Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



жүктеу 124,34 Kb.
Дата24.02.2018
өлшемі124,34 Kb.
#10635







Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Министрінің

2014 жылғы «18» қыркүйектегі

№ 9-2/474 бұйрығына

1-қосымша

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшелерін іздестіру, іріктеу және сайлау ережелері



  1. Жалпы ережелер.

1. Осы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшелерін іздестіру, іріктеу және сайлау ережелері (бұдан әрі - Ережелер) директорлар кеңесі мүшелеріне, соның ішінде тәуелсіз директорларға кандидаттарды, оларды директорлар кеңесіне сайлау мақсатында іздестіру, іріктеу және сайлау тәртібін, сондай-ақ тәуелсіз директорлар резервін қалыптастыру тәртібін анықтайды.

2. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Холдинг) директорлар кеңесінің мүшелері мыналардың:

1) акционер – Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі ретіндегі директорлар кеңесіне сайлануға белгіленген тұлғалар;

2) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Холдингтің директорлар кеңесіне сайлануы мүмкін басқа тұлғалардың қатарынан сайланады.

3. Директорлар кеңесінің кандидаттары мен мүшелерінің өз міндеттерін орындау үшін қажет тиісті жұмыс тәжірибесі, білімі, біліктілігі және іскерлік және салалық ортада және акционерлер мен Холдингтің барлық директорлар кеңесінің тиімді жұмысын ұйымдастыруда мінсіз беделі болуы тиіс.




  1. Кандидаттарды іздестірудегі қажеттілікті және тәртіпті анықтау.

4. Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлаудағы қажеттілік мынадай жағдайларда анықталады:

1) директорлар кеңесі мүшесінің оның бастамасы бойынша өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы;

2) жалғыз акционердің бастамасы бойынша директорлар кеңесінің барлық немесе жеке мүшелерінің өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы;

3) директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімінің өтуі.

5. Кандидаттарды іздестіру тәртібі келесі кезеңдерден тұрады:

1) директорлар кеңесі мүшесін сайлауға қажеттілікті анықтау;

2) біліктілік талаптарына сәйкес кандидаттарды іздестіру;

3) Холдингтің жалғыз акционерінің кандидаттарды қарастыруы және сайлау;

6. Директорлар кеңесінің мүшесін сайлауға қажеттілік туындаған жағдайда, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Холдингтің қызметін үйлестіруге жауапты құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) тиісті кандидаттарды іздестіру бойынша жұмыс жүргізеді.

7. Осы Ережелердің 2-тармағы 1) тармақшасында көзделген жағдайда, құрылымдық бөлімшемен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы Меморандумға сәйкес Директорлар кеңесінің жұмысына қатысуға сайлануы қажет мемлекеттік мемлекеттік органға хат дайындау жүзеге асырылады. Тиісті мемлекеттік органнның ұсынысының негізінде заңнамамен көзделген тәртіпте Үкіметтің шешімінің жобасын дайындау жүзеге асырылады.

Кандидатты – тәуелсіз директорды іздестіру қажеттілігі жағдайында құрылымдық бөлімше мынадай тәртіппен іздестіруді жүзеге асырады:

1) резервке есепке алынған адамдардың қатарынан;

2) резервте ыңғайлы кандидаттың болмауы жағдайында белгіленген тәртіппен тәуелсіз директорларға сайлау үшін құжаттарын тапсырған адамдардың қатарынан.

8. Резервке есепке алынған тәуелсіз директорларға ыңғайлы кандидат болмаған кезде құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) интернет-ресурсына Холдингтің тәуелсіз директорларына кандидатты іздестіру туралы хабарландыруды орналастырады.

9. Тәуелсіз директор лауазымына кандидаттар мынадай құжаттарды ұсынады:



  1. кандидаттың еркін түрде жазған өтініші;

  2. кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  3. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;

  5. кепілдеме хаттар (олар болған жағдайда);

  6. сотталғандығы болмауы туралы уәкілетті органның анықтамасы;

7) осы Ережелерге қосымшаға сәйкес кандидат туралы мәліметтер.

10. Құрылымдық бөлімше кандидаттардың тапсырған құжаттарының толықтығын және рәсімделуінің дұрыстығын қарауды жүзеге асырады, кандидаттардың белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізеді.

11. Кандидаттың талап етілген құжаттардың топтамасын толық тапсырмаған жағдайда, құрылымдық бөлімше кандидаттан жетіспейтін құжаттарды сұратып алуға құқылы.

12. Бағалаудың қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімше біліктілік талаптарына сәйкес кандидаттардың тізімін рәсімдейді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің төрағалығымен құрылған Холдингтің директорлар кеңесіне кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - комиссия) қарауына жібереді.

13. Тиісті шешім қабылдау мақсатында кандидаттармен әңгімелесу өткізілуі мүмкін.

14. Кандидаттарды қарастырудың қорытындысы бойынша комиссия оларды резервке есепке алу туралы шешім қабылдайды.

15. Резервті құру директорлар кеңесін сапалы қалыптастыру және тәуелсіз директордың тиісті лауазымының орнын ауыстыруға қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады.

16. Резерв бекітілген сәттен бастап 2 (екі) жыл ішінде күшінде болады және Министрліктің интернет-ресурсына орналастырылады.

17. Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесін сайлау туралы шешім жалғыз акционер – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен қабылданады.

18. Холдингтің Басқарма төрағасы Холдингтің директорлар кеңесінің құрамына оны тиісті лауазымға тағайындау туралы шешім қабылданумен қатар бір мезгілде сайланады.

18-1. Холдингтің директорлар кеңесінің мүшелерін жаңа мерзімге қайтадан сайлау жағдайында алдын ала іріктеу, немесе оларды резервке есепке алу қажет етілмейді.


  1. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптары

19. Директорлар кеңесінің мүшелеріне қойылатын негізгі талаптар мынадай:



  1. жоғары білімінің болуы;

  2. 3 (үш) жылдан кем емес басшылық жұмыстағы тәжірибесінің болуы;

  3. тәуелсіз директордың атқарымдық міндеттерімен байланысты белгілі салалардағы арнайы дағдысының болуы, директорлар кеңесінің комитеттеріне мүшелігі, айтарлықтай дамыған коммуникативтік машығының болуы, жұмыста ашықтық, шынайылық, сындарлық және кәсіпқойлық ұстанымына негізделеді.

20. Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде мынадай адамдар сайлана алмайды:

        1. заңнамамен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынып тасталмаған сотталғандығы бар;

        2. бұрын басқа заңды тұлғаның оны мәжбүрлеп тарату туралы, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, уақытша тоқтатып қою немесе белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан артық емес кезеңде директорлар кеңесінің төрағасы, бірінші басшысы, басшының орынбасары, бас бухгалтері болған адам. Аталған талаптар мәжбүрлеп тарату туралы, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, уақытша тоқтатып қою немесе белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл ішінде қолданылады.

21. Холдингтің директорлар кеңесіне тәуелсіз директор болып сайлау үшін кандидат мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

  1. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес тәуелсіз директор мәртебесіне сәйкес болуы, соның ішінде:

Холдингтің аффилирленген тұлғасы болмауы және оны директорлар кеңесіне сайлаудың алдындағы (оның тәуелсіз директор лауазымында болу жағдайын қоспағанда) 3 (үш) жыл ішінде олай болмауы;

Холдингтің аффилирленген тұлғаларына қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын;

Холдингтің лауазымды тұлғаларымен немесе Холдингтің аффилирленген тұлғалары-ұйымдарымен бағыныштылыққа байланысты емес және оны Директорлар кеңесіне сайлаудың алдындағы 3 (үш) жыл ішінде осы тұлғалармен бағыныштылыққа байланысты болмаған;

2) мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын;

3) Холдингтің аудиторы болып табылмайтын және оны директорлар кеңесіне сайлаудың алдындағы 3 (үш) жыл ішінде ондай болып табылмаған;

4) Холдингтің аудитіне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатыспайтын, және оны директорлар кеңесіне сайлаудың алдындағы 3 (үш) жыл ішінде осындай аудитке қатыспаған.


__________________________

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы

директорлар кеңесінің мүшелерін іздестіру,

іріктеу және сайлау ережелеріне



қосымша

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы тәуелсіз директорының

лауазымына кандидат туралы мәліметтер


  1. Жалпы мәліметтер:




Тегі, аты, әкесінің аты








(жеке басының куәлігімен (төлқұжатымен) толық сәйкес, тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен жағдайда қашан және қандай себеппен олардың өзгертілгені жайлы көрсету)

Туған күні және жері





Тұрғылықты мекен-жайы, телефон нөмірлері








(толық мекенжайын, қызметтік, үйінің, елді мекеннің кодын қосымша беру арқылы байланыс телефондарының нөмірлерін көрсету)

Азаматтығы





Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері







  1. Аффилирленгендігі туралы мәліметтер:

Жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, ағасы, апасы, балалары), сондай-ақ туысқандары (жұбайының (күйеуінің) ағасы, апасы, ата-аналары, балалары) туралы мәліметтер:



Тегі, аты,

әкесінің аты


Туған күні, айы, жылы

Туысқандық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1













2













3












Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы:





Атауы және орналасқан жері

Заңды тұлғаның қызметінің жарғылық түрлері

Сіздің қатысу сомаңыз және үлесіңіз

1










2










3













  1. Кәсіби мәліметтері:

Білімі, соның ішінде жұмыс бейініне сәйкес кәсіби білімі








(оқу орнының, факультеттің немесе бөлімнің атауын және орналасқан жерін, оқу кезеңін, берілген біліктілігі, білімі туралы дипломның деректемелерін көрсету)

Қосымша білімі, соның ішінде жұмыс істейтін саладағы біліктілігін жоғарылату курстары, ғылыми дәрежелері








(оқу орнының атауын және орналасқан жерін, оқу кезеңін, білімі туралы дипломның, сертификаттың, куәліктің деректемелерін көрсету )




(қаржы ұйымдарындағы жұмыс істеген, аудитор лауазымындағы жұмысының, қызметінің түрі бойынша бухгалтер болып жұмыс істеген жылының санын көрсету)

Салада басшылық қызметтегі жұмыс тәжірибесі








(жұмыс тәжірибесін сипаттау: лауазымдық міндеттемелері, кәсіби машығы)

Директорлар кеңесі құрамындағы жұмыс тәжірибесі




Тілдерді білуі




Тәуелсіз директордың жұмысына уақыт бөлу мүмкіндігі




Директорлар кеңесі комитетін басқару мүмкіндігі




Жетістіктері







(осы мәселе бойынша ақпаратты көрсету, мысалы, ғылыми жарияланымдардың аты, ғылыми әзірлемелерге, заң жобаларына және басқаларға қатысу)

Кәсіби ұйымдарға мүшелігі







(осы мәселе бойынша ақпаратты көрсету, мысалы, Аудиторлар, актуарилер палатасы)

Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат







(кандидаттың кәсіби құзыреттілігін сипаттайтын ақпаратты көрсету)




  1. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:



Жұмыс кезеңі

(ай, жыл)

Ұйымның атауы, атқарған қызметі және лауазымдық міндеттері, ұйымның координаттары

1







2







3










  1. Басқа мәліметтер:

Экономикалық қызмет саласында жасалған қылмысы үшін, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет мүдделеріне және мемлекеттік басқаруға қарсы басқа қылмыстары үшін Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығының болуы

Иә/жоқ

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттету туралы мәліметтердің болуы

Иә/жоқ, егер «Иә», онда ықпал ету шаралары қашан және кіммен қолданылған

Бұрын банкрот болып танылған немесе оған қатысты мәжбүрлеп тарату туралы, уақытша тоқтатып қою, акцияларын мәжбүрлеп сатып алған ұйымның басшы қызметкері болып табылған

Ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі

Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат

(еркін көрсетіледі)

Мен (тәуелсіз директордың лауазымына кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты), _______________________________________________________________________________



__________________________________________________________________________________, осы ақпаратты мен мұқият тексердім және ол шынайы және толық болып табылатынын растаймын, және мен ұсынған шынайы емес мәліметтердің мені тағайындауға (сайлауға) келісімді қайта қарау (қайтарып алу) үшін негіздеме болып табылатынын мойындаймын.
__________________________________

(қолы, күні)
жүктеу 124,34 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау