Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі №1057 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»


Әуе кемелерін тежеу шарттарын бағалау әдістері мен құралдары 1. АТТ-2 көмегімен тежеу шарттарын бағалау



жүктеу 2,55 Mb.
бет7/14
Дата25.11.2017
өлшемі2,55 Mb.
#1574
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Әуе кемелерін тежеу шарттарын бағалау әдістері мен құралдары 1. АТТ-2 көмегімен тежеу шарттарын бағалау
      1. АТТ-2 әуеайлақ тежегіш тіркемесі бір осьті екі дөңгелекті тіркемені білдіреді (1-сурет), ол 10 өлшемеге қатты бекітілген 5 қаңқаны және 7 жетек дөңгелегін; 12 орталық және 16 бүйірлік тарту тірегін; 8 иінді білікті, 9 бұғаттау муфтасын, 14 өлшеу қасиеттері бар бағыттауыш тарқыны; 2 қорғау қақпағын, 13 тістесу құрылғысын, 4 бұғаттан ажырату муфтасын қосу рычагын, 3 өлшем бөлігінің қақпағын, 1 қарау люгінің қақпағын, 6 сақтандыру торсын қамтиды.
      2. АТТ-2 жиынына өлшеу құралдарында орнатылған 7 өлшеу датчигі мен сүйреу автомобилінің кабинасында орнатылатын 18 көшпелі тіркеу пультін қамтитын өлшеу аппаратурасына кіреді. Тіркеу пульті иілмелі электр кабелінің өлшеу датчигімен қосылады. Тіркеу пультінің қорек көзі сүйреу автомобилінің электр торабынан жүзеге асырылады, қорек кернеуі (12+1). Тіркеу панелінің беткі жағында мынадай элементтер болады: «Ш1 кіру» деген таңбасы бар 19 өлшеу датчигінен шығатын иілмелі кабелді қосуға арналған ұя, «Қорек көз» деген таңбасы бар 30 қорек кабелін қосуға арналған ұя, ЛХ-5527 20 түрлендіргішін «Ш2 қорек көз шығысы» деген таңбасы бар 12/27В түрлендіргішіне қосуға арналған ұя, «Тіркеу» деген таңбасы бар 21 жазу аспабы бар кабелді қосуға арналған ұя, «Қорек көз» деген таңбасы бар 26 қорек көзді қосу ажыратқышы, «Көмескі жарық беру» деген таңбасы бар 27 микроамперметр шәкілінің көмескі жарығын қосуға арналған ажыратқыш, «Өлшеу - калибр» деген таңбасы бар 29 пульт жұмыс режимін қосуға арналған ажыратқыш, «ПР1» деген таңбасы бар сақтандырғыштың алынбалы қақпақшасы, қызыл шынысы бар қорек көзін қосуға арналған 25 бақылау шамы, микроамперметр шәкілінің көмескі жарықтандырғыш шамы бар 23 екі патроны, 22 микроамперметр, 28 микроамперметрдің арретирі. Микроамперметр шәкілі 0,1 аралығы бар 0-ден 1-ге дейін ілінісу коэффициентінің бірлігі үлестерінде бөлінген. Шәкілде «К» деген таңбасы бар қара сектор бар. ЛХ-5527 түрлендіргішінің беткі панелінде төрт бұрандамен бекітілген 31 қақпағы бар. Қақпақпен 32 потенциометр бекітіледі.
      3. Ілінісу коэффициентін өлшеу тәртібі:
      1) АТТ-2 сақтандыру тросына міндетті түрде қоса отырып, сүйрегіш автомобиліне тіркеу; датчик кабелін 19 ұясына қосу, қорек көз кабелін 30 ұяға қосу, қорек көз кабелінің айырын полярлықты сақтай отырып, автомобиль розеткасына қосу;
      2) «Қорек көз» тумблерін қосу, бұл ретте бақылау шамы жануы тиіс; шәкіл нашар көрінетін кезде «Көмескі жарықтандыруды» қосу, пультті 8-10 мин жылыту (пультті жылыту тұрақ орнынан ілінісу коэффициентін өлшеу орнына дейін бару кезеңінде жүргізіледі), егер пульт жылытылмайтын үй-жайда болса, жылыту уақыты 10-15 мин.;
      3) автомобильді 1-2 м артқа шегіндіру; шәкілдік қара секторындағы тілдердің «Калибрлеу» режимінде орнығуын тексеру, егер тілдер қара секторда орналаспаса АТТ-2 метрологиялық тексеруге жіберу; «Өлшеу» режиміндегі тілді «0» орнығуын тексеру, егер тіл «0+0,02» мәнінен ерекшеленетін белгіде орнықса 32 потенциометрмен тілді «0+0,02» мәніне ауыстыру; бұғаттан ажырату муфтасын қосу;
      4) ілінісу коэффициенті мәндерін өлшеу, Өлшем ҰҚЖ бойымен оның осінен 5-10 м қашықтықта әрлі-берлі 11,1–12,5 м/с (40-45 км/ч) жылдамдығымен жүргізіледі; ҰҚЖ-ның әрбір 1/3 ұзындығында 8-ден өлшем жасалады, яғни әрбір жаққа ҰҚЖ осінен 4 өлшемнен; 8 өлшем бойынша ҰҚЖ-ның әрбір 1/3 ұзындығы бойына ілінісу коэффициенті мәнінің орташа арифметикалық шамасы есептеліп шығарылады, ол график көмегімен (2-сурет) нормативтік мәнге келтіріледі. ҰҚЖ-ның әрбір 1/3 ұзындығы бойынша ілінісу коэффициентінің нормативтік мәнін «Ұшу алаңының жай-күйі журналына» жазу қажет;
      5) өлшеу аяқталғаннан кейін «Көмескі жарық беру» деген бұғаттан ажырату муфтасы мен пульт қорек көзін сөндіру.
      4. Тіркеу пультінде «Тіркеу» деген таңбасы бар 21 ұя болады. Ұя Н-399 үлгісіндегі өздігінен жазатын вольтметрді қоса отырып, құжаттық тіркеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Жазу кезінде өздігінен жазғыш амортизациялық аспадағы сүйрегіш автомобилдің кабинасында орнатылады. Өздігінен жазғышты күйге келтіру мен жұмысы зауыт нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады.
      5. АТТ-2 аппаратурасын тіркеуді пайдалану бойынша нұсқаулыққа сәйкес авиакәсіпорын бойынша бұйрықпен тағайындалған қызмет тексеріп, күйге келтіреді.
      
1-сурет. АТТ-2 әуеайлағының тежегіш арбасы:
      1 - қарау люгінің қақпағы; 2 - қорғаныс қабы; 3 - өлшеу бөлігінің қақпағы; 4 - блокты ашатын муфтаны қосу тұтқасы; 5 - рама; 6 - сақтандыру тросы; 7 - жетекші доңғалақ; 8 - кран білігі; 9 - блокты ашатын муфта; 10 - өлшейтін доңғалақ; 11 - топсылы тіреуіш; 12 - оталғыштың орталық жетегі; 13 - іліністіргіш қондырғы; 14 - өлшеу датчигі; 15 - бағытты жетек; 16 - жетекті топсамен қосу; 17 - оталғыш бүйірінің жетегі; 18 - тіркеудің шдамды пульты; 19 - өлшеуіш датчигінен икемді кабелді қосу үшін ұяшық; 20 - қайта түрленуге қосу үшін ұяшық; 21 - жазу аспаптарынан кәбілді қосу үшін ұяшық; 22 - микроамперметр; 23 - микроамперметрдің шам шкаласымен екі оқ; 24 - сақтандырғыштың алынатын қалпақшасы; 25 - бақылау шамы; 26 - қоректенуге қосу ажыратып қосқышы; 27 - микроамперметр шкаласын жарқыратуға қосу сақтандырғышы; 28 - микроамперметрдің арретирі; 29 - пульт жұмысының режимін қосудың ажыратып қосқышы; 30 - қоректену кабелін қосу үшін ұяшық; 31 - қақпақ; 32 - потенциометр.
          
2-сурет. Түзету кестесі
      
3-сурет. Деселерометр
      1 - маятник осі; 2 - сорғыштар; 3 - тіреуді бекіту бұрамасы; 4 – корпусты бекіту бұрамасы; 5 - қайтару қолы; 6 - бекітілген бағдар; 7 - басқарушы қатер.      
жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау