Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық



жүктеу 9,62 Mb.
бет17/47
Дата22.05.2018
өлшемі9,62 Mb.
#15685
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47

Резюме

В статье исследуются психолингвистические, этнолингвистические аспекты научных трудов видного ученого казахской филологии, академика Р.Сыздык. Характеризуются и анализируются роль ученого в новых направлениях казахского языкознания.



Summary

The article investigates the psycholinguistic, ethno-linguistic aspects of scientific works of the outstanding scientist Kazakh Philology, academician R.Syzdyk. Described and analyzed the role of the scientist in new directions Kazakh linguistics.




ӘДЕБИ ТІЛДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

А.А.Исраилова,

Қайнар университеті,

6М011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығының 2-курс магистранты
Әдеби тіл мемлекеттің ресми тілі болғандықтан оның қызметі де, қолданылу аясы да барынша кең болады. Тіл мемлекетте жүргізілетін іс қағаздарының, әдебиеттің, оқу-ағарту, тәрбие жұмыстарының, саясаттың, өнер-білімнің, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық салаларында қызмет атқарады.

Әдеби тілдің негізгі белгілерінің бірі - бірізділік (унификация). Бұл бірізділік тілдің орфографиясында да, терминологиясында да сақталуы тиіс. Яғни тілдегі сөздердің бірыңғай айтылу нормасы, жазылу нормасы, қолданылу нормасы болуы керек.

Көркем әдебиеттің тілі кей тұстарда әдеби тіл нормаларынан ауытқып кетіп жатады. Ал енді ғылыми әдебиеттің тілі нақты, дәйекті болғандықтан қарапайым сөздер мен ауызекі стильдегі сөздерді кездестіре алмаймыз. Көркем шығарма кейіпкер тілінің ерекшелігін көрсету үшін қарпайым лексиканы қолданатын тұстары болып жатады. Академик Р.Сыздық бұл турасында былай дейді: «Жазба сөз де біркелкі емес: бейтарап (нейтральный) тілдің, яғни ғылыми әдебиеттің, кеңсе іс қағаздары тілінің, бұқаралық ақпарат құралдары тілінің қолданыста өзіне тән нормалары болады. Бұл әдетте ресми тіл, қатаң тіл, тұйық стильдер деп танылса, бұл тілдерден көркем әдебиеттің тіл қолданысы мүлде бөлек тұрады, ол – ашық тіл, мұнда стильдік тұйықтық жоқ, ол жазба тілдің өзге стильдерінің элементтері түгіл, ауызекі сөйлеу тілінің бірліктерін де бойына сіңіре алады. Міне, тілдік нормаларды танып-танытуда осындай бөліністерді қатты ескеру керек» [ 1, 14 б.], – дейді.

Осы ойды ғалым Н.Уәлиевтің де құптайтындығын байқаймыз. Ол: «Әдеби тілдің публицистикалық, ғылыми, іс қағаздар стилі әдетте тұйық системаға жатады. Басқаша айтқанда, осы аталған стильдерде жалпыхалықтық тілдің әдеби тілі аймағынан алшақ жатқан диалектизм, бейәдеби қарапайым тіл, жаргон тәрізді формаларына тән элементтердің қолданылу ықтималдығы жоққа тән болады. Ал көркем әдебиет стилі – ашық система. Сондықтан бұл стильде әдеби тіл аймағындағы сөздермен бірге одан тысқары жатқан бейәдеби қарапайым атаулар, диалектизмдер, жаргон сөздердің қолданылу ықтималдығы жоғары болады» [2, 83 б.] – деген ойын айтып, көркем әдебиет стилі мен ғылыми, публицистикалық, іскери стильдердің ерекшелігін бізге ашып береді.

М.Дулатұлы өз жазбаларының бірінде былай деп жазған болатын: «Бала күнімде оқи-оқи, қызығы басылған ескі қиссалардан басқа қазақта дәмді, мағыналы кітап болмаған соң, орысшаны былай қойғанда, мен әлгі үйренген ноғай әдебиетінен әдет ала бастадым: ноғай газеті, кітаптарында көп ұшырайтын араб, парсыны шын әдеби тіл осы екен деп аңғардым. 1908 жылы «О.Қ.-ты» жазып жүргенімде әлгі «әдеби тілдерді» неғұрлым көбірек кіргізу жағын ескерусіз қалдырмадым. Сол жылдарда «Абай кітабы» һәм «Қырық мысал» шықты. «Қырық мысалды» көргенімде өзімнен-өзім ұялдым. Өзімнің һәм өзім секілділердің адасып жүргенін сонда байқадым» [«Қазақ» 1915, №93]. – деген болатын. Бұл жерде өзінің әдеби тіл деп қате ұғынып жүрген ноғай тілін пайдаланғандығы үшін ұялатындығын айтады. Осыған ұқсас жазушының жазып отырған дүниесін көркемдеймін деп, шектен шығып кететін тұстары да болады. Қазақтың тілі керемет бай тіл, одан өз ойыңды жеткізетін сөзді таппау мүмкін емес. Қазіргі таңда да жас ақын-жазушыларымыздың тілінде көркем әдеби тілден тысқары сөздердің де көбейіп бара жатқандығын көруге болады. 19 ғасырдың әдеби тіл ерекшелігі туралы академик Рабиға апамыз «Мұсылманша хат танығандардың араб-парсы тілдерінен азды-көпті хабары болатыны даусыз. Сондықтан олардың қаламынан шыққан дүниелерде шет тілдік элементтердің, оның ішінде жалпыхалықтық сөйлеу тіліне енгендерден өзге сөздердің ұшырауы заңды» [3, 200б.] – деп түсіндірген еді. Қазіргі кезде де орыс тілін меңгерген, ағылшын тілін білетін жастар тілінде шет сөздердің де кездесуі осы жағдайға ұқсас.

Сонымен, қазіргі қазақ жазушыларының көркем шығармаларының тілінен де ара-тұра көрініс беріп қалатын әдеби нормадан шығып кететін тілдік фактілерді, мысалы, жаргон, вульгаризм, диалектизмдерді т.с.с табуға болады. Расында бұл элементтер әдеби көркем тіл стилінде жетілдіріліп, жақсартылып, типтендіріліп қолданылады. Олар кейде бұрынғыша өз қалпында қолданылатын болса, әдеби емес сөздердің бұлайша пайдалану тілге нұқсан келтіріп, әдеби тіл нормаларын тұрақтандырып, дамытуға кері әсер еткен болар еді. Сол себепті көркем тіл стилінің негізгі қызметі – бұл тілдік және спецификалық стилистикалық құралдарды қолдану арқылы автор ойлағандай оқырман алдында осы шындық жайлы фактінің дамуы мен жойылуының ішкі себептерін мейлінше терең білу және одан шығудың жолдарын табу болып табылады. Осы мақсат негізінде жүзеге асатын көркемсөз тілі стилінің құралдары – жалпыхалықтық тілдің «бейнелі-эстетикалық трансформациясы» [4, 18 б.].

Көркем әдебиет тіліндегі диалектизмдерді зерттеген Ж. Мұхамбетов диалектизмдердің көркем шығарма тілінде кездесуі заңды деп біледі, олардың ішіндегі жарамдысын тілге қабылдағанда тұрған ештеңе жоқтығын айтып өтеді. Мысалы, тілдегі «ковшик» мағынасында қолданылатын бақыраш сөзін әдеби тілімізге қабылдауға әбден болады, себебі әдеби тілімізде осы мағынаны беретін басқа сөз жоқ екендігін айтып өтеді. [34.б]. Сонымен қатар, «тақа сөзінің екінші мағынасы бүгінгі таңда батыс өңірінде сақталған, ал басқа өңірлерде тақа сөзінің баламасы ретінде өкше сөзі қолданылады. Алайда дифференциация принципін басшылыққа алып, аяққа қатысты өкше сөзін қолданып, аяқ киімге байланысты тақа сөзі қолданылғаны жөн деп ойлаймыз. Сол себепті тақа сөзін әдеби тілге енгізуге әбден болады деп есептейміз» [4, 42 б.] - деген пікірін айтады.

Орыс тіліндегі «плавательный пузырь» тіркесінің баламасы ретінде Батыс өңірі тұрғындарының тілінде торсылдақ сөзі қолданылады. Торсылдақ – ақ түсті, жұмыртқаның шеліне ұқсас балықтың ішкі мүшесінің бірі. Екі ұшы жіңішкелеу келіп ішкі омыртқаның ұзын бойын алып жатады. Торсылдақтың іші толған ауа болады. Егер бір жерін тесіп байқасаң, ішінен ауа шығады. Бұл сөзді әдеби тілге енгізуге әбден болады [4, 54 б.]. Шынында да кейбір сөздерді жергілікті тіл баламасынан алып әдеби тілге қосуға да болатын сияқты, бұдан жергілікті тіл ерекшеліктерін әдеби тілді байытудың бірден-бір көзі деп танимыз.

Академик Р.Сыздық қазақ көркем әдебиетінің проза саласындағы лексикалық нормаларды танып-білуде, бүгінгі таңда мынадай сәттерге (объектілерге) назар аудару қажеттігін айтады:

1) диалектизмдердің (жергілікті элементтердің) жұмсалуы, яғни орыс тіл білімінде диалектизация деп аталатын құбылыстың қазіргі қазақ көркем әдебиеті тіліндегі көрінісі, күй-қалпы, өріс алу бағыты;

2) жалпыхалықтық тілге тән бейнелі (образды) сөздерді жұмсау тәсілі, фразеологизмдердің сөгілуі;

3) қарапайым, көне, сирек кездесетін сөздердің жұмсалуы;

4) синонимдерді таңдау, идеографиялық және стильдік синонимдердің қолданысы;

5) лексикалық жаңа қолданыстардың орын алуы (қажетсіз тұста жаңадан сөз жасау немесе қажеті бар жерде ұсынылған жаңа қолданыстың сәтті-сәтсіз болуы);

6) штамп сөздер мен тіркестерді қолдану, сөздердің тіркесу аясын кеңіту арқылы сөз мағыналарын жаңғырту;

7) лексикалық варианттардың қолданысы, яғни морфологиялық, орфографиялық, семантикалық, генезистік т.б. жарыспалы элементтердің дұрыс-бұрыс жұмсалуы;

8) белгілі бір сөз тудырушы элементтердің және синтаксистік тәсілдердің көркем әдебиет тілінде активтенуі;

9) көркем әдеби тіл арқылы лексиканың стильдік жіктерге (поэтизм, қарапайым сөздер, канцеляризм т.т.) ажыратыла түсуі [3, 228 б.].

Терминжасам принциптері бойынша, белгілі бір терминнің баламасын ең әуелі қазақ тілінің өз қорынан іздестіру қажет. Қазақ тілінен балама табылмаған жағдайда басқа түркі тілдеріндегі қолданысына назар аударып, түркі тілдерінен іздестіру керек. Түркі тілдерінен де балама табылмаса, қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарына икемдей отырып, шет сөзді алу керек. Осы тұрғыдан келгенде, әдеби тілде баламасы табылмаған атауларды көненің қалдығын сақтап қалатын жергілікті тіл ерекшеліктерінен іздестірудің мәні зор [4, 52 б.].

Тілімізде қатар қолданылып жүрген символ – нышан/ рәміз; заработная плата – жалақы / төлемақы, еңбекақы; заявка – өтінім / тапсырыс, мәлімдеме деген сөздер бар. Әрине уақыттың өзі керектісін екшеп алады деп жатамыз, бірақ та осыларды термин ретінде бірізге түсіріп алғанымыз жөн болар еді. Қазақ тілінде термин қабылдаудың ғылыми принциптерін негіздеп, халықаралық терминдердің аударуға келетінің аударып, келмейтінін сол күйінде қалдырғанымыз дұрыс еді.

Қазіргі кезде кейбір сөздік қорымызда жоқ сөздерді, кірме сөздерді қолданып, әдеби  тіліміздің сиқын кетіріп жүрген замандастарымыз да бар. Күннен-күнге ұлғайып та бара жатқандай. Тіл мәдениеті – мәдениетті адамның тұлғасын, келбетін бейнелейтін сипат. Ол бір адамның ғана емес, ұлттың, халықтың болашағына әсер ететін ұғым. Туған ана тілінде дұрыс сөйлемейтін, қатесіз жаза білмейтін адамды туған халқының шын мәніндегі мәдениетті, білімді азаматы деп айту қиын. Тіл мәдениеті тіл тазалығын да қамтиды. Сондықтан осы арада лексикамызда жоқ бола тұра, қолданыста жүрген немесе ұғымы өзгеріске енген біраз сөздерді айта кетуді жөн санадық.

Қазіргі кезде қолданыста жүрген мысал ретінде төмендегі сөздерді келтірелік. Бұл сөздердің көпшілігі Қытайдан  елге оралған қазақ бауырларымыздың тілінде кеңінен қолданылады, оларға қарап жергілікті халықтың да қолданысына еніп келе жатыр. Елге оралған бауырларымыздың тілін өзіміздің жерімізде үнемі қолданыста болған сөздермен сусындатудың орнына олардан кей сәттерде құлаққа түрпілеу сөздерді қабылдап жатырмыз. Мысалы:



  1. Қалаймақан. Үйдің іші қалаймақан болып жатыр. Алматы облысында қолданылатынын байқадық. Әдеби тіліміздің нормасына жат. Оның орнына айталатын ойдың мәніне қарай ретсіз, тәртіп жоқ деген сөдерді қолданса дұрыс болар еді.

  2. Таярлық. Тойға таярлық жасап жатырмыз. Бұл сөзді де қытайдан келген қазақ бауырларымыз қолданып жүр. Дайындық, әзірлік, даярлық деген сөздердің орнына қолданылуда.

  3. Албаты. Албаты сөйлей бермеші. «Не болса соны айта бермеші» деген мағынаны береді.

  4. Тәсір. Осы дәрі маған тәсір етті. Қытайдан келген қазақтардың тілінде қолданыста бар. Негізі ұйғыр сөзі. Орнына әсер немесе ықпал етті деген дұрыс.

  5. Тақсы. Тамақ салатын тақсыны берші. Бұл сөзді де қытайдан келген қазақ бауырларымыз қолданып жүр. Ұйғұр сөзі, қазақша тәрелке, табақ деп айтылады.

  6. Көктат. Базардан көктат ала кел. Көкөніс сөзінің ұйғырша баламасы. Көкөністі қолданған дұрыс.

  7. Өткір. Тілімізде бұл сөз жүзі тез кесетін деген тура мағынада, өжет, батыл деген ауыспалы мағынада жұмсалады. Медицинада «соқыр ішектің өткір түрі» деген сияқты қолданыста бар сөз. Орнына «соқыр ішектің ауыр түрі» деген дұрыс болатын сияқты.

  8. Қыжалат. Ақшам болмай қыжалат болып тұрмын. Қытайдан келген қазақтардың тілінде бұл сөз мұқтаждық, зәру, қажет деген мағынада қолданады.  

  9. Рәсім. Балаларды рәсімге түсіру керек еді. Рәсім суреттің орына қолданылып отыр. Дұрыс емес.

  10. Жөткеу. Ұйғыр тілінің әсерімен тасу, тасымалдау, жылжыту, ауыстыру деген мағыналарда ағат қолданылып жүрген сөз.

  11. Ұғысу. Телефонмен ұғыстым. Тілімізде бұл сөз өзара түсінісу, тіл табысу, бір-бірімен мәмілеге келу деген мағыналарда қолданылады. Мұны кеи ағайындар сұрау, сұрап білу деген мағыналарда дұрыс қолданбай жүр.

  12. Сақаю. Тілімізде сақару, есею, кекселену деген мағынада жұмсалатын осы сөзді біраз  адамдар дерттен айығу, сауығу деген ұғымға жаңсақ баламалап жүр.

Ал енді осы әдеби тілдің кемшілігін қалай түзеу керектігін сөз етелік. «Баланы жастан» демекші, өсіріп отырған балдырғандардың бойына тіліміздің тазалығын қалыптастыра білуіміз қажет.

Әдеби тілді түзету алдымен мектеп табалдырығында жүрген кезден әдеби тіл нормаларын дұрыс меңгеруден бастау алады. Ғалым Н.Уәлиев зерттеу еңбегінде сөз мәдениетінің нормативтік аспектісі мен қатысымдық қырының өзара бірлігін былайша тұжырымдайды: “Сөз мәдениеті, алдымен, әдеби тілдің грамматикалық, лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын меңгеру, сонымен бірге бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білу дегенді білдіреді” [ 5, 6 б.].

Яғни сөз мәдениеті, бірінші кезекте, әдеби тіл нормаларын қамтиды да, екінші кезекте, сөйлеу шеберлігі деңгейіне қатысты мәселелерді қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда, сөз мәдениетінің бірінші аспектісі сөз дұрыстығы болуы тиіс екендігі дау туғызбайды.

Ғалым М. Балақаевтың: «Расында қазіргі әдеби тіліміз бір қырынан қарағанда халықтың сөйлеу тілінен пәлендей айырмашылығы жоқ болып көрінеді.

Әдеби тілге қалыптасқан нормалар тән. Халық тілінің байлығы ұшан-теңіз, әр қилы: онда жалпы халыққа ортақ дыбыс сөз байлықтары, грамматикалық құрылыстары болумен қатар, диалектілері де, түрліше айтылып, түрліше ұғынылатын сөздер де бұзылып, құбылып айтылатын грамматикалық тұлғалар да бар, жаргон сөздер де бар. Олар көркем әдебиетте, газет-журналда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, барлық қарым-қатынас, іс-әрекетімізде дәстүрге айналып, жүйелі қалыпқа түседі, жалпыға ортақ тілдік әдеби нормалар пайда болады. Бұлар тілдің өн бойында фонетикада, орфоэпияда, орфографияда, терминдерде, төл, басқа да кірме сөздерде, грамматикалық құрылыста бар. Әдеби тіл сөйлеу тілінде бардың бәрін емес, тиімді байлықтарын бойына сіңіреді де, керсінше сөйлеу тіліне ықпалын тигізеді. Осыдан келіп әдеби тілдің екі түрі пайда болады: бірі әдеби тілдің жазба түрі, екіншісі әдеби тілдің сөйлеу түрі», [6, 21]  – деген өте құнды пікіріне қосылатынымызды білдіреміз.

Тілдік нормалар сөз дұрыстығы деген ұғыммен барабар келеді. Тіл үйрету де дұрыс сөйлеудің жолдарын таныту арқылы жүзеге асырылады. Мәдениет пен білімділіктің айғағы болар әдеби тілімізді ластамайық!



Әдебиеттір:

  1. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1993. – 319 б.

  2. Уәлиев Н. Кейбір этнографизмдердің лексика-семантикалық аясы // ҚР ҰҒА Хабарлары. - 2000. - №2.

  3. Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Атамұра, 2005. – 272 б.

  4. Ж.Мұхамбетов Көркем мәтіндердегі диалектизмдердің этномәдени мәні. фил.ғ.канд. ... дисс. :10.02.02. – Алматы, 2007.

  5. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. -Алматы: Мектеп, 1984. -119 б.

  6. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы: Мектеп, 1996. – 206 б.

Резюме

В статье рассматривается о литературном языке. Опорные слова: литературный язык, литературная норма, термин, описание литературного языка



Resume

Prop words :language literary Kazakh, you language literary, literary undertaking, general literary language, norm of language literary.



БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

А.Каримова,

ҚазМемҚызПУ 1-курс магистранты

Алматы. Қазақстан
Тілдік бірліктермен бірге жұмсалып, сөйлеу хабарының құрамында берілетін вербалды емес (тілдік емес) құралдарды зерттейтін тіл білімінің басты бөлімі – паралингвистика.

Паралингвистика тілдік қатынас кезінде ақпарат мәнін жеткізу үшін вербалды құралдармен қатар айтылым ішіне енгізілетін вербалды емес құралдардың тілдегі қолданылуын қарастырады.

Ғалымдар қатысымда өзара сөйлесу әрекеті үш түрі вербалды құралдармен іске асырылатынын айтады.

Паралингвистикалық құралдар баяншының әлеуметтік жағдайы, жас мөлшері, мінез-құлқы туралы қосымша мәліметтер береді, коммуникацияға тікелей қатысатын мимика, ым, ишара тілін қарастырады.

Қазақ халқының тұрмысында қолданылатын сан алуан бейвербалды амалдар – ұлтымыздың салт-сана, тәлім-тәрбие, әдеп, үлгі-өнеге, тағылым және таным саласындағы ғасырлар бойы жинақталған, дәстүрге еніп, қалыптасқан бай қазыналарының бір тармағы. Қазақ тіліндегі бейвербалды амалдар ұлттың болмысынан, мәдениетінен хабардар етеді.

Қ.Жұбанов кейбір қимыл-әрекеттердің тілді білмесе де, барлық халыққа түсінікті болатынын айтады: «Жылау мен күлуді сол тілмен сөйлейтіндер болмай-ақ кім болса сол түсінуге болады. Жылап не күліп отырған қазақ болса, мұны көріп, естіп тұрған, өзі қазақша білмейтін орыс, неміс, қытай әлгі қазақтың жылап отырғанын не күліп отырғанын біле алады. Олай болса, жылау мен күлу адам болған жердің бәріне түсінікті». Ғалым кейбір қимылдардың барлық халыққа ортақтығын сөз етед[1, 7].

Қазіргі таңда қазақ тіліндегі бейвербалды амалдар жан-жақты зерттеле бастады.

Күнделікті тұрмыста адамдар бір-бірімен белгілі бір дыбыстар арқылы ғана емес, қимылдар арқылы да түсінісе алады. Бейвербалды амалдар ишара, дене қалыбы, қол қимылы, бет қимылдары арқылы, просодикалық амалдар арқылы да жүзеге асады.

Кейде сөз арқылы жеткізе алмаған ойымызды қол, бас, дене қимылдарын қолдану арқылы толық түсіндіруге болады. Мысалы:

- Мына көшені айтып жібересіз бе?

- Анау үйді көріп тұрсыз ба? – деген диалогта нұсқау, көрсету қимылы

қолданылып, сол арқылы түсіндіруші адам өз ойын нақты жеткізіп тұр.

Адамның әрқилы көңіл-күйінің толқуы мен қуанышы(эмоция) әсерінен айтылатын сөз орамдары болады. Кез келген халықтың тілін алсақ та, онда ұлттық болмыстың ұғымына қатысты көңіл-күй көріністерін байқаймыз. Әр халықтың жылдар бойы қалыптасқан мінез-құлқы мен салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық-менталитетіне қарай көңіл-күй көріністерін қолдануы мен айтылуында ұқсастықпен қоса ерекшеліктерін де көруге болады.

Ш.З. Зекенова «Көркем шығармаларда кездесетін кейбір бейвербалды элементтердің ұлттық-мәдени ерекшеліктері» атты мақаласында «Этномәдени және тұлғаның ұлттық ерекшелігі, мәдениеті, әлеуметтік жағдайлары, психологиялық ерекшеліктері» бейвербалды амалдар арқылы байқалатынын айта келіп, этномәдени белгілер коммуникация кезінде қолданылатын қимыл әрекеттер жөнінде мәлімет берумен қатар, жеке тұлғаның мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, психологиясы туралы да хабардар ететінін сөз етеді[2, 57.].

Б.Момынова «коммуникацияның бейвербалды элементтеріне, яғни ым ишаратқа, дене қимылдарына қарап отырып, адамның қай ұлттың, қай құрлықтың өкілі екенін» шамалауға болатынын, «өйткені әрбір ұлттың дене тілінің өзіндік сипаты ерекшелігі бар және осы ерекшеліктер көбінесе фразеологизмдерге негіз болып» табылатынын дәлелдейді [3, 57.]. .

Шығыс елдерінің ұлттық-мәдени ерекшеліктеріне орай қолданылатын кинемалар еуропалықтардан ерекше. Қазақ мәдениетінде ым мен ишара, емеуріннің ұтқыр сөз орамдарымен қатар қоса қолданылуы – келелі ойдың қорытындысы.

Ш.З.Зекенова оны мынандай мысал арқылы дәлелдеп көрсетеді: Асқан шешендігімен, тапқырлығымен ел ішінде аты аңызға айналған Шоң мен Ақтайлақ билердің емеурін, ыммен “сөйлесуін” алуға болады:

Ақтайлақ тоқтап:

-Шоң, Шоң! - деп, дауыстайды.

-Шоң жалт қарайды. Ақтайлық қолын көпке бір сілтейді, көкке бір сілтейді де ернінің қасын ұрады. Екі би түсінісіп дау осы ишаратпен бітеді.

Жанындағылар емеурінде түсінбей сұрағанда, Шоң былай деп шешіп берген екен:

Ат үстінде тұрып қолымен ымдағаны – менің тұрмысымды көкте

құдай білсін, жерде екеуміз-ақ білейік, кедейлігімді ешкімге айтпа дегені,-депті.

М.П.Ешимов бейвербалды амалдардың ішінде ең көп тарағаны кинесикалық амалдар екенін айтып, оған мынандай анықтама береді: «Кинема дегеніміз кез-келген аяқталған немесе өз бетінше келтірілген ым-ишаралық қимылдар» [4, 57.].

Яғни бейвербалды амалдар белгілі бір халықтың ұлттық болмысы мен мәдениетінен хабардар етумен бірге, қандай бір ақпаратты білдіреді және жеке өз алдына да мағлұмат бере алады.

Адамдар қарым-қатынас жасаған кезде ұлттық ерекшеліктермен қатар бейвербалды амалдардың универсалды қасиеттерін білдіретіндері де аз емес.



Кейбір қимылдардың қарым-қатынас кезінде жасалуы жағынан бірдей болғанымен, мағыналық тұрғысынан айырмашылығы да болады. Бейвербалды амалдардың универсалдық, ұлттық, мағыналық тұстары, ерекшеліктері мен ұқсастықтары қазіргі тіл білімінде тиісті дәрежеде зерттеліп, жан-жақты қарастырылуда.





такесика


проксемика





1-сурет – паралингвистиканың салалары

М. П. Ешимов «қарым-қатынастық актіде адамдардың дене қалпы маңызды рөл» атқаратынын, «қарым-қатынас кезінде адамдар отырып, тұрып, жантайып, малдас құрып отыруы мен әйелдердің бір аяғын бүгіп, жамбастап отыруы қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерінен хабар береді. Осы аталған проксемикалық амалдар қарым-қатынас жасаушының ойын, әлеуметтік жағдайын» суреттейтінін айтып, мынандай мысал келтіреді: Сөйтсе де Жәнібек ханды, сыйлаған қарттар, аяқтарын көсіліп жастыққа жантаймайды, сол малдастарын құрып отырған қалыптарынан қозғалмады.[4,167].



жүктеу 9,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау