Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы «15» тамыздағы



жүктеу 0,61 Mb.
бет1/3
Дата05.03.2018
өлшемі0,61 Mb.
#11646
  1   2   3


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2017 жылғы «15» тамыздағы

№ 410 бұйрығымен бекітілген _____




2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттамасы

(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 435 бұйрығымен (бұдан әрі – 29.08.2017 ж. № 435 бұйрық)

енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
1. Жалпы ережелер

1. Осы 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттаманы (бұдан әрі – Конкурстық құжаттама) ғылым саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа (бұдан әрі – конкурс) қатысуға өтінімдерді дайындау мақсатында әзірледі.



Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді 29.08.2017 ж. № 435 бұйрықпен.

2. Конкурс «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Елбасының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және басқа да бағдарламалық құжаттарды іске асыруға бағытталған 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) гранттық қаржыландыру бойынша өткізіледі.

3. Конкурстың мақсаты - ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін, ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының, сондай-ақ ғалымдардың ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді жүргізуге гранттық қаржыландыруды бөлу.

4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі уәкілетті орган болып табылады.



5. 2018-2020 жылдарға қаржыландырудың жалпы сомасы 28,6 млрд.теңге.


  1. Басым және мамандандырылған ғылыми бағыттардың атаулары




Басым бағыттар


Мамандандырылған ғылыми бағыттар

1. Табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын тиімді пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен құрылымдар

Ескерту. 1-кіші бөлімге толықтыру енгізілді

29.08.2017 ж. № 435 бұйрықпен.

1.1 Химия ғылымы саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер

1.2 Топырақ ғылымы саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер

1.3 Пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру және геология

1.4 Минералды шикізаттарды кешенді пайдалану

1.5 Су, топырақтық және биологиялық ресурстарды басқару

1.6 Қоршаған орта объектілерін және «жасыл» технологияларын мониторингтеу

1.7 Көмірсутек шикізаттарын кешенді өңдеу

1.8 Композициялық материалдар

1.9 Наноматериалдар мен нанотехнологиялар

1.10 Биомедициналық материалдар мен биологиялық белсенді заттар

1.11 Табиғи шикізаттар пен техногендік қалдықтардың негізінде көп мақсатта қолданылатын жаңа материалдар

1.12 Өнеркәсіптік биотехнология

1.13 Биопрепараттардың продуценттер штаммдарын өндіру технологиясы

1.14 Пайдалы қазбалардың кен орындарын өндеу, барлау және іздеу жүйелері

1.15 Табиғи және техногендік кен шикізаттарын байыту, кешенді алу және қайта өндіру жүйелері.

1.16 Кенсіз пайдалы қазбаларды қолдану мен шығару

1.17 Металдар мен материалдарды өндіру және өңдеу

1.18 Суды тиімді пайдалану жүйелері

1.19 Ағын суларды, газдан тазалау және тозаң тұтуды тазалау жүйелері

1.20 Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жүйелері

1.21 Биологиялық түрлілікті қолдау жүйелері

1.22 Парниктік газдар шығарындыларының деңгейін төмендету және энергияның баламалы көздерін қолдану жүйелері

1.23 Жерлердің шөлейттенуін және тозуын болдырмау бойынша жүйелер

1.24 Ақпараттық жүйелер және деректер базасы

    1. Каталитикалық жүйелер мен технологиялар

1.26 Арнайы қасиеттері бар полимерлі материалдар

    1. Тоқыма және жеңіл өнеркәсіптер үшін функционалдық материалдар

    1. Ғимараттар мен имараттардың жаңа құрылыс құрылымдары, құрылыс материалдар мен бұйымдарды өндіру технологиялары, сейсмотұрақты құрылыс және имараттардың қауіпсіздігі, жаңа архитектуралық нысандар




2. Энергетика және машина жасау

2.1 Жылу және электр энергетикасы және энергетикалық сектордың қоршаған ортаға тигізетін әсері, энергия үнемдеу

2.2 Баламалы энергетика және технологиялар: энергияның жаңартылған көздері, ядролық және сутектік энергетика, энергияның басқа көздері

2.3 Көліктік, ауылшаруашылық, мұнайгаз және тау-кен-металлургиялық машина жасау


3. Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану саласындағы ғылыми зерттеулер



3.1 Зияткерлік ақпараттық технологиялар

  • Басқару және шешімдерді қабылдау зияткерлік жүйелері (оның ішінде, нақты уақыт тәртібінде)

