Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 3,28 Mb.
Pdf просмотр
бет92/97
Дата06.02.2020
өлшемі3,28 Mb.
#28463
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97

193 
 
5.  Ә.  Бейсенова,  А.  Самақова,  Т.Есполов,  Ж.  Шілдебаев.  Экология  және  табиғатты 
тиімді пайдалану, Алматы.- 2004, 328 бет. 
    
Аннотация 
Мақалада Каспий теңізінің биологиялық және экологиялық жағдайына талдау жасалған. Сондай 
ақ мақалада, Каспий теңізінің биологиялық жағдайы мен ластануы бойынша туындаған мәселелері 
мен оны шешу мүмкіндіктері кӛрсетілген. 
Аннотация 
В статье приведен анализ экологического состояния и биоразнообразия Каспийского моря. А 
также раскрывается загрязнение Каспийского моря и пути решения проблемы. 
 
Annotation 
 
To  the article  the analysis of the  ecological  state  and  биоразнообразия  of the  Caspian sea  is  driven. 
And also contamination of the Caspian sea and way of decision of problem opens up. 
 
 
ӘОЖ 372.891 Қ 34 
 
ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫН ОҚЫТУДАҒЫ МҦҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ 
ШЕБЕРЛІГІН АРТТЫРУ МҤМКІНДІКТЕРІ 
 
Қонысбекова Қ.Қ., Шалқар М. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Бүгінде  қоғам  мен  заман  дамуда.  Соған  байланысты  осы  таңдағы  қоғам  алдындағы 
басты  мәселе  болып  отырған  –  жас  ұрпақтың  саналы  тәрбие  мен   сапалы  білім  алуы. 
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  «Білімді,  сауатты  адамдар  –  бұл  ХХІ  ғасырды 
адамзат  дамуы  кӛшінен  қалмай  ілгерілеу  күші»  деген  еді.  Білім  саласының  дамуы  кӛшінен 
қалмай  ілгерілеу  басты  мақсатымыз.  Сол  кӛшке  ілесе  алмасақ,  бізге  сын.  Еліміздің  ертеңі 
жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақты болашақ ӛмірге сеніммен аттандыру  ұстаздың қолында. 
Ұстаз  осы  жолда  аянбай  еңбек  етіп,  тынбай  ізденуі,  оқытуға  қажетті  жаңа,  тиімді  әдіс-
тәсілдерді іріктеп, сұрыптап алуы шарт [1]. 
Бүгінгі  таңда  мұғалім  қандай  болу  керек  оның  кәсіби  біліктілігі  қандай  жолдармен 
кӛрінеді?  Мұғалім  ең  алдымен,бала  жанының  тамыршысы  болуы  тиіс.  Бала 
жүрегінің   пернелерін  дәл  тауып,оны  ойната  білу  оңайлықпен  келмейді.  Оқушының 
дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы кӛбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және 
оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. 
Қазіргі  таңда  елімізде  білім  берудің  ӛзіндік  үлгісі  қалыптасып  келеді.  Білім  берудегі 
дәстүрлі  мазмұнның  орнына  жаңаша  мазмұндағы  оқыту  әдістері  келуде.  Жаңа  білім 
парадигмасы  бірінші  орынға  баланың  білімі  мен  білігін  емес,  оның  жеке  тұлғасын  білім 
арқылы  дамытуды  қойып  отыр.  Білімді  жеке  тұлғаға  бағыттау,  оның  қабілетін,  дарынын 
дамыту, яғни жан - жақты дамыған рухани бай тұлғаны қалыптастыру әріптестерімізге үлкен 
мақсаттар жүктеп отыр [2]. 
Сабақ  барысында  тиімді  әдістерді  қолдану  мұғалімнің  педагогикалық  шеберлігіне 
байланысты.  Сабақ  барысындағы  әдіс-тәсілдерді  шеберлік  пен  қолдана  білу  мұғалімнің 
сабағын  әрі  қызықты,  әрі  сапалы  ӛткізе  алуына  мүмкіндік  береді.  Әдіс  –  оқу-тәрбие 
жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың 
бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін 
жұмыстар  ретке  келтіріледі.  Оқыту  әдістері  танымға  қызығушылық  туғызып,  оқушының 
ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – 
оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз 
етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады. 


194 
 
Тәсіл  –  оқыту  әдісінің  элементі.  Жоспарды  хабарлау,  оқушылардың  зейінін  сабаққа 
аудару,  оқушылардың  мұғалім  кӛрсеткен  іс-қимылдарды  қайталауы,  ақыл-ой  жұмыстары 
тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. Оқыту тәсілдерінің түрлері: 

ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері; 

мәселелі жағдаят тудыруға кӛмектесетін тәсілдер; 

оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер; 

жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері. 
Сонымен  қатар,  география  сабағын  оқытуда  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігін  арттыру 
мақсатында жаңа технологияларды қолдану, оның ішінде АКТ-ны қолдану сабақ барысының 
сапасын  ғана  арттырып  қоймай,  оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығын  арттырады. 
Жаңа  технологияларды  күнделікті  сабақ  процесінде  пайдалану  үшін,  әр  мұғалім  ӛзінің 
алдында  отырған  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  педагогикалық  мақсат 
мүддесіне  байланысты,  ӛзінің  шеберлігіне  байланысты  таңдап  алуға  болады.  Жаңа 
технологияны  жүзеге  асыруда  мұғалім  белсенділігі,  шығармашылық,  ізденіс,  ӛз 
мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады [3]. 
География пәнін оқытуда қандай да бір географиялық нүктені мағынамен және мәнмен, 
жергілікті және жаһандық қамтамасыз ету үшін жоғары ойлау тәртібін, салыстыру қабілетін, 
барлық мүмкін элементтерді жинақтауды және үлгілеуді қажет етеді. АКТ басқа ӛңірлер мен 
елдердің,  басқа  адамдар  мен  қоршаған  ортаның  бай  тәжірибесімен  нақты  уақыт  тәртібінде 
қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  береді    (электрондық  пошта,  веб-камера  және  бейне-
конференция  арқылы). Таптаурын  болған  нұсқаларға  қарсы  шығуы,  түсініктер  талқылануы 
және  қоршаған  орта  мен  орын,  адамдар  бейнесін  сақтау  және  кӛрсету  жолымен  әрбір 
географиялық нүктені бірегей жасауға негіздеме берілуі мүмкін.  Қазіргі компьютерлік және 
басқа  электрондық  құрылғыларда  қолданылатын  «сақтау»  мүмкіндігі  -  қысқа  уақыт 
мерзімінде  орындардың  қалай  ӛзгеретінін    кӛрсету  үшін  және  пікірталастарды  қайтадан 
қарап шығу үшін (мысалы, интерактивті тақталарды қолдану арқылы жүргізілген сыныптағы  
отырыстарды  қайтадан  қарап  шығу)  және  бақылау  және  түсіну  дағдыларын  қайтадан 
қолдану  үшін  маңызды  рӛл  атқарады.  Бұдан  басқа,  топтық  талқылау  нәтижелері  жай  ғана 
сӛзбен берілмеуге тиіс, алынған қорытындыларды кескіндейтін бейнелер мен кестелер және 
карталарды қолдану арқылы берілуге тиіс.  
Тұсаукесер: жазбаша рамкаларды, қалыптарды, ақпараттық бюллетеньдерді немесе веб-
сайттарды  қалай   жасайтындығы  туралы  нұсқаулықты  қажет  етуі  мүмкін.  Тиісті 
бағдарламалық  пакеттерді  қолдану  басында  қиындық  келтіреді,  бірақ  тәжірибе    барысында 
бұл  ойлаудың  және  талдаудың  айқын  жүйесін  әзірлеуге  кӛмектеседі  [3].  АКТ  қолданылған 
география  сабағының  нәтижелері  бойынша  мұғалім  де,  оқушы  да  ақпарат  пен  білімге 
қолжетімділікте,  шығармашылық  пен  идеялар  алмасудағы  әркеттестіктегі    АКТ  ролін  тани 
және бағалай білуге тиіс. Олар сондай-ақ, ӛзгеріс үстіндегі әлемде (жұмыс орнында, демалу 
және  қарым-қатынас  жасау  уақытында)  АКТ-нің  ықпалын  неғұрлым  кӛбірек  сезінуге 
тиіс. Жаңа  технологиялардың  оқу  -  тәрбие  үрдісінде  қолданылуы  мұғалімдердің  де, 
оқушылардың да мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ендеше ақпараттық технологияларды үйлесімді 
пайдалану қазіргі таңда ӛзекті мәселелердің біріне айналып отырғаны даусыз [6]. 
Мұғалімнің берген тәжірибелі білім сапасы оқушылардың ӛзіндік танымдылық деңгейін 
дамыта  түседі.  Мұны  игерген  оқушылар  тәжірибеде  нәтижеге  дұрыс  кӛз  жеткізе  отырып, 
тапсырманы  жүйелі  түрде  орындайды.  Оқу  материалдарының  мазмұнын  жақсы  меңгеріп, 
жауап  бергенде  толық,  дәлелдей  отырып  жеткізуге  тырысады.  Олардың  сӛйлеу  қабілеті 
дамиды. Сондықтан да, география сабағындағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі оның ӛзінің ғана 
дамуына  мүмкіндік  беріп  қоймай,  оқушының  да  үнемі  жан-жақты  ізденісте  болуын  талап 
етеді.  Жас  педагогтің  шеберлікті  қаншалықты  меңгеруі  оның  ӛзінің  табандылығына 
байланыты [4]. 
Жаңа  ХХІ  ғасыр  табалдырығын  аттаған  тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  әрбір 
білім  беру  саласы  мен  буындарына  тың  кӛзқарас,  тың  жаңа  үлгідегі  ізденіс  қажет  [5]. 
Ӛскелең болашағы зор жас ұрпақты қоғам талаптары мен оның мақсат-мүдделеріне сай ӛмір 


жүктеу 3,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау