытамын, 
көргенді  есте  сақтаймын,  ал  өз  ақыл-  ойыммен  істеген  ісімді  түсінемін» 
дейді. 
Психология 
тұрғысынан 
ойынды 
зерттеуге 
Л.З.Выготский,С.Л.Рубинштейн,  Д.Б.Эльконин,  Б.К.Ананьев,  А.Н.Леонтьев 
секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің пікірінше  «Ойын негізінде 
адамның  барлық  психологиялық  қабылеттері  қалыптасады,  баланы  өмірге 
дайындайды,  ойын  арқылы  бала  қоршаған  ортамен  қарым  –қатынас 
жасайды». Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген: 
Қажеттілік →  мотив→  мақсат→  ойын іс - әрекеті→  нәтиже 
      
Ойынмен  ұйымдастырылған  сабақ  балаларға  көңілді,  жеңіл  келеді. 
Сондықтан ойынды іріктеп алуда нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері 
мен  жағдайларын  ескеруге  ерекше  назар  аударған  жөн.  Ойын  оқушының 
ойлау  қабылеттерін  арттырады,  білім  –білік  дағдылары,  пәнге  деген 
қызығушылықтары  артып,  білім  сапасының  артыуына  ықпал  етеді.  Оқыту 
үрдісінде  көзбен  (тәжірибе,  оқу)    есте  сақтау  акпараты  –  50%.  Құлақпен 
естіген акпарат – 10%  ғана есте қалады. Оқушының өзі қызығып қатысқан 
(ойын) жағдайда – 90% акпарат жадында қалады екен. Ойында барлық сезім 
мүшелері  күштеусіз,  ерікті  түрде  іске  қосылады.  Бала  шығармашылықпен 
жұмыс жасайды. Оқушы белсенділігі 100 артады. Білімді, ширақ оқушылар 
белсенді көшбасшы ретінде әрекет етеді. Басқа балаларға оның сөзі маңызды 
болып,  соларға  бағынады.  Жарысу,  уақыттың  қысқалығы  бір  –бірімен 
ақылдасу - барлығы пәнге деген қызығушылықтарын арттырады.Егерде  оқу 
орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда қазақ тілі сабағында ойын элементтері 
жиі  жәнеде  жүйелі  пайдаланса,берілген  уақытты  тиімді  пайдаланса, 
тапсырма  әр  оқушының  мүмкіндігіне  қарай  берілсе,  күтілетін  нәтиже: 
сабақта  тұрақты  белсенділік,  қызығушылық  пайда  болады.  Оқушы  тұлға 
ретінде  өзін  көрсете  біледі,  оның  іс-  әрекеті  өзінің  қабылеті  мен  деңгейіне 
байланысты болады. Ойын арқылы бір –бірі мен тез тіл табыса біледі, жақсы 
ұғысады,  бір  –бірінен  ептілікті,  сергектікті  үйренеді.  Оқушылардың  химия 
пәніне  қабылеттері  айқындалады.  Ойынды  химия  пәнінен  берілген  білімді 
қалыптастыру,  тиянақтау,  бекіту,  тексеру  жалпы  шығармашылық 
қабылеттерін дамыту бағытында қолданылады. 
Сабақтарымда қолданатын бірнеше ойын түрлеріне тоқталайық. 
 
«Ақсүйек ойыны» 
Мақсаты: Белгісіз  заттың  қазақша  аталуын,    мәнін  ашып,  жасырын  тұрған 
әріптерді тауып жаттығуға арналған ойын. 
Керекті  құралдар:  Тақырыпқа  байланысты  сөзді  табуға  арналған  кесте. 
Уақыты 3-5минут. 
Ойын  шарты:  ойынға  сынып  толық  қатысады.  Кестедегі  бос  орында 
«Ақсүйек» тығылып жатыр. Кім сөзді  дұрыс айтса, сол табады. Сөзді дұрыс  
айтпаса  (шығармаса)  кермені  аттап  кетеді.«Ақсүйекті»  кім  көп  жинаса,  сол 
ұтады. Ойын әрі қарай түрленіп, жалғасып отырады. Көп «Ақсүйек» жинаған 
бала бағаланып, мадақталады. 
«Домино» ойыны 
78 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау