ҚазаҚстан Республикасы білім және ғылым министРлігі балалаР ҚұҚыҚтаРын ҚоРғау комитеті



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет26/31
Дата14.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#12266
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

90
Әрбір техниканы бір реттен болса да пайдалануға тырысыңыз:
1)  сезімдердің үзілді-кесілділігі;
2)  денебітімдік жағдайды сипаттау;
3)  метафоралар мен салыстырулар;
4)  ниеттерді әйгілеу.
Бағаламаңыздар,  кіналамаңыздар,  мақұлдамаңыздар,  жұбатпа-
ңыздар, сұрақтар қоймаңыздар!
Бақылаушыларға арналған нұсқаулық. Сіздің міндетіңіз – өтіп 
жатқан жайтты бақылай отырып, тыңдаушы пайдаланған техниканы 
атап көрсету. Әңгімешінің эмоциялық жай-күйі оқиғаларды баяндау 
процесінде  және  әсіресе  әйгілеуден  кейін  қалай  өзгергеніне  назар 
аударыңыз.
Талқылау және қорытындылар. Талқылау бірнеше біріктіріл-
ген үштіктерден құралатын топтарда өткізіледі.
Тыңдаушы рөлінде мыналарды айтыңыз: сізге «клиенттің» се-
зімдерін дұрыс берудің сәті түсті ме, оның ішкі ұстанымдары мен се-
зімдерінен әлдебір жайттарды білдіңіз бе? Тыңдай отырып, Сіз өзіңіз 
туралы не білдіңіз?
Әңгімеші  рөлінде:  Сіздің  эмоциялық  жай-күйіңіз  өзгерді  ме, 
психологтың  сіздің  сезімдер  жайындағы  түсініктемелерін  қашан 
тыңдадыңыз: өзіңізден бұрынырақта орын алуы жоққа шығарылып 
келген қандай да бір сезімдерді, ниеттерді, бағдарларды байқады-
ңыз ба?
Осы  жаттығуды  орындай  отырып,  сіз  қандай  тәжірибеге 
ие  болдыңыз?  Өзіңіз  туралы  не  білдіңіз  және  өзіңіз  үшін  не  ала 
алдыңыз?
Әсерлеріңізді  алмастырыңыздар,  қорытындылар  жасаңыздыр 
[32, 34].
кеңістікпен жұмыс және дербестікті дамыту
Келесі  мәліметтер  тәрбиеленушілер  кеңістігін  ұйымдастыруға 
арналған. Көптеген іс-тәжірибелік ұсынымдарды тек тәрбиеленуші-
лер ғана емес, сондай-ақ ересек тәрбиеленушілер де қолдана алады, 
жеке жұмыстық кеңістікті рәсімдеу. 
жарықтандыру.  Адамның  жұмыс  қабілеті  мен  денсаулығы 
тәуелді болатын тағы да бір маңызды фактор – бұл жарықтандыру. 
Жарық  адам  ағзасының  барлық  қызметтерін  реттейді  және 


91
психологиялық  жағдай  мен  көңіл-күйіне,  заттардың  алмасуы-
на,  гормондық  ая  мен  ақыл-ой  белсенділігіне  әсер  етеді.  Күндізгі 
жақсы  жарық  кезінде  адам  өзін  жайлы  сезінеді.  Терезелердің  де 
маңызы зор. Олар жақсы күтілген, таза және әдемі безендірілген бо-
луы  тиіс.  Денсаулық  үшін  ең  пайдалысы  –  табиғи  күндізгі  жарық. 
Оның  бөлме  ішінде  жеткілікті  таралуы  орташа  6  метрге  тең.  Жа-
санды  жарықтандырудың  оңтайлы  нұсқасы  тікелей  және  шашы-
рай түсуді үйлестіретін аралас жүйе болып табылады. Оның үстіне 
«күндізгі жарықтың» кәдімгі шамдарынан (олардың 50 Гц жиілікпен 
жарқырауы  зиянды  әсер  ететіні  бұрыннан  белгілі)  гөрі  галогендік 
шамдарды пайдаланған дұрыс. 
Олардың жарығы неғұрлым табиғи және көз бен жүйке жүйесіне 
анағұрлым аз күш түсіреді. Үй-жайдың ең алыс түкпірлеріне дейін 
жарық түсіруді, күн мерзіміне байланысты жарықтандыру қарқынын 
реттеп отыруды қарастырған пайдалы. 
Адам  жұмыс  үстелінде  болған  кезде  басқа  кеңістіктен  жарық 
өрісі арқылы бөлінгендей болып, бұл қажет болған нүктелерге тиі-
сті жарықты алады. Осыған жиһаз бен жарықтың тұтас бір жүйесі 
негізделген. Оның мәні мынада: жарық бағыттары әр түрлі екі шам-
дал үстел корпусына кіріктіріледі және біртұтас, оңай орын ауысты-
рылатын  құралымды  құрайды.  Түс  сияқты  жарық  та  адамдардың 
психикалық, сондай-ақ тұлғалық жай-күйіне әсер ететін өте қуатты 
құрал  екендігін  есепке  алу  маңызды.  Өйткені  жарықта  сондай-ақ 
бірқатар маңызды ерекшеліктер де бар, мысалға – жылу берушілік. 
Әрбір жекелеген жағдай үшін шамның дұрыс үлгісін таңдай алу өте 
маңызды.  Егжей-тегжейлілік  пен  жағдайлардың  мұндай  молдығы 
әдемілікпен ғана шектеліп қоймай, сонымен бірге жобаның қызмет 
атқарушылығын  да  есепке  алу  да  маңызды.  Бұл  үшін  белгілі  бр 
кеңістіктің ерекшелігін түсіну және одан бірден бір дұрыс теңдестікті 
табу қажет. 
Жеке  кеңістікке  арналған  арақашықтық.  Жеке  орын  (мы-
салы,  керует),  жұмыс  орындары,  жиһаз  түсі  мен  жарықтандыру 
адамдардың  өмір-тіршілігіне  үлкен  ықпал  ететіні  белгілі.  Әрбір 
адамда  жеке  кеңістік  туралы  өз  түсініктері  қалыптасады.  Мысалы, 
жас адамдарда жайлы аралықтың қашықтығы анағұрлым қысқалау, 
жас ұлғайған сайын ол арта түседі. Адам көбінде түкке тұрмайтын 
нәрселер үшін мазасызданып, күйіп-піседі. Оның себебі қарапайым 
ғана  қашықтықтың  бұзылуы  болуы  мүмкін.  Әйелдерге  қарағанда 


92
еркектерде  жайлы  қашықтық  аралығы  орташа  алғанда  анағұрлым 
көп.  Сондықтан  да  олардың  арасында  қақтығыстар  мен  ширығу 
жағдаяттары  жиі  туындап  жатады.  Керісінше,  әйел  бұл  қашықты 
достастық  қашықтығы  деп  есептей  отырып,  еркекке  жақын  келуі 
мүмкін  және  де  осылайша  өзі  оның  жайлы  қашықтығын  бұзғанын 
байқамайды. 
Осылайша, бөлмедегі орындар санының маңызы зор. Егер үй-
жай  адамдарға  толы  болса,  онда  олардың  арасындағы  сырластық 
кеңістіктің  бұзылуы  мүмкін.  Жеке  кеңістікті  (мысалы,  керует-
ті)  орналастыру  үшін  ең  аз  арақашықтық  2  метр  болып  есепте-
леді.  Тәрбиеленушілердің  жеке  кеңістік  түсінігін  дамытуы  мен 
неғұрлым  икемді  меңгеруі  үшін  балалар  үйіндегі  жағдайды  мез-
гіл-мезгіл алмастырып тұруға болады. Нақты топ үшін алдын ала 
дайындық жұмыстары мен зерттеулер жүргізу қажет екені өз өзінен 
түсінікті.  Жұмыс  орындарында  қызметкерлердің  арақашықтығын 
3  метрден    артық  белгілемеген  жөн,  бұл  жауапсыздық  ахуалын 
қалыптастырады. Бірақ та бұл да еңбек қызметінің ерекшеліктеріне 
байланысты болады. 
Жұмыс орындарын жоспарлай отырып, оңтайлы метраж норма-
тивтері мен бағалау әдістерін есепке алу да жақсы болған болар еді. 
Егер  әңгіме  жұмыс,  оқуға  арналған  үй-жай  туралы  болатын  болса, 
онда СЭС әрбір адамға ең төменгі нормативті 4 м

 етіп белгілейді. 
Солай болса да, қатардағы әрбір қызметкерге 5-6 м

 есебін ұстанған 
дұрыс  болады;  бұл  жағдайда,  егер  айналысатын  жұмыстар  тегі 
өзгермейтін болса, онда оларды СЭС нормасын бұзбастан, қолда бар 
ауданға орналастыруға болады. Әркім үшін 20 м

 –тан кем емес бо-
лып есептелетін демалыс аймағын есепке алу да маңызды [31]. 
Түс.  Түстік  шешімдердің,  эмоциялық,  психологиялық-
физиологиялық  жағдайлар  мен  адамның  жеке  тұлғасынының 
өзара  байланысы  әр  түрлі  тәсілдермен  белсенді  түрде  зерделенеді. 
Ұжымдағы  психологиялық  ахуалға  үй-жайлар  безендірілген  түстер 
үйлесімі үлкен ықпал етеді. Егер үй-жай күн сәулесі түсетін жақта 
орналасса, ол әрқашанда ыстық және қапырық болады, оны салқын 
ашық  реңктермен  (көгілдір,  ашық  сұр  және  т.б.)  безендіру  керек. 
Салқындықты сезіну пайда болады. Егер бөлмеге күн сәулесі түспесе, 
онда жағдайды жылы реңктермен (сарғыш, қызғылт және т.б.) жасаған 
дұрыс. Мұндай бояулар жарық пен жылу сезімін қалыптастырады. 
Ашық түстерге абай болған жөн. Олар өздеріне назар аударып, 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау