Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы


Ресеймен экономикалық байланыстары



жүктеу 4,39 Mb.
бет12/21
Дата28.11.2017
өлшемі4,39 Mb.
#2261
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

2.Ресеймен экономикалық байланыстары.Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатындағы басым бағыт - Ресеймен экономикалық ынтымақтастықты нығайту, ТМД елдерінің шаруашылығын дәйекті түрде экономикалық кіріктіру. Бұл бір кездегі біртұтас мемлекет экономикаларының дәстүрлі бері байланыстарымен, өзара толықтыру мен өзара тәуелділігінің биік деңгейімен, тауар өткізу рыноктарының сыйымдылығымен және шешілуге тиісті экономикалық проблемаларының ұқсастығымен айқындалады. «Бұрынғы КСРО экономикасын дамыту тәжірбиесінің қорытындыларына және дүние жүзінің экономикалық озық елдерінің тәжірбиесіне жасалған талдау,- деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев,- нарыққа өтудің объективтік жағынан қажетті және тарихи тұрғыдан болмай қоймайтын нәрсе екенін көрсетті.

Қазақстандағы казіргі жағдайдың басты ерекшелігі-экономиканы реформалау жылдарында қалыптасқан тетіктердің ықпалы күшейіп, нарықтык. сигтаты жоқ факторлардың ықпалы әлсіреуінде, әуелі кезде нарықты жолға қоюдың жекешелендіру, монополизацияландыру сияқты маңызды құралдардың жетіле қоймауы, бәсеке ортасының болмауы республикадағы инфляцияны, кәсіпорындардағы қаржы жағдайының нашарлауын, олардың айналым каражатының күрт төмендеуін, сұраныс пен халықтың басым көпшілігінің накты табысы кемуіне байланысты өнім өндірудің құлдырауын, сондай-ақ сауда және банк құрылымдарындағы өрекелдіктерді туғызған басты себептердің бірі болды. Қалыптаскан технологиялық , экономикалық және ұйымдастырушылық деңгейі сыртқы экономикалық байланыстар әлеуметтік елеулі ықпал етті. Бұрынғы КСРО-ның экономикалық кеңістігінің тұтастағы орталықтандырылған мемлекеттік жоспарлау аркылы қамтамасыз етіліп отырды, мұның өзі әкімшілік басқару тәсілдерінен жүзеге асырылды. Осындай жағдайда елде экономикасы біріңғай цех тәртібімен жұмыс істеді, алайда нарық тұрғысынан алғанда осынау өндірістік шаруашылық байланыстар әрі тиімді бола береді деп айтуға болмады. Бұрынғы КСРО-ның бүкіл экономикалық кеңісіндегі нарықтық шаруашылыққа көшу түбегейлі құрылымдық қайта құруды қажет етті, ал бұл үшін қыруар ресурс пен уақыт жұмсауға тура келді .

Республика экономикасының әлемдік сауда жүйесіне белсенді түрде кіріктіру- теңгені нығайтудың мүмкін-қадірлі ең ықпалды шарасы, ол Қазақстанды өркениеті дүниенің ажырамас бір бөлігіне айналдыруға мүмкіндік береді. Халықаралық ортақ рынокқа барар жол оған кіретін мемлекеттерді тәуелсіз экономикалык және саяси өркендеу бағытында дамудың неғұрлым биік сатысына көтеру жолы.

Сөйтіп, 1992-1995 жылдары Қазақстанда экономикалық саясатты жүзеге асыру экономиканы ырықтандырып, ашық етуге, жеке кәсіпкерлікті өрістетуге жағдай жасалды.

Нарықтың инфрақұрылымда елеулі өзгерістер болды: сауда,банк, секторы жедел қарқынмен дамыды, басқалай қаржы институттары, яғни экономикалық бұрын тым кеште дамыған, бірақ нарықтық экономиканың жұмыс істеуі үшін өте-мөте қажетті салалары пайда болды.

Сыртқы және ішкі сауданы ырықтандыру жөнінде республикада жүргізілген шаралар 1994 жылы және1995 жылдың басында жалпы ішкі өнім кәлемінің құлдырауымен салыстырғанда экспорттың шамалы ғана қысқаруына соқтырды. Тауарлардың экспорт, әсірісе ТМД елдеріне шығарылатын тауарлар, 1994 жылы шамамен 3,3 млрд. доллар және 1995 жылы 4,97 млрд. доллар болды. Экспорттың көп үлесі Ресей Федерациясына тиді- 1994 жылы 47%(1,4 млрд. доллар), 1995 жылы ТМД елдеріне 2,8 млрд. доллар болса,соның ішінде Ресейге 2,7 млрд доллар болды.

Мұнай және мұнай-химия өнеркәсібінің, қара және түсті металлургияның шикізаттары мен материалдарды да, бұрынғыша, Қазақстанның Ресейге шығарар экспорт саласы болып қалуда.

Экспорт кәлемінің едәуір бөлігін қара металл (35,2%), мыс пен одан жасалатын бұйымдар (15,1%) құрайды. Қазақстан мұнайының және оны өңдеуден алынатын өнімдердің негізгі тұтынушысы да Ресей кәсіпорындары, мұның өзі экспортқа шығарылатын минерал өнімдерінің жалпы кәлемінің 40%-н кұрайды.

1995 жылы 26 қаңтарда Қазақстанның Ресейдің және Белоруссияның үкімет басшылары экономикалық одақтың өзге де мүдделі мемлекеттерінің үштіктің кеден одағына қатысуы туралы бірлескен мәлімдеме жасап, меморандум қабылдауды, үш мемлекеттің өз ара ынтымақтастығын жүзеге асыру жөніндегі іс қимыл бағдарламасын бекітті және сонымен бір мезгілде тиісті ұлттық министрліктер минведомстволарға осы бағдарламаны орындау жөнінде жұмыс атқаруды тапсырды.

Қазақстан мен Ресейдің болашақтағы экспорттық және импорттық мамандануын таңдағанда нарықтық конъюнктураның шамалы өзгерісін сезетін тауарларға артықшылық берген жөн. Бұл үшін ұзақ мерзімді келісімдерге артықшылық беру керек.

Қазақстан мен Россияның президенттерінің арасындағы Байқоңыр мен Каспиге қатысты қол жеткізген келісімдерін газет сұхпатын сыйғызу мүмкін еместігін алға тартқан болатын. Қазақстан мен Россияның стратегиялық қарым қатынасы бағытындағы экономикалық ынтымақтастық саласындағы және кедендік қатынасқа байланысты 2008 жылдарға қабылдаған құжаттардың қабылдануының дұрыстығын бүгінгі уақыт дәлелдеп отыр. Жалпы алғанда, Қазақстан мен Россияның экономикалық ынтымақтастық елдерінің бәріне де ортақ мәселелер мен интеграциялық қадамға негіз болатын жайттардың қатарында мыналарды атауға болады:


  • бүгінгі таңда өзара экономикалық ынтымақтастық елдер негізінен экономикалық тұрғыдан дамушы елдер қатарына жататындықган, бәріне ортақ біршама мәселелердің төңірегіндегі ұқсас фактілер (ел ішіндегі жемқорлықпен күрес, елді демократияландыру бағыттары, өркениетті қоғам құру мәселелері т.с.с);

  • тарихи-мәдени байланыстары мен ортақтықтары;

  • Қазақстан мен Россияның геосаяси тұрғыдан қолайлы аймаққа орналасуы, яғни оның шын мәніндегі үлкен транзиттік рөлі, дүние жүзінің маңызды нүктелерінің біршама бөліктерін камтып жатуы.

Қазіргі таңдағы жаһандану процестерінің шынайылыққа айналып келе жатқанын ескерсек, ендігі жерде бұл аймақ елдерінің де болашақтағы саяси-экономикалық түрлі деңгейдегі Ұйымдарға бүгіндері негіз салуда жәнс оның айналасында қалыптасқан жағдайдың өзі соған итермелейтінін анық байқаймыз.Аталмыш аймақ елдерін өзара жақындастыра түсетін, яғни аймақтық интеграцияға негіз бола алатын тарихи-мәдени, конфессионалды, этникалық, географиялық, шаруашылық-мәдени, аймақтық-әкімшілік және т. б. факторлар көптеп саналады. Солай бола тұрғанмен де, бұл елдер өзінің жаңа экономикалық байланыстар кезеңіне көшкеніне қарамастан, әлі де болса Кеңес Одағы көзіндегі аграрлық-шикізаттық аймақ дәрежесінен аса алмай отыр. Жаңа ғасырдағы әлемдік деңгейде болып жатқан өзгерістерге және олардың негізгі экономикалық инвистициялық салымдардың осы аймақтар маңында өтіп жатқанына қарағанда, әлемдік деңгейге көтерілетініне оңай көз жеткізуге болады.

Экономикалық келісімдер бөлігі бойынша орталықта ғана емес, облыстарда да қаражат-өнеркәсіп топтарын, ортақ бірлестіктер, сауда үйлерін құру жөніндегі уағдаластықты ерекше бөліп атау керек. Сондай-ақ еркін сауда тәртібіне, капиталдың, жұмыс күшінің еркін жүріп-тұруына, екі мемлекеттің біртұтас кедендік кеңістігін кезең-кезеңмен қалыптастыруға жағдай жасау жөнінде бірқатар дәйекті шаралар жүзеге асты. Демек, екеуара болса да, бастаған жөн. Біз ұлттық валюталардың — сомның да, біздің теңгенің да алмастырылу курсының тұрақтылығын қолдап отыруға міндеттенді. Азаматтардың валюта алмастыруына, ақша, зейнетақы, стипендия аударуына байланысты барлық кедергілер жойылды. Екі елдің үкіметтері бір ай мерзім ішінде өзара төлем, есептесу-төлем және валюта-кредит қатынастарын реттеуге тиіс болды. Екі мемлекет мүддесіне қызмет ететін өндірісті бірлесе қаржыландыру жолы ашылды. Бұл орайда қаржыландырушылар бірдей құқықтарға ие болды. Біздің елдер өнеркәсібінің қорғаныстық салаларының өзара тиімді байланыстарын, ғылыми техникалық кооперациясын одан әрі дамытудың жолдары айқындалды. Қазақстандағы қырықтан астам қорғаныстық зауыт, неліктен екенін кім білсін, атомдық сүңгуір қайықтарды жарақтауға бағдарланды. Енді не істеу керек — далалы Қазақстанда олар тұрғанда, Ресейдің әскери-теңіз флоты үшін жаңа зауыттар ашу керек пе? Осы сапарым көзінде біре-гей Байқоңыр космодромын пайдалану, тұтас алғанда стратегиялық ядролық қару статусы сияқты қиын мәселелер бо­йынша, екі елдің әскери-техникалық ынтымақтастығы бой­ынша қолайлы шешімдер табылды.

Байқоңыр жайында: «Байқоңырдың» біртұтас ғылыми техникалық және әлеуметтік кешенін құрайтын космодромның сынақ және технологиялық объектілері, Ленинск қаласының инфрақұрылымы Ресейге 20 жыл мерзімге арендаға берілді. Бұл орайда екі елдің үкіметтері 1995 жылы Ленинск қаласында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету механизмін әзірлеп шықты (Ленинскіде 100 мың адамның жартысы Қазақстанның азаматтары, жартысы — ресейліктер). 1994 жылы Америка Құрама Штаттары қорғаныс министрлігінің делегациясы келіп қайтты, олардың айтуынша бүкіл әлемде ондай кешен жоқ. Бәріміз жабылып жасаған кешен азып-тозып құрдымға кетпес үшін, қайта бәріміздің игілігімізге жұмыс істеуі үшін басты міндетті саясаткершілікке салынбай шешу керек болды. Оны шешті де. Бұл орайда Байқоныр космодромында, біздің уағдаласқанымыздай, Қазақстан Президентінің арнайы өкілі болып, ол өзара байланысты қамтамасыз етіп отырады. Ол жерде азық-түлік және су, электро­энергия, транспорт мәселелерін де шешу керек болды. Ресей жағы соңғы жылдары Байқоңырды ұстап тұруға және пайдалануға байланысты Қазақстанның мүліктік залалдары мен шығындарын өтейтін болды.

Келесісі - әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт. Ресей мен Қазақстанның ортақ әскери-стратегиялық кеңістігі шеңберінде бірлескен сенімді қорғанысты қамтамасыз ету мақсатында республикамыздың аумағында уақытша орналасқан стртегиялық ядролық күштердің статусы туралы уақдаласты. Екі елдің қорғаныс министрлері өзара қауіпсіздіктің мүддесі үшін бірлесіп жоспарлау және әскерлерді қолдану мәселелері бойынша келісімдерге қол қояды. Іс жүзінде біртұтас әскери кеңістік құрылды.Өзара берілетін әскери өнім мен кооперация бойынша әскери-техникалық қамтамасыз етуге және баға қоюға, сондай-ақ Ресейдің орталық банкісі далалық мекемелерінің қызмет етуіне байланысты мәселелер реттелді, әскери мамандар мен офицерлер даярлауға көзқарастар келісілді.



2002 жылы17 қаңтарда Мәскеуде Қазақстан мен Ресей арасында шаруашылық қызметтегі шектеулерді жою туралы келісімге қол қойылды. Онда: кәсіпкерлік, тауарларды өткізу, сатып алу, ауыстыру, жұмыс және қызмет ету бостандығын қамтамасыз ету көзделген. Үкіметтер өз аумақтары арқылы жүктің барлық түрін тасымалдауға қосымша алым алмауға міндеттенді.

2000 жылы қазан айында бұрынғы Кеден одағын /мүше елдер: Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан/ Еуразиялык экономикалық қоғамдастық /ЕуразЭҚ/ етіп құру туралы келісімге қол койылды. Кеден одағы көзінде сырткы сауда тарифтері алынып тасталған болатын.

Ендігі жерде ЕуразЭҚ-тың жоғарғы органы Мемлекет аралық кеңес, оның құрамына мемлекет басшыларымен қатар премьер-министрлер енді. Мемлекетаралық кеңестін төрағасы болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Күнделікті жұмыс істейтін орган — кірігу комитеті құрылды.

ЕуразЭҚ-тық негізгі міндеттері: сыртқы сауда мен кеден саясатында еркін сауда ережесін толық сақтау, бірыңғай кеден тарифін калыптастыру, дүниежүзілік сауда ұйымымен қатынас жасауда үйлестірілген бағыт ұстау, қоғамдастықтың сыртқы шекарасында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, контрабанда және басқа да кеден заңдарын бұзумен күрес, сыртқы шекараны жасақтап, нығайту, т.б.



Ресейдегі саяси ахуалды есепке алғанда, Қазақстан-Ресей қатынастарындағы айрықша кезең болғанын атап айтқан абзал. 2000 жылғы қазанда Қазақстан елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуге, Ресей Президенті В.В.Путиннін Астанаға аса маңызды ресми сапарлары болып өтті. Басшыларымыз экономикалык ынтымақтастыққа, әскери-саяси, мәдени-гуманитарлык өзара іс-қимылға катысты бірқатар принципті мәселелерді карады. Президент Н.Ә.Назарбаев Ресейге өткен жаздағы ресми сапары барысында Ресей үкі-метінің басшысымен, федералдык жиналыс палаталарының төрағаларымен, «ЕЭС Россия» және «Газпром» акционерлік қоғамдарының жетекшілерімен кездесті. Елбасымыз Құтқарушы Иса пайғамбар храмында патриарх Алексий ІІ-мен, сондай-ақ жетекші ресей ақпарат құраддарының басшыларымен кездесті. Сапар барысында қол қойылған құжаттар екі жақты қатынастың көкейтесті салаларын, атап айтқанда, Байқоныр кешенінің одан арғы қызметін қамтамасыз ету, екі елдің байланысы мен ақпараты келісілген көлік саясаты, ар-наулы қызметтердің езара іс-қимылы, ақыр сонында, екі елорда — Астана мен Мәскеудің арасындағы байланыстар қаралды. Экономикалык мәселелер ең алдымен мұнай-газ секторындағы, энер­гетика мен көлік саласындағы екіжакты ынтымақтастықтың күллі келешегі Ре­сей Президентінің өткен күздегі Қазақстанға ресми сапары көзінде кеңінен талқыланды. Астанада кол қойылған Құжаттар бумасында Каспийдегі ынтымақтастық туралы жасалған Декларация энергетика кешені саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум бар.

Президент Н. Назарбаев өзінің «Жүз жылға татитын он жыл» атты сөзінде: «...таяу жылдары өзіміздің негізгі экономикалық серіктестіктеріміз ретінде Ресеймен және Орта Азия елдерімен ықпалдастығымызды едәуір ілгері бастыруымыз қажет. ЕуразЭҚ-тың барлық мүшелерімен саясатымыз бен заңнамамызды үйлестіруге карай қадам жасауымыз керек » деп атап көрсетті.

2002 жылы 26 ақпанда Мәскеуде Еуразиялык экономикалық коғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі мәжілісіне Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Иманғали Тасмағамбетов қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде коғамдастыққа мүше елдер үкіметтері басшыларының баяндама-лары, экономикалық өзара ықпалдасу проблемалары жөніндегі шаралар туралы, қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің сыртқы шекараларындағы іс жағдайына кешенді талдау жүргізу жоспарының жобасы, Кеден одағы және ЕуразЭҚ шеңберінде қол қойылған халықаралық шарттардың күшіне енуі жөніндегі ішкі мемлекеттік ресімдердің орындалу барысы туралы мәселелер болды.

2002 жылғы 5 ақпанда Президент Н.Назарбаев ақпарат құралдарының өкілдерімен әңгімесінде: «Бүкіл әлемді шырмап алған ғаламдасуға карсыласудың ешқандай мән-мағынасы жоқ... Біз Қазақстандағы нашар өнімнің сапасын бұқтырып ұстап, соны көрсетпеу үшін шекараларымызды жауып коя алмаймыз. Одан да біздің компа-нияларымыз бәсекеге түсіп, басқалармен таласа-тармаса жүріп өссін, түптің түбінде олар да әлемдік рынокқа шығуы тиіс қой... Өйткені, біздің Қазақстанда 16 миллион ғана адам бар. Біздің өзімізде өндірілген тауарлардың бәрі бірдей Қазақстанда сатылуы мүмкін емес. Адамдардың саны 60 миллионнан кем түспейтін мемлекет қана өзін өзі толық қамтамасыз ете алады... Осы тұрғыдан алып қарағанда, Орталық Азияның бірде-бір мемлекеті өзін-өзі дербес күйінде қамтамасыз ете алмайды... Ал егер бұған Ресейді қоссаңыз, онда 200 миллион адам болып шығады. 200 миллион адам өз ішінде өз тауарларын өндіре де алады, сата да алады. Сонда өндіріс те дамиды, адамдар да жалақыға ие болады...» деп түйінді мәселені сөз етті.

2002 жылғы 1 наурызда Алматыда Қазакстан, Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан президенттерінің бірлескен мәлімдемесі кабылданды. Онда табиғи газ ондіру мен тасымалдау саласындағы кең ауқымды тығыз ынтымақтастық деген обьективті мүдделілік біздің елдеріміздің өзара байланысының ғана емес, сонымен бірге, әлемдік экономикадағы ғаламдастыру мен интернационалдану процестерінің күшеюінен де туындап отыр, деп атап көрсетілген.

Сонымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2008 жылғы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мелекеттік саясаттың басты мақсаты"атты Қазақстан халқына жолдауында. "Біз Ресеймен, Қытаймен және орталық азия мемлекеттрімен өзіміздің экономикалық және саяси ынтымақтастығымызды әрі нығайта беруге тиіспіз. Өңірдегі тұрақтылық, ашық пікір алысу және өзара іс-қимыл таныту үшін берік негіз қалауымыз қажет "деген болатын.



3.Қазақстан әлемдік қауымдастықтын тең құқылы мүшесі. Біріккен Ұлттар Ұйымы және Қазақстан. Егемен еліміз үшін 1992 жылдың 23 қаңтары да ерекше есте қаларлықтай. Бұл — қазақ халқының ғасырлар бойы армандап келген тәуелсіздігін бүкіл әлемге әйгілеп, Қазақстанды төрткүл дүниенің барша бүрышын жайлаған елдерге танытқан күн болды. Елбасы Н. Назарбаевтың атына Біріккен Ұлттар Ұйымының сол кездегі Бас хатшысы Бутрос Ғалиден Қауіпсіздік Кеңесі Бас Ассамблеясының Қазақстан Республикасын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдау жөніндегі үсыныс жасайтын қарарды дауыска салмай-ақ қабылдағаны жөнінде жеделхат келіп түсті.

Осылайша әлемдегі ең бедці де бедедці ұйымдардың бірі — БҰҰ-дың штаб-пәтері орналасқан Нью-Йорктегі зәулім ғимараттың алдында көгілдір аспан түстес туымыз Кіндік Еуразияда жаңадан жас мемлекеттің өмірге келгенін паш етіп, желбірей бастады.

Жалпы алғанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы жер бетіндегі бейбітшілікпен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған халықаралық ынтымақтастықтың барлық принциптерін меңгерген ұлттар қауымдастығы болып есегггеледі. Тарих дәлелдеп отыр-ғандай, адамзат соғыс тауқыметін қаншалықты білетін болса, соған жол бермейтін өзара түсіністік, бейбітшілікті қамтамасыз етуге деген ортақ күш-жігерді де соншалықты сөзіне білді. 1914 жылғы бүкіләлемдік соғыс Ұлттар лигасын туғызса, 1939 жылғы екінші дүниежүзілік соғыс осы Біріккен Ұлттар Ұйымының өмірге келуіне себепші болды. Алғаш "Атлант хартиясы" деп аталған кауымдастық құжатына 1942 жылы жиырмадан астам мемлекет өкіддері қоддау білдіріп (ішінде бұрынғы Кеңес одағы да бар), қол қойган соң тарихта "Біріккен Ұлттар Декларациясы" деген атаумен қадды.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен-ақ болашақ Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы мен алдағы аткарар жұмыстары нақтыланып, арнайы конференциялар өткізіп түру практикаға енді. Бірақ қауымдыстық жұмысы қаншама реформаланғанымен, бастапқы міңдеті — елдер арасындығы бітімгершілікті сақтап қалуға деген іс-әрекеті басты шаруа болып қалуда. Ол ұйым жұмысының үштен бірін қамтиды. Бүдан басқа БҰҰ елдердегі экономикалық және әлеуметтік дамудың аса маңызды бағдарламаларын жүзеге асыруға, адамдар қүқығын қорғау бағытындағы іс-шараларға, босқындар мен түрлі апат қүрбандарына, экологиялық зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына көмек көрсетуге барынша ат салысып келеді.

Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып қабылдана салысымен-ақ Бас Ассамблеяның барлық жұмысына белсене қатысқан. Сессиялар қабылдаған аса маңызды мәселелер женіндегі бірнеше қарардың қосалқы авторы бола білген. БҰҰ-ның басшы органдары мен қүрылымдары сайлауын өткізуге де белсене атсалысыпты. Соның нәтижесінде еліміз бірсыпыра комитеттің мүшесі болған, сессиялардың тең төрағаларының орнына сайланған.

Әлемдік банктің, ПРООН-ның, тағы басқа да ұйымдардың республикамыздағы мүдцелі министрліктермен бірлескен іс-қимылы нәтижесінде Арал аймағындағы экологиялық жағдайды сауықтырудың және қаржылай кемек көрсетудің кешенді бағдарламасы жасалып, іске асуда. Экономикалық

реформаны, қаржылық басқару, банк ісін жөне басқа да институттар жұмысын жақсартуға қаржылай көмек көрсетілген. Елдегі инфляцияны шешуге алғашқы жылдары (1993-1995 ж.) түрлі банктер арқылы 460 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлінген1



Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесіндегі Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстанда қызмет ете бастаған алғашқы екі жылдың ішінде жалпы кұны алты миллион доллар тұратын дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар бөлсе, кейін балалар мен оның аналарына арнап тағы да бірнеше миллион доллар қайырымдылық кемек көрсетті. Кейінгі жылдары Ислам Даму Банкі, Азия Даму Банкі және Еуропалық қайта құру және Даму банкі мен донорлық елдер тарапынан келетін кемек те көбейе түскен.

БҰҰ мен Қазақстан үкіметі арасындағы байланыс екі кезеңце — 1996-1999 жылдарға және 2000-2004 жылдарға арналған рамалы бағдарлама бойынша жүзеге асуда. ЮҢДАФ-тың мәліметіне қарағанда, Қазақстан Республикасында, әсіресе, қүзырлы мекеменің Дамыту бағдарламасы (басты мақсаты — адам дамуын жетілдіруге көмек керсету, сондай-ақ әлеуметтік даму мен кедейшілікті жою, әйелдер мен еркектердің тендігі, тиімді мемлекетгік басқару және қоршаған ортаны қорғау сияқты стратегиялық маңызды міндеттерді қамтиды), Әйелдер дамыту қоры (әйелдердің қүқын қорғауға, олардың экономикалық және саяси мүмкіңдіктерін арттыруға көмектеседі, БҰҰ қүрамында әйелдер мүддесін ұлттық, аймақтық және әлемдік деңгейде шешілуіне ықпал етеді) және Еріктілер бағдарламасы (1970 жылы БҰҰ Жобалары мен Бағдарламаларын, соның ішінде, әсіресе, қоғамдык (немесе жүртшылықты) қолдау мақсатымен қүрылған) белсенділік танытып келе жатқан керінеді.

Сондай-ақ БҰҰ жүйесі бойынша жұмыс істеп жаткан Балалар қоры, Халықаралық валюта қоры, Білім, ғылым және мәдениет ұйымы, ВИЧ/СПИД/-пен күресу жөніндегі бірлескен бағдарламасы, Халықаралық еңбек ұйымы сияқты үжымдардың тірлігіне де ризашылық білдіруге болады.

Тағы бір айта кетерлік жәйт, Біріккен Ұлттар Ұйымы 2001 жылды — Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Мүның озі мана біз жоғарыда атап көрсеткен Еріктілер бағдарламасы (БҰҰЕ) аясында ұйымдастыратын шаралардын кең ауқымда, толыққанды болып өтетінін байқатса керек.

Қорыта келгенде, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған тоғыз жылдың ішінде түрлі саяси және экономикалық мәселелерді шешуде белсенділік те, бІліктілік те көрсете білді, сөйтіп өзінің халықаралық беделін арттыра түсті деп айтуға толық негіз бар.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастыққа аса зор маңыз береді. БҰҰ Бас Ассамблеясының 52-сессия-сында Семей полигоны жөніңде арнаулы қарар қабылданды, ал оның мамандандырылған ұйымдары Еуропалық эконо-микалық комиссия мен Азия және Тынық мүхит аймағы үшін экономикалық-әлеуметтік комиссия, Орталық Азия аймағьш әлеуметгік-экономикалық жағьшан дамыту жөніндегі бағдарлама болды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бір кезде ядролық сынақтардан зардап шеккен Семей аумағын қалпына келтіру жөніңдегі шаралар туралы және бір қарар қабыддады.

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше 2000-шы жылы Катарда өткен Ислам конференциясы ұйымының бас қосуына белсенді түрде қатысты.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесіндегі БҰҰ Даму бағдарламасы, Д үниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссариат, Есірткіге бақылау жасау жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамы және басқа беделді ұйымдармен ынтымақтастықты нақтыландыра түсті. Еліміз Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропа қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі сияқты халықаралық қаржы институттарымен үйлесімді түрде өзара тығыз жұмыс істеп келеді.

Қазақстан БҰҰ-ға қабыдданған 1992 жылдан бері Біріккен Ұлтгар Ұйымының ондаған ұйымдары мен бағдарламаларына мүше немесе қатысушы болып үлгерді. Байланыс, әсіресе, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясының жұмысына қатысып, сөз сөйлегелі бері ерекше қарқынмен нығая түсті.

жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау