Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет24/122
Дата04.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2913
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   122

балаға  білім  беруде  ерекше  рөл  ойнайтынын  бұрын  аңғармаппын.  Дәстүрлі 
стильдегі  бағалау  жүйесі  арқылы  біз  баланың  болашағына  балта  шауып 
жүргендей әсерде қалдым. Байқасам, баланы бағалау арқылы немесе екі қою 
арқылы  баланың  көңіл-күйіне  тікелей  қауіп  төндіріп  жүрген  екенбіз.  Ал 
қалыптастырушы  бағалаудың  пайдасы  мен  тиімділігі  оқыту  мен  оқудың  ең 
негізгі құралы болары сөзсіз.  
Курс тыңдаушыларымен дәріс және тәжірибелік жұмыстар кезінде пікір 
алмасып,  маңызды  талқылаулар  жасап  отырдық.  Әрбір  тапсырмадан  кейін 
жұмыстың қорытындысын шығарып, кері байланыс беріп отырдық. Сондағы 
мұғалімдердің сабақ соңында берген қорытындысы төмендегідей: 

оқылым дағдысын қалыптастыруда топтық жұмыс тиімді; 

топ  мүшелерінің  арасында  түсінбеушілік  болмайды,  белсенді  жұмыс 
ортасы пайда болады; 

сенімділік орнайды; 

мәтінді тек оқып қана қоймай, шынайы өмірде қолдана алатындарына 
сенімді; 

сұрақ қою мен дайындауға машықтанады; 

рөлдік ойындар арқылы  мазмұнды қызықты етуге болады

еркін диалогқа түседі; 

мәтін жан-жақты талқыланады; 

зерттеушілік, ізденушілік қасиеттерін дамытады; 

мәтінді талдауда спиральдық үлгіде қайталанғандықтан, әр топ мүшесі 
берілген тапсырманы мұқият орындайды. 
Жаңартылған  бағдарлама  бойынша  біліктілікті  арттыру  курсында 
мынадай тұжырымдар жасадық: 

оқушылардың  шығармашылық  дербестігін  дамыту  арқылы  оның 
жеке тұлғасын қалыптастыруға болады; 

қызығушылық  іс-әрекет  түрлері  төменнен  жоғары  қарай,  кезекті 
түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы 
дамиды; 

қызығушылық  іс-әрекетті  дұрыс  ұйымдастыру  біліктері  мен 
ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды; 

оқушыларды  танымдық  тапсырмаларды  орындау  мүмкіндіктеріне 
қарай  топтарға  бөліп,  сәйкес  жұмыс  түрлерін  таңдап,  жүйелі  жұмыс 
жүргізудің маңызы зор; 

қызығушылық  іс-әрекетте  дәстүрлі  емес  әдіс-амалдар  пайдалану 
интеллектуалдық  қабілеттерін  дамытып,  оқу-танымдық  және  ғылыми 
ізденістер жасауға талаптандырады. 
Сапалы  білімді  қамтамасыз  етуде  қазіргі  қолданылып  жатқан  әдіс-
амалдар  өте  мол,  оқушылардың  қызығушылығын  арттыруда  жаңа 
технологиялар да артуда, тек әр ұстаз, өз оқушыларына ыңғайлысын қолдана 
білуден  ұтады.  Соның  бірі  орыс  тілді  мектепте  қазақ  тілін  оқытуда 
қолданылған  шығармашылық  тапсырмалар,  оқушылар  өздері  ізденеді,  тілге 
деген  құрметі  артады,  әр  тақырыптың  мәні  ашылып,  талданады,  қазақ 
53 
 


халқының  салт-дәстүрімен  таныстырылып,  сыйластыққа  үйретеді,  пәнге 
деген қызығушылықтары да арта түседі деп ойлаймыз.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
Мұғалімге арналған нұсқаулық. Педагогикалық шеберлік орталығы, «НЗМ» 
ДББҰ, Астана, 2017. - 12-13б. 
2.
Алимов  А.К.  Интербелсенді  оқыту  әдістемесін  мектепте  қолдану.  Оқу 
құралы. - Алматы, 2014. 
  
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ШЕҢБЕРІНДЕ 
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Султанова  Алия  Сайлаубаевна 
Алматы облысы, Ескелді ауданы,Титов  атындағы  орта  мектебі  МДШО  
КММ қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің   мұғалімі 
 
        
Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін 
ең  тиімді  әрі  ұзақ  мерзімді  стратегия  болып  табылады.  Көптеген  авторлар, 
соның  ішінде  Виллем  Те  Вельде  (Willem  te  Velde,  2005)  жаһанданудың 
қазіргі  кезеңінде  жоғары  сапалы  білімнің  қажеттігі  туралы  өз  пікірлерін 
айтты.  Қазіргі  таңда  экономикалық  өсу  және  азаматтардың  әл-ауқаты  үшін 
білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. Білім беруді 
реформалаудың қарқынды артып келе жатқанын атап көрсетті. Бүкіл әлемде 
білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе 
қайта  қаралуда.  Осы  мәселе  аясында  «Балалар  ХХІ  ғасырда  табысты  болу 
үшін  нені  үйренуі  керек?»  және  «Оқытудың  тиімді  әдістері  қандай?»  деген 
сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және 
оқу  бағдарламасын  жүзеге  асыруда  қолданылатын  педагогикалық 
тәсілдермен тығыз байланысты.  
      
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жаһандық проблемаларға жауап 
бере  алатындай  жұмыстар  республикалық  деңгейде  жүргізілуде.  Оқу 
бағдарламасындағы  ұлттық  стандарттарға,  бағалауға,  оқулықтар  мен  оқыту 
әдістеріне  қатысты  білім  беру  саласындағы  өзекті  құндылықтар  мен 
мақсаттар  мектеп  оқушыларының  жалпы  үлгерімін  арттыруды,  сондай-ақ 
инновация  мен  көшбасшылықты  енгізу  үшін  талап  етілетін  дағдыларды 
дамытуды,  мектеп  мәнмәтіні  арқылы  ұлттық  сананы  қалыптастырып,  іске 
асыруды  және  ауқымды  халықаралық  тәжірибемен  өзара  әрекеттесуді 
көздейді. Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған 
міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың негізгі бір түрі. Оқушылар 
оқу арқылы мәдени, эмоциялық, зияткерлік, әлеуметтік және рухани жағынан 
дамуға жол ашады. Оқу оқушылардың жаңа білімді меңгеруіне де, сондай-ақ 
алған  білімін  әрі  қарай  дамытуына  да  негіз  болады.  Қоғамның  толыққанды 
мүшесі  болу  үшін  адамдарға  барлық  тілдік  дағдылар  айтарлықтай  рөлі 
ерекше екені белгілі. 
54 
 


     
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі және Қазақстандағы мемлекеттік тіл 
мәртебесіндегі  өзара  қарым-қатынас  құралы.  Қазақ  тілі  қазақстандық  қоғам 
мен қазақ тілін ана тілі ретінде қолданатын әрбір жеке тұлға өмірінде бірегей 
қызмет  етеді.  Мемлекеттік  тілді  функционалдық-коммуникативтік  және 
қатысымдық-танымдық  тұрғыдан  оқыту  тілдің  қоғамдағы  маңызды  қызметі 
мен  рөлін  саналы  түрде  ұғынуға,  тілдің  табиғатын  ғылыми  танымдық 
тұрғысдан  түсініп  үйренуге,  коммуникактивтік  тілдесім  әрекетіндегі  тілдік 
бірліктердің  функционалдық  қасиеттерін    саналы  түрде  қолдануға,  әрбір 
тілдік  бірліктің  ішкі  мағыналық  иірімдерін  түсініп  пайдалануғу  үйретеді. 
Жалпы  білім  беретін  мектептерде    «Қазақ  тілі»  пәнін  оқытудың  мақсаты  – 
ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-
ақ  қазақ  әдеби    тілі  нормаларын  сақтап,  дұрыс  қолдана  білуге,  еркін 
сөйлесуге және сауатты жазуға дағдыландыру болып табылады. 
        
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  сабағы  жас  ұрпақ  бойына  адамгершілік, 
ізгілік  қасиеттерді  қалыптастыруды  жетілдіре  түсудің  бірден-бір  басты 
құралы. Ана тілін оқып-үйрену арқылы олар Қазақстанның мәртебесін көтере 
туған халқының өткені мен бүгіні, болашағы жайында мол мағлұматтар ала 
отырып, танымдық, тәрбиелік, білім-дағдыны үйренері хақ. Өтілетін әр сабақ 
белгілі  бір  мақсатқа  құралған,оқушы  танымы  мен  дүниетанымын 
қалыптастыра  отырып  шығармашылыққа  баулуы  тиіс.  Ол  үшін  мұғалім 
күнделікті сабаққа жете ізденіп, жаңа технологияны шебер пайдаланса, сабақ 
өз  мақсатына  жеткен  шығармашылыққа  бағдарланған,  оқушы  дүниетанмын 
байытатын  бірден-бір  сабақ  болар  еді.  Қай  сабақ  болмасын  «мынау  оның 
білімдік жағы, мынау тәрбиелік жағы» деп бөліп жаруға болмайды. Себебі, 
білім мен тәрбие - әркез егіз үрдіс. Шебер мұғалім осы екі қасиетті оқушы 
бойына  дарыта  оқыта  отырып,  оқыту  әдісін,  жаттықтыру  жұмысын, 
қолданылатын  көрнекілік  түрлерін  оқушының  жас  ерекшелігін  ескере 
отырып,  қабілеті  мен  ынтасына  қарай  таңдай  білсе,  өзі  көздеген  мақсатына 
жетеді.  
      
Сабақ  беру  үрдісінде  оқушыны  шығармашылыққа  баулудың  маңызы 
ерекше.  Шығармашылық-  өздігінен  еңбектенудің,  ізденудің  жолы.  Әр 
тақырып  бойынша  жүргізген  жұмыс  нәтижесі  оқушының  тиянақты  ойлай, 
сөзді нақты жеткізе білуге үйретеді.  
     
Бүгінгі  білім  берудің  басты  нысаны  әлемдік  білім  кеңістігіне  кіру.  Алғы 
шарт  бүгінгі  қоғамға  лайықты  білікті  де  білгір  азамат  тәрбиелеу.  Мұндай 
тұлға  өз  ұлтының  және  өзге  ұлт  өкілдерінің  мәдени  құндылықтарын 
қастерлейтін,  саналы  деңгейде  пікірлесе  алатын  дәрежеде  болуы 
керек.Оқушы  біліктілігін  арттыру  қазіргі  оқыту  үрдісі  мазмұнының  басты 
нысанасы.  Түрлі  пәндер  бойынша  берілетін  білім  мазмұнының  меңгерілуі, 
сол  білімді  пайдалану  арқылы  оқушының  өмірлік  дағдысы  мен  іскерлігі 
өлшенеді,  ендігі  жерде  білімнің  сапасы  нәтижеге  бағытталады.Іскерлік 
қатынасты  көтеру  мақсат  етіледі.  Осыдан  қазіргі  білім  беру  жүйесіндегі 
құзыреттілік  (біліктілік)  ұғымы  туындайды.  Нәтижеге  бағытталған  білімді 
пәндік  құзыреттілік  тұрғысынан  зерделесек,  біз  адамға  тыңдау,  түсіну, 
ойлау,пайымдау,  тұжырымдау,  пікірлесу  сияқты  тілдік  коммуникативтік 
55 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау