Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Түркістан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті
Бос лауазыға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру
Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
С-О-4 санаты үшін: жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
ғылыми дәрежесінің болуы;
сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-О-4
|
109898
|
148300
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Түркістан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті, 160011, Шымкент қ., Г.Іляев көшесі, 24/1, анықтама үшін телефондары: 8 (7252) 21-01-59, электронды мекен-жайы: z.bazarbaeva@minfin..gov.kz
1.Қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық етеді. Департаменттің жылдық бюджетін жоспарлау және орындау мәселелерін ұйымдастырады; Бухгалтерлік есепке алуды ұйымдастыру және жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражаттың тиімді және толық пайдалануын қамтамасыз етеді; Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржыландыру жоспарының орындалуы бойынша бухгалтерлік есептіліктің тапсырылуын қамтамасыз етеді; Департаменттің алдағы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі жеке қаржыландыру жоспарларын жасау және олардың орындалуын қамтамасыз етеді; Мемлекеттік сатып алу жоспарының түзілуін ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын бақылайды; Мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес қаражаттың жылдық көлемін жоспарлайды; «Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасын іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымастыру және орындалуын қамтамасыз ету, департаменттің теңгеріміне өткен жылжитын, жылжымайтын мүліктерді теңгерімге қабылдайды; Департаменттің теңгеріміндегі әкімшілік ғимараттарының коммуналды ақыларын (жылу қуаты, ауызсу, электр энергиясы, тұрмыстық қалдықтар, байланыс сымтетіктері пайдалану) уақытылы төлеуді қамтамасыз етуді қадағалайды; Әкімшілік ғимараттарды күтіп ұстау, жөндеу жұмыстарының шығындарына бюджеттік өтінімдерін қалыптастырады; Қаржы-шаруашылық жұмысын қадағалайды.Барлық төлемдерді қазынашылық департаментіне уақытылы аударуды орындайды; Еңбекақылардың уақытылы төленуін қамтамасыз етеді; Жекешелендіруден, тәркіленген мүлікті сатудан түскен қаражатты және төленетін басқа да салық төлемдерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген «Мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу және сақтау қағидаларының» талаптарын, «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығымен бекітілген қағида талаптарын заңға сәйкес белгіленген тәртіппен қазынашылық арқылы бюджетке уақытылы аударуды жүзеге асырады; Бөлінген бюджеттік қаражатты игеруді қамтамасыз етеді; Теңгерімдегі құнды бағалы заттарға өз уақытында түгендеу жасауды және олардың дұрыс есепте болуын қадағалау, жарамсыз құралдарды есептен шығаруды қамтамасыз етеді; Департаменттің мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері мен штаттан тыс қызметшілерінің штаттық кестесін дайындайды, еңбекақы төлемдерін бекітеді; Бөлінген қаражатты игеру бойынша ай сайын, тоқсан сайын, жылдық есептіліктерді (баланс) тапсыруға дайындайды, алашақ-берешек қарыздары жөнінде комитетке есеп береді; Бекітілген арнайы нысандар бойынша статистика басқармасына белгіленген уақытқа бухгалтерлік статистикалық мәліметттерді тапсырады; Ақпараттық жүйеде және «Е-минфин» бухгалтерлік есеп автоматтандырылған бағдарламасында жұмыс жүргізеді; Комитетке қаражаттың толық игерілуіне қатысты рейтингтік көрсеткіштер жөніндегі есептіліктерді дайындайды; Заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде заңды тұлғалар мен жеке азаматтардың өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті жауаптар береді;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика), жаратылыстану ғылымдары (математика), нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін мамандықтар.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
*Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 27.12.2018 № 289 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
*Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 27.12.2018 № 289 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымына орналасуға конкурс
өткізу қағидаларының
2-қосымшасы
__________________________
__________________________
__________________________
__________________________
(мемлекеттік орган)
Нысан
Өтініш
Мені________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |