ҚазаҚстан Республикасы білім және ғылым министРлігі балалаР ҚұҚыҚтаРын ҚоРғау комитеті



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет28/31
Дата14.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#12266
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

96
барлық балаларын ұнататынына (қызыл үй) немесе ұнатпайтынына 
(сұр үй) қарай «екі үйге бөлетін» әдістемені пайдалану ұсынылады. 
Бұл  әдістеменің  көмегімен:  әрбір  баланың  топтың  барлық  басқа 
балаларына  көзқарасы,  баланың  өзі  топтағы  балалардың  бәріне 
ұнайтындығы,  ұнамайтындығы  туралы  түсінігі,  әрбір  бала  басқа 
балалардың  көз  алдында  қандай  болып  табылатыны  анықталады. 
Сондай-ақ  құрдастарының  арасында  қандай  балаларды  басқалары-
ның ұнататынын, ұнатпайтынын білуге болады. Осы әдістеме бой-
ынша рәсімдерді және дайындықтың белгілі бір формаларын мұқият 
сақтай отырып жеке тексеру жүргізуге болады. Нәтижесінде мына-
ны айқындау пайдалы: бала топ балаларынан кімді қатты ұнатады, 
кімге  жақсы  көзқараста,  бәрінен  де  кімді  ұнатпайды.  Ұнату  мен 
ұнатпаушылықтың себептері. 
Балаға  топтың  қалған  балалары  қалай  қарайды.  Бұл  балаға    
ерекше қарайтын балалар бар ма. Бұл балалар кімдер. Баладағы өзара 
таңдаулар  қанша.  Баланың  өз  таңдауының  оны  кімнің  таңдайтыны 
туралы болжамымен қаншалықты сәйкес келеді; баланың басқа ба-
лалар өзін таңдайтыны туралы болжамы қаншалықты ақталады, бала 
өзін басқалардың алдында қалай бағалайды. Барлық үш параметрдің 
сәйкес келуі: баланың өзі кімді таңдайды, оны кім таңдайды, оның өз 
болжамы бойынша оны кім таңдауы тиіс еді. Хаттамаларды талдай 
отырып, баланың құрдастары арасындағы шынайы жағдайы туралы 
қорытындылар жасауға, неғұрлым тәрбиелі және тәрбиесі неғұрлым 
нашар балаларды бөліп алуға, әрбір балаға мінездеме белгілеуге, кез 
келген бала үшін сәтсіз немесе толықтай қалыптасып бітпеген өзара 
қатынастарды айқындауға болады. 
Әдетте  қандай  да  бір  қызметте  табысқа  жеткен,  басқа  ба-
лалармен  ойнай  және  тату  бола  білетін,  көңілді  және  ақжарқын 
балалар  тәрбиесі  ойдағыдай  балалар  болып  шығады.  Басқа  ба-
лалар  олардың  әдемілігін,  ұқыптылығын,  тілалғыштығын  атап 
көрсетеді. Бұл балалардың көмегімен тәрбиесі нашар балалардың 
мәртебесін оларға бірлесіп атқаратын істер тапсыру, ортақ сабақтар 
ұйымдастыру жолымен көтеруге әрекеттену қажет. Олардың керу-
еттерін киімге арналған шкафтарын қатар қоюға, түскі аста үстелге 
қатар отырғызуға және т.б. болады. 
Топтың тәрбиесі неғұрлым нашар балалары әдетте өз құрдаста-
рын ұнатпайды, топта оларды басқалар ұнатпайды және сонымен бір-
ге өздеріне өздері өте сенімсіз болады. Зерттеудің нәтижелерін пайда-


97
лана отырып неліктен бұл баланы басқа балалар ұнатпайтынын, оның 
өзі басқаларды неге ұнатпайтынын, оған басқалар жаман көзқараста 
деген  болжамы  дұрыс,  бұрыс  екенін,  оның  өзін-өзі  бағалауының 
барабарлығын анықтауға болады. Балалар көп жағдайда өздеріне де-
ген жағымсыз көзқарасты басқаларға таңа отырып, қателік жасайды. 
Мұндай жағдайда ересек адам оларға қандай да бір баланың дұрыс 
көзқараста екендігін айтып, оларды сендіре алады. Бұл жөнінде біл-
ген  балалар  әдетте  қысылады,  қуанады  және  сол  салғанда  ересек 
адамның  сөзіне  сенуге  тырысады.  Тиісті  әңгімелер,  психолог  пен 
тәрбиешілердің  дұрыс  іс-әрекеттері  өзін-өзі  бағалаудың  төмендігін 
өзгертудегі бірінші қадам қызметін атқаруы мүмкін. 
Балалардың  арасындағы  өзара  қатынастарды  түземдеудің  не-
гізгі жолы – олардың бірлескен қызметінің алуан түрлерін бәрінен 
бұрын  сюжеттік-рөлдік  ойынды  ұйымдастыру  мен  басқару. 
Құрдастары көбінде жақсы және қызықты ойнай білгендерді, ойын-
да бастамашылық, әділдік, адалдық пен мейірімділік танытқандарды 
ұнатады. 
Кейбір  балаларда  толыққанды  ойындық  қызмет  өздігінен 
қалыптаса  қоймайды  –  бұл  жағдайда  психолог-педагогқа  мұндай 
балаларға  қандай  көмек  көрсетуге  болатыны  жөнінде  кеңес  берге-
ні жөн. Ойындық икемділіктердің артуы әдетте баланың құрдастар 
тобындағы жағдайына қолайлы ықпал етеді. 
Әр  жастағы  балалардың  қарым-қатынасын  ұйымдастыру.   
Қазіргі уақытта көптеген балалар үйлерінде балаларды қатаң түрде 
жастары бойынша топтарға бөледі. 
Балалардың денсаулығына қамқорлық жасау мақсатымен әрбір 
жас  тобы  үшін  мамандар  дайындаған  белгілі  бір  қатаң  режимді 
орындау талабын және педагогтар мен психологтар егжей-тегжейлі 
әзірлеген  оқыту  бағдарламасын  орындау  талабы  балалардың  жас-
тылар  тобында  неғұрлым  толық  және  оңай  жүзеге  асыруға  бола-
ды.  Осылайша,  балалар  уақытының  көп  бөлігін  өз  құрдастарымен 
өткізеді.  Сәті  түссе  олардың  жасы  үлкендермен  және  жасы  кіші-
лермен  қарым-қатынас  жасаудың  мүмкіндігін  пайдалану  керек. 
Балалардың  әр  жастағы  топтарының  арасындағы  қатынастарды 
мүмкіндігінше  неғұрлым  жиірек  ұйымдастыру  маңызды.  Мұндай 
қатынастарды күн сайын әр түрлі формаларда жүзеге асыруға болады. 
Жасы үлкендердің жасы кішілерге көмектесуін мадақтаған жөн: 2-3 
жасы үлкен бала бөбектерге киім киюге, қолдарын жууға, ойындар 


98
мен бос уақытын ұйымдастыруға көмектесе алады. Сабақтар кезінде 
ересек  топтардың  балалары  тәрбиешімен  бірге  бөлмені  сабақтарға 
дайындай және сабақтардан кейін оны жинастыруға көмектесе ала-
ды. Тамақ ішу мен ұйықтауға жатқызу, серуенге жиналу кезінде жасы 
үлкендер тәрбиешілерге балалардың киімдерін шешуге және кигізуге 
көмектеседі. 
Бұл  шараларды  жүзеге  асыру  үшін  жасы  үлкен  балалардың 
жасы кішілердің топтарындағы кезекшілік жасауын ұйымдастырған 
жөн.  Бастапқыда  бұл  кезекшіліктерге  барлық  үлкен  балаларды  ке-
зекпен жіберу керек, одан кейін кезекшіліктерді әбден беріліп, ын-
тамен  атқаратын  балаларға  тапсыру  керек.  Бөбектерге  көмектесуге 
шақыратын балаларды әрдайым қолдап және мақтап отырған дұрыс. 
Тәрбиешілер  басқа  топтардағы  балалармен  қарым-қатынастар 
жасап,  серуендерге,  ойындарға,  экскурсияларға  бірігіп  шығатын 
балаларды  мадақтап  отырулары  тиіс.  Кешкі  уақытта  бірігіп  көңіл 
көтеруді,  ерікті  ойындар  мен  балалардың  қалауы  бойынша  тыныш 
істермен айналысуды ұйымдастыруға болады. 
Басқа  топтарға  «қонаққа  баруды»  айына  бір  реттен  кем  емес 
ұйымдастыруға  болады.  Бұлардың  тақырыптары  балалардың  бір-
бірлерінің  алдында  әр  түрлі  өнер  көрсетулері,  сөздері,  драматур-
гиялық ойындар ойнау, қуыршақ спектакльдерін, диафильмдер, су-
реттер,  аппликациялар,  мүсіндер  кқрмесін  көрсету  болуы  мүмкін. 
Балалардың мұндай «қонаққа бару» сапарына арнайы дайындалуын 
ұйымдастыру қажет – алда тұрған ортақ істер мен көңіл көтеру ойын-
дарын,  бөлмелерді  жинастыру,  күтпеген  сыйлар  мен  кәдесыйлар   
дайындауды жүзеге асыруды талқылау. Мерекелерге бірігіп дайында-
лу, бірігіп өткізуді ұйымдастыру да ұсынылады. 
Мектеп жасындағы ересек және кішкентай балалардың арнаулы 
біріккен  әңгімелесуін  дайындаған  және  өткізген  дұрыс,  онда  ере-
сектер бөбектерге келесі сыныпта не күтіп тұрғаны, қызықты істер 
мен оқиғалар туралы әңгімелейді. Әр түрлі жастағы балалар қарым-
қатынасының басқа да нұсқаларын ойластырып, жүзеге асыру қажеті 
мектепті  бітірген,  мектепке  жаңа  келген  балалармен  кездесу,  мек- 
тептке сапар және т.б. ұйымдастыруға болады [22, 26, 36]. 
Топтағы  өзара  қатынастардың  ерекшеліктері.  Топтық 
заңдылықтарды білу балаларда дербестікті дамытуға мүмкіндік беру. 
Дербестік  бір  жағынан,  достастық  ортаны  қалыптастыру  үшін 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау