Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет58/122
Дата04.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2913
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   122

оқушыларды  оқытудың  ең  жоғары  стандарттарын  қамтамасыз  ету  үшін 
маңызды.  Мұғалімдер  пайдаланатын  әдіс  оқудың  тиімділігіне  елеулі  әсерін 
тигізеді.  
 
Пайдаланылған әдебиет тізімі: 
1.
ҚР  орта  білім  мазмұнын  жаңарту  шеңберінде  орыс  тілінде  мектептердегі 
«Қазақ  тілі»  пәні  бойынша  педагогика  кадрларының  біліктілігін  арттыру 
курсының білім беру бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық: Екінші 
басылым, «НЗМ» ДББҰ, 2016.  
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ 
ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСТЕМЕ 
 
Абзалбек Лаура Сапарқызы 
 
«Өрлеу» «БАҰО» АҚФ «Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ» 
Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы 
  
Қарағанды қ.  
 
Қазіргі  таңда  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  білім  беруді  дамыту, 
дүниежүзілік  білім  беру  кеңістігіне  кіру  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына 
Жолдауында 
«бізге 
экономикалық 
қоғамдық 
жаңару 
қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» делінген. 
Сол  білім  беруді  дамыту  ісі  жеке  тұлғаға  мәдени-тарихи  құндылықтарды, 
нормалар  мен  дәстүрлерді,  білім  берудің  арнайы  таңдап  алынған  мазмұны 
мен нысандарын беру болып табылады [1].  
Өткенімізге  зер  сала  қарасақ,  білім  беру  жүйесінде  осыған  дейін 
оқушыға  білім,  білік,  дағдыны  қалыптастыруды  талап  етсек,  бүгінгі  күннің 
мақсаты – іскерлік қарым-қатынас, оларды өз бетімен білім алуға бағыттау. 
Сондықтан  да  қазіргі  замандағы  педагогикалық  ғылымның  ерекшелігі  – 
баланың  тұлғалық  дамуына  бағытталған  жаңа  білім  технологияларын 
қалыптастыру  ұмтылу  болып  табылады.  Осы  орайда  еліміздің  білім  беру 
жүйесі  реформаланып,  жаңартылған  оқыту  бағдарламасы  дайындалып,  бұл 
реформаның  басы  тілдік  пәндерден  басталуда.  Себебі,  тіл  –  негізгі  білім 
құралы.  Оқушылардың  тілдік  қарым-қатынасы  өздері  өмір  сүріп  отырған 
және білім алатын орта арқылы жүзеге асады. 
Десек те, соңғы жылдары білім беру саласында болып жатқан толассыз 
өзгерістер толқынын мұғалімдер қауымы қаншама рет бастан өткергендіктен, 
бұл жаңашылдықтардан олардың кей жағдайда мезі болғандықтарын жасыра 
алмаймыз.  Алайда  бүгінгі  жаңартылған  оқу  бағдарламасы  бойынша  тілді 
оқыту  педагогтар  қауымының  жұмысын  бірізділікке  салып,  бір  жүйемен 
жұмыс істеуге шақырады.  
Жаңартылған  оқу  бағдарламасы  бойынша  тілді  оқытудың 
артықшылығы неде? 
Біріншіден,  анық,  қолжетімді  оқу  мақсатының  болуы.  Мұғалімдер 
қауымы  тікелей  тәжірибе  алаңының  өкілдері  болғандықтан,  олар  оқу 
127 
 


үдерісімен  күнде  бетпе-бет  келеді.  Күнделікті  сабақ  жоспарларын 
дайындауда  тіл  үйретудегі  оқу  мақсатын  оқытудың  білімділік, 
дамытушылық,  тәрбиелік  компонентіне  негіздей  отырып,  әр  мұғалім  өз 
еріктерімен  таңдайды.  Бұл  мақсаттар  бір  академиялық    сағатта  (45  минут)  
қолжетімсіз,  жүгі  ауыр  мақсаттар  болып  жатады.  Ал  жаңартылған  оқу 
бағдарламасында  көрсетілген  пәндік  оқу  мақсаты  мен  күнделікті  сабаққа 
қойылатын  мақсаттар  бір  мазмұнда,  жүйеленген,  дайын  мақсаттар.  Әрі 
барлық мақсаттар сөйлеу әрекетінің 4 дағдысын, яғни тыңдалым, айтылым, 
оқылым, жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған.  
Әр  тілдік  дағдыларды  дамытуға  бағытталған  міндеттер  нақты 
айқындалып,  олардың  әрқайсысы  «Т/А1»,  «О2»,  «Ж3»  деген  сияқты 
сілтемелермен көрсетіледі (1-сурет). 
1-
сурет  
 
 
Мақсаттың  қолжетімділігі  дегеніміз  –  мақсат  мазмұнының  ықшам, 
нақты  болуы;  бір  тақырыпқа  берілген  оқу  мақсатының  бір  тоқсанда,  тіпті 
оқушы  мектеп  қабырғасын  аяқтағанға  дейін  бірнеше  рет  қайталанып  келуі. 
Бұл  оқушының  бір  сабақта  жете  алмаған  оқу  мақсатына  келесі  сабақтарда 
қол  жеткізуіне  мүмкіндік  береді,  әрі  оқушының  оқуға  деген  оң 
мотивациясына ықпал етеді, өз-өзіне деген сенімін нығайтады (2-сурет). 
 
 
2-
сурет 
128 
 


 
 
Екіншіден,  оқу  бағдарламасының  құрылымы,  ондағы  оқу  мақсаттары 
мен  ұсынылатын  материал  тақырыптарының  спиральділік  қағидатына 
негізделгендігі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы 
Джером  Брунердің  «Білім  беру  үдерісі»  (1960  ж.)  атты  еңбегінде 
қарастырылған  танымдық  теорияға  негізделеді.  Оның  пікірінше  ең  күрделі 
материалдың өзі дұрыс құрылымданып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті 
кішкентай балалар да түсіне алады [2]. 
Әр  сыныптағы  оқу  мақсатының  алға  ілгерілеуінде  оқушылар  негізгі 
дағдыларға  қайта-қайта  оралып,  тек  әр  сыныптағы  талап  етілетін  шеберлік 
деңгейі  ғана  өсіп  отырады.  Оқу  мақсаттары  әр  жыл  сайын  бір-бірінен 
алшақтамай,  бірін-бірі  толықтырып,  ақпараттың  ауқымы  барған  сайын 
кеңейеді. Осының негізінде оқушылар өз дағдыларын қайта-қайта қолданып, 
оны  жетілдірген  сайын  өздерінің  алға  ілгерілегенін  көріп,  тәуелсіз  еркін 
сезіне  бастайды.  Ал  ұсынылатын  материал  тақырыптары  да  дәл  осындай 
жүйеде дамытылып отырады (3-сурет).  
 
3-
сурет 
129 
 


 
 
Үшіншіден,  пәнаралық  байланысқа  негізделген  толассыз  тақырыптар 
(сквозные  темы)  бір  тақырып  көлеміндегі  түсінікті  қандай  да  бір  пәнде 
қалыптастыруды  қарастырады.  Мысалы,  «су»  тақырыбын  оқушылар  бір 
уақытта  барлық  пәндер  бойынша  игереді.  Бұл  материалды  түрлі  білім 
салалары  тұрғысынан  түсінуге  әкеледі,  әрі  оқушылардың  қабылдау  деңгейі 
де  ескеріледі.  Оқушының  ғылыми  тілді  түсінуі  қиындық  тудырған  болса, 
материалды көркем әдеби тілде түсінуіне мүмкіндігі бар. Сондай-ақ оқушыға 
берілетін үй тапсырмасының жүктемесі жеңілдейді.  
Төртіншіден,  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалауда  критериалды 
бағалау  жүйесінің  енгізілуі.  Критериалды  бағалау  оқушылардың 
жоспарланған  оқу  мақсаттары  мен  шынайы  нәтижелерінің  арасындағы 
сәйкестік деңгейлерін анықтап, оқушының жеке оқуын түзеуге, күш-жігерін 
қай бағытқа жұмсауды болжамдауға мүмкіндік береді.  
Оқу  жылы  бойында  оқушылардың  оқудағы  прогресі  және  үлгерімі 
туралы деректерді жинау үшін бағалаудың 2 түрі жүргізіледі: 1) формативті 
бағалау;  2)  жиынтық  бағалау.  Формативті  бағалау  «оқушы  оқу  мақсатына 
жетті»  немесе  «талпынды»  деген  нақты  2  критерийді  қамтиды.  Яғни 
оқушының  күнделікті  сабақтағы  іс-әрекеті  осы  екі  критерий  негізінде 
бағаланады.  Мысалы,  «оқылым-8»  сілтемесіндегі  «мәтіннің  негізгі  идеясы, 
кейіпкерлердің  сөйлеу  мәнері  мен  іс-әрекетін  анықтайды,  анализ  жасайды» 
деген  оқу  мақсатына  «Критериалды  бағалау  нұсқаулығында»  мынадай 
жетістік критерийлері алдын-ала ұсынылған. 
Оқушы оқу мақсатына жетті, себебі: 
• 
мәтіннің  негізгі  идеясын  анықтайды  және  толықтай  түсіне 
алатынын дәлелдер арқылы көрсете алады; 
130 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау