Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет120/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   211

              238 

 

Әдебиеттер 



1.  Қазақстан Республикасының Бiлiм туралы Заңы. – Алматы: Жетi жарғы, 2008. – 96 б. 

2.  Құрман  Н.Ж.  Жаңа  педагогикалық  технологиялар  жүйесіндегі  қазақ  тілінен  сабақ 

үлгілері.  –  Астана:  Ш.Шаяхметов  атындағы  Тілдерді  дамытудың  республикалық  үйлестіру-

әдістемелік орталығы, 2008. – 172 б.  

3.  Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М.: Педагогика, 1989. – 192 с. 

4.  Оқыту және тәрбиелеу журналы, 2010 ж., № 6. 

5.  Чошанов М.А. Гибкая технология. – М: Народное образования, 2006. – 160 с. 

6.  Негимов С. «Шәкәрім шеберлігі» «Шәкәрімтану мәселелері» ІІ том, Алматы, Раритет, 

2007, 272-бет. 

7.  Шәкәрім  Құдайбердиев.  Шығармалары:  Өлеңдер,  дастандар,  қара  сөздер.  Құраст. 

М.Жармұхамедов, С.Дәуітов, [А.Құдайбердиев]. – Алматы: Жазушы, 1988. – 559 б. 

8.  Шәкәрім. Шығармалары. – Алматы: Жазушы. – 1988. – 560 б. 

 

 

 



 

Г.С. Райнбекова  

А.М. Мужикбаева 

Астана қ. (Қазақстан) 

 

С. МҰҚАНОВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ 

СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ 

 

Тіл  –  қоғамдық  қарым-қатынастың  ерекше  сипатын  білдіретін  құнды  құрал.  Тіл  – 

халықтың  ұрпақтан-ұрпаққа  ғасырлар  бойы  үзіліссіз  беріліп  келе  жатқан  ұлттық  мұрасы. 

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қазақ тілімізге «Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар 

бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты қазақ тілі – сондай тіл» деп баға берген болатын. Олай 

болса халық тілінің құнарлы да сүбелі бейнесі сол халықтың көркем әдебиеті арқылы көрінеді. 

Көркем  туынды  –  ұлт  мәдениетінің  негізгі  көрсеткіші.  Көркем  сөз  кестесімен  өрілген  әдеби 

шығармалардың  бейнелілігі  мен  дәлдігін  ұлттық  тілдің  сұлу  айшықтарын  ашып  көрсететін 

тілдік  құралдардың  бірі  –  фразеологизмдер.  Фразеологизмдерді  зерттеу  арқылы  тек  тілдің 

өткенін түп тамырын ғана емес, сол тілді қолданушы халықтың мәдениетін терең білуге болады. 

Сондықтан  да  болар  фразеологизмдерді  жан-жақты  зерттеуге  деген  қызығушылық  толастамай 

отыр. 


Фразеологизмдердің 

варианттары 

синонимиясы, 

омонимиясы, 

полисемиясы, 

этимологиясы  жайлы  да  зерттеліп  үлкен  еңбектер  жазылды.  Әйтсе  де  фразеологизмнің  әлі 

ашылмаған қыр-сыры жетерлік. Сонымен философиялық тұрғыда қайшылықтар бірін-бірі жоққа 

шығару  қасиеттерін  иеленсе,  осы  қайшылықтың  екі  шегі  қарама-қарсы  құбылыстар  болып 

табылады.  Сондықтан  да  сөздерді  салыстыру  нәтижесінде  философиядағы  «қарама-

қарсылықтың бірлігі мен күресі заңының»: 

–  Ажырамас бірлікте болу; 

–  Әр  қилы  ғана  емес  сондай-ақ  бірыңғай  қарым-қатынаста  тұрып-ақ  бірін-бірі  жоққа 

шығару. 

Қазақ  тілі  білімінде  қарсы  мәнді  фразеологизмдер  мәселесі  күні  бүгінге  дейін  арнайы 

зерттеу нысаны етіп қарастырылмаған. Академик І. Кеңесбаев: «Фразеологизмдер  ішінде өзара 

қарсы  мағына  беретін  сыңарлардың  бары  анық  болса  да  олардың  типтері  әлі  де  тереңірек 

зерттеуді, тексеруді қажет етеді» – деген болатын. 

Бір-біріне  өту  сияқты  негізгі  белгілері  тілдегі  антонимдердің  мынадай  басты 

критерийлерімен ұштасып жатады: 

1)  Тілдегі  қарама-қарсы  ұғымдар  бір-бірімен  байланыста  болады  бірінсіз-бірі  өмір 

сүрмейді. Мысалы: жақсы-жаман, үлкен-кіші, биік-аласа. 



              239 

 

2)  Антонимдік  жұптар  бірін-бірі  жоққа  шығарып  затқа  жаңа  баға  бере  алады.  Мысалы: 



ақылды-ақылсыз  жұптарда  ақылсыз  сөзі  ақылды  деген  сөздің  мағынасын  мүлде  жоққа 

шығарады,  бірақ  адамға  тән  қасиетке  жаңа  баға  бермейді.  Ақылды  деген  сөз  мүлде  кереғар 

ұғымды  білдіріп  адамның  жаңа  бір  қасиетін  білдіретін  сөз  –  ақымақ.  Сонда  ақылды,  ақымақ 

антоним сөздер ақылды, ақылсыз болымды, болымсыз тұлғалар.  

1) 

Антонимдер  үнемі  бір-біріне  қарама-қарсы  қолданыла  келе  мүлде  жақындасып 



кірігіп кету қасиетіне ие. Мысалы: «Жаман айтпай жақсы жоқ»; «Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман 

қатын қайдан шығады» [1, 27]; «Дәндеме қол-аяғын шілдерлеулі»; «Жаман шұбардың бар қыз-

келіншегі  бозбалаларды аттылы-жаяулы кеп тосып тұр екен»;  «Қайғының  уытын қуаныш қана 

алады»; жақсы-жаман, қол-аяғы, аттылы-жаяулы, қайғы-қуаныш. 

Тіл  білімінде  «қарама-қарсылық»  пен  «қайшылық»  ұғымдарының  айырмашылықтары 

мен  мәнін  ғалым  Ж.  Мусин  түсіндірген  болатын.  Ж.  Мусиннің  тұжырымы  бойынша: 

«Қайшылықты  ұғымда  бірін-бірі  тікелей  жоққа  шығарады.  Мысалы  А-А  емес  Б-Б  емес. 

Бұлардың  арасында  ешқандай  аралық  мүше  болмайды.  Тіл  білімінде  мұны  болымсыздық 

категориясы  деп  атайды.  Қарама-қарсы  ұғымдар  бір  логикалық  қатардың  ең  шеткі  екі  мүшесі 

болып  табылады.  Олардың  арасында  үшінші  аралық  (мүше)  болуы  мүмкін.  Қарама-қарсы 

ұғымдар  бірін-бірі  жоққа  шығарып  қана  қоймайды  сонымен  қатар  затқа  құбылысқа  жаңа  баға 

береді. Логикада бұлардың арақатынасы А-А емес – Б, Б-Б емес – С деп бейнеленеді» [2, 48]. 

Тіліміздегі  лексикалық  антонимдер  теориясын  қалыптастырушы  Ж.  Мусин  бұл 

тақырыптың  болашаққа  зерттелуі  тиіс  екендігін  айтып:  «Фразеологизмдер  көбінесе  сапалық-

бағалық сипатта болады. Сондықтан көптеген идиомдар мен фразалар бір-біріне қарсы мағынада 

болып келеді» – деп ой түйеді. 

Бұл  пікірден  өзге  фразеологиялық  антонимдердің  анықтамасы  мен  жасалу  жолдары 

туралы  мәліметті  Ә.  Болғанбайұлы  мен  Ғ.  Қалиұлының  «Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы 

мен фразеологиясы» атты оқулығынан ғана кездестіруге болады: «Лексикалық бірліктер (сөздер) 

сияқты  фразеологизмдер  де  мағынасы  жағынан  бір-біріне  қарама-қарсы  қатынаста  кездеседі». 

Мысалы:  «Тозған  қазды  топтанған  қарға  жейді»«айрандай  ұйыған  бірлігі»;  «Бас  екеу 

болмайды  –  «қу  тізеңді  құшақтамай»  т.б.  Осындай  мағынасы  қарама-қарсы  фразеологизмдер 

фразеологиялық  антонимдер  деп  аталады.  Шындық  өмірдегі  заттар  мен  құбылыстардың, 

әрекеттердің  қарама-қарсылығына  негізделген  лексикалық  антонимдерден  фразеологиялық 

антонимдердің  басты  ерекшелігі  –  қарама-қарсы  мағыналарды  бейнелеп  мәнерлеп 

беретіндігінде.  Мысалы:  қатынаспады  –  келіп  тұрды  дегенде  бір  нәрсенің  мән-жайын  ғана 

хабарламай  стильдік  мәнін  күшейтіп  әсерлі  етіп  білдіріп  тұр.  Ашық  мінез  шәлкес  мінез  деп 

адамдардың мінездеріне байланысты жұптар кездеседі [2, 256]. 

Лексикалық  антонимдердің  контексте  берілу  ерекшеліктеріне  қатысты  Ғ.  Мұсабаев,  Ж. 

Мусиннің  тұжырымдары  мен  топтастыруларына  сүйене  отырып,  Сәбит  Мұқановтың 

шығармасындағы контексте қарсы мәнді фразеологизмдердің қолданылу сипатын төмендегідей 

түрлерге бөлуге болады: 

1) Фразеологиялық антонимдер бір сөйлемнің ішінде қатар беріледі: Ал терісі сүйегіне 



жабысқандай  боп  келген  Ғалиянұр  ілезде  қаптай  боп  кетіп  бұрын  денесіне  шағындап 

тіктірілген  киімдері  аз  күнде  әрең  сыйды  көйлегі  мен  қамзолының  жағалары  жетпей  ғап 

түймелерін қайта қадатты. 

2) Контексте лексикалық бірлікке фразеологизм қарсы мәнде қолданылады: Онысы несі 

екенін білмедім де «түр-тұлғасын көріп алайын» деп отырған тұрпатына көз тіктім: шықты 

салқыннан  тоңазуы  ма  түңгі  күңгірт  сәуледен  бе  әлде  жаратылысы  солай  ма  қыздың 

қазақылау  біткен  дөңгелектеу  жүзі  қоңыр  қалай  сияқты  сұп-сұр;  тоңазудан  ба  әлде 

танымайтын «күйеу болам» деп ойлайтын әлдекім қасына отырудан қымсынуы ма әлде бет-

пердесі жыртылмаған ұялшақ қыз ба денесі дірілдеңкіреген сияқты... Менімен таныс оңашада 

аздап  әзілдесіп  те  қалған  өткірлеу  сапылдақтау  Мағрипа  бұл  жолы  да  «жол  көріп  қалған 

қыздай» лепілдеп Рахима мен менің неге қатар отыруымызды білетін адамға ұқсап екеуміздің 

тұйық арамызды тұтастырып жібергісі келгендей .... 


жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау