жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің өрістеуіне ықпалын тигізетіндігін
ұғындым.
Қорыта келе айтарым, тілдік дағдыларды саналы меңгерткенімізде ғана
сапалы ұрпақ тәрбиелей аламыз, соған сай әдіс-тәсілдерді тиімді қолданғанда
ғана нәтижеге қол жеткіземіз. «Мен мектепке барарда түк білмейтіндерге
білім берем демеймін, мен әрбір үйге Алланың берген сыйының алдына
барамын - деп қараймын» деген Амонашвили қағидасы білім саласындағы
жаңаша баспалдаққа қадам басқан жаңаша бағытқа арнап айтылғандай.
Сондықтан мен де өз кезегінде сабақты талапқа сай өткізу арқылы өзіндік
пікірі қалыптасқан, ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны
жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін ұрпақ
тәрбиелей отырып, еліме өзіндік үлесімді қосқым келеді.
ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРДЫ МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Хайдарова А.Ж.
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, №4 Қарғалы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Зерттеудің мақсаты: оқушыларға тілдік дағдыларды меңгертудің әдіс-
тәсілдерін тәжірибеде қолданып, зерделей отырып, тиімдісін анықтау.
Зерттеудің міндеттері: сөйлеу әрекетінің түрлеріне тоқталу,дағдыларды
қалыптастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдерге тоқталу.Тілдік дағдылар
(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым). Бұл тақырып өзекті болып
табылады, өйткені қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда отандық
және халықаралық озық үлгілерді тиімді пайдалану, оқушылар бойында
тілдік дағдыларды қалыптастыру - бүгінгі күннің басты талабы. Қазақ тілі
сабақтарында еркін қарым- қатынас жасауға, сыни тұрғыдан өз көзқарасын
білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыландырса, оқушы
қазақ тілінде берілген кез- келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып,
өзіне қажетті мәліметті ала алады. Тілдік дағдыларды меңгеру арқылы жеке,
жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренеді. Бір-бірін тыңдауға, талдауға,
салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренеді. Білім алушының
жеке басының дара және дербес ерекшіліктерін ескеріп, олардың өз бетінше
ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыруда тілдік дағдылардың
орны бөлек. Ал, тілдік дағдыларды қалыптастыруда белсенді оқытудың
маңызы ерекше.
«Пирамидалық талқылау» белсенді оқытуы топтық жұмыста айтылым
дағдысын қалыптастыруда өте тиімді. Мұнда топ мүшелері өз пікірін жеке
жазып, топта талқылап ортақ пікірге келеді. Әр топ мүшесі таратылған
қағазға тапсырмаға байланысты өз пікірлерін жазады. Қағазды бұру арқылы
бір - бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді
қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды. Мұнда оқушылардың белгілі бір
тақырыпқа қатысты ойын білдіру, өз көзқарасын дәлелдеу, шешім шығару,
қорытынды пікір жасау, зерттеушілік (анализ, синтез), ақпаратты өңдеу
164
дағдылары жүзеге асады.
Айтылым және жазылым дағдыларын қалыптастыруда «ПОПС»
формуласын қолдану өте тиімді. Тақырып бойынша өз пікірін дәлелдеп,
көзқарасын білдіріп, шешім шығарады.
Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ...»
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін …»
Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей
аламын...»
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды
шешімге келдім...».
«Жасырын сурет» белсенді оқытуы айтылым дағдысын
қалыптастыруға әсер етеді. Топтардан бір оқушыдан шығып 20 секунд уақыт
ішінде суретті есте сақтайды. Топ мүшелеріне көрген суреті бойынша
сипаттайды, олар түсінгенін суретке салады. Суреттер тақырыпқа сай болуы
керек. Оқушыда топ үшін жауапкершілік пайда болады және бірлесе жұмыс
істеуге дағдыланады. Тыңдалым дағдысын қалыптастыруға арналған жұмыс
түрлері:
«Айқайлап диктант оқу»: сынып оқушылары екі топқа бөлінеді.
Бірінші топ оқушылары мәтінді айқайлап оқиды. Екінші топ оқушылары бір
ғана оқушыны тыңдап, диктант жазуға тырысады. Осы арқылы оқушылар
ерікті зейінді қалыптастырады әрі өмірге бейімделеді.
Суреттеу: оқушылар аудиожазбаны (сөздік диктант) тыңдай отырып,
мағынасына қарай сөзді суретпен бейнелейді. Осы арқылы оқушылардың зат
пен атауды байланыстыра алу қабілеті қалыптасады.«Синонимдерді
тап»: оқушыларға сөздер ұсынылады.Олар тыңдалған мәтіннен осы сөздердің
синонимдерін тауып, жауап парағына белгілеуі керек. Осы арқылы
оқушылардың
тыңдау
әрекеті
мен
сөздік
қоры
дамиды.
Тыңдалымға арналған аудиожазбалар мәтіндері.
Оқушылар аудиоматериалды екі рет мұқият тыңдайды (ол сюжетті
мәтін,өлең,публицистикалық ақпарат болуы мүмкін).Тыңдалымнан өздеріне
таныс емес сөздерді жазып алады, сөздік арқылы аударады. Аудионы тағы
екі рет тыңдап, жазбаның мазмұнын толық түсінуге тырысады. Сыныппен ой
бөліседі. Осы әдісті жүйелі қолдану – оқушылардың тыңдау арқылы түсіну
дағдысын қалыптастырады.
Білім беру саласындағы жаңартылған білім беру мазмұны аясында
барлық интербелсенді әдіс-тәсілдер оқушылардың дербес ерекшеліктерін
ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылық қабілеттерін
қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.
ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА- БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАША
КӨЗҚАРАСЫ
Саукинбаева С.Ж.
Алматы облысы, Іле ауданы, №17 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
165
Достарыңызбен бөлісу: |