  • Сөйлеу технологиялары және компьютерлік лингвистика

  • Кескіндерді өңдеу және бейнелерді танып білу

- Биоинформатика

  • Машиналық оқыту (machine learning)

  • Зияткерлік роботты техникалық жүйелер

  • Макроэкономикалық саясаттың, қор және қаржы нарығының зияткерлік ақпараттық технологиялары

  • Ғылыми және электрондық білім беру процестеріндегі смарт технологиялары

  • Индустрия үшін жаңа технологиялардың негіздері: қосымша және виртуалды шынайылық жүйелері, 3D-принтинг және басқа аддитивті өндірісі, Заттар интернеті

3.2 Телекоммуникациялық технологиялар

  • Байланыс, мәліметтерді жіберу желілері жүйелерінде басқару және оңтайландыру (оның ішінде, мультисервистік платформаларда: мобилдік және ойын интернет технологияларында)

  • Телекоммуникациялық жүйелердегі технологиялар және бағдарламалық-техникалық құралдар

  • Онлайн сауда, цифрлық банкинг және басқа да цифрлық қызмет үшін ақпараттық-коммуникациялық жүйелер

3.3 Ғарыштық технологиялар:

  • Ғарыштық және геодинамикалық процестерді, табиғи ресурстарды және Жерді қашықтықтан зондтауды мониторингтеу және болжау

  • Ғарыштық техника және жерүстілік-ғарыштық инфрақұрылымдар үшін аппараттық-бағдарламалық құралдар мен аспаптарды әзірлеу технологиялары

  • Алыс және жақын ғарышты зерттеудің ғылыми және эксперименттік базасын дамыту

3.4. Жоғары өнімділік есептеу технологиялары

  • Big-data технологиялары

  • Геоақпараттық технологиялар және жүйелер

  • Есептеу жүйелерінің сәулеті және техникалық қамтамасыз етуді жобалау технологиялары: Бағдарламалық логикалық интегралдық сұлбасы, кристаллдағы жүйе және т.б.

  • Ақпараттық-іздестіру жүйелері

3.5. Ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау әдістері мен жүйелері

  • Ақпараттық қауіпсіздіктің күрделі жүйелері мен деректерін қамтамасыз етудің әдістері мен алгоритмдері

  • Ақпаратты қорғаудың технологиялары және бағдарламалық-техникалық құралдары

3.6. Жаратылыстану ғылымы саласындағы ғылыми зерттеулер

  • Математика саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер

  • Физика және астрономия саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер

  • Информатика саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер

  • Математика, физика және астрономия салаларындағы математикалық және компьютерлік модельдеу

4. Өмір және денсаулық туралы ғылымдар


4.1 Биология саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер

- Молекулалар үстіндегі кешендердің биомолекулалық құрылымы және функциялары. Геннің дәлділігін, жасушалық белгінің жүйелерін реттеудің молекулярлық-генетикалық механизмдері. Молекулярлық медицина. Биоэнергетика. Биоинформатика

- Өсімдіктердің, жануарлар мен адамның өмір сүруінің физиологиялық, биохимиялық және молекулярлық-генетикалық механизмдері, олардың мекен ету ортасының биотикалық және абиотикалық факторларына бейімделуі

- Микроағзалардың, саңырауқұлақтар мен балдырлардың өмір сүруінің биохимиялық, физиологиялық және молекулярлық-генетикалық механизмдері. Оларды биотехнологияда қолданудың теоретикалық және практикалық негіздері

- Экологияның мәселелері. Қазақстан Республикасының өсімдік және жануар әлемінің биоәртүрлілігін сақтау мәселелері және жағдайын бағалау. Биологиялық ресурстарды рационалды пайдалану және ұдайы өндірісінің ғылыми негіздері.

- Жаңа дәрілік заттарды іздестіру, олардың фармакологиялық зерттеуі және дәрілік препараттардың өзіндік өндірісінің технологиялары

4.2 Ғылыми-инновациялық биомедицина

- Регенерациялық медицина (жасушалық технологиялар, жасанды мүшелер)

- Медицина және наномедицинадағы биотехнологиялар

- Дербестендірілген және трансляциялық медицина

4.3 Қоғамдық денсаулықтың негізі ретінде профилактикалық ортаны қалыптастыру. Экология және денсаулық.

4.4 Әлеуметтік маңызды аурулардың ауыртпалығын төмендету

4.5 Еркек және әйел адамның репродуктивтік денсаулығы.

Салауатты балалық шақ.

4.6 Отандық фармацевтикалық ғылымды және өнеркәсіптік биотехнологияны дамыту


5. «Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)


1. Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер

1.1. Ғылымды қажет ететін бәсекеге қабілетті өндірістердің (экономикалардың) дамуын әлеуметтік-экономикалық жағдайларын зерттеу

1.2. Заманауи жағдайдағы мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатын іске асыру саласындағы зерттеу

1.3. Әлеуметтік және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері және пәнаралық зерттеулер

1.4. Қоғам мен мемлекетті жаңғырту жағдайындағы мәдениет, дәстүрлер, құндылықтар салаларындағы зерттеулер

2. XXI ғасырдың білім беру мәселелерінің іргелі және қолданбалы зерттеулері

3. Қоғамдық сананы жаңғырту мәселелерінің іргелі және қолданбалы зерттеулері:

3.1. Жаңа гуманитарлық білім.

3.2. Туған жер. Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім

3.3. Қазақстанның рухани қасиетті жерлері. Қазақстанның киелі географиясы.

3.4. Тарих, мәдениет және тіл ортақтылығы. ЖаҺандық әлемдегі заманауи қазақ мәдениеті.



6. Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі

1. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы

2. Ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

3. Қарқынды егін және өсімдік шаруашылығы

4. Фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

5. Ауыл шаруашылығы өнімдерін және шикізатты қайта өңдеу мен сақтау

6. Агроөнеркәсіптік кешенді жаңғыртуды техникалық қамтамасыз ету

7. Ауыл аумақтарын тұрақты дамыту

8. Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін ендіру және коммерцияландыру


7.Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпия таңбасыз)

Ескерту. 7-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді

29.08.2017 ж. № 435 бұйрықпен.

Іргелі ғылыми зерттеулер

  1. Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің жалпы теориясы

2. Мемлекеттің әскери ұйымын дамыту

Қолданбалы ғылыми зерттеулер

  1. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

  1. Қорғаныс-өнеркәсіптік кешенін, қаруландыру және әскери техниканы, әскери-ғарыштық технологияларды дамыту

  1. Әскери қауіпсіздік және әскери өнер салаларындағы зерттеулер

  1. Ланкестік пен экстремизмге қарсы іс-қимыл, барлау және қарсы барлау қызметі

  1. Құқық қорғау органдарының қызметтерін қамтамасыз ету


3. Гранттық қаржыландыруға арналған өтінімді ұсыну тілі
1. Гранттық қаржыландыруға арналған өтінім мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.
4. Гранттық қаржыландыруға арналған өтінімнің нысаны мен мазмұнына талаптар, қоса қаржыландырудың көлемі және жағдайлары
1. Конкурсқа қатысу өтінімдері 1-қосымшаның талаптарына сәйкес болуы керек және осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес жасалады. Жобаның ілеспе хаты, қысқаша сипаттамасы және өтінімі Конкурстық құжаттамаға 3, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасалады.

Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді 29.08.2017 ж. № 435 бұйрықпен.

2. Өтінімдер қағаз және электрондық нұсқада (дискіде), екі данада, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне мына мекен-жайы бойынша беріледі: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11-кіреберіс, 1039-кабинеті.

3. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасының 10-тармағының талаптарына сәйкес өтінімдерде жеке тіркеу нөмірі (бұдан әрі - ЖТН) болуы қажет.

ЖТН-ды алу үшін тапсырыс беруші конкурсты жариялаған сәтінен бастап өтінімдерді қабылдаудың соңғы күніне дейін конкурс қатысушылары «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның (бұдан әрі - Орталық) интернет-ресурсында is.ncste.kz мекенжайы бойынша Орталықтың ақпараттық жүйесінде өтінімнің электрондық нұсқасын салу арқылы өтінімді тіркеуге тиісті.

Мерзімнің аяқталуынан кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

4. Орталықтың ақпараттық жүйесінде тіркелгеннен кейін ЖТН өтінімнің қағаз нұсқасының бірінші бетінде қойылады.

5. Гранттық қаржыландыруға арналған өтінім жобаны іске асыру мерзімі 3 жылдан аспауы туралы ақпаратты қамтуы керек.

6. Өтінім тігіліп, қағаз пломбасымен бекітілу керек, пломбаның үстінде тігілген және нөмірленген парақтар жайлы жазба болу керек және өтінім берушінің уәкілетті тұлғасының дөңгеленген мөрімен қоса қолымен расталған (заңды тұлғалар үшін) немесе белгіленген тәртіппен расталған жеке тұлғаның қолы болуы тиіс.

7. Өтінім берушінің авторлық және/немесе басқа да құқықтарына зиян тигізетін әлеуетті әшкерелеу, мемлекеттік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат өтінімде болмауы тиіс.

8. Өтінімнің мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:

- жалпы ақпарат;

- жобаның сипаттамасы;

- зерттеу әдістері және этикалық мәселелер;

- жобаны жоспарлау және басқару;

- зерттеушілер тобы;

- зерттеу ортасы;

- күтілетін нәтижелер;

- библиография;

- қосымшалар.

9. Келесі талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер өтінім берушілерге қайтарылады:

1) ЖТН-ні болмаған өтінімдер;

2) өтінімді ресімдеуі осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер;

3) талап етілген құжаттардың толық емес көлемде ұсынылған өтінімдер;

4) плагиат және өтінім тақырыбының немесе мазмұнының мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға бұрын немесе бір уақытта берілген объектілерімен қайталану фактілері анықталған өтінімдер (көрсетілген фактілер болған жағдайда дәлелдер, негіздемелер келтірілуі, оның ішінде техникалық құралдарды қолдану және мамандануы мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісіне сәйкес келетін тәуелсіз мамандарды тарту арқылы келтірілуі тиіс);

5) конкурс қатысушыларында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы куәлігі болмаған өтінімдер;

6) электрондық нұсқасы қағаз нұсқасына сәйкес келмеген өтінімдер;

7) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісі бойынша бұрын алынған шекті бағаның төмен болған немесе ғылыми этиканы бұзу фактілері анықталған өтінімдер;

8) этика мәселелері бойынша орталық немесе жергілікті комиссиялардың оң қорытындысы (адамдарға және жануарларға жүргізілетін биомедициналық зерттеулер үшін) болмаған өтінімдер;

9) мемлекеттік бюджет қаражатынан бұрын қаржыландырылған немесе қазір қаржыландырылып отырған жобалар бойынша өтінімдер.

10. Өтінім мәліметтерге қосымша жобаны ішінара қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін жеке әріптес тарапынан қоса қаржыландыруды тарту туралы мәліметтер бере алады. Олардың іске асыру мерзімдері мен салым сомасы көрсетілген қоса қаржыландыру туралы келісім тараптар ниеттерін растау болып табылады. Жеке әріптестің болуы өтінімді қарауда және гранттық қаржыландыру алатын жеңімпазды айқындауда басым шарттардың бірі болып табылады.


5. Әлеуетті орындаушыларға қойылатын біліктілік талаптар, сондай-ақ қажет болған жағдайда өзге де мәліметтер мен ерекше талаптар және қаржыландыру сомасы


  1. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары және олардың ұйымдары тең шарттармен қатысуға құқылы.

  2. Жобаның ғылыми жетекшісінің ғылыми жұмыс өтілінің тәжірибесі кемінде 5 (бес) жыл, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы/ғылым кандидаты) немесе философия докторы (PhD) дәрежесі немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі болуы тиіс.

  3. Жетекшінің ғылыми зерттеулер саласы және (немесе) оның ғылыми жұмысының тәжірибесі ғылыми жобаның бағытына сәйкес келуі тиіс.

  4. Жобаның жетекшісі 2012 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңнен өтінім берген сәтке дейін:

  1. жаратылыстану, медициналық, нақты және техникалық ғылымдар салалары үшін:

іргелі зерттеулер үшін: Web of Science немесе Scopus деректер базасымен индекстелетін рецензияланған шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде бір жарияланым, сондай-ақ шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде бір жарияланым, және отандық басылымдарда кемінде бір жарияланым;

қолданбалы зерттеулер үшін: Web of Science немесе Scopus деректер базасымен индекстелетін рецензияланған шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде бір жарияланым, немесе кемінде бір қорғау құжаты, сондай-ақ шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде бір жарияланым, және отандық басылымдарда кемінде бір жарияланым;

2) қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, ветеринарлық ғылымдар саласындағы бағыттар үшін - шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде бір жарияланым, сондай-ақ кемінде бір қорғау құжаты немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім беру және ғылым саласын бақылау комитетімен (бұдан әрі – БҒСБК) ұсынылған отандық журналдарда кемінде бір жарияланым, және отандық басылымдарда кемінде бір жарияланым болуы тиіс.


  1. Жеке тұлға (зерттеу тобы мүшелерінің ішінен), оның ішінде ұйымның басшылары, осы жобаның іске асырылу кезеңі мен осы конкурстың шеңберінде екіден аспайтын жобаның ғылыми жетекшісі болуға немесе бірден аспайтын жобаның ғылыми жетекшісі және бірден аспайтын жобаның орындаушысы болуға құқылы.

Ескерту. 3, 4, 5-тармақтарға өзгерістер енгізілді 29.08.2017 ж. № 435 бұйрықпен.

  1. Ғылыми жетекшісі болып табылмайтын жеке тұлға (зерттеу тобы мүшелерінің ішінен) 2 (екіден) аспайтын жобаға орындаушы болуға құқылы.

  2. Зерттеу тобының құрамына шетелдік ғалымдар, сондай-ақ өндірістен инженерлер, коммерцияландыру бойынша мамандар/брокерлер тартылуы мүмкін.

Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді 29.08.2017 ж. № 435 бұйрықпен.

  1. Жобаның кемінде 30% орындаушысы 35 жасқа дейінгі жас мамандар, оның ішінде PhD докторлары, магистранттар болуы қажет.

  2. Жобаны жүзеге асыруға қажетті сұралатын қаржы сомасы келесі көрсетілген шамада болуы қажет:

1) әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар үшін – жылына кемінде 5 млн. теңге және жылына 30 млн.теңгеден артық емес;

2) жаратылыстану, нақты және техникалық ғылымдар үшін:

- іргелі ғылыми зерттеулер бойынша – жылына кемінде 15 млн. теңге және 50 млн.теңгеден артық емес;

- қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша - жылына кемінде 20 млн. теңге кем емес және 80 млн.теңгеден артық емес.

Зерттеулердің негізгі нәтижелері бөлінген қаржы көлемімен өлшемдес болуы қажет.


  1. Қаржыландыру үшін мақұлданған жобалар Қазақстан Республикасында іске асырылуы тиіс. Жобаның жетекшісі Қазақстан Республикасының резиденті болуы қажет.

  2. Қаржыландыру көлемі сұралатын қаржыға сәйкес анықталады.

Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді 29.08.2017 ж. № 435 бұйрықпен.

  1. Гранттық қаржыландыру қаражатын гранттық қаржыландыруға арналған өтінімге сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға тікелей басшылық жасау үшін өтінім беруші тағайындайтын жобаның ғылыми жетекшісі бөледі.

  2. Гранттық қаржыландыру қаражаты ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға конкурсқа қатысуға арналған өтінімде көрсетілген ғылыми зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты шығындарға, өтінімнің мақсаттары мен міндеттеріне жетуге жұмсалады. Конкурстық өтінімде көрсетілген шығын түрлері осы конкурсттық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес болуы тиіс.

  3. Гранттық қаржыландыруға бөлінген қаражатты тиімсіз және негізсіз пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жауапкершілікке жауапты болады.

  4. Жобаларды орындаушы-ұйымның жетекшілері гранттық қаржыландырудың қаражатын ұстап қалуға жол бермейді.

  5. Бір жабдық құны 4000 АЕК-тен асқан жағдайда, оның мемлекеттік ұйымдар жанында жұмыс істейтін, ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханаларда болмауын жазбаша растау, оны сатып алу қажеттілігінің негіздемесі ұсынылады.

  6. Мемлекеттік емес ұйымдар болып табылатын өтінім берушілер гранттық қаржыландыру шеңберінде сатып алынатын құны 4000 АЕК-тен асатын жабдықты жобаны іске асыру аяқталғаннан кейін алты ай ішінде мемлекеттік ұйым жанында жұмыс істейтін ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертхананың теңгеріміне береді.

  7. Өтінім беруші заңнамаға сәйкес есеп беруді және есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді.

  8. Жоба шеңберінде мемлекеттік ұйымдар сатып алған жабдықтар, құралдар және (немесе) мүкәммалдар олардың теңгеріміне тіркеледі.

  9. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асырудың қорытындылары бойынша бүкіл кезеңде келесі нәтижелер алынуы тиіс:

1.1. Жобалар бойынша жариялануы тиіс:

1) жаратылыстану, медициналық, нақты және техникалық ғылымдар саласында – Web of Science немесе Scopus деректер базасымен индекстелетін нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланған шетелдік ғылыми басылымдарда: іргелі ғылымдар үшін – кемінде 3 (үш) мақала, қолданбалы ғылымдар үшін – кемінде 2 (екі) мақала, сондай-ақ нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік және отандық ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) жарияланым;

2) қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, ветеринария ғылымдары салаларында – нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланған шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 3 (үш) мақала, сондай-ақ ҚР БҒМ Білім беру және ғылым саласын бақылау комитетімен ұсынылған журналдардарда кемінде 2 (екі) жарияланым;

1.2. Техникалық, жаратылыстану, медициналық ғылымдар саласындағы (патентке қабілетті жобалар бойынша) қолданбалы зерттеулер жобалары бойынша қорғау құжаттары алынуы тиіс;

1.3. Қолданбалы зерттеулердің жобалары бойынша нәтижелері практикаға енгізілуі керек (мүмкіндігінше).

21. Жобаның жүзеге асырылуы және/немесе аяқталғаннан кейін ғылыми жұмыс басылымы кезінде авторлар нөмірін көрсету арқылы ұтып алынған грантқа сілтеме жасауға міндетті.

22. Зерттеу тобының мүшелері қажет болған жағдайда жүргізіліп жатқан жоба шеңберінде халықаралық конференцияларға қатысып немесе жетекші шетел ғылыми орталықтарында және ұйымдарында немесе шетел ғылыми зертханаларында шетелдік ғылыми тәжірибеден өте алады.

23. Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша нәтижелер жаңа ғылыми білім (басылымдар, қорғау құжаттары) түрінде немесе дайын ғылыми-техникалық өнім (жаңа технологиялар, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-құрылымдық және тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлемелер, географиялық, геологиялық және басқа да карталар, жаңа материалдар, препараттар, құралдар және т.б.) ретінде ұсынылуы тиіс.



Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді 29.08.2017 ж. № 435 бұйрықпен.

24. Ұлттық компаниялардың немесе нақты сектордың немесе өтінім беруші не бизнес-әріптестің қаражатын тарту арқылы қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша нәтижелер автоматтандырылған және бағдарламалы-технологиялық кешендерін, жүйелердің бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдерін (тәжірибелік-құрылымдық және тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлемелер, автоматтандырылған және бағдарламалы-технологиялық кешендер, эксперименттік және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс және т.б.) құруға дайын болуы қажет.

25. Жобаның рефератын және сол бойынша есепті (баспа және/немесе электронды түрде) өтінім берушінің және/немесе автордың келісімін сұратусыз жариялау құқығы Орталыққа беріледі.

26. Жоба шеңберінде алынған ғылыми зерттеулердің нәтижелері заңнамамен белгіленген тәртіппен міндетті түрде Орталықта мемлекеттік есепке алынуы тиіс.

27. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпаздарымен ғылыми және ғылыми-техникалық жобаны жүзеге асыру үшін өзгерістер немесе толықтырулар енгізілуі мүмкін келісімшарт 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

2017 жылғы «15» тамыздағы

Конкурстық құжаттамаға

1 -қосымша
2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысу өтінімі нысанының талаптары
1.  Гранттық қаржыландыру бойынша конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі:


  1. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ілеспе хат;

  2. Жоба бойынша ұсынылған ақпараттың анықтылығын растау, сондай-ақ ғылыми этика қағидаттарын, оның ішінде ғылыми этиканы бұзу фактілерін (ғылыми деректерді фабрикациялау, зерттеу деректерді бұрмалауға апаратын фальсификациялау, плагиат пен жалған тең авторлық, қайталауы, өзгелердің нәтижелерін иемдену және т.б.) болдырмауды сақтау, бұрын мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмағаны туралы арыз. Аталған жобаны орындаушылар аталған конкурс шеңберінде басқа ғылыми ұйымдардың немесе жоғары оқу орындардың атынан толық немесе ішінара конкурстық жобаларды/өтінімдерді бермегені туралы кепілдік. Жетекшінің диссертация қорғаған ғылыми мамандығы, сондай-ақ оның ғылыми жұмыс тәжірибесі ғылыми жоба бейініне сәйкес келетініне кепілдік.

Жоба бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті, оның ішінде іске асырылатын жоба шеңберңнде сатып алу және жалға алу жоспарланған құрал-жабдықтарды, материалдар мен мүкәммалдарды ескере отырып, материалдық-техникалық базаның болуы және қолжетімділігіне кепілдік.

3) Жобаның қысқаша сипаттамасы;

4) Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

5) Өтінім берушінің аккредитациядан өткенін растайтын куәлігінің көшірмесі;

6) Этика мәселесі бойынша орталық және жергілікті комиссияның мақұлдаған тұжырымының болуы (биомедицина бойынша адамдар мен жануарларға зерттеу жүргізу үшін);

7) Жобаны ішінара қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін жеке әріптес тарапынан қоса қаржыландыруды тарту туралы мәліметтер (жобаны қоса қаржыландыру болған жағдайда). Олардың іске асыру мерзімдері мен салым сомасы көрсетілген қоса қаржыландыру туралы келісім тараптар ниеттерін растау болып табылады.

2. Ілеспе хат мемлекеттік және орыс тілінде әзірленіп, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін), жеке куәлік (жеке тұлға үшін), аккредитация туралы куәлік, этика мәселесі бойынша орталық және жергілікті комиссияның мақұлдаған тұжырымы (биомедицина бойынша адамдар мен жануарларға зерттеу жүргізу үшін), қоса қаржыландыру туралы келісім көшірмелерімен бірге тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтар саны жазылатын қағаз пломбамен бекітіледі, гранттық қаржыландыру туралы конкурсқа қатысушының уәкілетті тұлғасының қолы және мөрдің баспа-таңбасы (бар болған жағдайда) қойылады.

3. Өтінім, ілеспе хат пен қысқаша сипаттаманың мәтіндері нақты тұжырымдалған және келесі параметрлерді есепке ала біріңғай шрифтпен жазылу қажет («Microsoft Word» мәтіндік редакторының нұсқаларын қолдану қажет):

сол жақ жиегі – 2,5 см, оң жақ жиегі – 1,5 см, үстіңгі және астыңғы жиегі – 2 см;

шрифт – «TimesNewRoman», өлшемі 12 (қосымшада өлшемі кіші шрифт қолданылуы мүмкін, бірақ өлшемі 10-нан кіші емес);

жоларалық интервал – бір;

азат жол (бірінші жол шегінісі) – 1,25 см;

тақырып пен мәтін, мәтін және қол қою арасындағы интервал – жоларалық бір интервал;

өтінім және оған қосымшаларының парақтары нөмірленуі керек;

өтінім көлемі А4 форматты 20 (жиырма) парақтан аспауы тиіс;

өтінімнің электронды нұсқасы мен жобаның қысқаша сипаттамасы MicrosoftWord форматында (*.doc немесе *.docx) мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде әзірленеді, осыған қоса өтінімнің атауы жоба тақырыбының алғашқы бес сөзін қолдану арқылы көрсетіледі.

4. Гранттық қаржыландыруға ұсынылған өтінімнің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіннің мазмұны толықтай сәйкес болуы керек.

Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі өтінімнің электронды нұсқасы (диск- тасымалдаушыда, сондай-ақ ЖТН алу үшін өтінімді тіркеу кезінде «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ақпараттық жүйесіне енгізілген нұсқасы), жобаның қысқаша сипаттамасының, сондай-ақ ілеспе хаттың электрондық нұсқасы олардың қағаз нұсқасына сәйкес болуы тиіс. Түпнұсқа құжат ретінде қағаз нұсқасы есептелінеді.

Гранттық қаржыландырудың электронды өтінімі, ілеспе хат және жобаның қысқаша сипаттамасының жалпы көлемі бес мегабайттан аспауы керек.

Осы талаптардың 1-тармағына сәйкес дайындалған құжаттама, бөлек тігілетін конкурстық өтінімнен басқа, белгіленген тәртіп бойынша тігіледі; конкурстық өтінім белгіленген тәртіпте бөлек тігіледі.

Қажетті құжаттардың бәрін 2 данадан ұсынылуы қажет. Электрондық тасымалдаушылар арнайы конвертке салынып, тезтігіндеменің ішкі жағынан бекітілуі тиіс.

2017 жылғы «15» тамыздағы

Конкурстық құжаттамаға

2-қосымша


жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау