102
үшін арнаулы техникалық тәсілдер мен жаттығуларды пайдаланатын
жүргізушінің білікті жұмысы. 7. Қандай да бір мәселеде бәсекелес
ретінде қарастырылуы мүмкін басқа топтың болуы. 8. Топта өзін
топқа қарсы қоюға қабілетті, көпшілік қатысушылардан айырықша
ерекшеленетін адамның болуы (тренингтер ғана емес, күнделікті
өмір тәжірибесінің өзі адамдардың қандай да бір нәрсе үшін күресте
емес, әйтеуір біреуге қарсы күресте ерекше тез топтасатынын
көрсетеді.
Топтасқан топтардың әлеуметтік-психологиялық сипаттама-
лары:
1. Топқа қатысушылар бір-бірімен көбірек араласады. 2. Топқа
қатысушылар бір біріне ықпал етуде ашық. 3. Қатысушылардың топ-
ты тастап кетуі сирек. 4. Топқа қатысушылардың арасындағы бір-бі-
рімен жауласуы аз және оны тез ұмытады. 5. Топқа қатысушылардың
өзін-өзі бағалауы жоғары.
Топтасқан топ нормаларын ұстана отырып, оның мүшелері
онда кең танымал болады, бұл олардың өзін-өзі бағалауының арту-
ына жағдай жасайды. Топтасқан топтың мүшелері алдағы уақытта
топтағы, сондай-ақ топтан тыс жеке тұлғалық қатынастарда кәдеге
асуы мүмкін қарым-қатынас дағдыларын қолдануға бейімделе-
ді. Топтың басқа мүшелерінің ықпалында бола отырып, нормалар-
ды ұстануға мәжбүр болатын олар назар қоя тыңдайды, пікірлерін
неғұрлым ашық білдіреді, өздерін неғұрлым терең зерттейді және
өздері үшін мәнді серіктестерінің тарапынан болатын достық ни-
етті ала отырып, өздерін бұрынғыша ұстауды жалғастыра береді.
Топтасқандықтың нығаюы жауласушылық пен қақтығыстардың
ашық білдірілуіне жол береді. Қатысушылар үшін топта болу
тәжірибесі тартымдырақ болған сайын олар сабақтарға соғұрлым
тұрақты қатысатын болады, және олардың топта қалу және онда
болудан көп пайда алу ықтималдылығы соғұрлым жоғары болады.
Топ топтасқандығының төмендеу себептері мыналар болуы
мүмкін:
1. Топта шағын топтардың пайда болуы (бұның әсіресе құрамы
15 адамнан асатын топтарда орын алу ықтималдығы ерекше; кейде
шағын топтардың арасында пайда болатын жарысушылық топтық
серпінділікті жылдамтады). 2. Топқа келгенге дейінгі топтың жекеле-
ген мүшелерінің арасындағы таныстық (достық, ұнату) – бұл топтың
басқа қатысушыларынан қандай да бір жеке ақпаратты жасыруға,
103
бірін бірі қорғауға ұмтылуға және талас-тартысқа араласпауға, бұл
жұптың топтан жатсынуына әкеледі. 3. Топты артық шиеленіс-
ке, қақтығыстарға әкелуі мүмкін жүргізуші тарапынан болатын
қызықтыратын және біріктіретін ортақ мақсаттың және жүргізуші
ұйымдастырған бірлескен қызметтің жоқтығы.
Топтық серпінділіктің келесі элементі топ дамуының кезеңдері
болып табылады. Кезектілігі мен аралықтары дәл орындалуы міндет-
ті емес, бірақ топ әлеуметтік-психологиялық тетіктерге сәйкес бұл
кезеңдердің бәрінен өтеді.
Топ құрылымының қалыптасуы топ қатысушыларында әр түрлі
топтық рөлдердің пайда болуымен байланысты. Тұтастай алғанда
рөлдердің жиынтығы әрқашан да бірдей болып, топ дамуының
ерте кезеңдерінде қалыптасады. Оларды анықтай білу топта
тиімді қатынастарды жолға қоюға және қатысушылардың
қабілеттіліктерін барынша көкейкестілендіруге мүмкіндік береді.
Келесі рөлдер топта өздігінен пайда болады. Тәрбиелеу проце-
сінде рөлдік қызметтерді олардың иелері орындауын қолдау, сондай-
ақ рөлдерді сезінуде және алмастыруға үйрету маңызды.
Топтық рөлдердің әртүрлі жіктемелері бар. Р.Шиндлер 5 топтық
рөлдерді сипаттап жазды: Альфа - топ сенім білдіретін көшбасшы.
Ол шешімдер қабылдайды және топты оларды орындауға
жұмылдырады. Ол топқа әрқашанда емес, бірақ ықпал етеді,
басқалардан гөрі жиірек және көбірек сөйлейді. Көшбасшы нақты
топта топтың іс-әрекетін үнсіз және байқаусыз басқара алады.
Топтың даму процесінде бір немесе бірнеше көшбасшы пайда бо-
лады. Бұл рөлді өзіне нақты кім алады? Ол топта оны қажетсінуге,
әлеуетті көшбасшының жеке қасиеттері мен топтың бұл рөлге оның
сәйкестігі дәрежесін қабылдауына байланысты. Топ мүшесінің би-
лікке ие болу қабілеттігінің маңызды детерминанттары ол жөніндегі
бірінші әсер мен оның топ дамуына өз үлесін қосуға дайындығы
мен икемділігі болып табылады. Бета- топ үшін маңызды білім
мен тәжірибеге ие сарапшы. Ол ақпарат береді, жағдаятты бірне-
ше жағынан қарастырады, талдайды. Оның мінез-құлқы өзіне сын-
шыл көзбен қарау және ұтымдылықпен ерекшеленеді. Ол топқа ті-
келей емес, тек ақпарат арқылы ықпал етуге әрекеттенеді. Гамма
– көшбасшыны қолдайтын қатысушы. Бұл – топтың «бұқара» деп
аталатын негізгі бөлігі, қатардағы мүшелері. Мұндай мүшелердің
көршілігі өздерін көшбасшымен теңдестіреді. Омега – топтың басқа
104
мүшелері назарға алмайтын, топтың елеусіз мүшесі. Ең шеткі нұсқа
топ құрметтемейтін немесе жоққа шығарған мүшесі. Оның на-
зардан тыс қалуының себебі топтың басқа мүшелерінен қандай да
бір айырмашылығы болуы мүмкін: өзімен өзі болуы, ұялшақтық,
бастамашылықтың жоқтығы. В- көшбасшыға қарсы ашық әрекет
етуші, оппозицияшыл, қарсылас. Ол көшбасшыға оны әділетсіз деп
есептейтіндіктен қарсы шығуы мүмкін, онымен келіспейді. Екінші
жағынан, оның күрес жүргізу себебі ондағы шамадан тыс қайшылық
рухы, кез келген әміршіл тұлғаларға сенімсіздік болуы мүмкін. Ол
да топ бұл рөлге қабылдамаған көшбасшылыққа үміткер бола ала-
ды. Бұл рөлдер психологиядағы барлық нәрселер сияқты таза түрінде
некен-саяқ кездеседі.
Топтық рөлдердің келесі жіктемесін Р.Бэйлз ұсынады. Ол топтың
табысты тіршілік етуі үшін қажетті мінез-құлықтық қызметтердің
екі үлгісін: міндеттерді шешу қызметін; қолдау көрсету қызметін
айқындады. Топтық жұмыс барысында бұл қызметтер әрдайым өзара
әрекеттеседі. Тиімді жұмыс үшін топқа қолдау көрсетумен, сондай-
ақ топ алдында тұрған міндеттерді шешумен байланысты мінез-
құлықтың оңды тәсілдерінің белгілі бір тепе-теңдігі талап етіледі.
Топта мінез-құлықтың бұл қызметтерін орындау үшін қатысушылар
өздеріне белгілі бір рөлдерді қабылдайды. Кейбір қатысушылар
міндеттерді шешу үшін өздеріне маңызды рөлдердің бірін орындау-
ды алады, ал басқалары, өздеріне үйлесімді қатынастарды қолдауға
бағытталған рөлдерді алады.
міндеттерді шешуге байланысты рөлдер. 1. Бастама-
шыл. Топтың проблемалары мен мақсаттарына жаңа идеялар мен
тәсілдер ұсынады. 2. Әзірлеуші. Топ мүшелері ұсынған идеялар мен
ұсыныстарды ой елегінен өткізеді. 3. Үйлестіруші – топты мақсаттарға
қарай бағыттайды, ауытқушылықтарды айқындайды. 5. Баға беруші
– идеяларды сыншыл көзбен бағалайды. 6. Айдап салушы – шешім-
дер қабылдауға итермелейді.
Қолдау көрсетуге байланысты рөлдер. 1. Рух беруші.
Басқалардың бастамаларын қолдайды, бөтен идеялар мен пікір-
лерді түсінетінін білдіреді. 2. Сәйкестендіруші. Топ мүшелері ара-
сында алауыздықтар пайда болған жағдаяттарда делдалдық қызмет
атқарады. 3. Бітістіруші. Басқалардың пікірімен сәйкестікке кел-
тіру үшін қандай бір өз пікірінен бас тартады. 4. Диспетчер. Топ
мүшелерін бір-бірімен араласуға жұмылдырады, оларға көмектеседі,
қарым-қатынас процесстерін реттейді. 5. Нормалаушы. Топта болып
Достарыңызбен бөлісу: |