Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет3/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   211

              6 

 

Осы  қалыптасқан  жағдайға  қарамастан  қазақ  зиялыларына  сенімсіздік  көрсету  де 



орын  алған  құбылыс  болды.  Әсіресе,  орталықтан  келген  шовинистік  пиғылдан  арылмаған 

партия  қызметкерлері,  жергілікті  әсіре  «солшыл»  белсенділер  оларға  жаппай  «ұлтшылдар» 

деген  айдар  тағудан  танбады.  Сондықтан  да,  өлкелік  V  партия  конференциясы  былай  деп 

атап  айтуға  мәжбүр  болса  керек:  «огульное  отрицательное  отношение  к  казахской 

интеллигенции  неверно  и  неправильно,  нужно  ее  привлечь  к  деловой  работе,  нужно  ее 

нивелировать...» [5]. 

Қалай болғанда да, 20-шы жылдары ұлттық интеллигенция оқу-ағарту ісінде, әдебиет 

пен ғылымда шешуші рөл атқарғаны анық. Бір ғана мысал, 1922 жылы Орынборда ашылған 

қазақтың  халық  ағарту  институтында  сол  кездегі  ұлттың  білімді  азаматтары  Ахмет 

Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов,  Жүсіпбек  Аймауытов,  Елдес  Омаров,  Телжан  Шонанов, 

Молдағали  Жолдыбаев,  Жұмабай  Оразалин  және  басқалары  сабақ  берген.  Қарт  жазушы 

Ғалым  Ахмедов  осы  институт  туралы:  «Ахаң  әдебиет  теориясынан,  Мұхтар  (Мурзин) 

математикадан, Елдес физикадан, Міржақып жағрафиядан, Жүсіпбек педагогикадан, Телжан 

мен  Жұмабай  қазақ  тілінен,  Молдағали  саяси сабақтан  лекция оқыды.  Сонда Елдес  физика, 

Міржақып  есеп  оқулықтарын  жазды.  Москвада  шығып  тұрған  «Жизнь  национальностей» 

журналының  1923  жылғы  екінші  нөмірінде  1922  жылы  Орынборда  Мағжанның 

«Педагогика» оқулығы басылып шыққаны туралы хабар бар» [6], - деп жазады. 

Ұлт  зиялылары  сонымен  бірге,  орыс  ғалымдары  мен  мамандарын  да  мәдени  өмірге 

тартып, әртүрлі «қоғамдар», «үйірмелер» ұйымдастырады. 

Ондағы  мақсат  –  ғылым  мен  техниканың  жетістіктерін  насихаттау  болатын-ды. 

Мәселен, Қазақстанның астанасы болған Орынбор қаласында 1921-1923 жылдары онға жуық 

бірлестіктер:  Қырғыз  (қазақ)  өлкесін  зерттеу  қоғамы,  «Қырғыз  (қазақ)  кооперативтік 

инженерлер  ассоциациясы»,  «Агрономдардың  экономикалық  қоғамы»,  «Ғылым  мен  еңбек 

қоғамы», «Кітап құмарлар үйірмесі», «Физика-медициналық қоғам», «Заңгерлер қоғамы т.б. 

жұмыс  істеді.  Бұл  «қоғамдардың»  кейбіреуінің  Оралда,  Семейде,  Қостанайда,  Петропавлда 

т.б.  қалаларда  филиалдары  болды.  Осы  бірлестіктердің  мүшелері  революцияға  дейінгі 

жоғары  «орта  оқу  орындарының  оқытушылары,  мамандар  еді.  Бұл  қоғамдардың  басты 

мақсаты:  «өзінің  мүшелерінің  ғылыми,  педагогикалық  қызметіне  көмек  көрсету,  өз 

мүшелерінің  рухани  және  материалдық  дәрежесін  көтеру,  белгілі  жазушылардың 

шығармаларын  талқылау,  кітаптарын  оқыту  арқылы  бұқараның  ақыл-ойын  дамыту»  [7] 

болды.  Осы  қоғамдар  кезінде  ақылы  лекциялар,  әңгімелер  ұйымдастырды,  өлкеде  ғылыми-

техникалык,  көркем  әдебиеттерді  насихаттады  және  таратты.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  олар 

мәдени-ағарту ұйымдары ретінде болды. 

Бірақ,  бұл  ұйымдар  кеңес  өкіметі  орнатқан  «қырағылықтың»  нәтижесінде  кейбір 

қоғамдардың  мүшелерінің  «антимарксистік  насихатты  күшейтуге  бағытталған  қылықтары» 

байқалғандығы  үшін  облыстық  партия  Комитетінің  шешімімен  қызметтерін  тоқтатуға 

мәжбүр болды. Кейін осы қоғамдардың кейбіреулерінің мүшелері болған ғалым-экономистер 

С.П.  Швецов,  А.Н.  Донич,  Г.Ф.  Прокопович,  М.Г.  Сириус  т.б.  «кондратьевшілдер»  деген 

желеумен қуғын-сүргінге ұшырады. 

Ұлт  интеллигенциясы  мұрындық  болған  тағы бір  қауымдастық  Түркістан  АССР-інің 

орталығы  Ташкент  қаласында  1922  жылы  құрылды.  Оның  көш  басында  «Алаш» 

қозғалысының белгілі қайраткерлерінің бірі Халел Досмұхамедов тұрды.  

20-шы  жылдардың  бірінші  жартысында  Ташкент  қаласында  қазақ  зиялылары 

М.Дулатов,  Х.Досмұхамедов,  С.Қожанов,  М.Тынышбаев,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов, 

Қ.Кемеңгеров, М.Әуезов т.б. тұрақтап, қазақ мәдениеті, әдебиеті мен оқу-білімі үшін қыруар 

істер тындырды. Осында «Ақ жол» газеті мен «Шолпан» журналы шығып тұрды.  

Ташкент  кезеңінде  М.Дулатов,  М.Жұмабаев,  М.Әуезовтің  шығармалары  «Ақ  жол» 

газеті  мен  «Шолпан»  журналында  жиі  басылып  тұрды.  Шығармашылық  өмірі  жағынан 

Мағжанның Ташкенттегі жылдары сәтті болды. 1922-1924 жылдары аралығында оның жеке 

жинағы, «Қорқыт», «Батыр Баян» дастандары, көптеген өлеңдері осында жарық көрді. 




              7 

 

Осы  жылдары  алғашқы  әдеби  кітаптар  баспалардан  шыға  бастады.  1922 жылы  қазан 



қаласында  Абай  мен  Мағжанның  жинақтары  шықты.  Ал,  қазақ  зиялыларының  екінші  бір 

шоғырланған  қаласы  –  Орынборда  А.Байтұрсыновтың,  М.Дулатовтың,  С.Сейфуллиннің 

кітаптары жарық көрді. 

Қазақ  ұлт  зиялыларының  мәдени  саладағы  қарымды  қызметіне  кедергі  болған  осы 

партиялық,  таптық  идеология  болды.  Оны  заманның  айнасы  болған  әдебиеттің  сол 

жылдардағы жағдайынан анық байқауға болады.  

Сол жылдары большевиктік идеология әдебиеттің партиялылығын сақтауға және оны 

барлық әдеби бағыттардан талап етуге тырысты. 20-шы жылдардың басындағы қазақ ұлттық 

мәдениетінің  тарихында  елеулі  рөл  атқарған  «Ақ  жол»  газеті,  «Шолпан»  мен  «Сана» 

журналдарына  қарсы  саяси  науқан  ұйымдастырылды.  Ташкентте  шығып  тұрған  осы 

басылымдарға  өз  шығармаларын  шығарып  тұрған  Міржақып  Дулатов,  Мағжан  Жұмабаев, 

Жүсіпбек  Аймауытов,  Қошке  Кемеңгеров,  Мұхтар  Әуезов  т.б.  сияқты  қайраткерлерге 

«ұлтшылдар»  деген  айдар  тағылып  қоғамдық,  мәдени  өмірден  ығыстырыла  бастады. 

Партияның  таптық  саясатының  нәтижесінде  ұраншылдық,  солақай  сын,  әсіре-тапшылдық 

көзқарас, мәдениет пен саясатты бірыңғай қарастыру сияқты құбылыстарға жол берілді. 

Сонымен, 20-шы жылдары ұлт зиялылары мәдениеттің әр саласында атсалысып, қатаң 

идеологиялық  қысымға  қарамастан  халқының  қажетіне  қызмет  етті.  Көркем  әдеби 

туындылардан басқа тек әдебиет саласында «Аламан», «Тарту», «23 жоқтау» атты жинақтар, 

қазақ тілі мен әдебиетіне, ғылым мен білімнің көптеген салалары бойынша оқулықтар жазып 

жариялады.  Қазақ  әдебиеті  тарихына  қатысты  Сейфуллиннің,  Әуезовтің,  Мұқановтың, 

Досмұхамедовтің  мақалалары  жарық  көрді.  Ауыз  әдебиеті  саласындағы  ой-пікірлер 

М.Әуезовтің  «Әдебиет  тарихы»  (1927),  Х.Досмұхамедовтің  «Қазақтың  халық  әдебиеті» 

(1928,  орыс  тілінде)  атты  іргелі  зерттеулерге  ұласты.  Бұл  кітаптарда  қазақ  халкының  ауыз 

әдебиеті  тұңғыш  рет  жүйеленді,  жанрлық  жіктеуге  түсті,  мазмұны  мен  көркемдігіне 

талдаулар  жасалды.  Қазақ  мәдениеті  үшін  1926  жылы  жарық  көрген  А.Байтұрсыновтың 

«Әдебиет  танытқыш»  атты  кітабының  ерекше  маңызы  болды.  Себебі,  бұл  кітап  қазақтың 

эстетикалық ой-пікірін жинақтап, әлемдік сөз өнері ғылымымен байланыста қараған бірден-

бір ғылыми еңбек болатын. 

20-шы  жылдардың  аяғынан  бастап  елде  сталиндік  тоталитарлық  жүйе  орнай 

бастауымен  ұлт  зиялыларының  қатары  қуғын-сүргінге,  қудалауға  ұшырай  бастады.  Ендігі 

кезеңдегі  мәдени  өмірде  оқығандардың  тек  таптық  идеологияны  жаны-тәнімен  қабылдап, 

сталиндік жүйеге беріліп қызмет ететін өкілдері қалды. 



 

Әдебиеттер 

1.   Бірлік туы, 1918. 15 наурыз 

2.   Қараңыз: Olcott M.B The Kazakhs. Stanford, California, 1987.154-155 рр. 

3.   Нұрпейіс К. Қазақ интеллигенциясының әкімшіл-әміршіл жүйеге ғылым мен мәдениет 

саласындағы қарсылығы (20-30-шы жылдар) // ҚазМҰУ хабаршысы. 1998, № 9. 29 б. 

4.   Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы, 367-368 бб. 

5.   ҚР ПА, 141 қ., 1 т., 28 іс., 24 п. 

6.   Ахмедов  Ғ.  Алаш  «Алаш»  болғанда:  Естеліктер  мен  тарихи  деректер.  –  Алматы, 

1996. 32 б. 

7.   ҚР ПА, 139 қ., 1т., 530 іс., 10-12, 22 пп. 

8.   Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. – Алматы, 1998. – 370-371 бб. 



 

 

 

 

 

 


жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау