- Оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
- Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі – төрт жыл.
- Бастауыш білім мазмұнын алты білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Дене шынықтыру». «Тіл және әдебиет» білім саласына енетін пәндер: сауат ашу(оқу, жазу), қазақ тілі, әдебиеттік оқу, қазақ тілі, орыс тілі, әдебиеттік оқу, орыс тілі , шетел тілі.
Достарыңызбен бөлісу: |