Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:
(АБ1+АБ2)∙0,3 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы
Оқу курсының типі: ТК
Пәннің мақсаты: Магистранттарды бiлiмді жалпылау және жүйелеу нәтижесiнде бiртұтас ғылыми дүниетаным қалыптастыру, табиғат пен қоғам құбылыстарының өзара байланыстылығын көрсету арқылы материялық әлемнің бірлігін түсіндіру болып табылады.
Пәннің негізгі міндеті 7М01504-«Физика» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
– магистранттарды физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды ғылыми талдауға бағыттау;
– сабақтас пәндер әдебиеттерін талдау, магистранттардың интеграцияланған біліктілігін қалыптастыру, сонымен бірге оларды білімалушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, басқару және бағалауға дайындау;
– пәнаралық мазмұндағы есептерді шешуде техникалық құралдар мен инновациялық оқыту технологияларын (компьютерлік техника) оқыту процесінде пайдалануға дағдыландыру;
– жалпы орта білім беретін мектептерде және басқа да оқу орындарында пәнаралық байланыстағы қолданбалы курстарды оқытуға дайындау;
– оқыту үдерісінде жалпы адамзат құраушысы ретіндегі нақты жаратылыс-ғылыми дүниетаным қалыптастыру және пәнаралық байланыстар бойынша оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау болып табылады.
«Физикалық ұғымдарды қалыптастыруда пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың әдістемесі» пәнін оқыту нәтижесінде магистрант:
– іргелі физикалық теориялар мен физикалық мысалдардың мазмұнын дұрыс сәйкестендіріп, физикамен пәнаралық байланыстағы басқа салаларда тиімді қолдануды;
– болашақ кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің қоғамдық мәні мен маңызын;
– білімалушылардың физика бойынша білім, білік, дағдыларының қалыптасуын бақылау құралы болып табылатын пәнаралық байланыстарды, сонымен қатар жалпы білім сапасын арттыру жолдары мен мүмкіндіктерін білуі тиіс;
– физика бойынша ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттердегі оқу материалдарын талдауды және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру тәсілдерін меңгеруі тиіс.
4.Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
Сабаққа қатысу міндетті, кешігуге болмайды. Сабаққа кешігу және сабақта болмау 0 баллмен бағаланады.
Тапсырмаларды (МӨЖ, МОӨЖ, аралық, бақылау, практикалық, жобалық және т.б.), емтиханды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Академиялық құндылықтар:
Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлерінде көшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырмау керек.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес ала алады.
5. Ақпараттық ресурстар: (Интернет-ресурстарды қоса алғанда)*
Оқу әдебиеті:
Негізгі әдебиеттер:
1. Физика 7-11. Орта мектеп оқулықтары.- Алматы: Мектеп, 2011.
2. Межпредметные связи в процессе обучения. – М.: Просвещение, 1988. – 192 с.
3. Межпредметные связи курса физики в средней школе / Ю.И. Дик и др –М.: Просвещение; 1987.-191 с.
Достарыңызбен бөлісу: |