ЖАҢА БАҒДАРЛАМА - ЖАҢАЛЫҚҚА БАСТАР ТУРА ЖОЛ
Асанова Гүлнар Сүйіндікқызы
Алматы облысы,
Іле ауданы,
Өтеген батыр кенті, №38 мектеп-гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Еліміздегі білім беру саласы жаңа жүйеге көшу барысында
ұлтымыздың болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой
өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше
білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор
ретінде қарастырып отыр. Білім беруді модернизациялау мектептегі білім
берудің мақсатына сәйкес білім беру нәтижесін жоспарлауды, оны қайта
қарап,жаңаша қалыптастыруды талап етеді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев ұлттық білім саласына өте жоғары талап қойып отыр. Қазақстан
мектептеріндегі білім беру сапасы өте жоғары, бәсекеге қабілетті болу
керек. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің зор әлеуетін сезіну міндеттілік деп
танылып, ұлтаралық келісім кепілі ретінде әрбір білім алушы оны құрметтеуі
парыз.
Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы
оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас
ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің
басты талабы.
Елбасы Н.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың
іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір
қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс», деп бекер айтпаған да
болар.
Елбасының мұндай терең айтылған ойларын 20 күндік курста алған
білімдерімізбен дәлелдеуге болады. Негізінен жаңартылған білім жүйесі
құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім
берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру
ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу,
тәжірибе жасау, АҚТ – ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу,
жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты,
шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін
қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау
жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) курс барысында ұғындық.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді
қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттары зерделей отыра тапсырмаларды
ықшамсабақтарды
құрастыру
барысында
көз
жеткіздік.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау
жүйесіне өтті. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын
ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді.
Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады:
қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Ең жоғары балл 60 ұпай,
69