Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет27/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   122

ерекше.  Оқушы  жанын  дүр  сілкіндірер  қолайлы  тың  деректер,  оқиғалар, 
естеліктер,  мұғалімнің  ұтымды  ой-пікірлері  арқылы  астасып  жатуы  керек. 
Міне,  сонда  ғана  шығармашылыққа  бастайтын  шығармашылық  көңіл  күй 
туады. Көркем  мәтін  бойынша  жүргізілетін  шығармашылық  жұмыстарды 
былай топтауға болады: 
авторға еліктей отырып, шығармашылық жұмыс жүргізу;  
мәтіндегі кейіпкерлерге өзі мінездеме бере отырып, портретін жасау;  
автор  шығармасынан  басқа  тың  көркемдік  шешім  таба  отырып,  өз  ойынан 
оқиға құру; 
  
Осылай  жазылған  жазба  жұмыстар  жанды,  шынайы  болып,  оқушы 
бойындағы  қиял,  дарындылық  қабілетін  ашуға  көмектеседі.  Әр  тақырыпқа 
берілген  әдеби  кітаптарды  оқи  отырып  олардың  өмірге  деген  көзқарасы, 
шығарма  кейіпкерлерінің  әр  ісі,  жақсылы  жаман  қасиеттері  олардың 
дүниетанымын  кеңейтеді,  өздерінің  танымдық  ой-пікірлері  қалыптасады.  
Оқушыларға  ізденушілік  ой-талдауға  бейімділік  ішкі  сезім  дүниесіне 
тартысты сезімталдық қасиетті оятуда әдеби-шығарым тапсырмалар беріледі, 
бұл  тақырыптық,  еркін  тақырыпқа  шығарма,  мақала,  хат  сынды  жұмыстар 
арқылы орындалады.  
Белгілі  тақырыптарды  өткеннен  кейін  төмендегі  талаптар  бойынша  жұмыс 
жүргізуге болады: 
шығарманың мазмұны,тақырыбы жайында өз пікірін жазу; 
ұнаған эпизодын баяндау; 
әңгіменің  белгілі  бір  бөлімінің  көркемдік  ерекшелігіне  Н.Оразақынованың 
«Сатылай  кешенді талдау  технологиясын»  басшылыққа  ала  отырып,  талдау 
жүргізу; 
мазмұны бойынша сұраққа-жауап; 
әңгіме кейіпкерлерінің іс-әрекеті,көңіл-күйлерін өзінше әңгімелеу;  
  
Ұстаз жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында жасырын 
жатқан  шығармашылық  қабілетті  ашу  және  белсенді  әрекетке  келтіру 
жолында  тынымсыз  ізденісте  болу  керек.  Оқушының  көркемдік  шешім 
табуға жетелеу үшін ой ұшқұрлығы болуы керек. Мұнда оқушының өзіндік 
ізденісі,  пікірі,  айтар  ойы  байқалады.  Осындай  жұмыстың  бір  түрі  -
пікірсайыс.  Өзінің  айтайын  деген  пікірін  еш  қиналмай  жеткізе  білу,  сөз 
дәлдігімен шешен, тиянақты айта білу тапқырлық пен шешендікке жетелейді.  
Пікірсайыстың берер нәтижесі мыналар: 
Оқушылар  күні  бойы  берілген  тапсырмалар  бойынша  қосымша  ізденіп,  өз 
бетімен дайындалады; 
Анық та айқын, әсерлі сөйлеуге дағдыланады; 
Сөйлеу мен пікірталас мәдениетін меңгереді; 
Өз пікірін қорғай ,дәлелдей біледі; 
Өзіндік ойын, көзқарасын ашық айтуға, жүйелі сөйлеуге төселеді; 
Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады. 
  
Оқушылардың  ізденімпаздық  дербестігін  қалыптастыруда  сыныптан 
тыс  жұмыстардың  маңызы  зор.  Сыныптан  тыс  жұмыстардың  маңызды 
ерекшелігі-оқушылардың  шығармашылық  мүмкіншіліктерін  жетілдіру. 
60 
 


Оқушылардың  пәнге  деген  ықыласы  артып,  қызыға  бастаса,  онда  пәнді 
меңгеруге 
деген 
құштарлық 
тереңдей 
түседі. 
Оқушылардың 
шығармашылығын  дамытудың  негізгі  жолы  -  оқушыны  өздігінен  іздендіру, 
яғни  өз  бетімен  жұмыс  істеу.  Бұл  бағытта  алдымен  логикалық  ойын 
дамытатын  тапсырмалар  арқылы  оқушылар  сөзжұмбақ,  ребус,  жұмбақ, 
мақал-мәтел,  қанатты  сөздер  құрастыруға  машықтанады.  Берілген 
тапсырманы  түрлендіру  бағытында  мынадай  жұмыс  түрлерін  жүргізуге 
болады.  Мәтін  өңдеу,  берілген  мәтіннен  диалог  құру,  мәтін  бойынша 
шешендік сөз құрау және өз ойынан еркін тақырыпқа берілген өлең, әңгіме, 
шығарма  жазу.  Бұл  әдіс  оқушының  өз  бетінше  іздене  отырып, 
шығармашылығын  шыңдауға  баулиды.  Оқушылар  әдеби-шығарым 
тапсырмалар өтілген тақырыптар бойынша жүргізіліп қоймайды. Еркін және 
тақырыптық  шығармалар,  түрлі  мақалалар,  өлең  құрастыру  және  өлең 
мазмұнын  қара  сөзбен  жаздырту  жұмыстары  арқылы  орындатылады. 
Оқушының  көркем  шығарманы  тұрақты  оқуды  әдетке  айналдыру,  ортада 
сөйлеуі,  ұстазбен  сырласуы  қажетті  нәрсе  болып  табылмақ.  Осындай 
бағыттарда жұмыс істеу арқылы көркемдік шығармашылық қабілеті дамыған 
тұлғаға қол жеткізе аламыз .  
Оқушы  шығармашылығы  практикалық  әрекеттер,  ізденімпаздылық 
арқылы  дамиды.  Шығармашылыққа  үйрететін  сабақтар  –  жаңа 
технологияларды  қолдану  болып  табылады.  Мұндай  сабақтарда  оқушыға 
ерекше  ахуал,  мұғалім  мен  оқушы  арасында  ынтымақтастық  қатынас 
сақталады.  Мұғалім  бақылаушы  емес,  бағалаушы  емес,  танымдық  іс  - 
әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай 
оқыту ғана оқушы интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. 
Оқушының  шығармашылығына  бағыт  –  бағдар  беруді  ең  алғаш  білім 
мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойларын дамыту 
туралы  «Ойлау  жанның  өте  бір  қиын  терең  ісі  -  деп  атап  көрсете  келіп, 
тәрбиеші  баланың  ойлап,  үйренуіне  көп  күш  жұмсау  керектігін 
ескертеді.Басқа сынып оқушыларымен қазіргі салт-дәстүрлер туралы сұхбат 
жүргізіп, диктафонға жазыңыз және сараптама жасаңыз;Оқушыны іздендіру 
үшін сұрақ қоя білуге үйрету арқылы оның саналы ойлауы, жан-жақтылығы, 
білімі  мен біліктілігі  қалыптасады.  Сонымен  қатар,  жоспарлы  түрде  жұмыс 
істеуге  машықтану  үшін  мәтін  бойынша  жоспар  құру  әдетін  қолдануға 
болады.  Нәтижесінде  оқушы  мәтін  бөлімдеріне  қысқаша  тұжырымдама 
жасап,  әрбір  оқиғаға  ат  қойып,  өзіндік  іздену  мен  білім  дағдысын  берік 
қалыптастырады. Мәтін бойынша түсініксіз сөздер тізбегін жасау, поэзиялық 
шығармаларды  прозаға  айналдыру  тәсілдері  де  оқушының  жан-жақты 
дамуына үлкен ықпал етеді.   
Қорыта  айтқанда,  мемлекеттік  тілді  құзыреттілік  тұрғысынан  оқыту 
мәселесін  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мұғалімдерінің  әдістемелік  бірлестігіне 
талқылап, оқу-тәрбие процессі барысында басшылыққа алып, қазақ әдебиеті 
сабақтарында  оқушыларды  шығармашылықпен  жұмыс  жасатып,  алған 
ақпараттарын  өмірде  қолдана  алуына  жағдай  жасау  үшін  құзыреттілік 
61 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау