104
3. Дене тәрбиесін әдістемелік нұсқаулар (IIбасылым). – М., «Жоғары мектеп», 1993 ж.
4. Ашмирин Б.А. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі. – М., 1979
5. Джероян Г.О. Футболшының тактикалық дайындығы. – М., «Д және С» 1987 ж.
6. Романов В. "Жасөспірім футболшыларды дайындау. – М., «Д және С» 1979
7. Романенко М.И. Футболшының шеберлігін жүзеге асыру негіздері. – М., «Д және С» 1989
Г.Н. Сафаргалиева
А.Б. Мадиярова
Арқалық қ. (Қазақстан)
МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ҮРДІСІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАЗМҰНЫ
Оқушылардың дене тәрбиелеу үрдісін қалыптастырудың тікелей пәндік-мазмұндық
сипатына тоқталайық. Мектеп оқушыларының жүйелі оқуының бастамасы күнделікті
қозғалу белсенділігі 50%-ға төмендеп, қозғалыс қажеттілігі қанағаттандырылады.
Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшкенде қозғалу белсенділігінің деңгейі төмендейді.
Осыған байланысты оқушылар күндізгі уақытының 82-83%-ын статикалық жағдайда
өткізеді. Оқушылардың қозғалғыштық белсенділігі 16-19%-ын, ал 1-3%-ын дене тәрбиесінің
ұйымдастырылған формасы құрайды. 11% апталық және 40% күнделікті қажеттіліктерін
дене тәрбиесі сабақтарында тек аз-аздан толықтырып отырады. Егер оқушы қосымша денені
шынықтыру-сауықтыру жаттығуларымен шұғылданбаса, бұл дененің дамуына кедергі
келтіруі мүмкін.
Денені шынықтыру-сауықтыру жұмыстары жүйесіне кіретін қозғалу белсенділігінің
көлемін ұлғайту, жүрек-қантамыр жүйесінің функционалдық жағдайын, денесінің дамуын
және ақыл-ой қабілетінің артуына маңызды әсер етеді. Оқушының күніне 7-12 сағаттай
қозғалыс белсенділігі оның ақыл-ой қабілетін дамытады, дене жүктемелеріне бейімделеді
және үлгерімі жоғарылайды.
Күн тәртібінде қозғалу белсенділігін ұйымдастыру маңызды болып табылады.
Зерттеулеріміз оқушылардың қозғалыс белсенділігін қажет ететіндігін көрсетті. Оқушының
сабақ үстінде қажуы, қозғалыстың аздығын білдіреді. Үзіліс кезіндегі аз уақыттық денені
шынықтыру минуттары және ойын түріндегі дене жаттығулары белгілі мөлшердегі
қажеттіліктің толықтырылғандығы болып есептеледі.
Дене мәдениеті қалыптасқан мектеп оқушыларының денесінің қаншалықты
дамығандығын антропометриялық өлшеу арқылы анықтауға болады (бойдың биіктігі мен
дененің салмағы, кеуденің көлемі, аяқ-қолдарының ұзындығы т.б.), дене құрылысының
сыртқы дамуын (кеуде клеткасының формасы, бұлшық еттер реңі, май жиналуы, терінің
әдемілігі, т.б.), сыртқы белгілер арқылы жыныстық жетілуді, сонымен қатар, кейбір
функционалды көрсеткіштерді өлшеу арқылы анықтауға болады деп білеміз. Мысалы,
өкпедегі ауа сыйымдылығының көлемін, жекелеген бұлшық еттер тобының күшін арнайы
өлшегіш құралдарымен өлшеу арқылы дененің даму дәрежесі анықталады.
Дене мәдениеті қалыптасқан мектеп оқушыларының дене сипатының осы
көрсеткіштерін пайдалана отырып, мынаны ескерген жөн. Дене мәдениеті қалыптасқан
мектеп оқушыларының дене сапаларының дамуының жоғары деңгейі – жақсы денсаулықтың
кепілі, тиімді жұмыс қабілеттілігінің бар екендігінің және үлкен спортта жеке спорт түрлері
бойынша жоғары нәтижеге жете алатындығының айғағы. Ал кейде, дене пішіні жақсы
дамыған мектеп оқушыларының салқыннан, суық тиюден пайда болатын ауруларға қарсы
тұра алмайтындығын немесе бұлшық еттері күшті болғанымен, арқан бойымен тартылып
105
шыға алмай жатқандығын байқауға болады. Сондықтан да дене мәдениеті қалыптасқан
мектеп оқушыларының дене сапаларының дамуын бағалауға әртүрлі көрсеткіштер
жиынтығы пайдаланылады және міндетті түрде денсаулық көрсеткіштері мен жұмыс
қабілеттілігі, басқа да қимылдардың орындалуы деңгейі салыстырылады.
Жалпы орта мектепте білім берудің сапасын қамтамасыз етуде орта білімді
дамытудың негізгі жолы мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру болса, қазіргі кезде
жалпы орта мектептерде оқу-тәрбие үдерісінің жаңа тәсілдері ұсынылып, жаңа талапқа сай
бәсекеге қабілетті мемлекеттің болашақ қоғам мүшесін дайындау үлгісі жүзеге асырылатын
болады.
Демек, жалпы орта мектептерде дене мәдениеті және спорт саласы бойынша кейбір
мәселелерді кешенді түрде зерделеу осы тұрғыда мектеп оқушыларының дене мәдениетін
қалыптастыру, қазіргі кезде зерттеу жұмысымыздың көкейкесті талабы болып отырғанын
айта кету керек.
Оқушылардың дене мәдениеті бойынша білімі мен тәрбиесіне, олардың дене
мәдениетін қалыптастыруға біршама ғылыми зерттеулер арналған. Алайда, аталған
жұмыстарда жалпы орта білім беру мектептері оқушыларының дене мәдениетін
қалыптастыру, олардың тұлғалық дамуын ескерумен байланысты ерекшеліктер жеткілікті
ашылмаған. Сонымен қатар, мемлекеттің одан әрі дамуы, жақын болашақта дене тәрбиесі
және спорт саласында кәсіби іс-әрекетпен айналыса бастайтын оқушылар тұлғасының дене
мәдениетінің қалыптасу деңгейіне тікелей байланысты болып отыр. Сондықтан, жалпы білім
беру жүйесінде еліміздің жалпы орта мектептерінде оқушылардың дене мәдениетін
қалыптастыру міндеті қойылады және білім беруде дене тәрбиесіне, оқушылардың салауатты
өмір салтын қалыптастыру жүйесі мен дене мәдениеті және спортты дамытуға орай білім
беру саласын реформалаудың маңызды бағыттарының біріне айналады. Осыған байланысты,
жалпы орта мектептерде оқушыларға дене тәрбиесін оқытудың мақсаты, оларда дене
мәдениетін қалпытастыру, заманауи технологиялар негізінде оқытып, үйрету мен білім
беруді басқаруда пайдалану туралы білімді меңгеру, қоғамда салауатты өмір салтын
қалыптастыру және оны жетілдіру мен еңбек етуге дайындау болып табылады.
Әдебиеттер
1. Адамбеков Қ.І. «Оқушылардың дене тәрбиесілеудің педагогикалық негізі», п.ғ.д.
дисс. авторефераты. – Алматы, 1995. – 38 б.
2. Әбділлаев Ә.К., Оңалбек Ж.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. –Түркістан,
2004. – Б. 23-25
3. Мухамеджанов Б.Қ. «Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың
ғылыми-педагогикалық негіздері», п.ғ.д. ...автореф. – Түркістан, 2008
4. Тастанов Ә. Ж. «Оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілетін дене тәрбиелеу
прцесінің педагогикалық негізі», автореф – Алматы, 2003. – 44 б.
5. Оразов Ш.Б. «Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге
асыруға дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері», ...автореф. – Түркістан, 2008. 122 –
128 б.