109
Егеменді дамудың алғашқы ширегінде күллі қазақстандықтарды, ел болашағының
іргетасы ретінде қаланған басты құндылықтарды санамалап кӛрсеткен Елбасымыз
Н.Назарбаев «Тәуелсіздік дегеніміз – елдің егемендігі, халықтың бостандығы, сана еркіндігі.
Елдің аңсарлы азаттығы, елшілдік-ұлттық санасы, тарихымен қоса, рухани құндылықтары,
рухы. Бұл - бірнеше ғасырлар бойы халықтың армандаған қасиетті ұғымы. Арман болып
жеткен тәуелсіздігімізді, ендігі жерде сақтап қалу біздің халқымыздың ең қасиетті борышы.
Бұл оқыған, білімді, жан-жақты дамыған, ұлттық құндылықтарды бойына қалыптастырған
ұлт ұрпағының қолында» деп, соған байланысты басты мәселені де баса атап ӛтті.
Елбасы ӛзінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Қазақстан халқына Жолдауында: «Бүгінде отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың
ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты
экономикалық ӛсумен айналысады. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – барлық саланы
қамтитын және үздіксіз ӛсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз,
ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны
мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей ӛту – ортақ парыз, абыройлы міндет! »деп,
ӛзіміздің тарихымызды, ділімізді, ұлттық қасиеттерімізді алғы шепке шығарды.
Осы орайда
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында
Мемлекет басшысының "Қазақстан жолы-
2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына арнаған кезекті
Жолдауындағы ұлттық идея "Мәңгілік Ел" стратегиясын насихаттау және де Елбасының
Жолдауына үн қосу мақсатында "Мәңгілік Ел" пәнінің оқу-әдістемесі дайындалды. Аталған
пән 2016-2017 оқу жылында оқу процесіне енгізілді.
Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағы білім мен тәрбиені тең ұстаған, ұлтын шексіз
сүйетін, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін жалынды жастарында десек, сол жас буынды
адамзат қоғамының игілігіне бағытталған рухани құндылықтардың қалыбында тәрбиелеудің
жаңашыл бағыт бағдарлары мен негізін жүйелеу міндеті заманауи үрдістермен тығыз
сабақтастықта болуы заңды. Біз жастардың санасына білімділіктің мәдениетке бастайтын
сара жол екенін, ғылым мен білімнің нәтижелері, нанатехнология - бәрі адамзаттың игілігі
мен байырқалы ӛмір сүруі үшін жасалатын құндылықтар екендігін жете ұғындыруымыз
қажет. Бәріміздің обьектіміз біреу-ақ, ол елін сүйетін, оның болашағының жарқын болуы
үшін еңбек ететін ұлтжанды ұрпақ, яғни ұлттық тұлға қалыптастыру. Бұл келелі мәселені
аксиологиялық тұрғыдан жан жақты сипатта қамту елеулі нәтижеге қол жеткізбек.
Жалпы белгілі бір қалыптар мен құндылықтар әрбір халықтың мәдени ӛріс шеңберінде
ӛзіндік
сипатымен
айқындалатын
болғандықтан,
бүкіл
адамзатқа
бірдей
тұжырымдалған мәдениет кодексін ұсыну мүмкін емес. Осыған орай қоғамдық
ынтымақтастық, үйлесімдік пен келісімді де бекерге шығаруға болмайды, яғни,
тұлға үшін
ортақ мақсаттардың болуы аса қажет. Осыған орай жастарды мүмкіндігінше жан-жақты
дамуға, спортпен, ӛнермен айналысуға, шет тілдерін молынан меңгеруге, отандық және
әлемдік рухани қазыналардың, әдебиеттің терең мұраларын жете танып-білуге, ұлтымыздың
рухани құндылықтарын барынша игеруге, имандылыққа, ӛнертапқыштыққа, жаңашылдыққа,
шығармашылыққа, салауатты ӛмір салтына бейімделуге баулу міндеттері алдымызда тұр.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздің болашақта қандай
болатыны балаларымыздың бойына ӛзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей
байланысты. Ең алдымен біз қыздарымыздың тәрбиесіне кӛп кӛңіл бӛлуіміз керек. Олар -
болашақ жар,
болашақ ана, шаңырақтың шырақшылары» -деп, отбасындағы қыздар тәрбиесіне
баса назар аударған болатын.
2013 жылы елімізде тұңғыш рет Елбасының Жарлығымен қыркүйектің 8-інде Отбасы
күні аталып ӛтілді. Бұдан кейін тұрақты түрде әр жылы қыркүйектің екінші жексенбісі
Отбасы күніне арналады. Ұлттық білім беру жүйесін отбасының білім беру үрдісіне
қатысуынсыз модернизациялау мүмкін емес. Бүгінгі таңда отбасының жас буынды
тәрбиелеуде әлеуметтік міндеті артып отыр. Себебі отбасы жеке тұлғаның қоғаммен
ӛзара әрекетттестігінің негізгі құралы болып табылады.