143
Ақпараттық үлгілеу технологиялары əртүрлі болып келеді.
Мəселен, химияны оқыту барысында химиялық реакциялардың
жүруінің ақпараттық үлгісін жүзеге асыратын компьютерлік про-
граммаларды қолдануға болады. Мұнда үлгінің жартысы оқушыларға
нақты химиялық үдерістерді демонстрацияламай, сабақта нақты зат-
тармен химиялық тəжірибе жүргізілгенде формула түрінде қызмет
етеді.
Ақпараттық үлгінің басқаша класы ақпараттандырудың қазіргі
құралдарының мүмкіндіктерін жəне дербес алғанда мульти-
медиа жəне виртуалды нақтылық технологиясын қолдана оты-
рып, оқушыларды көрнекі түрде химиялық тəжірибенің нақты
ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ақпараттық үлгінің екі
түрі де бірдей дəрежеде педагог жəне оқушылардың қатысуымен
орындалады.
Математика пəнінен сабақта геометриялық денелерді жəне пе-
дагог немесе оқушылардың өзгеретін параметрлерінің қиылысуын
көрнекілік түрде меңгеруде компьютерлердің көмегімен жүзеге
асырылатын ақпараттық үлгілердің рөлі зор. Физика сабағында
қолданылатын осы технологиялар линзалардың оптикалық
қасиеттерін зерттеуге, тарихты оқытуда – компьютерлік «оқу
уақытын» құруға мүмкіндік береді.
Білім беруді ақпараттандыру барысында техникалық
нысандардың бүтіндей класының жалпылама мультимедиалық
ақпараттық үлгілерін құруға, мүмкін болатын имитациялық
зертханалық орнатылымды, жаттықтырушыларды жəне виртуалды
үлгілерді құруға мəн беру қажет.
Ақпараттық үлгілеу технологиялары эксперименталдық жəне
теориялық зерттеулерді кеңейтуге, физикалық экспериментті
есептеуіш экспериментпен толықтыруға мүмкіндік береді. Бір
жағдайларда зерттеу нысандары, басқа жағдайда өлшеуші ор-
натылымдар үлгіленеді. Мұндай технологиялар жəне оған
сəйкесінше ақпараттандыру құралдары қымбат зертханалық
құрылғыларды алу шығындарын азайтуға мүмкіндік беріп, оқу
зертханаларындағы қауіпті жұмыс жасау деңгейін төмендетеді, ны-
сандарды, оқу мекемелерінде əртүрлі себептерге байланысты мүмкін
болмайтын үдерістер немесе құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік
береді.
Ақпараттық үлгілер, əмбебап болып табылмайды. Олардың
əрбіреуі жеткілікті деңгейдегі нысандарды, құбыластарды немесе
144
үдерістерді үлгілеуге арналған. Математикалық үлгілеу техноло-
гиясына негізделген ақпараттық үлгілер оқу жағдайындағы қиын
меңгерілетін құбылысты демонстрациялау үшін ғана қолданылып
қоймайды, сонымен қатар үлгіленетін жағдайдың параметрлерін
жəне оның əсер ету дəрежесін интербелсендік түрде түсіндіру үшін
қолданылады. Бұл қасиет зертханалық орнатылымдар имитаторла-
ры түрінде, сонымен қатар ұшақтар немесе космос кораблдерімен
ұшуды үйретуде қалай жүретіндігі үлгіленетін үдерістерді басқару
дағдысын өңдеу үшін ақпараттық үлгілерді қолдануға мүмкіндік
береді.
Ақпараттандырудың қазіргі құралдары нысандардың,
құбылыстардың немесе үдерістердің дайын ақпараттық үлгісімен
жұмыс жасаумен қатар, жеке эелементтерден жəне үлгілерден
тұратын үлгілерді құрастыруға жағдай жасайды. Мысал
ретінде, компьютер құрамына кіретін құрылғылардың қызметін
компьютер жұмысының бірыңғай ақпараттық үлгісіне
ақпараттық үлгілеуді біріктіруді келтіруге болады. Мұндай
үлгіні қолдану информатиканы оқыту тиімділігін арттыруға
мүмкіндік берер еді.
Білім беру жүйесі үшін ақпараттық үлгілеу құралдарын жəне
технологияларды құру кəсіби сипаттағы оқыту жұмысын авто-
маттандыру меңгерілетін нысандар мен үдерістер қасиеттерін,
геометриялық параметрлік зерттеулерді жəне оңтайландыруды терең
тану үшін алғышарттарды құру қажеттігін түсіну маңызды. Соны-
мен қатар, үлгілеу жəне автоматтандыру жүйесін қолдану, оқушылар
бұрын меңгермеген жеткілікті деңгейдегі жоғарғы кəсіби біліктілікті
қажет етеді.
5.4 Интербелсенді технологиялар
Қазіргі Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары
жəне олардың жалпы орта білім беруде қолданылуынан оқушы
мен оқытушылар арасындағы қатынаспен қатар, оқыту жəне
оқушының компьютермен жəне оған орнатылған программалық
қамтамасыз етілуімен қатынасы пайда болады. Мұндай сұхбатты
ұйымдастыру мүмкіндіктерін меңгеру оқыту жүйесінің тиімділігін
құру тұрғысынан өте маңызды.
145
Қазіргі оқытушы оқушыларды оқытуда қолданылатын əртүрлі
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарымен сұхбатты
ұйымдастыру ерекшеліктерін ескеруі жəне білуі қажет.
Əрбір ақпараттық-қатынастық технологиялар нақты
құралымен сұхбатты ұйымдастыру екі негізгі қызметті
атқарады: компьютерлік программаны басқаруға арналған
сұхбат жəне оқушыларды оқыту барысында пəн терминдері
аймағында ұйымдастырылған сұхбат. Мұнда қолданушы интер-
фейсін ұйымдастыру оқушылардың Ақпараттық-қатынастық тех-
нологиялар оқу құралдарымен сұхбатының көрінетін ішкі жағын
бейнелейді.
Мұндай сұхбатты, басқаша жағынан ақпаратты компьютер-
ге енгізу жəне оқытушы немесе оқушының оны меңгеруі үшін
ақпаратты шығару ақпараттық технологиясы ретінде түсіндіруге бо-
лады.
Оқытушы, оқушының жəне компьютерлердің қарым-қатынас
траекториясы алдын ала белгілі емес жəне сұхбат барысында
туындайтын мазмұндық бағытта беріледі. Жалпы орта білім беру-
де қолданылатын ақпараттық-қатынастық технологиялар құрал-
дарының көпшілігінде, оқытушы мен оқушының басқаруымен
үдеріс жүретін «иерархия тармақтары» алдын-ала беріледі. Егер
педагогтар немесе оқушылар қажетті «тармаққа» түспесе, компью-
тер қолданушының қателескендігі жəне қайтадан орындап көру
қажеттігі немесе адамдардың арасындағы қатынасты сипаттайтын
басқа тармақ тұрғысынан қайта қарау қажеттігі туралы мəлімет
береді.
Білім беруде қолданылатын қазіргі ақпараттық-қатынастық тех-
нологиялар құралдары оқуды имитациялық үлгілегенде өздігімен
шығармашылық үдерістерді қамтымайды, «интеллектуалдық
ойын» режиміне енгізеді, оқытудың осы формасында ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарын қолдану нəтижелі бола-
ды. Осыған ұқсас ақпараттандыру құралдары оқытушыға осын-
дай оқыту ортасын құруға көмектеседі, ол оқушылардың ойлауын
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарымен
оқушылардың жұмыс жасау үдерісінде ойлау əрекеті реттеледі
жəне өзгереді: тұлғаның қорғау механизмдерінің, мақсатқа
жетудің субъективтік деңгейінің рөлі артады, іс-əрекетті бақылау
механизмдері қайта құрылады, мотивация трансформацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |