Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет28/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   122

тұрғысынан  оқыту  тәсілдерін  қолданудың  оқушы  біліктілігін  арттыру  үшін 
маңызды зор. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  
Бітібаева Қ.  Әдебиетті оқыту әдістемесі. - Алматы, «Рауан» 1997. 
2.  
Диханбаева Ж. Сын тұрғысынан ойлау мен дамытпалы оқыту» ,   «Дауыс 
және көрініс» // №3, 2006. 
3. 
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1967. 
4. 
Тұрғынбаева  Б.А.   Шығармашылық  қабілеттер  және  дамыта  оқыту 
Алматы, 1999 ж. 
5.  «Қазақстан мектебі» // 2003ж. №6 
6.  Қазақ тілі мен әдебиеті // 2002ж .№10 
7.  Тасболатов Қ. «Оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру». 
 
ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ 
 
Мулдағалиева Рауан Бақытқызы 
«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы 
«
Батыс Қазақстан облысы бойынша ПҚБАИ», «Мұғалімнің кәсіби дамуын 
психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау»  
кафедрасының аға оқытушысы 
 
 
«Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік  
стандарттар деңгейінде сапалы білім беру  
қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз қажет» 
Елбасы Н.Назарбаев 
 
       
Білім  саласында  «Инновациялық  технология»  деген  термин  жиі 
естілмей тұрған кезде елімізге танымал, жаңашыл  педагог Қанипа Бітібаева 
қазақ  әдебиетін  оқытудың  мәселелері  туралы  еңбектерінде  біздің  бүгінгі 
айтып жүрген оқушыға «ой тастау, ойланту»  оқушыға субьект ретінде қарау; 
құзыреттіліктерді қалыптастыруға негізделген шығармашылық тапсырмалар 
беру;  оқушылардың  сыни  тұрғыда  ойлау  қабілеттерін  дамыту;  білімді 
оқушылық деңгейден өнімді, шығармашылық деңгейге дейін көтеру; дарын 
көздерін  ашу;  ғылыми-іздендіру  жұмыстарына  баулу  мәселелерін  шешуде 
бірқатар  әдістемелерді  ұсынған  болатын.  Қазір    сөз  болып  отырған 
оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту,  яғни  алған  білімін 
өмірде  қолдана  алу  дағдысын  дамытуда  проблеманы  шеше  алуға  үйрететін 
проблемалық оқыту әдісі туралы ой қозғағым келеді.  «Проблемалық оқыту - 
мәні  проблемалық  ситуация  туғызу  мен  оқушылардың  оқу  проблемасын 
дербес  шешулері  бойынша  іс-әрекеттерін  басқару  болып  табылатын  оқыту 
түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді 
талап  ететін  есептердің,  тапсырмаларын,  теориялық  немесе  тәжірибелік 
62 
 


мәселелердің  әртүрлілігін  түсінуге  болады»  [1].    Проблемалық  оқытудың 
ерекшелігі  мұғалім  оқушының  алдына  проблеманы  шешу  міндетін  қоя 
отырып,  шешуді  соның  ішінде,  тиімді  шешу  құралдарын  қарастыруды 
өздеріне  іздетеді.  Бұл  оқушылардың  бойында  шығармашылық  ойлау 
қабілеттерін  жетілдіріп  қана  қоймай,  проблеманы  шеше  алу  дағдысын 
дамытатыны  сөзсіз.    Проблемалық  оқытуда    оқушыға  ұсынылатын 
материалдың    шешімін  табу,  ең  біріншіден  оқушыға  қызықты  болуы  шарт, 
оқушының  проблеманың  шешімін  ұсынған  шақта  қанағаттануы  тиіс.  Ол 
оқушының  өз  бетімен  ізденген,  үйренуге  деген  ынтасының  нәтижесі 
болғандықтан,    проблеманы  шешуі    шығармашылық  мүмкіндіктерін 
дамытады.  Өмірмен  байланыстырылған  проблемалық  мәселелер  мұғалімге 
балалардың шығармашылық ойлауы ғана емес, қарапайым тұрмыстағы ұсақ 
көрінетін  нәрселерді  шешудің  тиімді  жолдарын  қарастыра  білуге  үйретеді. 
 
Проблемалық  оқытудың  негізін  салушы  американдық    ғалым  Джон 
Дью  болып  табылады.  Ол  оқушылардың  оқу  үдерісі  кезіндегі 
интеллектуалды  мүмкіндіктерін  дамыту  үшін  оқушының  өз  белсенділігіне 
назар аудару керектігін айтады.   
 
Проблемалық оқытудың мақсаты-ғылыми таным нәтижелерін, білімдер 
жүйесін  ғана  меңгеріп  қоймай,  сонымен  бірге  бұл  нәтижелерге  жету 
жолының  өзі  де,  процесінде  меңгеру,  оқушының  танымдық  дербестігін 
қалыптастырып, оның творчестволық қабілеттерін дамыту.  
Проблемалық  оқытуда  мұғалімнің  түсіндіруі  мен  оқушылардың 
репродуктивтік  қызметті  талап  ететін  міндеттер  мен  тапсырмаларды 
орындауы жоққа шығарылмайды. 
Проблемалап  оқыту  әдісін  жүргізу  дидактиканың  заңдылықтарына 
байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді: 
1.Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау. 
2.Проблемалық  сұрақтарды  грамматикалық  және  стилистикалық  жағынан 
дұрыс құру. 
3.Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу.  
4.Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу. 
[2] 
Проблемалық  оқытуды  тәжірибеде  қалай  қолданамыз?    Ең  біріншіден 
мұғалімге  проблемалық  тапсырмалар  дайындау  қажет.  Проблемалық 
тапсырмаларды  дайындау  критерийлеріне  тағы  нені  қосуға  болады? 
Біріншіден,  өмірлік  жағдайды  пайдалану,  сырттағы  өмірді  сыныпқа  әкелу. 
Блум  таксономиясының  өнімді  деңгейі  болып  табылатын талдау,  жинақтау, 
бағалау  деңгейінде  сұрақтар  мен  тапсырмаларды  қамту.  Фактілерді, 
әрекеттерді салыстыру және қарсы қойып проблемалық жағдаят  туғызатын 
болуы қажет. Ұлы ұстаз Қ.Бітібаева: «Өнімсіз, білімді оқушылық деңгейден 
ары  қарай  шығармашылық  деңгейге  көтере  алмайтын  дәстүрлі  оқытудағы 
«неге?»  деген  сұрақтарға  негізделген  таптаурын  тапсырмалар,  терең  талдау 
орнына  құрғақ  баяндау,  әңгімелеу,  мазмұндау  немесе  мәтіннен  алынған 
орынды-орынсыз ұзын-сонар мысалдар, стильдегі кемшіліктер оқушыларды 
білімге  жетелеудің  орнына,  керісінше  жалықтырып  жіберетініне  күнделікті 
63 
 


куәміз», - деген болатын [3]. Ақпараттық технология заманында оқушыларды 
әдеби  шығарманы  оқуға  қызығушылығы  жоқ,  ал  мұғалімдерге  үлкен    сын 
ұлы ақын Абайды, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің оқырмандарын  тәрбиелеу.  
Ұлы Абайдың «Масғұт» поэмасының мазмұнын меңгерту барысында Қыдыр 
шалдың Масғұтқа ұсынған үш алмасының (байлық, ақыл, әйелдер достығы) 
қайсысын  таңдағаны  дұрыс,  Масғұттың  орнында  болсаң  қандай  алманы 
таңдар  едің?  Неге?  деген  сұрақ  арқылы  оқушының  алдына  таңдау  жасау 
мәселесін  қоямыз.  Оқушы  өз  таңдауының  себептеріне  нақты  дәлелдер 
келтіреді.  Ал,  мұғалім  оқушыны  шешім  қабылдау  барысында  түрлі 
деректерді салыстыруға итермелеп қана қоймай,  поэманың негізгі идеясын 
ашады.  Абайдың  гуманизмін  танытады  және  оқушы  Масғұт  шындығында 
қай алманы таңдады деген қызығушылықпен поэманы оқуға қызығушылығы 
артады.  Масғұт  таңдаған  алманы  неге  таңдаған  себебін  оқушылармен  бірге 
талдау,  оқушыны  өмірді,  құндылықтарды  түсінуге  ой  салады.  «Жазушы 
мұрасын тұтастай оқыту керек» деген пікірдің дау туғызатыны айдан анық. 
«Университет емес, санаулы сағаттарда Әуезовтің аса бай мұрасын мектепте 
таныту  мүмкін  бе?»  деген  сұрақтарға  кезігіп  жүрміз.    Мәселе  сағатта  емес, 
мәселе  ұстаз  шеберлігінде,  оның  терең  білімінде  жатыр.  Ізденімпаз  ұстаз 
берілетін  білім  мазмұнының  ең  негізгі  түйінді  дәнін  дөп  басып,  оны 
оқушыларға  жеткізудің  тың  технологиясынан  ізденсе,  ол  сұрақтың  жауабы 
табылар еді- деген Қ.Бітібаеваның ойына жоғарыдағы мысал жауап болады. 
Оқу  ақпаратының  сәйкестігі,  проблеманы  күрделендіру,  оқушылардың 
танымдық  әрекетімен  дербестікті  дамыту,  жаңа  жағдайда  қайшылықтардың 
кездесуі  проблемалық  тапсырмаларға  қойылатын  негізгі  талаптар  болады. 
Қ.Бітібаева  оқушыларды  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  баулу  барысында 
күрделі  проблемалар  қою  арқылы  зерттеуге  үйретеді.  Ғылыми  ізденістің 
тақырыбын  проблемалардан  туындайды  деп  қарастыратын  әдебиетші-ұстаз 
айналаға,  құбылыстарға,  өзің  оқып  жүрген  пәндерге  үңіле  қарасаң,  көп 
проблемаларды  табуға  болады  дейді.  Адам  бойында  аңғарымпаздық, 
байыптылық, ойлылық ерекше керек қасиет. Дағды да нағыз ойлы еңбектен 
туындайды.  Проблеманы  іздеудің    ең  оңтайлы  жолы  –  бір  нарсені  әртүрлі 
жағынан көре білу; дайын тұжырымдардың өзіне де сыни көзқараспен қарау, 
басқа шешімін іздеу, оны табуға еңбектену.  Оқушыларға қазақ халық ауыз 
әдебиетінде  неліктен  «мыстан  шал»  образының  болмағанын  іздендіруге 
берсеңіз. Осы проблеманы шешуде іздендіру де іздену де болады.  
 
Мұғалімдердің  үшінші  (базалық)  деңгей  бойынша  «Тиімді  оқыту  мен 
оқу» біліктілікті арттыру курсының бағдарламасында сыныптағы диалогтың  
оқушының  когнитивті  дамуына  көмектеседі  дей  келе,  жоғары  дәрежелі 
сұрақтардың 
оқушы 
қызығушылығын 
арттыратын, 
зерттеуге 
ынталандыратынын,  сыни  тұрғыдан  ойлауына  ықпал  ететінін  түсіндіреді.  
Мысалы,  проблеманы  шешудің  жеке және  топта  талқылау  формаларын  оқу 
үдерісінде  мұғалім  өз  мақсатына  сәйкес  қолдана  алады.  Оқытудың  топтық 
түрлеріндегі  зерттеушілік  әңгімені    проблеманы  шешу  жолдарын  топпен 
қарастыру  болып  табылады.    Александер  диалогтің  үлгісін:  механикалық 
есте  сақтау,  декламация,  нұсқаулық/мазмұндама,  талқылау,  диалог  -  деп 
64 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау