Қазақстан республикасы білім-ғылым порталы гимназия ұстаздарының КӘсіби іс-тәжірибелері шығармашылық еңбектердің іс-тәжірибелік жинағы Алматы, 2016



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет30/38
Дата04.12.2017
өлшемі1,13 Mb.
#2860
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38

А.В.Брушлинский   субъект   ұғымын   белсенділіктің   әр   түрлі   формаларына   байланысты   анықтайды.   Оның

пікірінше, субъект  адамның  барша  қасиеттерінің  арасындағы  ең  маңыздысы.  Ол алдымен,  практикалық  іс-

әрекеттің, танымның, жасампаздықтың және басқа да белсенділік түрлерінің (шығармашылық, адамгершілік,

еркіндік) және қажетті нәтижеге қол жеткізуінің бастамашысы болуды және оны іске асыруды білдіреді [2].

Педагогикалық жүйе белгілі педагогикалық шарттарды сақтағанда ғана қызмет етеді және дамиды. Сондықтан

педагогикалық шарттарды теориялық негіздеу болашақ мамандардың субъектілігін дамытуға мүмкіндік береді.

Алдымен  шартдегеніміз не екендігіне талдау жасасақ,  ол белгілі бір жағдайдың  туындауы,  оқу,  еңбек  ету,

өзгерістер, түрлендірулер үшін қажетті объектілердің жиынтығы. Әрбір нысанның бір-бірімен тікелей және

жанама   байланыстары   бар,   олар   белгілі   бір   шамамен   сипатталатындықтан,   жиынтық   мөлшерде   жеткілікті

педагогикалық шарттарды құрайды. Әр құбылыстың ақырғы нәтижесі әсер етуші жеке себептерге ғана емес,

ішкі және сыртқы шарттардың нәтижесінің ара қатынасынан туындайды. 

Ғылыми  әдебиет көздерінде  «шарт» ұғымына бірнеше анықтамалар берілген: 

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «шарт    - біріншіден, өзара міндеттер алу жөніндегі келісім; екіншіден,

міндет, борыш; үшіншіден, керектілік, қажеттілік»  деп аталды [3]. 

С.И.Ожегов «шарт» ұғымын өзіне кез-келген нәрсе тәуелді, бағынышты болатын жағдай деп түсіндіреді[4].

Философиялық түсіндірме сөздікте «шарт» біріншіден, онсыз өмір сүру мүмкін емес орта, екіншіден, бір жайт

жүргізіліп жатқан жер деп анықталады [5].

Шарттар өз кезегінде тарихи уақыт ішінде дамытылады, жүйеленеді, қалыптасады, педагогикада түсініктер мен

бейнелер ретінде қоғамдық сана тұрғысынан қарастырылады. 

«Педагогикалық шарттар» мағынасы оқу-тәрбие үдерісінің барлық бағыттарының тиімді қызметін қамтамасыз

ету   үшін   қажетті   объективті   және   субъективті   факторлардың   жиынтығы     және   олар   тарихи   қалыптасып,

бейнелер   мен   түсініктер   түрінде   айқындалады.   Бұл   ұғымның   өзіне   тән   белгісі   оқыту   және   тәрбие   үрдісін

құраушылардың барлық элементтерін (мақсаты, міндеті, мазмұны, әдістері, формалары, құралдары) қамтиды.

Педагогикалық шарттар педагогикалық іс-әрекетпен байланысты жағдайлар, сол үрдісті анықтайтын оған оқу

үрдісінде саналы құрылған және оның нәтижелілігін қамтамасыз ететін, оның пайда болуы мен жүруі  үшін

қолайлы   ортаны   құру   жатады.   Демек   педагогикалық   шарттар   педагогика   және   психология   ғылымдарының

жетістіктерін пайдалана отырып, педагогқа оқыту және тәрбиелеу үрдісін тиімді басқаруға ғана студенттердің

рефлексиясы мен субъектілігін дамытуға мүмкіндік беретін интегративті орта. 

Сонымен «педагогикалық шарттар» түсінігі болашақ маманды даярлау үрдісінің барлық бағыттарының тиімді

қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті объективті және субъективті факторлардың жиынтығы, дидактикалық

мақсаттарға жету үшін оқытуды  ұйымдастыру мақсатын, мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін, формасын таңдау

нәтижесі болып табылады. 

Кез келген педагогикалық үдеріс белгілі бір шарттарды сақтаған жағдайда табысты жүзеге асатыны белгілі.

Шарттар  тәрбие   мақсаттары   мен   педагогикалық   іс-әрекетті   ұйымдастыру   үшін   ескеріледі   және   құрылады

(Ю.К.Бабанский және т.б.) [5].

Ғалымдар   Н.Д.Хмель,   Ж.Б.Қоянбаев,   Р.М.Қоянбаев  және   т.б.  оқу-тәрбие  үдерісін    шартты  түрде  оқу  және

оқудан тыс іс-әрекетке бөліп қарастырып, зерттейді. 

Зерттеу барысында жасалған талдау нәтижесі педагогика теориясы мен практикасында ұйымдастырушылық -

педагогикалық   (В.А.Беликов,   Е.И.Козырева,   С.Н.Павлов   және   т.б.);   психологиялық   -   педагогикалық   (Н.В.

Журавская,   А.В.Лысенко   және   т.бю.);   дидактикалық   (М.В.Рутовская   және   т.б.)   шарттардың   кездесетінін

көрсетеді. 

Осыдан   педагогикалық   шарттар   болашақ   мамандардың   субъектілігін   дамытудың   мақсатын,   міндеттері   мен

қағидаларын тануға байланысты, соған сәйкес мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін анықтайды. 

Педагогика   ғылымында   әр   түрлі   шарттар   жіктемесі     (И.И.Андреев,   А.Я.Найн,   т.б.)   кездесетіндіктен,

ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттарға назар аудардық. 

В.А.Беликов   [6]   ұйымдастырушылық-педагогикалық   шартты   тұтас   педагогикалық   үрдістіңмазмұнының,

формасының,   әдістерінің   педагогикалық   іс-әрекет   жетістіктеріне   бағытталған,   арнайы,   мақсатты   бағытта

құрылымдалған мүмкіндіктерінің жиынтығы деп тұжырымдайды. 

Субъектіліктің дамытуға аса тиімдісі шарттар кешенінде жүзеге асырылады. Шарттар кешені  педагогикалық

үрдістің барлық компоненттерін дамытуға мүмкіндік береді және оқыту үрдісінің логикасын көрсетеді: үрдістің

мақсаты, пәні мен мазмұнының ерекшелігі, студенттер мен оқытушылар іс-әрекетінің сипаты, үрдістің тұтастық

және нәтижелік деңгейі, болашақ мамандарды дайындау ерекшелігі, т.б.

В.И.Андреевтің   пікірінше,   педагогикалық   шарттар   мазмұн,   әдіс-тәсіл   элементтерін   жасау   және   пайдалану,

мақсатты түрде іріктеудің, мақсатқа жету үшін білім беруді ұйымдастыру түрлерін пайдаланудың нәтижелерін

білдіреді.   Осы   тұрғыдан,   шарт   жағдайдың   факторы   ретінде   педагогикалық   жүйенің   тиімді   қызметіне

байланысты.   Қазіргі   заманғы   дидактикада   шарт   оқытудың   табыстылығын   қамтамасыз   ететін   оқу   үрдісінің

компоненттері мен факторларының жиынтығы деп тұжырымдайды [7].

Студенттің   субъектілігі   тұлғаның   интегративті   сипаттамасы   және   өзінің   өмірінде,   білім   алу   үрдісінде

қабілеттерін   өзге   түрге   ауыстырудан,     өзгерістерге   бейімделуінен,   сонымен   бірге   осы   өзгерістерді

диагностикалаудан және бағалаудан көрінеді. 




жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау