Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет57/113
Дата05.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#42025
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   113
азык тулык китап

10-сурет.
Газдық хроматографтың сызбасы
Хлорорганикалық пестицидтерді талдаудың ерекшелігі 
электронұстағыш детекторды қолдану болып табылады. Бұл 
детектордың жұмыс істеу принципі: радиоактивті көздермен 
сəулеленетін жылдам электрондар газтаратушының (азот) моле-
кулаларын иондайды. Бұл жағдайда оң зарядталған катод арқылы 
жиналатын жəне детектор арқылы тұрақты бедерсіз бір түсті 
токтың болуын қамтамасыз ететін баяу электрондар пайда бола-
 
ɋɵɧɚɦɚ
ȽɚɡɬɚɪɚɬΙɵɲ
 
ɋɕɇȺɆȺɇɕ
 
ȿɇȽȱɁɍ
 
ԔԜɊɕɅԐɕɋɕ
 
(
ɂɇɀȿɄɌɈɊ
)
 
ȻɍɅȺɇȾɕɊԐɕɒ
 
ɄɈɅɈɇɄȺ
 
ȾȿɌȿɄɌɈɊ
 
ɌȱɊɄȿɃɌȱɇ
 
ԔԜɊɕɅԐɕ
 


100
ды. Аз қозғалатын теріс иондарды түзіп, электрондарды белсенді 
түрде байланыстыруға қабілеті бар электронға өте ұқсас заттар 
детектордағы электронды токты дереу төмендетеді жəне ол электро-
метрде тіркеледі. Бұл заттарға галоген атомы бар қосылыстар жа-
тады. Сондықтан электронұстағыш детекторлар хлорорганикалық 
пестицидтерге жоғары сезімталдық жəне селективтілік көрсетуімен 
ерекшеленеді.
3.3.4. Азық-түлік шикізаты жəне тағам өнімдерінің пестицид-
термен ластану құрылымын талдау
Жүргізілген мониторинг нəтижелері бойынша азық-түлік 
шикізаты жəне тағам өнімдерінің барлық топтарында пестицидтер 
мөлшерінің болатындығы анықталған.
Ғаламдық контаминанттардың (ГХЦГ жəне оның изомерлері; 
ДДТ жəне оның метаболиттері; 2,4-Д қышқылы, оның тұздары 
жəне эфирлері) қалдықты мөлшерін зерттейтін зертханалық 
нəтижелер халықтың денсаулығына зиянды əсері болуы мүмкін ең 
жоғарғы шекті межеде болатын өнім түрлерін анықтауға мүмкіндік 
берді, себебі ол өнімдерде осы пестицид топтарының РЕШК-ның 
жоғарылауы байқалады.
ДДТ тобы пестицидтерінің қалдықты мөлшері алма, сүт, майлы 
сүзбе, анар, сары май, майлылығы-3,2% ашыған сүт сусындары, 
майлылығы 20%-дық қаймақ, сырлар, сарымсақ, теңіз өнімдері, 
тұзды ірімшіктер (брынза), ірімшік өнімдері, майлылығы 10%-дық 
кілегей өнімдерінде РЕШК-дан жоғарылағаны анықталған.
ГХЦГ препаратына негізделген пестицидтердің қалдықты 
мөлшерінің жоғары концентрациясы ысталған балық, күнбағыс 
майы, сары май, майлылығы-3,2% ашыған сүт өнімдері, қаймақ, 
майлылығы 9%-дық сүзбе, сырлар, майлы сүзбе, теңіз өнімдері жəне 
кілегей өнімдерінде анықталған.
2,4-Д тобы пестицидтерінің қалдықты мөлшері ысталған балық, 
ашыған сүт сусындары, алма, майлы сүзбе өнімдерінде РЕШК-дан 
жоғарылағаны анықталған.
Адам ағзасында ХОП-дің жинақталу көрсеткішін талдайтын 
зерттеу нəтижелері – бұл көрсеткіштердің ауылдық жерде тұратын 
тұрғындарда (жасы өскен сайын ұлғаяды), сонымен қатар əйелдерде 
(май тінінің мөлшері көп болғандықтан) жоғары жəне тағам сипа-
тына тəуелді болатынын көрсетеді. Ет жемейтін адамдарда ХОП аз 


101
жинақталады, ал адам рационында май, ет, жұмыртқа, сүт жəне сүт 
өнімдерінің мөлшері жоғары болса, олардың көп жинақталатыны 
байқалған. Көптеген онжылдар бойы хлорорганикалық пес-
тицидтерді кеңінен қолдану, олардың қоршаған ортадағы жоғары 
төзімділігі олардың орасан зор аумаққа таралуына алып келді, осы-
лайша олар ғаламдық ластағыштарға айналды. Тағам тізбегі бой-
ынша биоконцентрация, миграцияға қабілеті болғандықтан, ХОП 
тұщы су жəне теңіз жануарларының тіндерінде жоғары жиілікпен 
табылған, олардың еті адам рационында маңызды орынға ие екені 
белгілі.
Тағамның қауіпсіздігін бақылаумен айналысатын қызметтік 
мекемелердің негізгі күші қоршаған орта, жекелеп айтқанда, тағам 
өнімдерінің пестицидтермен ластануын тудыратын факторларды 
анықтауға бағытталуы тиіс.
Тұтынушылардың құқығын қорғау жəне адам саулығы саласын 
қадағалаудың мемлекеттік қызметі қолданатын «Пестотест» мони-
торинг жүйесінің көмегімен алынған талдау мəліметтері бойынша, 
тағам өнімдеріндегі пестицидтердің РЕШК-дан асып кету жағдайы 
топырақ жəне мал азығы фуражының ластануымен байланысты 
болатындығы анықталған. Мал азығының ластануы себептеріне 
жақын орналасқан учаскелердегі пестицидтерді өңдеу процесінде 
олардың орнын ауыстыру, азық дақылдарын жинау жəне пішен шабу 
мерзімін сақтамау, азықты пестицидтермен ластанған топырақтарда 
өсіру жатады. Пестицидтерді тасымалдау жəне сақтауды санитарлық 
қадағалауды жүзеге асыру барысында ыдыс, көлік құралдары, 
қойма орындарының гигиеналық талаптарға сəйкестігіне бақылау 
жүргізу қажет. Улы химикаттарды тасымалдауға қолданылатын 
көлік құралын фураж, тағам өнімдерін жəне адамдарды тасымал-
дау үшін қолдануға тыйым салынады. Төгілген немесе зақымдалған 
ыдыстағы пестицидтерді тасымалдауға үзілді-кесілді тыйым салы-
нады. Көлік құралдары тиянақты түрде зиянсыз болуы тиіс. Қойма 
орындары базисті немесе шығыс қоймаларына, санитарлы-қорғау 
зонасы – қойма сыйымдылығына қойылатын гигиеналық талаптарға 
сай болуы тиіс.
Өнімдердегі пестицидтердің қалдықты мөлшерін анықтауға 
сынамаларды таңдау орны жəне іс-шарасы көп əсер етеді. Азық-
түлік шикізаттарын зерттеуді жүргізу тиімдірек болып санала-
ды. Өнімдердегі пестицидтердің мөлшері технологиялық тізбек 
бойынша заңдылықпен төмендейді: шаруашылық – көлік – өңдеу 


102
кəсіпорны. Өкінішке орай ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер 
өз өнімдерінің құрамындағы пестицидтердің қалдықты мөлшерін 
зерттеуге мүдделі емес, алайда, шикізат, шикізатты жəне өңделмеген 
өнімдерді талдау барысында контаминациялану себептерін анықтап, 
ластанған шикізатты өнеркəсіптік өңдеуге жібермеуге болады.
Осылайша, пестицидтерді қолдану қауіпсіздігі олардың 
ассортиментін қатаң ғылыми негізде таңдауға, қолдану шартының ре-
гламентациясына, сонымен қатар гигиена тұрғысынан қабылданған 
профилактикалық ұсынымдарды тиянақты орындауға негізделуі 
тиіс.

жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау