Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 146,11 Kb.
Pdf просмотр
Дата30.05.2018
өлшемі146,11 Kb.
#18422


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНДЕ 

ІЗДЕНУ-ЭКСПЕРИМЕНТТІК   ӘРЕКЕТТІ  

ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША  

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР 

 

 

МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ  

ПО ОРГАНИЗАЦИИ ПОИСКОВО-ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬНОЙ 

ДЕЯТЕЛЬНОСТИ В ОУД «ЕСТЕСТВОЗНАНИЕ» 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АСТАНА 

2017 


 

ҚазақстанРеспубликасы Білім және ғылым министрлігінің 



«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазғандар: 

Байназарова Т.Б., п.ғ.к. 

Даримова Ф.А., меңгеруші  

Кушербаева Р.У., әдіскер 



 

 

 

 

 

«Жаратылыстану» 

ұйымдастырылған 

оқу 

қызметінде 



іздену-

эксперименттік  әрекетті  ұйымдастыру  бойынша  әдістемелік  ұсынымдар. 

─Астана, 2017ж. ─ 28 бет. 

 

 

 



Ұсынылып 

отырған 


материал 

мектепке 

дейінгі 

ұйым 


педагогтеріне 

«Жаратылыстану»  ұйымдастырылған  оқу-қызметінде  іздену-эксперименттік  әрекетті 

ұйымдастыру бойынша жұмысты тиімді  жоспарлауда  және өткізуде  әдістемелік көмек 

көрсету мақсатында әзірленді. 

Аталған  әдістемелік  ұсынымдар  мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  педагог  қауымға, 

ата-аналарға,  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  мен  колледждердің  студенттеріне 

арналған.  

 

Әдістемелік  ұсынымдар  «Мектепке  дейінгі  балалық  шақ»  республикалық 



орталығының  ғылыми-әдістемелік  кеңесінде  (6  қазан  2017ж.  №  7  хаттама)  қаралып, 

ұсынылды. 

 

 

 



 

 

«Мектепке дейінгі балалық шақ» 



республикалық орталығы, 2017 ж. 

 

 



 

 


 

ТҮСІНДІРМЕ   ЖАЗБА 

 

Мектепке  дейінгі  балалық  шақта  ойын  әрекетімен  қатар,  біліктер  мен 



дағдыларды игеру процесі ғана емес, сондай-ақ, ізденіс ретінде баланың білімді 

өзі  немесе  ересек  адамның  басшылығымен  алуына,  олардың  дамуына  ықпал 

ететін танымдық әрекет зор маңызға ие болады.   

  Бұл  әрекет  ерте  балалық  кезеңде  қалыптасады,  алғашқыда  балалар 

барлығын  дәм  сезу  анализаторлары  арқылы  тексеріп,  заттар  мен  қарапайым 

эксперимент жасайды.  

Мектепке  дейінгі  ересек  жаста  танымдық-зерттеу  әрекеті  балалардың 

заттармен  эксперимент  жүргізуінен  және  ересектерге  қойылатын  сұрақтарды 

(неге, не үшін, қалай?) ауызша зерттеуінен көрінеді. 

Бала  эксперимент жүргізу  барысында  субъект  ретінде, өз  әрекетін  дербес 

құрып, белсенділік танытады.  

Жаңартылған мазмұнға сәйкес «Таным» білім беру саласына мектеп жасына 

дейінгі балалардың  жеке тұлғасын  дамытуға, қоршаған ортамен өзара әрекет 

етуіне  қажетті  таным  әрекетінің  қарапайым  дағдыларын  игеруге  бағытталған 

«Жаратылыстану» ұйымдастырылған оқу қызметі енгізілді. 

Заманауи  психологиялық  және  педагогикалық  зерттеулер  нәтижелері                    

(Г.М.Лялина,  А.П.Усова,  Е.А.Панько  және  т.б.)  мектеп  жасына  дейінгі 

балалардың  қоршаған  ортаны  тануына  бағытталған    зерттеу  әрекетімен 

айналысудың қажеттілігін көрсетеді. Ізденіс әрекеті әртүрлі болса және қызықты 

ұйымдастырылса, бала жаңа ақпарат алады, толыққанды дамиды.  

Іздену-эксперименттік  әрекеттің  өзектілігі  ─  эксперимент  жүргізу 

барысында  балаларға  зерттелінетін  нысанның  түрлі  жақтары  туралы  шынайы 

түсінік  берілуі,  баланың  есте  сақтауын,  таным  процестерін,  талдау  жасай  алу 

дағдыларын  дамытуға ықпал ететін: өзара байланыс орната білу және қарапайым 

қорытынды жасау болып табылады.   

Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты:      

«Жаратылыстану» 

ұйымдастырылған 

оқу 


қызметінде 

жобалау  

технологияларын 

меңгеруде 

педагогтердің 

кәсіби 


белсенділігі 

мен 


шығармашылығын дамыту үшін жағдайлар жасау. 

Міндеттері: 

-  іздену-эксперименттік әрекетін жоспарлау; 

«Жаратылыстану» 



ұйымдастырылған 

оқу 


қызметінде 

іздену-


эксперименттік  әрекетін жүргізуде  педагогтерге  практикалық  көмек көрсету. 

Күтілетін  нәтижелер:  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік 

бағдарламасына сәйкес  білім беру процесінің тиімділігін арттыру.  



 

 

 

 


 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ІЗДЕНУ-ЭКСПЕРИМЕНТТІК 



ӘРЕКЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ  

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  іздену-эксперименттік  әрекетінің 

мәселесі  педагогтер  мен  психологтардың  қызығушылығын  тудырды  және 

олардың зерттеулері тарихи-педагогикалық  мұраларда,  сонымен қатар заманауи 

зерттеулерде  де  көрініс  тапты.  Кіші  жастағы  балаларды  тәрбиелеу  мен 

оқытудағы  іздену-эксперименттік  әрекеттің  рөлін  Батыс  Еуропа  педагогтері                

А. Дистервег, Я. А. Коменский, М. Монтессори, Й. Г. Песталоцци, Ф. Фребель 

өз еңбектерінде атап көрсетті. 

Іздену-зерттеу әрекетінің маңызын отандық педагогиканың  негізін салушы 

К.  Д.  Ушинский  зерттеді,  іздену-эксперименттік  әрекетін  ұйымдастыруға 

қойылатын  әдістемелік  талаптарды:  олар  балалардың  шамалары  мен 

мүмкіндіктеріне сәйкес және олардың ойлау қабілетін белсендіретіндей болуы 

тиіс екендігін анықтап берді. 

Е. Н. Водовозова, Е. И. Тихеева мектеп жасына дейінгі балалармен тәжірибе 

жұмыстарын  жүргізуде  балалардың  бақылау,  әрекет  ету,  ойлау,  өздігінен  

қорытынды  жасай  білу  мүмкіндіктері  кеңейетінін  қарастырды.  Егер 

тапсырмалар  бақылау  немесе  тәжірибелік  әрекетке    негізделсе  мектеп  жасына 

дейінгі  балалар  табиғат  құбылыстарының  себебін  түсінуге  және  қарапайым 

логикалық  ойлауға  қабілетті  болатындығын  психологиялық-педагогикалық 

зерттеулер  дәлелдейді.  Осы  зерттеулерді  В.А.Сухомлинский  қолдап,  бала 

бейнелер  неғұрлым  жарқын  болса,  оларды  бейнелі  түрде  қабылдап,  табиғат 

заңдылықтарын  тереңірек  ұғынатынын  атап  өткен.  Танымал  педагог                              

Н.  Н.  Поддьяков  экспериментті  қолдану  қажеттілігі  баланың  танымдық 

белсенділігін ынталандыратын өзіне тән әрекет екенін көрсетті. Оның пікірінше, 

балалар  шығармашылығының,  баланың  өздігінен  дамуының  негізі  мектеп 

жасына дейінгі кезеңдегі жетекші әрекет-эксперимент жүргізу  болып табылады. 

Мектепке  дейінгі  жаста  тұлғаның  психологиялық  физиологиялық  қызметі 

қарқынды  қалыптасады,  сондықтан    мектепке  дейінгі  білім  беруде  зерттеу 

тәсілін қолдану маңызды болып келеді.  

Мектеп жасына дейінгі бала зерттеу әрекетінің барлық түрлеріне, сондай-ақ 

эксперимент  жүргізуге  қызығушылық  танытатын  –  зерттеуші.  Балалар 

эксперимент  жүргізуді  ұнатады.  Бұл  оларға  көрнекі-әрекеттік  және  көрнекі-

бейнелі ойлаудың тән болып келетіндігімен түсіндіріледі, эксперимент жүргізу 

осы жас ерекшеліктеріне сәйкес әдіс. Балалардың дамуында ізденіс әрекетінің 

маңызын ескере отырып, оны ұйымдастыру үшін  үнемі жағдай жасалуы тиіс.  

Эксперимент жүргізу барысында балалардың тек  интеллектуалдық әсерлері 

ғана қалыптаспайды, сонымен қатар ұжымда  және дербес жұмыс жасай білуі 

дамиды, олар өз пікірлерін айтып, оның дұрыстығын дәлелдей білуге,  іздену-

зерттеу әрекетінің сәтсіз себептерін айқындауға, қарапайым қорытынды жасауға 

үйренеді. 



 


 

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ»  ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНДЕ                   



ІЗДЕНУ – ЭКСПЕРИМЕНТТІК  ӘРЕКЕТТІҢ МАҚСАТЫ,                                         

МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ  ҚЫЗМЕТІ 

 Балалардың  эксперимент  жүргізуі  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың 

іздену-зерттеу  әрекетінің  негізі.  Балабақшада  эксперимент  әдісін  қолданудың 

басты құндылығы, эксперимент барысында: 

  -  балалар  зерттелетін  нысанның  әр  түрлі  жақтары,  оның  басқа 

нысандармен өзара қарым-қатынасы және тіршілік ету ортасы туралы шынайы 

түсініктер алады; 

-  таным  процестері  ─  ойлау,  қабылдау,  қиял  дамиды,  баланың  сөйлеуі 

заттарды  және  құбылыстарды  талдау  және  жинақтау,  салыстыру  және 

топтастыру арқылы жетіледі. 

 Балалардың  эксперимент  жүргізуі  дербестікті,  мақсатты  тұжырымдауды, 

заттар  мен  құбылыстарды  түрлендіруді  қалыптастыруда,  белгілі  бір  нәтижеге 

қол  жеткізуде  маңызды.  Эксперимент  барысында  баланың  эмоциялық  саласы, 

шығармашылық  қабілеті  дамиды,  еңбек  дағдысы  қалыптасады,  қимыл 

белсенділігінің  жалпы  деңгейін  арттыру  есебінен  балалардың  денсаулығы  

нығаяды.  



