12
2) ұйымдастыру (жүйенің басты мақсатын орындау үшін кіші
жүйелер бір-біріне бағынады жəне байланысады);
3) ресурсты (кіші жүйелер барлық жүйенің сандық жəне сапалық
сипаттамасын қамтамасыз етеді);
4) технологиялық (мақсаттарды жүзеге асыруға қажетті кіші
жүйелер үшін байланыс əдістері қалыптасады) сияқты қағидалар
бойынша жүргізіледі.
Ашаршылық жəне тағамды тойып жемеу қауіптілігін болдырмауға
кепілдік беретін жəне халықты тағам өнімдерімен сенімді (үздіксіз)
жəне жеткілікті (медициналық нормалар бойынша) қамтамасыз
етуді басты мақсат етіп қоятын азық-түлік қауіпсіздігінің жүйесі –
бұл функционалдық, ұйымдастыру жəне технологиялық қағидалар
бойынша құрылған кіші жүйелердің бір-бірімен өзара байланысқан
жүйесі болып табылады.
Агроөнеркəсіп кешенін тұтыну, азық-түлікті сату жəне тарату,
азық-түлік қоры сияқты кіші жүйелер азық-түлік қауіпсіздігінің ба-
сты мақсатын іске асырады, осылайша кіші жүйелер функционалдық-
мақсатты жəне қамтамасыз етуші болып бөлінеді. Басқа кіші жүйелер
осы мақсаттың іске асырылуына мүмкіндік туғызады.
Азық-түлік қауіпсіздігін жүйе түрінде ұсыну – оның əрбір кіші
жүйесінің жағдайын бағалауға, мүмкіндік береді, осының негізінде
берілген жүйенің көпдеңгейлі мінезін анықтауға мүмкіндік береді.
Азық-түлік қауіпсіздігінің жүйелері:
А1 – аймақтың азық-түлік тапшылығынан толығымен қауіпсіз бо-
луы (аймақ азық-түлікпен өзін-өзі 100 %-ға қамтамасыз етеді, оның
үстіне азық-түлікті аймақаралық жəне əлемдік нарыққа шығаруға
өндірістік қуаты жəне қоры болады);
А2 – аймақтың азық-түлік қауіпсіздігінің тұрақты болуы (аймақ
негізгі азық-түлікпен өзін-өзі 100 %-ға қамтамасыз етеді);
А3 – аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі (аймақ өзін-өзі азық-
түлікпен рұқсат етілетін шегіне дейін қамтамасыз етеді, оның үстіне
азық-түлік ҚР-ның басқа аймақтарынан тасымалданады жəне сырт-
тан əкелінеді, яғни аймақ дағдарыс алдындағы жағдайда болады);
А4 – азық-түлік қауіптілігі (қатер) (азық-түлік қауіпсіздігі жоқ
аймақ дағдарыс жағдайында болады);
А5 – азық-түлік тапшылығынан пайда болған апаттың алды
(халық толығымен сыртқы экономикалық жəне əкімшілік реттеп
жеткізетін азық-түлікке тəуелді болады);
А6 – азық-түлік апаты (аймақта ашаршылық орын алады,
13
халықтың табиғи жəне эмиграциялық депопуляциясы жүреді) сияқ-
ты деңгейлерге бөлінеді.
Азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейлерге бөлінуі тəжірибелік мəнге
ие. Мұндай қадам аймақтың азық-түлік қауіпсіздігінің қамтамасыз
етілуінің шын мəнісіндегі деңгейін жəне нормативтік көрсеткіштерге
қаншалықты сəйкес келуін нақты анықтауға жəне бағалауға
мүмкіндік береді. Осыдан кейін келесі міндеттерді шешуге кірісуге,
яғни азық-түлік саласында осындай жағдай туғызған себептермен
факторлардың (ішкі жəне сыртқы) жиынтығын анықтауға; азық-
түлік қауіпсіздігі деңгейлерін бағалау критерилерін жəне олардың
қажетті нормаларын анықтауға; мəселені шешуге қажетті əдістер
жəне тəсілдерді таңдауға болады:
Азық-түлік қауіпсіздігінің кешенді сипаты ең алдымен, əр мем-
лекет үкіметінің белсенді қызметін талап етеді. Осылармен бірге
үкіметтер əрекетінің келісімі қажет жəне жекелеген мемлекеттердің
əрекетін толықтыратын жəне күшейтетін халықаралық қауымдастық
та күш салуы тиіс.
1.4. Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету критерилері
Қазақстан Республикасының жəне оның аймақтарының азық-
түлік қауіпсіздігі – халықтың қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз
етуге мүмкіндік беретін деңгейде, азық-түлікке деген қажеттілікті
қанағаттандыруға кепілдік беретін мемлекеттің қабілеті ретінде
қарастырылады.
Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі
критерилеріне:
– халықтың қоректі заттар мен энергияға физиологиялық
қажеттілігін қанағаттандыру деңгейі, адам денсаулығына қауіпті
тағам өнімдеріндегі заттарды ең төменгі деңгейге түсіріп, адам
тамағының рационына сəйкестендіру;
– тағам өнімдерінің физикалық жəне экономикалық тұрғыдан
халықтың түрлі топтарына қолжетімді болуы, Қазақстанның азық-
түлік нарығында бағаның тұрақты болуы;
– азаматтарды тағам өнімдерімен қамтамасыз етуді тəуелсіз ету
деңгейі жəне агроөнеркəсіптік кешенді ресурспен қамтамасыз ету
арқылы шетелден сатып алынатын тауарлардан тəуелсіз ету деңгейі;
– отандық агроөнеркəсіптік кешен салаларының даму деңгейі
14
жəне қарқыны, олардың кеңейтілген түрде ұдайы өндірілуін
қамтамасыз ету мүмкіндіктері;
– мемлекеттің стратегиялық азық-түлік қорларының жəне
жеделдетілген (оперативті) азық-түлік қорларының өлшемдері жа-
тады.
Ұлт денсаулығын сақтау жəне нығайту үшін аймақтардың
құрылымымен келісілген, табиғи жəне экономикалық жағдайларды,
демографиялық ерекшеліктерді, еңбек қызметінің түрлерін
жəне ұлттық дəстүрлерін ескере отырып, толық құнды тағаммен
қамтамасыз ету қажет.
Адам ағзасының қоректік компоненттерге жəне энергияға деген
физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыра отырып, бір уақытта
тағам өнімдері ауруды алдын алу жəне емдік қызмет атқаруы тиіс.
Экстремалды жағдайда жұмыс істейтін жұмысшылар, балалар, кəрі
жастағы адамдар жəне созылмалы аурумен ауыратын науқастардың
тиімді тамақтануын ерекше назарға алу қажет.
Азаматтар тамақтануының минималды рұқсат етілетін деңгейі
ретінде тұтыну нормасы қабылданады, ол тағам өнімдерінің саны
жəне ассортименті, құрамындағы қоректік заттары мен энергети-
калық жеткіліктілігі бойынша минималды тұтыну кəрзеңкесін есеп-
тегенде шығады.
Азық-түлікті тұтыну қауіпсіздігін сипаттайтын параметрге тағам
өнімдеріндегі денсаулыққа зиянды заттардың шекті рұқсат етілетін
мөлшері жатады.
Адамдардың тағамдық заттар жəне энергияға физиологиялық
қажеттілігін қанағаттандыруды шешу міндеті – тұтынушылар
үшін тағам өнімдерінің қажетті мөлшерін жəне ассортиментінің
физикалық жəне экономикалық қолжетімді болуын қамтамасыз
етуді талап етеді.
Физикалық қолжетімді болуы – адамның төлеуге қабілетті
сұранысына сəйкес (тұтыну орнына) көлемі жəне ассортименті бой-
ынша азық-түліктің
үздіксіз келіп түсуін болжайды.
Экономикалық қолжетімді болуы – халықтың түрлі топтарының
тағам өнімдерін қалыптасқан баға бойынша, қажетті мөлшерде жəне
ассортиментте сатып алу мүмкіндігі жəне арнайы тұтынушыларға
азық-түлікті тарату үшін мемлекет тарапынан қаржы бөліну мүмкіндігі.
Елдер жəне аймақтардың азық-түлік қауіпсіздігін сақтау үшін
олар өзін-өзі қамтамасыз етуі
(азық- түлік тəуелсіздігі) қажетті
шарт болып саналады, яғни ішкі өндіріс есебінен халықтың тағам
Достарыңызбен бөлісу: |