Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет111/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   122

болып еңсе көтеріп тұруының, ұлттың ертеңгі тағдырының өздеріне қатысты 
екендігін шынайы ұғындыру бүгінгі аға ұрпақ біздің міндетіміз болуға тиіс. 
Бала өз ұлтының жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп, кемел азамат болып 
қалыптасуы  үшін  жанұясында  әуелі  қазақы  рухпен  тыныстауы  қажет.  Яғни 
әрбір  нәзік  жанды  ана  ұлтымыздың  асыл  қасиеттерін  ақ  сүтімен,  бесік 
жырымен,  өз  ана  тілінде  балаларына  сіңіре  білуі  тиіс.  Жақсы  жүргізілген 
тәрбие  баланы  қашанда  болашақта  елеулі  тұлға,  айтулы  азамат  болып 
жетілуге жетелейтіні даусыз. 
Ал  мектеп  тәрбиесінде  жас  ұрпақтың  бойына  ұлттық  рух  пен  ұлттық 
ерекшелікке  тән  қасиеттерімізді  тереңдей  сіңіру  қызметін  бүгінгі  ағарту 
шебіндегі  ұлтымыз  қызметкерлері  мен  қалың  ұстаздарымыз  өздерінің  ұлт 
алдындағы ақтауға тиісті өскелең азаматтық борыштары ретінде қарап, оған 
көп  болып  бас  қатырып,  қадағалап  назар  аударып,  үйлесімді  жол 
қарастырулары  қажет.  Өйткені  бұлай  істеуді,  қазіргі  өз  тілімізде  оқытудың 
деңгейі  күн  сайын  солғын  тартып,  ұлтымыз  ұрпақтарының  төл 
мәдениетімізбен  қауышу  орайы  біртіндеп  азайып  бара  жатқан  реал 
жағдайының қажеттілігі белгілеп отыр. 
Өсер  ұрпақты  жақсы  тәрбиелеу  үшін  әдебиет  пен  көркемөнер,  отбасы 
мен  мектептегі  тәрбие,  бәрі-бәрі  ұлттық  қасиетімізге  сай  жан-жақтылы 
дамуы керек. Сонда ғана қазақы тәрбие толық қанды болады. Бала тәрбиесі ــ 
аса  машақатты  әрі  ұзақ  уақытты  қажет  ететін  күрмеуі  көп  күрделі  жұмыс. 
Баланың  мінез-құлқы  мен  дара  қасиеттерінің  қалыптасуына  отбасы  мен 
жақындары,  бала  бақша  мен  мектеп,  қоршаған  орта  мен  көше  әсер  етеді. 
Соңғы жылдары оған теледидар мен ғаламтордың әсері келіп қосылды.  Адам 
адам  болып  та,  азамат  болып  та,  ұлт  болып  та  бала  кезінен,  сәби  шағынан 
қалыптасатыны  белгілі.  Біз  дамыған  елдердің,  озық  ұлттардың  озық 
технологиясын  меңгерейік,  тілін  де  үйренейік,  мәдениетін  де  қабылдайық, 
бірақ тәрбие қызметіне келгенде ол шынайы ұлттық түс алуы, салт-дәстүріміз 
бен ана тіліміз қазақы қанымызға, жан-ділімізге біте қайнасып, өзімізге тән 
қасиетімізбен  өзгешеленіп,  айқын  аңғарылып  тұратын  болуға  тиіс.  Сонда 
ғана  өз  ұлттық  құндылықтарымызды  бағалай  білетін,  басқаның 
жылтырауығына орынсыз қызықпайтын ұлтжанды ұрпақ өсіре аламыз. 
Былайғы жерде азаматтарымыздың бар назары ұлы Мұхтар Ауезовтың: 
«Ұлт болам десең, бесігіңді түзе!»,- деп айтқанындай ұрпақ тәрбиелеу ісіне 
қаратылғаны абзал. 
Бүгінгі  жастарымыздың  бойындағы  кемістікті  көбінесе  игерген  білімі 
жағынан  қарастыруға  келмейді.  Алдыңғы  қатарлы  жастарымыз  ішкері 
дамыған  өңірлермен  шет  мемлекеттерден  оқып  тамаша  білім  алып  жатыр. 
Олардағы  кемістікті  көп  жағдайда  ұлт  жандылық,  қазақы  қасиет 
қатарлылардың тапшы болуы сияқты жақтардан қарастыруға болады.  
 
Ұлттық рух ــ ұлттың өмір сүруі мен дамуындағы рухани тірек. Ұлттың 
ар-ұжданын  қозғап  алға  қарай  жетелейтін,  образын  әйгілеп,  күш-қуатын 
сәулелендіретін қозғаушы күш. Жастарымызда болуға тиісті ғылым-біліммен 
сабақтасқан терең ойлы тектілік пен кемелді кісілік, мұқалмай асқақ тұратын 
ұлтжанды  ұлттық  рух  өздігінен  пайда  болмайды,  оны  жастарымыздың 
239 
 


бойына жалықпай жүргізілген тағылымды тәрбие арқылы біртіндеп сіңіруге 
болады.  Мейлі  қай  кезде,  қандай  тәлім-тәрбие  күшті  болса,  сондай  ортаға 
бейім тұру ــ адам психологиясына тән ерекшелік. Өсер ұрпақты тағылымды 
тәрбиемен  өзіміз  баурай  алмасақ,  әрине,  еліктіріп,  баурап  әкететіндер 
табылады.  «Ертеңін  ойлаған  ел  азбайды»  дейді  дана  халқымыз.  Сондықтан 
өсер  ұрпаққа  жүргізілетін  кісілікке      сай  білімдік  сапа  мен  жалпы  ұлттық 
рухани  тәрбиені  ұлт  рухын  серпілтудің,  оны  онан  ары  жоғары  деңгейге 
көтерудің бірден-бір қажетті шарты деп білуіміз қажет. Өйткені, тек өз ұлтын 
сүйе  білген  терең  ойлы  текті  ұрпақ  қана  тұтас  ұлт  рухын  жоғары  көтеруге 
өзіндік үлесін шынайы қоса алатын болады. 
Осы  ұлттық  рухты  сөз  еткенде  оны  бала  бойына  сіңіруде  маңызды 
құрал,  негізгі  құрал  ретінде  тілді  алуға  болады.  «Тіл  –  ұлттың  жаны»  деп 
бекер айтпаса керек. Тіл арқылы оқушы бойына еліне деген сүйіспеншілігін, 
ұлтына деген ең ыстық сезімдерді ұялатуға болады.      
Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. 
Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре 
алмайды.  Мемлекеттік  тіл  –  тәуелсіз  елдің  негізгі  рәміздерінің  бірі.  Кез 
келген  өркениетті  елдің  өзінің  Туы,  Елтаңбасы,  Әнұраны,  шекарасы 
болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Біздің қазақ халқының тілі өте 
бай,  айтылуға  орамды,  көркем  тіл.  Тіл  –  адамның  барлық  саналы  өмірінің 
құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды тіл 
арқылы  үйренеді.  Тіл  оның  ішінде  біздің  ана  тілі  еліміздегі  халықтардың 
барлық  іс-әрекетінің,  қарым-қатынасының  құралы  болуы  тиіс,  оның 
мәдениетін  жоғары  сатыға  көтеру  әрбіріміздің  борышымыз.  Тіл  туралы 
заңның  қабылданғаны,  оның  баптарының  жүзеге  асырылуының 
бағдарламаларының  жасақталғаны,  мемлекет  басшысының  тіл  саясатында 
дұрыс  бағыт  ұстап,  қолдау  танытып  отырғаны  көпке  мәлім.  
         
Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, 
қалыптасады.  Ана  тілін  сүйген  адам  туған  жерін,  елін,  Отанын,  атамекенін 
сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. 
Өмірдің  алмастай  қырын,  абзал  сырын  түсіне  білуіне  басты  себепкер  –  ана 
тілі. 
Мемлекеттік  тіл  –  Қазақстан  Республикасының  түпқазығы. 
Мемлекеттік  тілді  оқып  үйрену  Қазақстан  халықтарының  мәдениеті  мен 
тіліне құрметпен қарап, өзара түсіністіктің орнауының кепілі болуы қажет.  
Қазақ  тілі  —  әлемдегі  алты  мыңға  жуық  тілдердің  ішіндегі  қолдану  өрісі 
жағынан  жетпісінші,  ал  тіл  байлығы  мен  көркемдігі,  оралымдығы  жағынан 
алғашқы ондықтар қатарындағы  тіл.  Сондай-ақ, ол  дүние жүзіндегі  ауызша 
және  жазбаша  тіл  мәдениеті  қалыптасқан  алты  жүз  тілдің,  мемлекеттік 
мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. 
Қазіргі  уақыт  –  жаһандану,  жаңару  ғасырына  аяғын  алшақ  басқан, 
ақпараттық  технология  үрдісінің  жедел  дамып  келе  жатқан,  әдіс-
тәсілдеріміздің  заманауи  талабына  қарай  жаңарып,  жаңа  бетбұрыс  алған, 
үлкен міндеттерді жүктейтін кезең десек, артық айтпаған болар едік. 
240 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау