191
ӘОЖ 330
Қ 34
КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
МЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Қонысбекова Қ.Қ., Саркубен З.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Каспий теңізі дүниедегі ең үлкен материк ішіндегі ақпайтын тұйық бассейн. Ол
Дүниежүздік мұхит денгейінен тӛмен жайласқан, денгейі ӛзгермелі болып есептеледі.Оны
негізгі себептері бірнеше болып, негізгісі ӛзендердің су жинау бассейндерінің(3,5млн км 2 )
режиміне байланысты. Каспий теңізі маридианаль бағытта созылып 36°33` және 47°07`сол.
кендікте және 45°43` және 54°03` шығыс бойлық аралықтарында жайласкан. Теңіз
Қазақстан, Россей, Азербайжан, Түркменстан Иран жағаларын жуып тұр (1-суретте
көрсетілген).
Сурет -1. Каспий теңізінің географиялық орны
Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің түйінді элементі болып табылады.
Әлемдік деңгейдегі мұнай мен газдың ірі қорына ие біздің еліміз энергетикалық саладағы
ӛзінің сенімді стратегиялық серіктестік және ӛзара тиімді халықаралық ынтымақтастық
саясатынан бір адымға да кері шегінбек емес [1].
Каспий – әлемдегі ең ірі тұйық му қоймасы. Кӛбіне ірі кӛл ретінде қаралады. Бірақ бұл
анық емес, себебі кӛлеміне, даму процестері мен тарихының сипатына қарасақ, теңіз болып
табылады. Бұған арнасының мұхит типіндегі қабат болып табылатындығы айғақ.
Гипотезалардың біреуіне сүйенсек, Каспий теңізінің атауы Каспий теңізінің оңтүстік-батыс
жағалауында б.д.д. 1 мыңжылдықта тіршілік еткен ат ӛсіретін кӛне тайпа – каспи
тайпасының құрметіне берілген.
Үшінші мыңжылдықтың басында экологиялық қауіпсіздік мәселесі ерекше тереңдікке
ие болды, оның шешілуі әлемдік қауымдастықпен адамзаттың тірі қалуының маңызды
факторы ретінде мойындалады. Экологиялық қауіпсіздік экологиялық тепе-теңдіктің
тұрақтылығы, қоршаған ортаға шамадан тыс стихиялық (табиғи) және антропогендік әсер
етуінен қоғамның қорғалуының деңгейімен анықталады.
Кейінгі жылдарда шамадан тыс тереңдікке бірден-бір табиғи объект болып табылатын
Каспий теңізінің экологиялық денсаулығын сақтау мәселесі ие болды. Каспий теңізі —
бірегей су айдыны, оның кӛмірсутекті ресурстары мен биологиялық байлықтарының
дүниежүзінде ұқсастықтары жоқ. Каспий — әлемдегі ең кӛне мұнай ӛндіру бассейні.
192
Сонымен, мысалы, Әзербайжанда, Апшерон түбегінде мұнай ӛндіру 150 жылдан астам уақыт
бұрын басталды [2].
Каспий ӛңірі аудандарында (кең мағынада) Каспий теңізінің периметрі бойынша
орналасқан бел елді белгілейді: бұл Әзербайжан, Ресей, Қазақстан, Иран және Түрікменстан.
Оларды «Каспий теңізінің бассейні» мемлекеттері деп атау қабылданған. Дипломатиялық
тәжірибеде дәл осы термин аймақтық елдерді белгілеу үшін пайдаланылады. Бүгінгі күні
Каспий мәселесі ӛте ӛзекті, бірақ халықаралық-құқықтық статусы және Каспий ӛңірі
мемлекеттері арасында мұнай ресустарын бӛлу туралы мәселе қалай шешілетіндігіне
тәуелділіктен тыс Каспий аймақтың экологиялық объектісі болып қала береді. Оның
бӛліктерінің біріндегі дағдарыс жалпы, біртұтас апатқа айналады, ең соңында бұл әрбір
мемлекеттің және оның болашақ дамуына әсер етеді.
Теңіздің басты ластаушысы, сӛзсіз, мұнай болып табылады. Мұнай ластанулары жасыл-
кӛк және диатомды балдырлармен кӛрсетілген Каспийдің фитобентосының және
фитопланктонының дамуын басым етеді, оттегінің ӛнімділігін тӛмендетеді. Ластанудың
кӛбеюі су беті мен атмосфераның арасындағы жылу-, газ-, ылғал айналымына әсер етеді.
Үлкен аудандарда мұнай қабыршықтары таралуының салдарынан булану жылдамдығы
бірнеше рет тӛмендейді. Каспий теңізінің ластануы сирек балықтардың және басқа тірі
организмдердің басым бӛлігінің жойылуына әкеледі. Мұнайлық ластанудың әсер етуі суда
жүзетін құстарда кӛрнектірек кӛрінеді. Осетр балықтарының қоры азайып барады [3].
Бұлардың бәрі осы регионның экологиясын бірден ӛзгертуде және биоресурстарында
әсер кӛрсетуде, теңіздің ихтио-фаунасы және т.б. Бұлар кейбір мысалдардан кӛрініп тұр,
1998 жылғы Атырау регионында Атырау жағалауларындағы тюленьдердің мінез-
құлықтарының бірден ӛзгеруі, Ақтау жағалауларында да осындай жағдайлар байқалған.
Қазіргі уақытта теңізге тек балық, басқа да теңіз ӛнімдері, мұнай, газ және транспорттық
байланыстарды алып баратын орындаушы сипатында қатынас жасауда. Бірнеше жылдар
бойы су басқан және басып жатқан зоналар Атырау, Маңғыстау уәлаятлары Қазақстан.
Әзірбайжан, Түркменстанда кӛптеген сандағы мыңдаған скважиналар бұрап тесілді және
бұлар қазіргі уақытта су астында қалды. Толық саны белгісіз, бірақ су астында қалған
бұлардың қауіпті екендігін ұмытпауымыз керек. Олардың әр бірі қайтадан орнына келтіріп
болмайтын ақыбетлерге әкеп соқтыруы мүмкін, бұл скважиналардың үскенелери коррозияға
тез ұшырайтын материалдардан жасалған. Олар тез тат басып, теңіз суының әсерінен әр
түрлі атлығып кету ақыбетлерине алып келуі мүмкін. Каспий теңізі арка бӛлімдерінде, қыс
маусымдарында мұздардың жылысуы және мұздардың асырып алып кетуші толқындардың
әсерінде теңіз жағаларында жайласқан коммуникацияларға ӛте қауіпті болып есептеледі.
Мұздар мұнай качалкаларын және теңіздегі скважина бӛлімдерін, бетон пробкаларды жұлып
алып кетсе мұнай және газ су бетіне атылып шығуы мүмкін [4].
Әр жылы Каспий айналасындағы мемлекеттер осы жоғарыдағы құрылыстарды қорғау
үшін миллиардтаған қаражат жұмсап отыр. Жер бетіне істелген топырақ және тас дамбалар
теңіз суының, толқындардың, теңіздегі мұздардың әсерінен тез бұзылады және әр жылы
қайта құрылады. Каспий теңізіндегі кеткен экологиялық зиянды есептеу қиын, себебі Каспий
теңізінің аймағы үлкен, биоресурсқа және минерал ресурстарға ӛте бай. Каспийдің
экономикалық және экологиялық апатшылық ақыбетлерин есептейтін болсақ, Арал
теңізіндегі апатшылықтан асып кетуі мүмкін [5]. Каспийдің биологиялық жағдайы мен
ластануы бойынша туындаған мәселелер аумақта қоршаған ортаны қорғау бойынша шұғыл
шаралар қолдануды талап етеді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т.Есполов, Ж.Шілдебаев Экология және табиғатты тиімді
пайдалану, Алматы.-2004,328 бет.
2. Қазақстанның балықтары, 3-том.- Алматы,1988ж.
3. А. Г Қасымов Каспий теңізі.- Л, 1987 ж.
4. Каспий экологиялық программасы, Информациялық бюллетень, 2001,№2.-61 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |