кезеңде еліміздегі білім саласында жүріп жатқан реформаларға байланысты
білім беру жүйесі терең құрылымдық өзгерістермен сипатталады. Қазіргі
ғылыми – техникалық өрлеу ғасырында жоғарғы деңгейде сапалы білім беру
мәселесі – ең негізгі мәселелердің бірі. Бұл бағытта балаларға жоғары
деңгейде білім беретін, еңбекке баулитын, талабын оятып, қозғау салатын
орын- мектеп. Бүгінгі өркениетті қоғамда білім беру жүйесінің ең басты
мәселесі – білім сапасының деңгейін халыққаралық жоғары дәрежеге көтеру
болып табылады.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы
аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық
технологияларды меңгеру үшін осы заманғы мұғалім оқуға үлкен
потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық
сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған
білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын,
дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Қазіргі білім беру парадигмасы
«білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған
білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның
философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен
тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің орта мектептерде білім беру жүйесінде
оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету
міндеті тұр.
ХХ ғасыр ортасында атақты ғалым В.М.Глушков: «ЭЕМ желілері мен
оларға терминал арқылы байланысу жүйелерінің дамуы келесі ғасыр басында
техникалық жағынан жетілген елдерде информацияның басым бөлігі, бірінші
кезекте, ғылыми-техникалық, экономикалық, саяси-әлеуметтік мәліметтер
қағазсыз күйде – ЭЕМ жадында саақталады. Соның салдарынан ХХІ ғасыр
басында осындай информацияны пайдалана алмайтын адам ХХ ғасыр
басындағы оқи да жаза да алмайтын жанға ұқсас болады...»- деген болатын.
Білім беру – аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм екені
сөзсіз. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі
Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы
саланың экономикалық-ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын
түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз
байланысты.
Мұндай жаңа технология бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдер үзіліс
кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені
оқушылар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус,
математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды
шешуге ұмтылатыны даусыз. Бұл жерде “үлгерімі кейіндеп қалып, өз
құрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын оқушылармен
қалай істеуіміз қажет?” деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де оңды шешуі
қарастырылған. Олар мыналар:
• барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар
үлгермеушілерге көмектеседі;
148
• сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде
мұғалім үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты
болады.
Өзін-өзі бағалау "қосу" әдісімен жүргізілетіндіктен оқушы бұрынғыдай
"екілік" аламын деп қорықпайды. Сөйтіп оқушыда жоғары ұпай жинауға
деген талпыныс пайда болады. Ол дұрыс орындалған тапсырмалардың
санына ғана тікелей тәуелді Әрбір педагогикалық технология жеке
тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін
арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға
қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері
әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі
қолданылады.
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Мектеп
өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа бет бұруы
болашақ мұғалімдерді даярлаудағы әдістемелік өзгерістермен тығыз
байланысты. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол –
үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін
айта кету артық болмас.
Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы –
өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Қазіргі оқушы:
• Дүниетаным қабілеті жоғары;
• Дарынды, өнерпаз;
• Іздемпаз, талапты:
• Өз алдына мақсат қоя білу керек;.
Қазақ орта мектептерінің бүгінгі жайы мен ертеңі, оқушылардың
білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге, ата-анаға
және қоғам қауымдастығына жүргізілген жұмыстарға, ізденісіне байланысты.
Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің
басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны
жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға
тәрбиелеу.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҮЙРЕТУДЕГІ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Байзақова Р.А.
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қазақ тілін тек отбасы, ошақ қасы деңгейде, яғни күнделікті қатынас
құралы ретінде ғана танып, оның биік мәртебесін аласартпау оның ғасырлар
қойнауынан ұлттық сана мен терең білімді ұрпақтар бойына сіңіріп келген
қызметін танумен астасып жатыр. Белгілі ғалым Ж.А. Манкеева «Тіл -
бірден-бір коммуникативтік құрал ғана емес, тілдік қарым-қатынас негізінде
149
Достарыңызбен бөлісу: |