101
лары. 5. Топ дамуының фазалары немесе кезеңдері. Левин, Лип-
пит және Уайт шағын топтардағы басшылық стильдері жөнінде
классикалық зерттеулер жүргізді. Олар
әміршілік, демократиялық
ымырашыл және салғырт стильдерді бөліп көрсетті және оларды
міндеттерді шешу кезіндегі топтар жұмысының өнімділігімен, со-
нымен бірге қатысушылардың топтарда болғандығы тәжірибиесіне
қанағаттанушылығымен байланыстырды.
Тұтастай алғанда топ адамдардың эмоцияларға толы жеке
тұлғалық байланыстардағы қажеттіліктеріне неғұрлым ойдағыдай
жауап берсе, ол соншалықты топтаса түседі. Топ топтасқан сайын
оның мүшелерінің көзқарастары мен іс-әрекеттеріне топтық бақылау
солғұрлым қатаң болады, онда топтық нормалар қатаң сақталады,
жеке тұлғалардың топтық құндылықтық тәртіптерді қабылдау дәреже-
сі солғұрлым жоғарырақ болады. Топтасқан топта сергек қатынастар
мен өзара қолдау ахуалы қалыптасады, оның мүшелерінде топтық
сәйкестік сезімі қалыптасады. Топтасқандық қатысушылардың ортақ
міндеттерге бейімділік көзқарасы мен эмоциялық берілгендікті ту-
ындатады, топқа ең күрделі жағдайлардың өзінде де тұрақтылықты
қамтамасыз етеді және ортақ стандарттар әзірлеуге жағдай жасай-
ды, олар жеке мақсаттардың әр бағыттылығына қарамастан топты
орнықты етеді.
Топтық серпінділік заңдарын бөліп көрсете отырып, мына-
ны атап көрсетуге болады. Оның жеке мүшесінің мінез-құлқына
қарағанда, тұтастай алғанда топтың мінез-құлқына сырттан ықпал ету
оңайырақ. Адам өзі оған көбірек тәуелді болатын топтың емес, өзін
теңдестіретін топтың мүшесі болуға бейім.
Адам тіпті егер олардың
мінез-құлқы әділетсіз, қысым көрсетуі достықты көздемейтін болып
көрінсе де өзін оларға қатыстымын деп сезінетіндердің арасында
қалады.
Зерттеулерді қорытындылау топтық ынтымақтастыққа жағдай
жасайтын мынадай факторларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
1. Топқа қатысушылар мүдделерінің, көзқарастарының,
құндылықтары мен бағдарларының сәйкестігі. 2. Топтар құрамы
гомотектігінің жеткілікті деңгейі. 3. Психологиялық қауіпсіздік, ізгі
ниеттілік, қабылдау ахуалы. 4. Барлық қатысушылар үшін мәні бар
мақсатқа қол жеткізуге бағытталған белсенді, эмоцияларға толы
бірлескен қызмет. 5. Оңтайлы әрекет етуші қатысушының үлгісі ре-
тіндегі жүргізушінің тартымдылығы. 6. Топтасқандықты күшейту