Мақсаты:  балалардың    таным  процесіне  қатысу  тәжірибесін  игеру, 

олардың  интеллектуалдық  қабілеттерін,  зерттеу  дағдыларын,  шығармашылық 

әлеуетін кешенді дамыту, «Жаратылыстану» ұйымдастырылған  оқу қызметінде 

балалардың    дербес  эксперимент  жүргізуге  танымдық  қызығушылығы  мен  

қабілетін дамыту.  

Міндеттері: 

- мектеп 

жасына 

дейінгі 


балалардың 

қоршаған 

ортаға 

деген 


қызығушылығын,  балалардың білуге құмарлығын қолдау; 

- балалардың  танымдық  қабілетін  дамыту  (талдау,  жинақтау,  салыстыру, 

жалпылау); 

- таным  процестерін дамыту: мәселені белгілеу, іске асыру тәсілі, нәтижеге 

жету; 

- табиғат  әлемін  сақтау  және  қорғау  ниетін  тәрбиелеу,  оның  сұлулығын 



көру; 

- экологиялық 

сауаттылық  пен  мінез-құлық  мәдениеті  негіздерін 

қалыптастыру; 

- тәжірибелер  мен  эксперименттер  жүргізуде    қауіпсіздік  техникасы 

ережелерін  орындауды қалыптастыру. 



Бұл міндеттер 

 - «Жаратылыстану" ұйымдастырылған оқу қызметі; 

 - балалардың тәжірибе және зерттеу әрекеті; 

  - бақылау; 

- әңгімелесу арқылы іске асырылады. 

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың танымдық-зерттеу әрекетінің 

негізгі дамытушы функциялары ретінде келесілер белгіленген: 

- баланың танымдық бастамасының дамуы (білуге құмарлық); 




 

- баланың негізгі мәдени нысандарын ретке келтіру тәжірибесін игеру: 



себеп-салдарлық, топтастыру, балалардың ой-өрісін кеңістіктік және уақыт 

шегінен  тыс  тікелей  практикалық  тәжірибе  арқылы  ауқымды  кеңістіктік  және 

уақыттық  перспективалық  (табиғи  және  әлеуметтік  әлем  туралы  түсініктерді, 

қарапайым географиялық және тарихи түсініктерді игеру) қарым-қатынастар; 

-  баланың  жүйелеу  тәжірибесі  деңгейінен  практикалық  әрекет  арқылы 

символикалық әрекет деңгейіне (схемалық, символизациялық байланыстары мен 

қоршаған әлемнің құбылысы мен заттың арасындағы қарым-қатынасы); 

-  зат  пен  құбылысты  іздестіру  бойынша  белсенді  іс-әрекет  барысында 

қабылдау, ойлау, сөйлеуін дамыту (ауызша талдау-пайымдау) 

-  балалардың  ой-өрісін  кеңейту  арқылы  олардың  шегінен  тікелей 

практикалық  тәжірибеге  ауқымды  кеңістік  пен  уақыттық  перспективаға  тыс 

шығару  (табиғи  және  әлеуметтік  әлем  туралы,  қарапайым  географиялық  және 

тарихи түсініктерді игеру ). 

 

 



ІЗДЕНУ-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС ҮШІН                                                               

ЗАТТЫҚ-ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ   

 

Іздену-эксперименттік  жұмысты  іске  асыру  үшін  заттық-дамытушы  білім 

беру орта қажет. 

Заттық орта балаға оның өмірге келген алғашқы сәтінен бастап әсер етеді.  

Қойылатын  ортаға  негізгі  талаптар,  дамыту  құралы  ретінде  белсенді 

балалардың  өзіндік  дамуын  қамтамасыз  ету,  балалардың  жасына  сәйкес 

экологиялық  бұрышты,  шағын  зертхана  материалдармен  жабдықтарға  және 

жүргізілген тәжірибелер саны үнемі толықтырылып отырады. 

Зерттеу  әрекеті  және  тәжірибе  жүргізу  үшін  қажетті  шағын  зертханалар 

мынадай құрал-жабдықтармен:  

- көмекші-аспаптар: ұлғайтқыш әйнек, таразы (безмен), құм сағат, компас, 

магниттер;  

-  әр  түрлі  көлемді  ыдыстар  мен  материалдардан  (пластмасса,  шыны, 

металл); 

- табиғи материал: тасты, саз, құм, қайыршақ, құс қауырсыны, бүрлерді, жер 

асты алынған және ағаш жапырақтары, мүк, тұқымдар және т. б.;  

- қалдық материал: сым, кесінділер, тері, былғары, мата, пластмасса, ағаш, 

тығын және т. б.; 

- техникалық материалдар: сомындар, түйреуіштер, болт, шеге, винтиктер, 

бұрандалы шегелер, бөлшектер, конструктор және т. б.;  

- әр түрлі қағаздар түрлері: қарапайым, картон, наждак, көшірме және т. б.; 

бояғыштар: тағамдық және тағамдық емес (гуашь, акварель бояулары және т. б.); 

-  медициналық  материалдар:  пипетка,  колба,  ағаш  таяқшалар,  шприцтер 

(инелерсіз), өлшегіш қасық, резеңке алмұрт және т. б.;  

-  зертханалық  ыдыс-аяқ,  қарапайым  құрылғылар,  нысандар  тірі  және 

жансыз табиғат және басқалар. 




 

- өзге де материалдар: айналар, әуе шарлары, май, ұн, тұз, қант, түрлі-түсті 



және мөлдір шыны, елеуіш, балауыз шамдар және т. б. жабдықталады. 

Шағын  зертханаларды  жабдықтау  кезінде  балалардың  өмірі  мен 

денсаулығының қауіпсіздігін; жеткіліктілігі; заттардың қол жетімді орналасуын 

ескеру керек. 

 

 

ТҮРЛІ ЖАС ТОПТАРЫНДА ІЗДЕНУ-ЭКСПЕРИМЕНТТІК                                               

ӘРЕКЕТТІ ДАМЫТУ 

 

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  эксперимент  жүргізу    әр  түрлі  нысанда  іске 



асырылуы  мүмкін.  Бұл  нысандардың  саны  өте  көп.  Бала  есейген  сайын  оның 

әртүрлі  нысандарды  игеру  мүмкіндігі  ұлғая  түседі.  Игерілген  нысандар 

жойылмайды, керісінше жаңа нысандармен толықтырылады. 

Ал, басқа формаларға қозғау болған алғашқы нысан заттармен әрекет жасау 

болып табылады (Л.С. Выготский). Бұл нысан ерте жаста, яғни шамамен 3-3,5 

айда,  балаға  қолжетімді  жалғыз  эксперимент  жүргізудің  нысаны  болып 

табылатын  кезде  туындайды.  Бала  заттарды  айналдырады,  аузына  салады, 

лақтырады. Заттар (ол үшін) бірде пайда болады, бірде жоғалады, бірде тарс етіп 

сынады.  Ересектер  балалармен  бірге  қуанады,  балаларға  әңгіме  айтып  береді, 

олардың  теріс  қылықтарына  ренжиді. Осылайша,  екі  эксперимент  жүргізіледі: 

табиғаттану  және  әлеуметтік.  Алынған  мәліметтер  жинақталады  және 

балалардың есінде өмір бойы сақталады. 

 Кейінгі  екі-үш  жылда  заттармен  және  адамдармен  әрекет  жасау 

күрделенеді.  Аталған  кезең  бала  өмірінің  бірінші,  екінші  және  үшінші 

жылдарына  созылады.  Бұл  уақытта,  әлі  де  өзара  белгілі  бір  жүйемен 

байланыспаған эксперимент әрекетінің жеке бөліктері қалыптасады.  

Бала  үш  жасқа  толған  соң  келесі  кезең  –  қызығушылық  кезеңіне  өтеді. 

Кейбір  ересек  адамдар  баланы  ұшқалақ,  шыдамсыз,  тіпті  тәртіпсіз  ретінде 

қабылдайды, себебі бұл жастағы балалар көп әуреге салады. Бірақ, биологиялық 

көзқарас тұрғысынан бала неғұрлым белсенді болса, соғұрлым қызығушылығы 

ұлғайып, 

дами 


түседі, 

яғни 


тұлға 

ретінде 


толыққанды 

болып 


қалыптасады.  Қызығушылық  кезеңінің  орта  тұсына  қарай  (төрт  жаста)  іс-

әрекеттің  алғашқы  нысаны  –  заттармен  әрекет  жасау  –  үш  бағытқа  бөлінеді. 

Бірінші бағыт ─ ойын, екінші бағыт – эксперимент жүргізу, үшінші бағыт – еңбек 

болып бөлінеді. 



Ортаңғы    топ  балалары  үшін  іздену-эксперименттік  әрекеттің 

міндеттері 

Балалардың  табиғатқа  деген  сүйіспеншілігін  және  оның  алуан  түрлі 

құбылыстарына қызығушылығын тәрбиелеу. 

Балалардың тірі және өлі табиғат туралы білімдерін кеңейту. Су, ауа, құм, 

сазбалшық қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру. 

Балалардың  танымдық  белсенділігін  дамыту.  Талдай  білу,  экологиялық 

тұрғыдан  сауатты  қорытындылар  шығаруға  үйрету.  Балалардың  ұсақ  және 

жалпы моторикасын, зейінін, есте сақтауын, сөйлеуін дамытуды жалғастыру.  




 

Іс-әрекеттің  басқа  түрлерімен  өзара  байланыс  жасау  арқылы  балалардың 



қарапайым  экологиялық  түсініктерін  жүйелеу.  Балаларды  табиғатқа  қатысты 

мәдени және экологиялық тұрғыдан сауатты мінез-құлыққа баулу. 

Осы  жаста  балалардың  іздену-эксперименттік  әрекеті  әлсіз  көрінеді;  оны 

тек  зерттеуші-теоретик  байқай  алады,  уақыт  өте  іздену-эксперименттік  әрекет 

неғұрлым айқындала түседі. 

Ересек  топ балалары үшін іздену-эксперименттік әрекеттің міндеттері 

Мектеп  жасына  дейінгі  баланы  экологиялық  мәдениетке  табиғатқа  деген 

сүйіспеншілігін арттыру және қоршаған ортаны таныту арқылы тәрбиелеу. 

Балалардың су, ауа, құм, сазбалшық  қасиеттері және өлі табиғаттың алуан 

түрлілігі туралы білімдерін кеңейту. Табиғаттың кейбір құбылыстары арасында 

өзара  байланысты  орната  білуін  қалыптастыру,  ойлау,  өздігінен  қорытынды 

жасау қабілетін дамыту. Балаларға өсімдіктердің өсуі топырақ құрамына, жарық, 

су және жылуға байланысты екенін көрсету. Жер-ананы сақтау, оны қоқыстан 

тазарту ынтасын тәрбиелеу. 

5 жастан кейін бала білімге құмарту кезеңіне өтеді. Эксперимент әрекетінің 

қалыпты  түрі  көріне  бастайды.  Ол  әлі  де  ойынға  өте  ұқсас,  бірақ  енді 

эксперимент жүргізу  дербес іс-әрекет түріне айналады. 

Ересек мектепке дейінгі жастағы бала біздің түсінігіміздегі экспериментті 

іске асыру қабілетіне ие болады. 



Даярлық  тобындағы  балалар  үшін  іздену-эксперименттік  әрекеттің 

міндеттері 

Табиғатқа деген сүйіспеншілік және қызығушылық сезімі, қоршаған ортаны 

тану арқылы баланы экологиялық мәдениетке тәрбиелеу. 

Балалардың  күн  жүйесі  туралы  қарапайым  түсінігін  қалыптастыру. 

Балаларды  зерттеу  әрекетіне  тартуды  жалғастыру.  Ойлау  қабілетін,  зейінін 

дамыту.  Алға  мақсат  қоюды,  оны  іске  асыру  жолдарын  табу  және  өздігінен 

қорытынды жасау дағдысын қалыптастыру. 

Тәжірибелер  арқылы  заттардың  кейбір  физикалық  қасиеттері  туралы 

қарапайым түсінік беру (магнит, компас, термометр). Су, ауа, құм, сазбалшық, 

топырақ қасиеттері туралы түсініктерін нақтылау. Балаларды қардың қорғаушы 

қасиеттерімен таныстыру. 

Адамның  табиғатта  алатын  орнын  ұғынуға  көмектесу,  оның  табиғатқа 

тигізетін оң және кері әсерінің нәтижесін көрсету. 

Зерттеуге ұмтылу, іздену белсенділігі – мектепке дейінгі жастағы баланың 

табиғи жағдайы. Балалар ақпаратты алу және оны өңдеуді қажетсінеді. Мектеп 

жасына дейінгі балалардың іздену-зерттеу әрекетін ұйымдастыру кезінде олар 

жаңа  әсерлер  тапшылығы  жағдайында  интеллектуалдық  жетімсіздікті 

сезінетінін, ал ой әрекетін артық ынталандыру және ересек тарапынан айтылған 

сын қызығушылық пен өздігінен іздену қажеттілігіне кедергі болатынын естен 

шығармау керек.  



Күтілетін нәтиже: 

 -мектеп жасына  дейінгі балалардың танымдық белсінділігін арттыру; 

- балалардың жеке тұлғалық өсуін дамыту; 



 

- баланың өзіне, өз мүмкіндігін сену сезімін қалыптастыру; 



- заттық-кеңістік дамытушы ортаны байыту; 

- осы мәселе бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың әдістемелік жинағын 

толықтыру. 

 

 



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ІЗДЕНУ-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ӘРЕКЕТТІҢ 

НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ 

«Бала  үшін  барлығы  табиғи  және  «дайын  түрдегі»  білімінен  гөрі,  өз 

зерттеулерін  жүргізу  -  бақылау,  эксперименттер  жасау,  олардың  негізінде  өз 

ойлары  мен  тұжырымдарын  жасаумен  жаңаға  жету  едәуір  жеңіл» 

(А.И.Савенков). 

 Демек, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үдерісінде  оқытудың іздену 

үлесін көбейту қажет. 

 Іздену-зерттеу  жұмыстары  бала  сұрақтарға  жауап  беріп  және  өздігінен 

оларға жауап табуға мүмкіндік береді. Балалардың тәжірибелік-эксперименттік 

қызметі бойынша жұмыстарда  кешенде түрлі әдістер  қолданып, өзара дұрыс 

сәйкестендіру қажет.  

Алға  қойған  міндеттердің  сипаты  мектеп  жасына  дейінгілердің 

мүмкіндіктеріне  сәйкес  анықталады,  әдістерді  таңдау  және  оларды  кешенді 

қолдануды  педагог шешеді.  

Тәжірибелік-экперименттік қызметтің тиімділігі оларды бірнеше рет және 

вариативтік  қолданудан көрінеді,  мектеп жасына дейінгі балаларда   қоршаған 

орта туралы нақты білім, білік қалыптастыруға ықпал етеді. 

Жұмыс түрлері: 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметі; 



 

Эксперименттер; 



 

Әңгімелер; 



 

Бақылау және еңбек; 



 

Зертханадағы жұмыс. 



Балаларды ұйымдастыру түрлері: жеке, топтық (шағын топтар), фронталды 

(барлық тобымен) болуы мүмкін. 

Үлкендердің балалармен бірікен қызметі тәжірибелік экспермент әрекетінің  

негізі  болып  табылады.  Бұл  жерде  түрлі  тәжірибелер  және  бақылау 

жоспарланады,  танымдық әңгімелер өткізіледі. Осы  құбылыстар туралы  толық 

және  нақты  ұғымдар  балаларда  болғанда,  себептерін  іздегенде,  эвристік 

әңгімелерді  қолдана  алады.  Балалармен  экологиялық  ойындар,  көркем  және 

танымдық 

әдебиеттерді 

оқу 


өткізіледі. 

Эксперимент 

жұмыстарын  

ұйымдастыруда шағын топ түрлеріне басымдық беріледі. 

 Балалар  өз  білімдерін  дидактикалық  ойындарда,  тәжірибе  нәтижелерін 

бейнелеу әрекетінде бекітеді. 

Бақылау  мен  эксперименттер  кездейсоқ  болуы  мүмкін,  олар  арнайы 

дайындықты  талап  етпейді  және    пайда  болған  жағдаяттарға  немесе  берілген 




10 

 

мәселелерге  байланысты,  бөлікте  немесе  «Табиғат  бұрышында»,  жоспарлы 



бақылау және эксперименттер айтылған затта, нысанда өткізіледі. 

Осы  мәселелерді  шешуге  ықпал  ететін  болашағы  бар  әдістердің  бірі, 

жобалық  әрекет әдісі болып табылады. Ол оқуға тұлғаға бағдарланған тәсілге 

негізделіп, білімнің әр түрлі салаларына  танымдық қызығушылықты дамытады, 

ынтымақтастық дағдыларын  қалыптастырады. 

Жоба  негізі    3-7  жастағы    балалардың    ізденушілік-танымдық    дамуына 

бағытталған мәселелерден  әзірленген. 

Жоба  дамудың  тиімді  құралы  ретінде  балалардың  танымдық 

қызығушылығын  ойын әрекеті арқылы дамытады. 

 Жоба  мақсаты  ─  экология  негіздерін  оқытуға  балаларды  дайындауға 

арналған жағдай жасау, әрекеттің: танымдық, зерттеу, шығармашылық,  (көркем-

эстетикалық) коммуникативтік түрлері арқылы табиғатты қорғауға  және  саналы 

қарым-қатынас жасау  қажеттігі туралы  ұғым қалыптастыру. 

Жоба балалардың, педагогтердің және ата-аналардың  біріккен  танымдық-

ізденушілік әрекетін ескереді. 

Жобалық    әрекет  оқу  жылы  бойы  топтағы  тәрбиешілердің  бақылауымен  

жүзеге асырлады. 

Жұмыстың негізгі желісі  ретінде  балаларда  зерттеушілк ізденістің білігі 

мен  дағдысын  қалыптастыру  мен  дамытуға  арналған    жұмыстарды  бөлуге 

болады.  Бұған  арнайы  ұйымдастырылған  сабақтар:  сабақ-тренингтер  және  өз 

зерттеулері  ықпал  етеді.  Жобалық    әрекет  барысында  балалар    бірігіп  жұмыс 

істейді,    ақпарат  іздейді  және  жинақтайды,  оны  талдайды  және  жүйелейді,  

құрдастарымен,  ата-аналарымен  және  балабақша  қызметкерлерімен      тығыз 

қарым-қатынас жасайды. Бұның барлығы  толығымен әрбір баланың тұлғасының 

дамуына,   өзін-өзі дамытуға  ықпал етеді. 

Ата-аналарда міндетті түрде өз балаларына деген сенімділік пайда болады, 

себебі  олар  өз  балаларын    басқа  жағынан:  белсенді,    алға  қойған  мақсатына   

жетуге қабілетті екенін көреді. 

Сонымен,    мектепке  дейінгі  ұйымдардың  білім  беру  процесінде  жобалық 

әдістерді  енгізу-  баланың  табиғатына  және  оқытудың  заманауи  міндеттеріне 

толық сәйкес келетін, танымның негізгі  жолдарының бірі. 

Жұмыс  балалардың жас ерекшелігін, өңірлік компонентті және мектепке 

дейінгі ұйымдардың ерекшелігін ескере отырып ұйымдастырылады. 

Мысалы,  екінші кіші топтан бастап, құмның өз ерекшелігімен балаларды 

таныстырады, мүмкіндігінше топта  шағын-құм салғыш болуы тиіс. 

Шағын-құмсалғыш  –  жыл  бойы  бүлдіріп  немесе  сындырып  алмау 

қорқыныш сезімін тудырмайтын мінсіз дамытушы орта. 

 Міндеттерге байланысты құм құрғақ немесе ылғал болуы керек. 

 Қалыптарды, қалақшаларды, тастарды, қайыршақтарды таңдау керек. 

Орта топта іздену-эксперименттік  әрекет үшін «Сиқырлы-су», «Өсімдікті 

өсіруге не қажет»  және т.б. тақырыптарын таңдауға болады. 



11 

 

Тек  қана  қысқа  ғана  емес,  сондай-ақ  ұзақ  эксперименттерді  де  жүргізуге 



болады.  Ұзақ  эксперименттер    негізінен  өсімдіктермен  танысу  кезінде  жүзеге 

асады. 


Зерттеу  әрекетінің  тиімділігі  үшін,  аталған  үдерісті,  мысалы,    

театрландырылған әрекетпен біріктіруге болады. 

Балалар  құммен,  сумен, балшықпен тәжірибе жасағанды ұнатады.      

Балаларды    судың  қасиетімен  таныстыру  үшін,    судың,  мұздың,    қардың 

өзара іс-әрекетін түсіндіріп, «Аюдың үйшігі» ертегісін қолдануға болады. 

«Түйме  қыз»  ертегісі  балаларға  тұқымды  өсіру  әдістерін  түсінуге 

көмектеседі.  Тастардың  қасиеті  мен  желдің  күшін  таныстыруға  «Үш  торай» 

ертегісі ықпал етеді. Эксперименттік-зерттеу  жұмыстарын жүргізе отырып, оны 

дидактикалық  немесе  жылжымалы  ойындармен  бекіту  пайдалы.  Балаларға  

табиғи  материалдың  коллекциясын  жинауды  (емен,  бүрлер,тұқым,  жапырақ, 

жарма, дән) ұсынуға болады. 

 Көрмелер  өткізу:  «Шыныдан,  ағаштан,  қыштан  жасалған  заттар»,  «Ауа-

көрінбейді» және т.б. 

5-6  жастағы  балалар  үшін  эксперимент  жасаудың      негізгі  құрылымдық 

компоненті оның өзектілігі болып табылады.  

Ол  өз  мәселелері  мен  сұрақтарын  қоюда  сәйкессіздік  пен  қарама-

қайшылықты  іздеуде  білінеді.  Сәтсіздіктің  өзі  балалардың  зерттеуге   

қызықтыратын сұрақтардың  дұрыс жауабын  табуға ұмтылысын туғызады. 

Ересек мектеп жасына дейінгілердің  іздену-зерттеу жұмыстары келесідей 

кезеңдерден:  

- мәселені қою және бөлу;  

- шешімін іздеу және мүмкін нұсқаларын ұсыну/болжам/;- материал жинау; 

- алынған мәліметтерді  қорытындылау; 

- қорытынды  тұжырымдамадан тұрады. 

Бұл бағыттағы балалармен жұмыс жүйелі сипат алады.  

«Жаратылыстану»  ұйымдастырылған  оқу  қызметінде  «Тастармен  танысу. 

Тастар қандай болады?» «Тастар мен балшықтар түрін өзгертуге болама», «Тірі 

тастар»  (бор,  ақбалшық,  інжу,  тас  көмір,  түрлі  қайыршақтар,  маржандар) 

сабақтар циклын өткізу, онда тәрбиешілер балаларға  тастардың өзен және теңіз 

тастары  болатындығын,  көптеген  тастардың  қатты  және  берік  екендігін, 

сондықтанда оларды ғимараттар, көпір, жол құрлысына кең қолданатындығын 

таныстырады. Ересек жаста тәрбиеші құнды тастар туралы, оларды әшкей үшін 

және   ескерткіштер мен сувенирлер (гранит, мрамор) жасауға қолданатындығын 

айтады. 


Тастарды  белгілері  бойынша  жіктеуге  үйретеді.  Бос  уақытында    мектеп 

жасына дейінгілер  нағыз геологтарға айналады. 

Олар  үлкен  қызығушылықпен      тастар  коллекциясы  мен  минералдарды 

қарайды, олардың қасиеті мен адам өміріндегі маңызын зерделейді. 

Балалардың  қызығушылығын  қолдай  отырып,    өз  түсініктерін  бекітіп, 

тәжірибе  жасауға  мүмкіндік  беретін,  топта  эксперимент  бұрышын  жабдықтау 

қажет, ол біртіндеп жаңа материалдармен толықтырылып және жаңартылуы тиіс.  



12 

 

Балаларды зерттеуге дайындау бойынша жұмыстар ата-аналармен жұмыста 



хабардар етілуі керек. 

Ата-аналарға көрнекілік ақпарат үшін  қозғалмалы-папкілерді: «Жыл бойы 

құммен  ойын»,    «Балалардың  танымдық-зерттеу  қызметі»    және  т.б.  ұсынуға 

болады. 


Мектеп жасына дейінгі балаларда соңында: 

-  заттар  мен  құбылыстарға  қызығушылық  туындайды  (неге?  не  үшін? 

қалай?); 

 - себеп-салдар байланысын түсіндіруге ұмтылу (себебі...);  

- нақты материалдарды реттеу мен жүйелеу біліктілігі;  

- танымдық әдебиетке қызығушылық;  

-  символдарға    қызығушылық  танытады  (схемалар,  карталар,  сызба,  

пиктограммалар). 

Білімді жүйелеу мектеп жасына дейінгілердің қоршаған әлемді танудың әр 

түрлі қолжетімді әдістерін  игеруге,  танымдық белсенділігін, білуге құмарлығын 

арттыруға,  нысандарға,  қоршаған  әлемнің  дамытушы  ортасына    жағымды  

қарым-қатынас жасауға,   өзі туралы түсінік қалыптастыруға,    қолдан жасалған 

әлеммен танысуға, салауатты өмір салты және  түрлі жағдаяттарда қауіпсіз мінез-

құлық ережелері   туралы білімін нақтылауға ықпал береді. 

 Сондықтан  да,  балабақшадағы  зерттеу  әрекеті  баланы  мектепке 

даярлаудың  маңызды сатыларының бірі. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




13 

 

 



ҚОРЫТЫНДЫ 

 

Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  іздену-эксперименттік  жұмыс  бала  мен 



педагогтің  бірлескен  шығармашылығына  құрылады.  Бүгінгі  күні  іздену-

эксперименттік жұмыс ойынмен қатар мектеп жасына дейінгі баланың жетекші 

әрекеті екендігін тәжірибе дәлелдеп отыр.  

Эксперимент әдістерінің басты жетістігі балаға зерттеп отырған нысанның 

түрлі  жақтары,  басқа  нысандармен  қарым-қатынасы,  тіршілік  ортасы  туралы 

шынайы  түсініктерді    береді.  Эксперимент  барасында  баланың  есте  сақтауы 

байытылады.  Үнемі  талдау,  жинақтау,  салыстыру,  топтастыру  қажет 

болғандықтан оның ойлау процестері белсендіріледі. Көргені туралы есеп береді, 

көргендерінен  заңдылықтарды  және  қорытындыларды  қалыптастырады, 

сөйлеуді дамытуға ықпал етеді.   

«Жаратылыстану»  ұйымдастырылған  оқу  қызметі  барысында  баланың 

іздену  белсенділігне  сүйене  отырып,  әрекеттің  басқа  түрлерінде  де  күтілетін 

нәтижелерге  қол  жеткізге  болады.  Баланың  зерттеушілікке  қызығушылығын  

табысты  қалыптастыру  үшін  баланы  мадақтайтындай,  сонымен  бірге  дайын 

өнімдерді,  шешімдерді  ұсынбай  өзіндік  танымдық-практикалық  әрекетін 

белсендіруге жағдай жасау қажет. Сондай-ақ, баланың эмоционалдық саласына, 

шығармашылық қабілеттерін дамытуға, еңбек дағдыларын қалыптастыруға және 

қимыл белсенділігінің жалпы деңгейін арттыру есебінен денсаулығын сақтауға 

эксперименттердің жағымды әсер етуін естен шығармаған жөн.  

Сонымен,  іздену-эксперименттік  жұмыс  баланың  танымдық  дамуына, 

экологиялық-эстетикалық дамуына, баланың саулығына әсер етеді.   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




14 

 

 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



 

 

1. Иванова  А.И.  Методика  организации  экологических  наблюдений  и 

экспериментов в детском саду / А.И. Иванова. – М.: ООО «ТЦ Сфера», 2003. 

2. Организация 

экспериментальной 

деятельности 

дошкольников: 

Методические рекомендации /  Л.Н. Прохорова редакц. – М.: АРКТИ, 2008. 

3. Прохорова  Л.Н.  Детское  экспериментирование  –  путь  познания 

окружающего  мира  /  Л.Н.  Прохорова,  Т.А.  Балакшина // Формирование  начал 

экологической  культуры  дошкольников  /  Л.Н.Прохорова  редак.  –  Владимир: 

ВОИУУ, 2001. 

4. Лоншакова  М.В.  Детской  экспериментирование  как  вид  познавательной 

деятельности 

[Электронды 

қор]. 


–Қолжетімдік 

тәртібі: 

https://infourok.ru/detskoy_eksperimentirovanie_kak_vid_poznavatelnoy_deyatelnos

ti-464002.htm 

5. ИвановаА.И.. Экологические наблюдения и эксперименты в детском 

саду. Методическое пособие. — М.: ТЦ Сфера,2009. — 56 б., 2009 

6. Аралбаева Р.К., Когутенко Н.К Развитие словаря ребенка трех и четырех 

лет на системном содержании знаний // Тез. респ. науч.-метод, конф. 

«Психолого-педагогические проблемы формирования личности в дошкольном 

возрасте». Алма-Ата, 1990. 

7. Выготский JI.C. Собрание сочинений: В 6 т. М., 1982—1984. 

8. Запорожец А.В. Значение периодов детства для формирования детской 

личности // Хрестоматия по психологии: Учеб. пособие для студ. пед. ин-тов / 

Сост. В.В. Мироненко. 2-е изд. М., 1987. 

9. Иванова А.И. Программа экологического образования дошкольников 

«Живая экология». Новокузнецк, 1999. 

10. Иванова А.И. Структура знания и ее преобразование в онтогенезе. 

Новокузнецк, 1999. 

11. Иванова А. И. Основные принципы организации экологического 

образования дошкольников // Антропоэкологические подходы в современном 

образовании. В 2 ч. Ч. 1. Новокузнецк, 1999. 

12. Коменский Я.А. Материнская школа // История дошкольной 

зарубежной педагогики: Хрестоматия. М., 1974. 

13. Коменский Я.А. Мир чувственных вещей в картинках // Там же. 

14. Локк Дж. Мысли о воспитании // История дошкольной зарубежной 

педагогики: Хрестоматия. М., 1974. 

15. Манасеина М.М. О воспитании ума (до 8 лет) // Антология 

педагогической мысли России второй половин XIX — начала XX вв. / 

Сост.П.А. Лебедев. М., 1990. 

16. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии: В 2 т. М., 1989. 



 

 

 

 

 


15 

 

МАЗМҰНЫ 



 

Түсіндірме   жазба 

 



Мектеп жасына дейінгі балалардың іздену-эксперименттік 



әрекетінің теориялық-әдіснамалық негіздері  

«Жаратылыстану»  ұйымдастырылған оқу қызметінде                   



іздену – эксперименттік  әрекеттің мақсаты,                                         

міндеттері және негізгі  қызметі 

Іздену-эксперименттік жұмыс үшін                                                               



заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру   

Түрлі жас топтарында іздену-эксперименттік                                               



әрекетті дамыту 

Мектепке дейінгі ұйымдарда іздену-эксперименттік әрекеттің 



негізгі әдістері мен түрлері 

Қорытынды 



 

13 


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

14 


 

 

жүктеу 146,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау