Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет187/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   211

              373 

 

барлық  нарықтық  экономикасы  дамыған  елдерде  фирмалардың  мамандандырылған 



бөлімшелерінің  құрылуына  әкелді:  оқыту  орталықтары  және  курстары,  мамандық  саясат 

бөлімдері және т.б.  

Персоналды  басқару  –  іс-әрекеттің  функционалды  ортасы,  оның  мәселесі  – 

кәсіпорынды  керек  уақытта,  қажетті  мөлшерде  және  талап  етілетін  сапада  кадрлармен 

қамтамасыз  ету,  оларды  дұрыс  орналастыру  және  ынталандыру.  Персоналды  басқару 

мақсаты  жалпы  ұйымның  игілігі  мен  жұмыскерлердің  жеке  мүдделерін  ескере  отырып, 

әрекет ететін еңбекке қабілетті ұжымды қалыптастыру болып табылады. 

Ұйымның  персоналын  басқару  жүйесі  жалпы  және  сызықтық  басқарудың  кіші 

жүйелерінен,  сонымен  қатар,  бірыңғай  функцияларды  орындауға  мамандандырылған 

бірқатар  функционалды  кіші  жүйелерден  тұрады.  Жалпы  және  сызықтық  басқарудың  кіші 

жүйесі:  ұйымды  бүтіндей  басқару,  жеке  функционалды  және  өндірістік  бөлімшелерді 

басқару жұмыстарын атқарады. 

Сонымен,  ұйымдағы  персоналды  басқару  жүйесі  ұйымды  бүтіндей,  келесі 

функционалды  және  қамтамасыз  ететін  кіші  жүйелерден  тұрады:  персоналды  жоспарлау 

және  маркетинг;  персоналды  жалдау  және  есепке  алуды  басқару;  еңбек  қатынастарын 

басқару;  бір  қалыпты  еңбек  жағдайын  қамтамасыз  ету;  персоналды  дамытуды  басқару; 

персоналдың  мінез-құлқын  мотивациялауды  басқару;  әлеуметтік  дамытуды  басқару; 

басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын талдау; персоналды басқару жүйесін құқықтық 

қамтамасыз  ету;  персоналды  басқару  жүйесін  ақпараттық  қамтамасыз  ету;  персоналды 

басқару жүйесін техникалық қамтамасыз ету. 

 

Әдебиеттер 



1.  Аманшаева,  Д.М.  Нарықтық  қатынастар  жағдайындағы  кәсіорынның  кадрлық 

саясатының ерекшелектері [Текст] / Д.М. Аманшаева // Транзитная экономика, 2009 - № 1. 

2.  Дейнека А.В., Беспалько В.А. Управление человеческими ресурсами; Дашков и Ко 

- Москва, 2012. - 392 c. 

3.  Сирченко  А.Е.  Кадровая  политика  как  инструмент  управления  персоналом  // 

Молодой ученый. –  2015. –  №12. –  С. 496-499. 

4.  Одегов Ю.Г., Лабаджян М.Г. Кадровая политика и кадровое планирование; Юрайт 

- Москва, 2014. –  444 c. 

5.  Кадрлық  потенциялық  пайдалануды  жетілдіру  стратегиясы//  Экономика  негіздері. 

–  2015. - № 3. 

6.  Арапова  Г.М.,  Қонысова  Ш.М.  Әлеуметтік-мәдени  сервисте  персоналды  басқару. 

Оқу  құралы.  –  Шымкент:  М.  Әуезов  атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  Мемлекеттік 

университеті, 2012. – 160 б. 

7.  Ахметов К.Ғ. Менеджмент негіздері, – Алматы, 2005 

Интернет сілтемелері: 

1.  http://freepapers.ru/68/servistk-yzmet/267099.1755666.list11.html 

2.  http://referat-kz.kz/referattar/onerkasip-ondiris/306-personaldy-basaru-zhyesn-mn-negzg-

bayttary-dster-zhne-personaldy-zhosparlaudy-yymdastyrudy-negzg-aspektler.html 

3.  http://stud24.ru/management/ksporyda-personaldy-basaru/177864-517786-page2.html 

4.  http://bigox.kz/personaldy-tiimdi-baskarudyn-sheteldik-tazhiribesi/ 

5.  http://studentke.com/personaldyi_timd_basarudyi_sheteldk_tzhribes 

 

 



 

 

 



 

 



              374 

 

А.Ж. Кыдырова  



Р.Б. Сулейменова  

Қарағанды қ. (Қазақстан) 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕНДІРУДЕГІ 

КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР 

 

90-жылдардан  басталған  реформалардың  алға  басуы,  қоғамдық  және  экономикалық 



өмірге  жаңа  инструменттер  мен  түсініктерді  енгізді.  Олардың  қатарында  ипотека  түсінігі. 

Елімізде экономика дамуының қазіргі таңдағы жағдайлары нарықтық экономиканың қажетті 

инструменттерінің  бірі  –  ипотеканы  қайта  өмірге  әкелуге  көмектеседі.  Ипотеканы 

ынталандыру  бойынша  шешілетін  мәселелердің  кешендігі,  тұрғындар  үшін  тұрғын  үй 

құрылысын  ынталандыру  барысында  әлеуметтік  рөлді  орындаудан  бастап  және 

коммерциялық  жобаларды  қаржыландыру  проблемаларын  аяқтаумен  оған  үлкен  салмақ 

береді.  Ипотекалық  қаржыландыру  механизмдерінің  жалпы  экономикалық  қарқынның 

ынталандыруымен  байланысы  маңызды.  Олардың  дамуынан  ипотеканы  ынталандыру 

қазірде  құлдыраудың  әр  түріне  төтеп  берудің  танымал  әдістерінің  бірі.  Бүтіндей  нақты 

сектордың  және  жекелей  құрылыстың  стагнациясы  нәтижесінде  қалыптасқан  жағдайлар, 

құлдыраудан  шығуға  көмектесетін  құрал  ретінде  де,  еліміздің  көптеген  азаматтары  үшін 

тұрғын  үй  проблемасын  шешетін  құрал  ретінде  де,  тұрғын  үйді  ұзақ  мерзімді  ипотекалық 

несиелеудің  қажеттігін  арттырады.  Ипотекалық  несиелеу  тұрғындардың  тұрғын  үйге  төлем 

қабілеттілік  сұранысын  кеңейте  отырып,  тұрғын  үй  аясына,  тұрғын  үй  құрылысына  және 

құрылыс  материалдар  өндірісіне  бюджеттен  тыс  қаражаттарды  тартуға  көмектеседі.  Бұл 

тақырыптың өзектілігі, Қазақстан Республикасының халық шаруашылық кешенінің дамуына, 

яғни  жеке  айтқанда  тұрғын  үй  құрылысына  ипотекалық  несиелеудің  әсер  ету 

мүмкіндіктерімен  анықталады.  Осы  тұрғындардың  жинақтауын  ынталандыра  отырып, 

қаржылық тұрақтылыққа әсер етеді, тұрғындардың, әсіресе зейнеткерлердің өмірлік деңгейін 

көтереді. Отандық компаниялар (зейнетақы қоры) үшін өздерінің бос қаржылық ресурстарын 

отандық  экономикаға  жарналауға  мүмкіндік  туады.  Елімізде  тұрғын  үй  нарығы 

тұрғындардың 

төлем 

қабілеттілік 



сұранысын 

қолдайтын 

сәйкес 

несие-қаржы 



механизмдерімен  қамтамасыз  етілмеген.  Егер  бұрын  тұрғын  үй  жағдайларын  жақсарту 

мүмкіндігі  мемлекеттік  тұрғын  үй  алу  ғана  болса,  бүгінгі  күні  бұл  мәселе  тұрғындардың  өз 

меншік  қаражаттар  жинақтары  есебінен  тұрғын  үйді  алу  немесе  оның  құрылысымен 

шешіледі.  Бюджеттік  ресурстардың  шектеулілігі,  мемлекеттің  көңілін,  тұрғындардың  жеке 

топтарының  тұрғын  үй  мәселесін  шешуіне  аударды.  Тұрғындардың  негізгі  бөлігі  қажет 

жинақтарының  және  оларды  жинау  мүмкіндігінің  болмауынан  өздерінің  тұрғын  үй 

жағдайларын жақсарта алмады. Тұрғындар үшін ипотекалық несиелеу тұрғын үйді сатып алу 

үшін  қаражаттарды  жинаудың  ұзақ  мерзімді  альтернативасы  болып  табылады.  Тұрақты  үй 

алуды  маңызды  деңгейде  қысқартуға  көмектеседі,  бұдан  басқа,  тұрғын  үй  бөлшектеп 

төлеумен  алынады.  Банктер  үшін  бұл  ұзақ  мерзімді  инвестициялаудың  перспективті  аясы. 

Мемлекет  немесе  аймақтық  билікті  алсақ,  олар  тұрғын  үй  құрылысының  сұрақтарын  шеше 

отырып, қоғамда әлеуметтік басымдылықты шешеді.  

Ипотека  Қазақстан  Республикасының  экономикасын  көтеру  үшін  фундаменті  бола 

алады.  Көптеген  дамыған  елдердің  мысалы  көрсеткендей,  тұрғын  үй  мәселесін  шешумен 

қатар ипотека, мемлекетте сапалы жаңа қаржы-несие қатынастарының, кепілзат және бағалы 

қағаздардың 

жоғары 

дамыған 


нарығы 

есебінен 

қаржылық 

және 


экономикалық 

тұрақтылықтың  туындауына,  сонымен  бірге  әлеуметтік  және  экономикалық  мәселелерді 

шешуге көмектеседі.

 

2017  жылғы  27  қаңтарда  ипотекалық  несиелендіруді  тек  12  банк  ұсынады.  Олар: 

«Қазақстан  Халық  Банкі»  АҚ  ,  «Банк  ЦентрКредит»  АҚ,  «Еyразиялық  банк»  АҚ,  «Ресей 



жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау