Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет19/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   211

              38 

 

Мақала 



мазмұны 

аясында 


педагогикалық 

технология 

ұғымын 

қарастырдық. 



Педагогикалық  технологиялар  тақырыбына  көптеген  ғалымдар  В.П.  Беспалько,  М.В.Кларин, 

А.В.Леонтович, В.М.Монахов, Г.К Селевко, Н.Е. Щуркова және т.б. өз еңбектерін арнаған.  

Біз  зерттеуімізде  педагогикалық  технологияның  келесі  анықтамасын  негізге  алдық:  бұл 

оқушылар  мен  мұғалім  үшін  аса  қолайлы  жағдайларды  қамтамасыз  ете  отырып,  оқу  үдерісін 

жобалау,  ұйымдастыру  және  жүргізу  жөніндегі  бірлескен  педагогикалық  қызметтің  барынша 

ойластырылған  үлгісі [3]. 

Сонымен  қатар,  ғалымдардың  зерттеу  мәліметтерін  негізге  ала  отырып,  біз 

педагогикалық технологияға тән сипаттарды анықтадық: 

-  Технологияның  нақты  педагогикалық  түпкі  ойға  лайықтап  әзірленуі,  тұжырымдамалық 

негіздің болуы; 

-  Педагогикалық  әрекеттер  мен  операциялардың  алға  қойылған  мақсаттарға  қатаң 

сәйкестікте түзілетін технологиялық тізбек түрінде болуы; 

Педагогикалық  технология  ұйымдастырушылық-мазмұндық  құрылым  болып 



табылады,  ол  педагог  пен  оқушының  арасындағы  өзара  әрекеттердің  бағыттылығын 

анықтайды; 

-  Қызметтің  нәтижелерін  өлшейтін  критерийлер  мен  құрал-жабдықтардан  тұратын 

диагностикалық рәсімдердің болуы; 

- Оқытушылық рәсімдердің қайта жаңғырушылығы. 

Педагогикалық технологияның құрылымына мыналар кіреді:  

1)  оқытудың  мазмұндық  бөлімі  (оқыту  мақсаты  –  жалпы  және  нақты,  оқу 

материалының мазмұны);  

2)  процессуалдық  бөлім  –  технологиялық  үдеріс  (оқу  үдерісін  ұйымдастыру, 

оқушылардың оқу  қызметін ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері, мұғалім  қызметінің  әдіс-

тәсілдері,  мұғалімнің  материалды  игеру  үдерісін  басқару  жөніндегі  қызметі,  оқу  үдерісінің 

диагностикасы) [4, 5]. 

Қарастырылған  ұстанымдарды  басшылыққа  ала  отырып,  бастауыш  сынып  оқушыларының 

зерттеушілік  дағдыларын  қалыптастыру  технологиясын  беруге  талпыныс  жасадық.  Бастауыш 

сынып  оқушыларының  зерттеушілік  дағдыларын  қалыптастыру  технологиясының  негізінде 

жеке  тұлғаға  бағдарланған  және  қызметке  бағдарланған  тұжырымдаманың  идеялары, 

оқушылардың зерттеушілік қызметін дамыту тұжырымдамасы алынды. 

Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың негізгі принципі – оқушының жеке қабілеттерін 

тану,  оның  субъективті  тәжірибесін,  психологиялық  және  физиологиялық  ерекшеліктерін 

ескеру,  оның  дамуы  үшін,  субъекті-субъектілік  парадигма  бойынша  өзара  қарым-

қатынастардың орнауы үшін қажетті де жеткілікті жағдайлар жасау. 

Ғалымдардың  еңбектерін  қорыта  келіп  (И.А.  Зимняя,  В.В.  Сериков  т.б.),  біз  қызметке 

бағдарланған тәсілдемені іске асырудың келесі аспектілерін анықтадық: 

Қызметке  бағдарланған  тәсілдеме  оқушының  тұлғалық  тұрғыдан  өздігінен 



маңыздануын  және  тұлғалық  тұрғыдан  өсуін  көздейді.  Бұл  тәсілдеме  тұлғаны  нәтижелі 

қызметке  –  біздің  жағдайымызда  оқу-зерттеушілік  қызметке  тарта  отырып,  оның  танымдық 

белсенділігін арттырады; 

-  Тәсілдеме  оқу  қызметінде,  оның  ішінде  оқу-зерттеушілік  қызметте  ынтымақтастық, 

бірлесе  шығармашылықта  болуды  көздейді.  Ынтымақтастық  біздің  тәжірибемізде  келесі  бағыттар 

бойынша:  оқушылардың  бір  тобында,  ұжымда  (бүкіл  сынып),  оқушы-оқушы,  оқушы-мұғалім, 

оқушы-ата-ана, оқушы-көмекші жұптарында іске асырылады. 

-  Қызметке  бағдарланған  тәсілдеме  ішкі  және  сыртқы  уәждердің  біртұтастығын  көздейді: 

кеңейтілген сыртқы уәжге – зерттеу мақсатына жету уәжі жатады, басқа да жетістіктерге қатысты өз 

мүмкіндіктерін  кеңейту,  ал  ішкі  уәжге  жататыны  –  танымдық  уәж  (жаңа  білімдер  алу,  әрекет 

тәсілдерін  алу).  Уәждердің  біртұтастылығы  білімдерге,  зерттеулерге,  тұтас  алғанда  ғылымға 

деген құндылықтық көзқарастың қалыптасуымен және оқушының зерттеу жұмысына тікелей 

қосылуымен қамтамасыз етіледі. 



              39 

 

Технология педагог қызметінің мынадай түрлерін көздейді:  



1) оқу («Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекеті» арнайы курсы бойынша 

зерттеушілік  сабақтары,  балалардың  оқу  зерттеулерін  ұйымдастыру,  оқушыларға  кеңестер  беру, 

зерттеушілік 

іс-әрекет 

дағдыларының 

қалыптасқан 

деңгейлерін 

анықтауға 

бағытталған 

диагностикалық рәсімдер);  

2)  білім  беруші  (конференциялар  және  зерттеушілік  қызметтің  нәтижелерін 

таныстырудың  басқа  да  формаларын  ұйымдастыру,  педагогтың  оқу  зерттеулері  жүргізілген 

эксперименталдық сыныптар оқушыларының ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі). 

Оқыту  әдістерінің  басым  бағыттары  –  ойындық,  проблемалық,  эвристикалық,  зерттеушілік 

әдістер. 

Ойын  әдісі  –  бұл  танымдық  үдерісті  ынталандыруға  мүмкіндік  беретін  арнайы 

тудырылған  жағдайлар.  Бастауыш  мектепте  ойындарды  пайдалану  өте  қажет  екенін  практик-

мұғалімдердің еңбектерінен де, өз тәжірибемізден де қанықпыз. 

Проблемалық  әдіс  мұғалімнен  проблеманы  айқын  қоюды  және  осы  проблеманы 

шешудің  бірлескен  жолдарын  ұйымдастыруды  талап  етеді.  Бастауыш  мектепте  (бірінші-

екінші сыныптарда) балалар проблемалық мәселелерді өз бетімен шеше алмайды, сондықтан 

мұғалім проблеманы шешу үдерісінде, ой өрбіту барысында басты рөл атқарады. 

Проблемалық  әдістердің  түпкі  негізінде  проблемалық  жағдай  жатады,  ол  субъекті  мен 

объектінің  арасындағы  өзара  әрекеттестіктің  ерекше  түрі  болып  табылады.  Ол  оқушының 

осындай тапсырмаларды орындау барысында туындайтын белгілі  бір күйін сипаттайды, ол пән 

туралы немесе тапсырманы орындауға қажетті тәсіл, шарттар туралы жаңа бір білімдердің ашылуын 

(меңгерілуін)  талап  етеді  [6].  Біздің  тәжірибемізде  балаларды  оқыту  кезіндегі  зерттеушілік  іс-

әрекет  бойынша сабақтарда проблемалық жағдайлар туындатудың келесі тәсілдері мен әдістері 

қолданылды: 

1. 


 Оқушыларды  белгілі  бір  фактілер  туралы  күнделікті  өмірдегі  түсініктер  мен 

ғылыми  ұғымдардың  арасындағы  қайшылықтар  туындататын  шынайы  фактілер  мен 

құбылыстарды талдауға итермелеу.  

2. 


Оқушылар  практикалық  тапсырмаларды  орындап  жатқан  кезінде  туындайтын 

жағдайларды пайдалану.  

Проблемалық  жағдайды  туындату  үшін  проблемалық  мәселені  немесе  проблемалық 

сұрақты  пайдалануға  болады.  Біздің  бақылауларымыз  бойынша  мұндай  тәсілдер  педагогтың 

баланы  сұрақтың  мәнін  түсінуге,  олардың  қарама-қайшылығын  анықтауға,  кез  келген  сұрақты 

дұрыс түсіндіріп беруге үйретуіне мүмкіндік береді. 

Осы сипатталған әдістердің кешені біздің тәжірибемізде іске асырыла отырып, зерттеушілік 

дағдыларды  қалыптастыру  үдерісін  жүйелі,  тұрақты  етуге  мүмкіндік  берді.  Проблемалық, 

эвристикалық,  зерттеушілік  әдістер  біздің  көз  жеткізгеніміздей,  зерттеушілік  дағдыларды  оқу-

зерттеу  қызметіне  арналған  арнайы  ұйымдастырылған  сабақтар  барысында  қалыптастыруға  жол 

ашады.  Сонымен,  зерттеушілік  іс-әрекет  дағдыларын  қалыптастыру  жас  ерекшеліктерге  сай 

ұйымдастырылған үздіксіз, жүйелі үдеріс болып табылады.  

 

Әдебиеттер 



1.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. - adilet.zan.kz/kaz/doc 

2.  Абильдина  С.Қ.,  Копбалина  К.Б.  Оқушылардың  зерттеушілік  дағдыларын 

қалыптастыру. Қазіргі мектепке дейінгі және бастауыш білім беру: теориясы, әдістемесі және 

тәжірибесі: хал. ғыл-практ. конф. материалдарының жинағы. – Алматы, 2017. – б.245 

3.  Селевко  Г.К.  Современные  образовательные  технологии.  –  М.:  «Народное 

образование», 1998. – 256 с. 

4.  Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М.: Педагогика, 1989. –192 с. 

5.  Воронов В.В. Технология обучения: Учебное пособие. – М.: «Педагогика школы в 

двух словах», 2002. 




жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау