Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет13/15
Дата21.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#23430
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

– 

жалғыз (көп) бала тәрбиелеуші ата-аналар; 

– 

дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылығы бар баланың ата-аналары. 



Жақсы  отбасы  көрсеткішінің  бірі  –  ондағы  қолайлы  ахуал  болып 

табылады. Дегенмен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық  білім академиясының 

жоғары  сынып  оқушылары  арасында  «Біз  өз  балаларымызды  білеміз  бе?» 

тақырыбында жүргізген сауалнама нәтижелері қуантарлық емес. «Отбасында 

біз  күн  сайын  отбасылық  өмір  мәселесі,  мектептегі  істеріміз,  күнделікті 

оқиғалар туралы ой бөлісеміз бе?» деген сауалға респонтенттердің 62% «иә» 

десе,  38%  «жоқ»  деп  жауап  берген.  «Каникул  кезінде  отбасымен  бірге 

демаламыз  ба?»  сауалына  жоғары  сынып  оқушыларының  18%  –  «иә»  десе, 

қалған 82% – «жоқ» деген және т.б. [18]. 

Мектептің  отбасымен  өзара  іс-әрекет  формалары  оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын,  бала  мен  ата-ана  арасындағы  қарым-

қатынасты нығайту  мен  сауықтыру  үшін  қажет іс-әрекеттің  оңтайлы  түрлері 

мен әдістерін қалыптастыруда белгілі қызмет атқарады. 

Бұл  үшін  отбасында  бала  тұлғасының  қалыптасуына  және  дамуына  кері 

әсер  ететін  әлеуметтік-педагогикалық  және  психологиялық  проблемаларды 

диагностикалау және анықтау қажет.  

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудағы  іс- 

әрекеттің  негізгі  басым  бағыттары:  отбасына  практикалық  көмек  және 

педагогикалық  қолдау  көрсету;  ата-аналарды  отбасы  тәрбиесі  мәселесі 

бойынша оқыту, бала тәрбиесіндегі оң тәжірибемен таныстыру; отбасындағы 

сәтсіздіктің  себептерін,  отбасындағы  балаға  деген  қарым-қатынасты  зерттеу; 

қамқоршы,  қабылдайтын  отбасыларын  және  т.б.  құру  бойынша  ақпарат 

тарату, көмек көрсету. 

Бұл үшін қажет: 



Тиімді  технологиялар:  балалар  мен  ата-аналардың  тұтынушылық- 

құндылық  аясы  туралы  деректер  банкін  құру,  топтық  кеңестер  жүйесі, 

мақсатты  конференциялар,  іскерлік  ойындар,  баспасөз-конференциялары, 

бейнежазбалар талдауы, отбасыішілік қатынасты ұйымдастыру. 



Ерекше  жағдайлар  мен  ерекшеліктер:  ата-аналардың,  мектепке  дейінгі 

мекемелерінің  тәрбиешілері,  әлеуметтік  педагогтары,  практикалық 

психологтары,  мектеп және басқа  оқу  орындары педагогтарының,  қоғамдық-

мемлекеттік мекемелері мен социум қызметінің күшін біріктіру.  

Аса  маңызды  мәселе  –  мектеп  және  отбасы  тәрбиесін,  білім  алушылар 

тәрбиелілігін  және  функционалдық  сауаттылығын  диагностикалау.  Бұл 

мәселелер бойынша диагностика бірнеше қызмет атқарады: 

– 

белгілеуші (ақпараттық); 



– 

болжамдаушы (мектеп-отбасы өзара әрекеттесуінің дамуын болжау); 

– 

құндылыққа-бағдарланған (бағалаушы); 



– 

дамытушы (тәрбиелік). 

Оқушылардың  тәрбиелілігін  және  функционалдық  сауаттылығын 

диагностикалау  әдістері:  бақылау;  сауалнама  жүргізу;  тест  өткізу; 

тәрбиеленушімен әңгіме; педагогтармен әңгіме; ата-аналармен әңгіме; қызмет 

28 


 


нәтижелері мен өнімдерін талдау; социометриялық әдістер; аяқталмаған тезис; 

педагогикалық консилиум. 

Мысалы,  балалардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру 

мақсатында  ата-аналардың  осы  мәселе  бойынша  сұраныстары  мен 

қажеттіліктерін зерттеу үшін сауалнама жүргізіп, қойылған сұрақтар бойынша 

талдау жасауға болады: 

1.  Сіз  заманауи  білім  берудегі  маңызды  міндеттердің  бірі  – 

функционалдық сауаттылықты қалыптастыру екенін білесіз бе? 

2.  Сіздің  балаңыз  қосымша  білім  беру  мекемелеріне,  музыка  мектебіне, 

спорттық-сауықтыру мекемелеріне барады ма? 

3. Сіздің балаңызды не қызықтырады? Оның қызығушылығы тұрақты ма? 

4. Сіз балаңыздың ерекше қабілеттері бар деп ойлайсыз ба?  

5.  Сіз  мектепте  қосымша  (ақылы)  қандай  қызмет  алғыңыз  келеді  (екінші 

шетел тілін оқыту, пәндерді тереңдете оқыту, жаңа пәндерді (курсты) оқыту)?  

6. Сіз білім беру процесін ұйымдастыру туралы қандай қосымша ақпарат 

алғыңыз  келеді  (мектеп  әкімшілігінен,  мұғалімнен,  педагог-психологтан, 

әлеуметтік педагогтан, медицина қызметкерінен)? 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  процесінде 

педагогтардың кәсіби қиындықтарын анықтау үшін сауалнама: 

1.  Сіз  жаңа  буын  стандарттары  туралы  жеткілікті  дәрежеде  хабардарсыз 

ба? 

2.  Сіз  оқытуда  жүйелік-іс-әрекеттік  тұрғыдан  жүзеге  асыру  біліктерін 



пайдалана білесіз бе? 

3.  Сіз  білім  алушылардың  өзіндік  шығармашылық  іс-әрекетін 

ұйымдастыру әдіснамасын меңгеруде қиналасыз ба? 

4.  Сіз  басқа  мұғалімдердің  шығармашылық  іс-әрекетін  жинақтауға  және 

пайдалануға қабілеттісіз бе? 

5.  Функционалдық  сауаттылық  деңгейін  арттыру  үшін  Сізде  өз  кәсіби 

деңгейіңізді көтеру қажеттілігі бар ма? 

6.  Сіз  педагогикалық  қызметте  стереотиптерден  бас  тартуға  және 

вариативтілікті қолдануға қабілеттісіз бе? 

7.  Сіз  оқыту  әдістерін  таңдауда  және  оқыту  әдістерін,  тәсілдері  мен 

түрлерін үйлестіруде қиналасыз ба?  

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудағы  мектеп 

және отбасының өзара іс-әрекеті  түрлері  туралы  талдау  жүргізуде қолдануға 

болатын сауалнамалар үлгісі А және Ә қосымшаларында берілген. 

Диагностика нәтижелеріне дұрыс талдау жасау маңызды. Оларды белгілеу 

формаларына:  кестелер,  диаграммалар  құрастыру;  сипаттамалар  құрастыру; 

диагностикалық карталар, күнделіктер жүргізу жатады. 

Еліміздің  білім  беру  ұйымдарында  өскелең  ұрпақтың  сауаттылығын 

қалыптастырудағы  мектеп  және  отбасы  өзара  іс-әрекеттерінің  тиімді  де 

нәтижелі сан қырлы түрлері қолданылады. 

29 


 


жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау