10
- білім беру ұйымдарының жұмыс жоспарына мүмкіндіктері шектеулі
тұлғалардың
ерекшеліктері
мен
қажеттіліктері
туралы
мектеп
қызметкерлеріне, ата-аналарға, балаларға қажетті ақпаратты беретін іс-
шараларды қосу, оның ішінде өмірде табысты, құрметтеу және жоғары
қоғамдық мәртебеге ие адамдармен кездесулер ұйымдастыру;
- мүмкіндігі ерекше қажеттіліктерді керек ететін оқушыларға олар
пайдаланатын көмекші құралдар (мысалы, есту аппараттары) туралы айту
және оларды қалай пайдалануға
болатынын көрсету;
-
ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға қалыпты дамушы
құрдастарымен бірдей тең табысты болуға мүмкіндік беретін ойынның және
пәндік іс-әрекеттердің ұжымдық түрлерін ұйымдастыру;
- ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға нормативтік дамушы
құрдастарының тарапынан оқу процесінде, сондай-ақ үзіліс кезінде бір
сыныптан екінші сыныпқа
көшу барысында көмек көрсетуі;
- ерекше қажеттіліктері бар барлық оқушылардың сыныпта және
мектепте мәртебесін арттыруға ықпал ету үшін олардың мектепте және
мектептен тыс үйірмелерде, спорт секцияларына қатысуын қолдай отырып,
дарындылығын ашуға жағдай жасау [4, 5].
Үшінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту және
тәрбиелеу мәселелері бойынша мұғалімдер және ата-аналарды арнайы
дайындықтан өткізу және оларға уақытылы кеңес беру.
Жаппай білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар балаларды
табысты оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтік бейімдеу көбінесе барлық
деңгейдегі басқару буынының біліктілігі және ынталылығына, сонымен қатар
жалпы білім беретін мектептердің басшылары мен педагог кадрлардың кәсіби
даярлығына байланысты.
Бірінші кезекте арнайы курстан жалпы білім беретін мектептердің
басшылары өтуі тиіс, өйткені ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытуға
ең басты жауапкершілік директорға жүктеледі. Мектепте арнайы
сыныптардың немесе ерекше қажеттіліктері бар балалардың жалпы
сыныптарда болуы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға маңызды өзгерістер
енгізеді. Басқару құрылымы өзгереді – күн тәртібі, сабақ кестесі, мектептегі
сабақтың ұзақтығы, жоспарлау, реттеу жұмысының тиімділігін және сапасын
бақылау, түзету, мектепте міндетті түрде психологиялық-медициналық-
педагогикалық сүйемелдеу қызметінің құрылу және т. б. Әкімшіліктен
арнайы жағдай жасау, ғана сондай-ақ мейірімді қабылдау, қатаң емес
педагогикалық режимі, оқу-тәрбие үдерісінің ең жоғарғы түзету бағытына да
байланысты. Сондықтан біліктілікті арттыру жүйесінде мектеп басшыларын,
сондай-ақ, аудан, қала және облыстық білім департаменттерінің
қызметкерлерін оқытуды жүзеге асыруы өте маңызды.
Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар
балаларға арнайы көмектің тұтас жүйесін жасауда маңызды қадам ол осы
балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерді даярлау және
қайта даярлау болып
табылады [6].