Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Зырян ауданы –



Дата13.11.2018
өлшемі64 Kb.
#19236
түріКонкурс

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Зырян ауданы – Зырян қаласы бойынша Мемлкеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 2017 жылдың 01 қарашасынан бастап 2017 жылғы 03 қарашасын қоса алғанда
Индекс 070800, Зырян қаласы, Стаханов көшесі, 11-үй, анықтама үшін телефон: 8(72335) 6-35-67, 6-13-84, факс: 8(72335) 6-13-84, электронды мекенжайы: zyran@taxeast.nalog.kz, E.Kozybayeva@kgd.gov.kz.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-R-4 санаты үшін: жоғары білім,



мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі. Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-R-4

73 288

99106


Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс:

1. Зырян қаласы – Зырян ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Өндірістік емес төлемдерді және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, С-R -4 санаты, (1 бірлік).

Қызметтік міндеттері: Бюджетке түсетін салықтардың есептелуіне және түсіміне талдау жасау. Салық төлеушілердің дербес шоттарындағы есептелуге камералдық бақылау жүргізу, салық есептілігінің уақтылы тапсырылуын бақылау жүргізу. Бюджетке түсетін резерв көздерін іздестіру; салық салу объектілерін толық қамтып, салық төлеуге тарту үшін уәкілетті органдардан келіп түскен мәліметтерді саралау; арнайы салық режимінде жұмыс істейтін салық төлеушілердің тіркеу есебін жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, статистика) немесе құқық саласының (кеден ісі) немесе техникалық ғылымдар және технология саласындағы (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникалары және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік үлгілеу) мамандықтары бойынша жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес саласында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда жоғарда көрсетілген мамандықтар бойынша ортадан кейінгі немесе техникалык және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi: ішкі конкурс туралы хабарландыру уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім. Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде Зырян қаласы, Стаханов көшесі, 11-үй, мекен-жайы бойынша өтеді.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша  
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш


      Мені___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:


_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________

________                               ______________________________


  қолы                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау