Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет7/15
Дата21.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#23430
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

анасының  баласына  жат болуы; бала  тұлғасының  қалыптасуындағы  ер  азамат 

ықпалының  айтарлықтай  әлсіреуі,  жеткіліксіздігі;  ата-аналар  мен  балалардың 

белгілі  бір  тобының  алдағы  болашағынан  күдер  үзуі;  жалпыға  танылған 

нормадан  тәртібі  ауытқыған  балалар  санының  өсуі  (шылым  шегу,  алкоголь 

және  нашақорлықпен  әуестену,  ұрлық,  зорлық,  жезөкшелік  және  т.б.); 

отбасылардың  салауатты  өмір  салтын  ұстануға  даяр  болмауы;  ата-аналардың 

педагогикалық мәдениетінің  төмендігі  және сәйкесінше,  отбасылардың  басым 

бөлігінің  тәрбиелік  әлеуетінің  әлсіздігі,  жасөспірімдер  мен  бойжеткендердің 

отбасылық өмірге даяр болмауы және т.б. 

Қоғамымызда  болып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту 

процестері,  білім  беру  саласындағы  оң  өзгерістер  аталмыш  проблемаларды 

шешуге, отбасылық тәрбиенің әлеуетін арттыруға берік негіз болады. 

Отбасылық  өмірдің  барлық  тәртібі  ықпалымен  өсетін  адам  тұлғасының 

адамгершілік  және  қоғамдық  бағыттылығы,  оның  құндылықты  бағдары  мен 

психологиялық  тұғыры  қалыптасады.  Ата-аналар  және  педагогтар  одақтас 

болған жағдайда ғана бала мүддесін көздеген іс-әрекеттері табысты болады, ол 

баланы жақсы білуге, оны түрлі жағдайда көруге, үлкендерге балалардың жеке 

ерекшеліктерін  түсінуіне,  олардың  қабілеттерін  дамытуға,  өмірлік  құндылық 

бағдарын  қалыптастыруға,  мінез-құлқындағы  теріс  әрекеттер  мен  көріністерді 

жеңуге  мүмкіндік  береді.  Сондықтан,  педагогтар  әрбір  тәрбиеленушінің 

отбасымен  әріптестік  қатынас  орнатуы,  өзара  көмек  және  ортақ  мүдделілік 

ахуалын  құруы  тиіс.  Отбасы  баланың  бойында  ерте  балалық  кезден-ақ 

адамгершілік  құндылықтарды,  саламатты  өмір  салтын  құру  бағдарын 

қалыптастыруы  тиіс.  Сол  себепті,  педагогтардың  басты  міндеттері  ретінде 

келесілерді атауға болады: 

−  ата-аналарды  ересектер  және  балалардың,  отбасы  мүшелерінің  қарым-

қатынас жасау тәсілдеріне, әдістері мен стиліне үйрету; 

− позитивті және келеңсіз жағдайларды сезінуіне көмек көрсету. 

Мектеп  және  отбасының  өзара  іс-әрекеті  нәтижесінде  екі  жақ  та  дамиды. 

Өзара  тану,  өзара  түсінісу,  өзара  ықпал  ету  –  өзара  іс-әрекеттің  негізгі 

көріністері мен сипаттамалары болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, өзара 

ықпал етудің ынтымақтастық түрі ең тиімді болып саналады. 

Мектеп  және  отбасының  ынтымақтастығы  келесі  жағдайлармен 

үйлестіріледі: 

− тәрбиенің біртұтас субъектісімен; 

− бала тәрбиесінің ортақ мақсаттары және міндеттерімен; 

− педагогтар және ата- аналар іс- әрекетінің келісілген қажеттілігімен; 

− бала проблемасын шешуде мектеп және отбасының күш салуын біріктіру 

мүмкіндігімен; 

−  отбасылардың,  сынып  және  мектеп  ұжымдарының,  өзара  іс-әрекетке 

қатысушыларының әрқайсын өзара толықтыру мүмкіндігімен. 

Педагогтар  мен  ата-аналар  одағын  құруда  маңызды  рөл  педагогтарға 

(мектеп  директоры,  директордың  орынбасары,  сынып  жетекшісі,  әлеуметтік 

педагог) тиесілі. 

16 

 



Білім  беру  ұйымдарында  мектептің  отбасымен  жұмысын  көрсететін  түрлі 

бағдарламалар (кешенді «Тәрбие» бағдарламасы, мектептің өзге де әлеуметтік 

институттармен  өзара  әрекеттесу  бағдарламасы,  «Құқықтық  тәрбие», 

«Салауатты  өмір  салты»  бағдарламасы,  тұлғаға-бағдарлай  оқыту  үлгісі  және 

т.б. ) әзірленген және нәтижелі жұмыс жасауда. 

Мектептердің  оң  тәжірибелерін  ескере  отыра,  отбасында  тәрбиелеу 

процесін  жақсарту,  балалар  құқығын  қорғауды  күшейту,  қоғамдағы  жат 

құбылыстардың  отбасына  тигізер  теріс  ықпалын  азайту  көзделген  жаңа 

мақсаттар мен міндеттер белгіленуде. 

Республика  мектептерінде  мектеп  және  отбасы  ынтымақтастығының  оң 

тәжірибесі  жинақталған.  Білім  беру  ұйымдарында  оқушылардың  ата-

аналарымен  ынтымақтастықтың,  оларды  балалармен  бірге  орындалатын 

шығармашылық  және  әлеуметтік  маңызды  іс-әрекетке  тартудың  түрлі 

формалары  қолданылады.  Мәселен,  Қостанай  облысы  Затобол  орта  мектебі 

сынып  жетекшілері  үшін  ынтымақтастықты  ұйымдастырудың  «Отбасы  және 

мектеп  –  біртұтас  білім  кеңістігі»  бағдарламасы  дайындалған.  Көптеген  ата-

аналар мектеп өміріне белсенді түрде қатысады. 

 

1-



кесте ‒ «Отбасы және мектеп – оқушылардың функционалдық сауаттылығын 

дамыту түрлері ретінде» бағдарламасы 

 

 

№ 



Іс-шаралар 

Өткізу 


мерзімі  Қатысушылар 

Жауаптылар 

Шығу 

1. Диагностикалық 

1. 


 

 

Отбасының 



әлеуметтік 

құрамын зерттеу 

 

 

 



Қыркүйек 

-

қазан 



 

 

 



Ата-аналар 

Әлеуметтік 

педагог, 

педагог- 

психолог, 

сынып 


жетекшілері 

Білім беру 

органының 

әлеуметтік 

паспорты  

 

 



 

 2 


Отбасы 

тәрбиесінің 

әдістерін 

диагностикалау 

Жыл 

бойы 


Ата-аналар 

Әлеуметтік 

педагог, 

педагог- 

психолог, 

сынып 


жетекшілері 

Диагностикалар- 

дың нәтижелерін 

талдау. 


 

 



Ата-аналардың 

білім беру ұйымы 

жұмысына 

қанағаттану- 

шылығын зерттеу  

Жыл 


бойы 

 

Ата-аналар 



Әлеуметтік 

педагог, 

педагог- 

психолог, 

сынып 

жетекшілері  



Сауалнама талдауы 

Ата-аналардың 



педагогикалық 

құзыреттілік 

деңгейін анықтау 

 

Қараша –



желтоқсан 

Ата-аналар  

Педагог- 

психолог 

Сауалнама талдауы 

17 


 


жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау