Мысал ретінде Астана қаласы білім басқармасының іс-шаралар жоспары
шеңберінде №35 мектеп-лицейдің базасында орыс тілінде білім алатын орта
мектептердің 4-сынып оқушылары арасында өткізілген «Менің отбасымдағы
дәстүрлер» тақырыбындағы шығармалар байқауын атауға болады.
Байқау келесі міндеттерді шешуге бағытталды:
–
отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды дәріптеу, әулеттің үлкендерін
құрметтеуге тәрбиелеу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру;
–
балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі отбасының рөлін
арттыру;
–
балаларды отбасы шығармашылығы, нақты отбасының ел тарихына
қатыстылығын зерттеу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Байқауға қаланың 28 мектебінен 67 оқушы қатысты. Осыған ұқсас іс-
шаралар еліміздің көптеген мектептерінде өткізілді.
Қарағанды қаласы № 9 гимназиясы дамуының стратегиялық бағыты
құзыреттілік білім негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығының
нәтижесіне және дамытуына бағытталған, олардың іс-әрекеттегі әмбебап
қабілеттер мен тәсілдерін меңгертуге ықпал ететін гимназиялық білім
мазмұнын дамыту болып табылады. Бұл бірқатар міндеттерді шешуге
мүмкіндік береді: гимназияның беделін тәрбие жүйесі ретінде, ең алдымен, ата-
аналар, оқушылар және қызметкерлер алдында көтеру; гимназиялық ортаны
тәрбие жүйесінің кіріктірілген құрылымдық-мазмұндық компоненттерінің
көптүрлі мазмұнымен қамтамасыз ету; мектеп ұжымындағы әлеуметтік-
психологиялық ахуалдың жақсаруына ықпал ету; әлеуметтік және серіктестік
байланыстарды дамыту.
Қостанай
қаласындағы
қазақ-түрік
лицейінің
«Функционалдық
сауаттылықты қалыптастыру – педагогтар мен оқушылардың іс-әрекетінде
нәтижеге қол жеткізудің негізі» жұмыс тәжірибесі назар аударуға лайық.
Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебі
педагогикалық ұжымы «Жаңа білім мазмұны жағдайында дарынды балалардың
функционалдық сауаттылығын дамыту» проблемасы бойынша жұмыс
жүргізуде.
2.2
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы
мектеп және отбасы өзара іс-әрекетінің шетелдік тәжірибесі
Білім беру саясаты білім беру саласындағы жалпыхалықтық мүддені
білдіреді және сонымен қатар, әлемдік дамудың жалпы үрдісін ескере отыра
оларды әлемдік қауымдастыққа ұсынады. Жаңа өркениеттік талаптар заңды
түрде көптеген елдерді жаңа «білім беру дүмпуіне», білім жүйесінің терең
реформалар толқынына әкелді. Бұл АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Шығыс Еуропа
елдері, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік Америка және т.б. елдерде өтуде.
Шет елдерде өткізіліп жатқан білім реформалары қоғамның ағымдағы және
20
алдағы қажеттіліктеріне, ресурстарды, соның ішінде білім беру жүйелерін
тиімді пайдалануға бағытталған.
Әр елдің білім беру жүйесі бірегей, себебі түрлі елдердің білім беру жүйесі
қандай да бір дәрежеде түрлі мақсатты көздейді, сонымен қатар, оларға
қайталанбас сипат беретін, қалыптасуы мен дамуының өзіндік тарихы бар [13].
Финляндия – дүние жүзінде білім берудегі бірден бір көшбасшы ел. Қазір бұл
мемлекет функционалдық сауаттылық деңгейі (93%) мен орта және жоғары оқу
орындарына қабылдау (тұрғындардың 1 мың адамына 103) бойынша әлемде
жетекші орында. АҚШ үшін сәйкес көрсеткіштер – 82% және 95 адам.
Финдердің 40,6% – орта тоғызжылдық, 36,1% – лицейлік, 23,3% – жоғары
білімі бар. 2001 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
(ЭЫДҰ) Еуропаның 32 елінде 15 жасар оқушылар арасында олардың ХХІ ғасыр
талаптарына қаншалықты даяр екенін анықтау мақсатында зерттеу жүргізді. Жас
финдер тек жалпы сауаттылық бойынша ғана емес, сонымен қатар математика
және жаратылыстану ғылымдары бойынша көшбасшылардың бірі болды. ЭЫДҰ
2003 жылдың шілде айында дүние жүзі өнеркәсібі дамыған 43 елдің арасында
өткізген «Әлем ертең» атты жаңа зерттеуі бұл үрдісті дәлелдеді.
ХХ ғасыр барысында фин білім беру жүйесі айтарлықтай өзгеріске ұшырады.
1921 жылы жалпыға ортақ және тегін білім беру туралы заң (принциптің өзі 1919
жылы конституцияда жазылған болатын) қабылданған сәттен бастап 70-
жылдарға дейін мұндай білім берудің негізі алтыжылдық (бастауыш) халықтық
мектептер болды. Фин балалары мектепке дейінгі мекемелер жүйесінде білімге
бейімделеді. Ол негізінен балалар бірінші сыныпқа қабылдар алдындағы бір жыл
бойы балалар тәрбиеленетін мектептер мен балабақшаларда жүргізіледі.
Қолданыстағы заңға сәйкес муниципалитеттер алты жастағы барлық балалар
үшін тегін ұйымдастыруы тиіс. Кішкентай финдердің 75% мектепке дейінгі
оқумен қамтылған. Оларды жаңа білім және білікке ойын әдістерінің көмегі
арқылы оқытады. Бағдарлама 700 оқу сағатына есептелінген. Алдыңғы орынды
1964 жылы Хельсинкиде ашылған Фин-орыс мектебі алған. Жекеменшік фин-
орыс бала-бақшасы мектеппен байланыста жұмыс жасауда. Жұмыс жасау тілдері
–
фин және орыс тілдері. Жай мектептерде алатын білімнен басқа, мұнда
балаларды орыс тіліне және ресейлік мәдениетті жақсы білуге оқытады.
Оқушылардың 15% үшін орыс тілі ана тілі болып саналады [14].
2009 жылғы PISA зерттеуі негізгі мектеп оқушыларының оқудағы
функционалдық біліктерін бағалауға бағытталды, математикалық және
жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы төменірек дәрежеде бағаланды. Ал енді,
эстондық оқушылардың нәтижелері бұрынғыша өте жоғары көрсеткіште қалып
отыр. Еуропа елдері арасында эстондық оқушылар функционалдық оқу
саласында 2006 жылғы зерттеумен салыстырғанда баллмен есептегенде
8 орыннан 5-орынға көтерілді, математикалық сауаттылық бойынша − 7, ал
жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 2-орынды иеленді. Әлем
бойынша функционалдық оқудан 13-орын, математикалық сауаттылық бойынша
− 17, ал жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 9-орында.
21