Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, 070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік данғылы, 86-үй, анықтама үшін телефон: 8(7232) 75-18-12, 70-24-31, факс: 8(7232) 75-25-06, электронды мекенжайы: okad@ustk.taxeast.mgd.kz , okad3@ustk.taxeast.mgd.kz«Б» корпусының төменгі болып табылатын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурсқа хабарландыру
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-R-5 санаты үшін: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
C-R-5
|
64 960
|
88 279
|
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс:
1. Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының персоналмен жұмыс бөлімінің жетекші маманы С-R-5 санаты, (1 бірлік).
Қызметтік міндеттері: Бос лауазымдық орындарға конкурс жүргізуге даярлық жұмысын атқару; жаңадан қабылданған қызметкерлердің жеке істерін жиынтықтау; «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптарын орындауды қадағалау; еңбек тәртібін қадағалау; «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес бұйрықтардың жобаларын даярлау; көтермелеу және тәртіптік комиссияларының жұмыстарын ұйымдастыру; жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу; кадрлық мәліметтерді «Е-Минфин» бағдарламаларына енгізу, белгіленген есептілігінің, жоғары мемлекеттік кірістер органдарының, басқарма басшысының және басқа уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларын сапалы жасалып, дұрыс және уақытында тапсырылуын жүзеге асыру; заңды және жеке тұлғалардың үндеулерін мерзімінде және сапалы қаралуын жүзеге асыру; бөлім құзырына енетін сұрақтар бойынша бұқаралық-түсініктіру жұмысына қатысу; бекітілген учаскеде іс жүргізуіге мемлекеттік тілді сапалы енгізуді жүзеге асыру; лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (экономика, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, есеп және аудит немесе құқық).
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
2. Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мәжбүрлеп өндіру және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс бөлімінің жетекші маманы С-R-5 санаты, (1 бірлік).
Қызметтік міндеттері: Салық міндеттемелерін мерзімінде орындамаған салық төлеушілердің салық берешегiн, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiн мәжбүрлеп өндіруді қамтамасыз ету әдістері бойынша шара қолдану; банкрот туралы қолданыстағы заңнамалардың ережесін сақтаумен дәрменсіз борышкерлердің банкротталуы шарасын бастамалау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру; белгіленген есептілігінің, жоғары мемлекеттік кірістер органдарының, басқарма басшысының және басқа уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларын сапалы жасалып, дұрыс және уақытында тапсырылуын жүзеге асыру; заңды және жеке тұлғалардың үндеулерін мерзімінде және сапалы қаралуын жүзеге асыру; бөлім құзырына енетін сұрақтар бойынша бұқаралық-түсініктіру жұмысына қатысу; бекітілген учаскеде іс жүргізуді жүзеге асыру; лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (экономика, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, есеп және аудит немесе құқық).
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен 2-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі) ;
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Тізімнің 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда Тізімнің 4 тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.
Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын Тізімнің 3 және 4 тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты ( бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде 2016 жылғы 09 желтоқсаннан бастап 2016 жылғы 21 желтоқсанды қоса алғанда тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ әңгімелесуге жіберу туралы кандидаттар хабарландырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |