93
қоздырады. Егер ойлау процесін талап ететін бір сарынды жұмыс та-
лап етілсе, онда, мысалы, қызыл заттар көңілді алаңдатуы мүмкін.
Ал егер ұжымда қандай да бір дау-жанжал бола қалса, онда бұл түс
тек ашулануды арттыра түседі. Мұнымен бір мезгілде қызыл және
қызғылт сары түстерді дұрыс қолдану әсіресе, балаларда көңіл бөлуді
белсендіре түседі.
Түсті қабылдаудың эмоциялық жағдайлары мен ерекшеліктері
туралы мәліметтер бойынша мынадай жайт аңғарылады. Белгілі бір
эмоциялық жағдайда түстің бір түрінің әсері күшейе түседі, ал сәйкес
келмейтін түс – әсерді бұрмалайды.
Мысалы, Э.Т. Дорофеева жүргізген зерттеудің деректері бойын-
ша «...оңды жағдайлар кезінде қызыл-сары түстер сезімталдықты
арттырады», ал жағымсыз жағдайларда көк түс сезімталдықты арт-
тырады. Түстердің арақатынасына сезімталдық заңдылықтар бой-
ынша артады. Мәліметтерді сондай-ақ эмоциялық жағдайлар мен
жұмыста қолдануға болады (тиісті тарауды қараңыз). Кестеде жағдай
мен түстердің үйлесімдері көрсетілген. (Қ-қызыл, Ж-жасыл, К-көк).
Қуанышты көңіл-күй
Қ
>
Ж
>
Ашушаңдық, ызақорлық,
кекшілдік
Қ
>
Қ
>
Ақкөңілділік, жеңіл масай-
рау, жайлылық
Ж
>
Қ
>
Қайғы, мұң,
жабырқаушылық
Қ
>
Ж
>
Алаңдаушылық, сақтық,
қорқыныш
Ж
>
Қ
>
Ыңғайсыздық, рухани
жайсыздық
Қ
>
Қ
>
Бұдан эмоциялық жағдайларды анықтау кезінде айналадағы
интерьердің түстік арақатынасын есепке алу қажет екені шығады.
Мысалы, әр түрлі үй-жайларда түстердің әр түрлі үйлесімін қарастыру
керек [35].
Балалар бөлмесінің эргономикасы. Балалар бөлмесіндегі жеке-
леген аймақтарды – істер мен ойындарға, заттар мен ойыншықтарға
арналған кеңістікті жобалау үшін «ересектер» бөлмесіне
қолданылатын әмбебап ережелерге ұқсас ережелер пайдаланылады.
94
Бастысы, бала үшін бөлмедегі барлық элементтерге қолжетімділікті
сезінуді сақтау, жиһазға келудің, есіктерді ашу мен жәшіктерді
қозғауды қамтамасыз ету. Жиһаз бұйымдарының арасында мін-
детті түрде ені 60-тан 80 см-ге дейін жететін еркін өтетін жерлер
қалдыру керек, бірақ та егер орын жетіп жатса, 100 см қалдырған
дұрыс, сол кезде ересеке адамға баланы қолынан ұстап өтетін жер
болады. Егер Сіздер қабырғаға қандай да бір көзге түсетін ақпарат
(плакат, оқу тақтасы) орналастырсаңыз, онда баланың көру аймағы
шегінде орналасқан нәрселерді ғана көретін жас ерекшелігін есепке
алу қажет. Мысалы, бұл аймақтың жоғары деңгейі 2-4 жасар бала-
лар үшін 130 см-ді, 4-7 жасар балалар үшін 144-163 см-ді құрайды.
Балалар бөлмесі балаға өлшемдес болатын жағдайларды қамтамасыз
еткен жөн. Мысалы, шкаф сөрелері 180 см-ден биік болмауы тиіс.
Балалар киімі мен аяқкиімінің көлемін есепке ала отырып, шкафтың
тереңдігін де 45-50 см-ге дейін азайтуға болады – бұл бөлмедегі жер-
ді үнемдейді. Балаға арналған орындықтардың биіктігі оның бойына
тікелей байланысты, бірақ орташа көрсеткіштер мынадай: 5 жасар
бала үшін – 26, 5 см. 7 жасар бала үшін – 29 см, үстелдің биіктігі тиі-
сінше 44,5 см және 48 см-ді құрайды. Кеңістікті сауатты жоспарлауға
қол жеткізу қолайлылық пен қауіпсіздікке ғана емес, сондай-ақ дамуға
да ықпал етеді [31].
тәрбиеленушілер үшін жеке кеңістікті ұйымдастырудағы
дербестік. Өз бөлмесіне тазалық жұмыстарын жүргізу баланы
тәрбиелеудің ажырамас бөлігі болып табылады және жауапкершілік
сезімін қалыптастыруға көмектеседі. Мектепке дейінгі жаста бастау
қажет. Тазалық жұмыстарына үйретуді ересек тәрбиеленушілер де
ұйымдастыра алады.
Тапсырманы дұрыс тұжырымдаңыз. Жай ғана «Жина» тала-
бымен шектелмеңіз. Мектеп жасына дейінгі балаға үйіліп жатқан
ойыншықтар төбесінде бағдар алу қиын, ол неден бастауды білмей-
ді. Неғұрлым дәл нұсқаулар беруге әрекеттеніңіз: «Алдымен маши-
наларды жина, содан кейін кітаптарды жинауға кіріс». Тапсырманы
шағын кезеңдерге бөліп, Сіз балаға жинаудың шексіз процесс емес
екенін түсінуіне көмектесесіз және ол бұны толықтай орындай алады.
Ойыншықтарды жинаудың неліктен қажет екендігін түсіндіріңіз.
Сізге, әрине, жинаудың мақсаты белгілі, бірақ мектеп жасына дейінгі
бала үшін ол зеріктіретін іс үшін ойынды қоя тұруды ғана білдіреді.
Кеңістікті балаға қолайлы болатындай етіп ұйымдастырыңыз.
95
Ойыншықтарға арналған себеттер мен жәшіктерге суреттерді
орналастырыңыз, бұл бүлдіршінге қандай ыдыс қандай ойыншықтар-
ға арналғанын есте сақтауына көмектеседі. Балалар журналдар-
дан әрбір қорапта сақталған белгілі бір заттардың (кубтардың,
ойындардың...) суреттерін қырқып алсын немесе суретін салсын.
Суреттің астына ойыншықтың атын жазыңыз (оқи алмайтын балалар
таныс сөздердің жазылуын есіне оңай сақтап қалады).
Ырғақ қосыңыз. Бала жинаумен айналысып жүрген кезде музы-
ка қойыңыз. Осылайша жинау жұмысы көңілдірек жүреді, ал жігер-
лі әуен балаларды қажетті бапқа келтіреді. Немесе балалармен бірге
әнді қосылып айтыңыз.
Жинау жұмысы ойынға айналсын. Балаларға «белгілі бір уақытта
орындап шығу» міндетін ұсыныңыз. Немесе «кім жылдамырақ» жа-
рысын ұйымдастырыңыз.
Өзіңіз қайта істемеңіз. Балалар бөлмені жинау жұмысын
аяқтаған кезде Сіздің ойыңызша мүлтіксіз орындалмаған нәрсені
қайта істемеңіз. Керует тегіс жабылмаған ба? Жабынды түзетудің
қажеті жоқ. Бұл сенімсіздік ретінде түсінілуі мүмкін. Мүмкін бала
ересектер сияқты жинастыруға әлі де шамасы келмейтін, немесе жай
ғана айырмашылықты көрмейтін шығар. Ал түзетуді жинау кезінде
ұсыну пайдалырақ болады.
Жақсы орындалған жұмыс үшін мадақтаңыз. Үйдегі көрнекті
жерге үй жинау жұмысының графигін орналастырыңыз. Бала
жұмысты орындап болған соң, түрлі-түсті стикермен тиісті шар-
шыны белгілесін. Бұл сондай-ақ көрнекті нәтиженің тәжірибелік
деңгейде ғана сақталуы үшін емес, сонымен бірге абстрактілік
түсініктердің іс-әрекеттің ішкі, қосалқы өрісі деңгейінде меңгерілуі
(интериориялану) үшін де пайдалы.
Егер балалар мекемесінің қызметкерлері балалар қызметін
ұйымдастыра отырып, адамға бір рет болса да, табыстың аз болса
да қуанышын басынан өткізуге, қандай да бір нәтиже алуға бекі-
нуіне және топта өзінің қажеттігін сезінуге көмектессе – онда бала
ашылады және балалар үйіндегі одан кейінгі өмірге дайындалатын
болады [36].
Балалардың топтағы өзара қатынастарын зерттеу мен
түземдеу. Тәрбиешілердің маңызды міндеті балалардың бір-бірі-
нен өзара қатынастарына диагностика жүргізу болып табылады.
Бұл үшін аталған мекеменің психологына әрбір бала өз тобының
Достарыңызбен бөлісу: |