Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №156 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі



жүктеу 10,41 Mb.
бет37/62
Дата22.05.2018
өлшемі10,41 Mb.
#15764
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62
ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ ЖАРЫҚ ҚОРШАУЛАРЫ

1-сурет. Кедергілерді жарықпен қоршау үлгілері
Ескертпе. А, Б өлшемдері 45-90 м-ге тең; В, Г, Д кішілеу немесе 45 м-ге тең.
Азаматтық авиация әуеайлақтарының
(тікұшақ айлақтарының) пайдалануға
жарамдылығының нормаларына
49-қосымша



Оттар арасындағы жылтылдау аралығы:

Жалпы циклдің бір бөлігі

орташа және жоғары оттың

жоғары және төменгі оттың 

төменгі және орташа оттың 


1/13

2/13


10/13

Азаматтық авиация әуеайлақтарының


(тікұшақ айлақтарының) пайдалануға
жарамдылығының нормаларына
50-қосымша
І, ІІ және ІІІ санатты қонуға дәлме-дәл кіруге болатын
ҰҚЖ-ының жабдығы



Жабдықтың 

Қонуға дәлме-дәл кірудің ҰҚЖ (бағыты)

атауы

I санатты

II санатты

III санатты

Қонуға дәлме-дәл кіру жүйесінің жабдығы

Ұшу алаңын шолудың радиолокациялық станциясы



ILS -I 1

-


ILS -II

ҰАШ РЛС 2



ILS -III

ҰАШ РЛС 2



Жерүсті қозғалысын басқарудың жетілдіріліген жүйесі

-

-

ЖҚБ ЖЖ 2

      1 ILS орнына жер үсті және ұшу тексерулерінің жағымды нәтижелерінің болуы шартымен І санатты бойынша сертификатталған ЖБТС (GBAS), сондай-ақ белгіленген тәртіпте қонуға кіру сұлбасын пайдалану мен 82-т.т. талаптарын орындауға рұқсат етіледі.


      2 Мыналарға рұқсат етіледі:
      - ІІ санаттағы қонуға нақты кіру ҰҚЖ-да (бағытында) ҰАШ РЛС болуына;
      - ІІІА санаттағы қонуға нақты кіру ҰҚЖ-да (бағытында) ЖҚБ ЖЖ орнына ҰАШ РЛС пайдалануға.
Азаматтық авиация әуеайлақтарының
(тікұшақ айлақтарының) пайдалануға
жарамдылығының нормаларына
51-қосымша
Қарқындылығы жоғары бөгегіш оттарды орнату бұрыштары



Жер бетіндегі оттың салыстырмалы биіктігі

Оттың көлденең жазықтығына қатысты ең жоғарғы қарқындылық бұрышы

151 м-ден астам

00

122 – 151 м

10

92 - 121

20

92 м-ден төмен

30

Азаматтық авиация әуеайлақтарының


(тікұшақ айлақтарының) пайдалануға
жарамдылығының нормаларына
52-қосымша
РАДИОТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІ
1. ILS принциптері бойынша жұмыс істейтін КРМ параметрлеріне
қойылатын талаптар
Радиосигнал
      1. КРМ (ГРМ) көтергіштік жиілігінің берілген жиіліктен ауытқуы мына мәндерден аспауы тиіс:
      ± 0,005% біржиіліктік маякта;
      ± 0,002% екіжиіліктік маякта.
      2. Көтергіш жиіліктердің 90 және 150 Гц сигналдарымен курс сызығының бойымен модуляциялау тереңдігі 20 ± 2% болуы тиіс. 
Әрекет аймағы
      3. Көлденең жазықтықтағы әрекет аймағы курс сызығынан оңға және солға қарай кем дегенде 35o секторлармен шектелуі тиіс.
      ӘК-нің КРМ әрекетінің аймағына енуін қамтамасыз ететін басқа құралдарды пайдаланған жағдайда, I және II санаттағы КРМ үшін курс сызығына қатысты көлденең жазықтықта әрекет аймағының ± 10o-ға дейін тарылуына рұқсат етіледі.
      4. Тік жазықтықтағы әрекет аймағы, үстінен көкжиекке қатысты кем дегенде 7o бұрышпен антенналық жүйенің электрлік орталығынан өтетін түзумен шектелуі тиіс.
      КРМ әрекет ету аймағы шегінің сыртындағы тік жазықтықта оның сәулеленуі мүмкіндігінше аз болуы тиіс.
      5. КРМ әрекет ету алыстығы бойынша КРМ әрекет аймағы қонуға кірудің аралық және соңғы сатыларында қонуға кіру жағынан ҰҚЖ табалдырығынан 600 м және одан жоғары биіктікте немесе ең биік нүктенің үстінде 300 м (ҰҚЖ табалдырығының үстіндегі ең жоғарғы асыру алынады) төмендегідей болуы тиіс:
      1) курс сызығына қатысты ± 10o көлденең сектордың шектерінде кем дегенде 46,3 км;
      2) курс сызығына қатысты ± 10o-нан ± 35o-ке дейін көлденең сектордың шектерінде кем дегенде 32,52 км.
      Әуе кеңістігін пайдалану бойынша шектеулерге байланысты КРМ әрекет ету аймағының азайтылуына рұқсат етіледі.
      Топографиялық ерекшеліктер бойынша шектеулерге байланысты КРМ әрекет ету аймағының ± 10o сектор шегінде 33,3 км-ге және қалған аймақ шегінде 18,5 км-ге дейін азайтуға рұқсат етіледі.
     Ескертпе. Әрекет ету секторы ± 10o КРМ үшін, курс сызығына қатысты ± 10o-нан ± 35o-ке дейінгі секторларда алыстығы бойынша талаптар қойылмайды.
      1) ILS глиссадасында курс секторының шектерінде КРМ-нан 18 км алыстықта өрістің кернеулігі
      1 санатты КРМ үшін кем дегенде 90 мкВ/м (-107 дБ Вт/м2) және
      II и III санаттардағы КРМ үшін 100 мкВ/м (-106 дБ Вт/м2) болуы тиіс;
      2) ҰҚЖ табалдырығынан II санатты КРМ үшін 15 м биіктікте және
      III санатты КРМ үшін 6 м биіктікте орналасқан нүктеде өрістің кернеулігі кем дегенде 200 мкВ/м (-100 дБ Вт/м2) мәніне дейін ұлғаяды;
      3) ҰҚЖ табалдырығынан 6 м биіктікте орналасқан нүктеден ҰҚЖ-ның осьтік сызығының үстінде 4 м биіктікте орналасқан нүктеге дейін ҰҚЖ табалдырығынан 300 м қашықтықта және одан әрі ҰҚЖ бойымен 4 м биіктікте КРМ бағытында III санатты КРМ өрісінің кернеулігі кем дегенде 100 мкВ/м (-106 дБ/м2) болуы тиіс.
      Ескертпе. Жергілікті жердің топографиялық ерекшеліктері болған кезде, егер басқа навигация құралдары КРМ-нің әрекет аймағындағы шолуды қамтамасыз етсе, 32 км алыстыққа дейін курс сызығынан ±10o-тық сектор шегінде өріс кернеулігі кем дегенде 40 мкВ/м болуына рұқсат етіледі.
Азимуттық сипаттама
      6. МТА өзгерісінің сипаты секторда:
      1) курс сызығынан МТА-мен құрайтын бұрыштарға дейін МТА = 0,180, МТА ұлғаюы бірқалыпты (негізінен сызықтық) болуы тиіс;
      2) МТА мен құралатын бұрыштардан МТА = 0,180, ± 10 градус бұрыштарға дейін МТА кем дегенде 0,180 болуы тиіс;
      3) ± 10o бұрыштардан бастап ± 35o бұрыштарға дейін МТА кем дегенде 0,155 болуы тиіс.
      Ескертпе. Әрекет ету аймағы ±10o МТА үшін әрекет аймағының сыртындағы МТА өзгерістерінің сипатына талаптар қойылмайды.
Курс құрылымы
      7. I санатты КРМ курсы сызығының қисаюлары (ықтималдығы 95%) келесі учаскелерде төмендегі мәндерден аспауы керек:
      1) әрекет аймағының шегінен А нүктесіне дейін - 0,031 МТА;
      2) А нүктесінен В нүктесіне дейін сызықтық заңы бойынша азаяды, А нүктесіндегі 0,031 МТА мәнінен В нүктесіндегі 0,015 МТА мәніне дейін;
      3) В нүктесінен С нүктесіне дейін - 0,015 МТА.
      8. II және III санатты (ықтималдығы 95%) КРМ курсы сызығының қисаюлары келесі учаскелерде төмендегі мәндерден аспауы керек:
      1) әрекет ету аймағының шегінен А нүктесіне дейін - 0,031 МТА;
      2) А нүктесінен В нүктесіне дейін сызықтық заңы бойынша азаяды, А нүктесіндегі 0,031 МТА мәнінен В нүктесіндегі 0,005 МТА мәніне дейін;
      3) В нүктесінен С нүктесіне дейін - 0,005 МТА;
      4) С нүктесінен тіректік нүктеге дейін - 0,005 МТА;
      III санатты КРМ үшін:
      5) тіректік нүктеден Д нүктесіне дейін - 0,005 МТА;
      6) Д нүктесінен Е нүктесіне дейін сызықтық заңы бойынша ұлғаюы тиіс, Д нүктесіндегі 0,005 МТА-дан Е нүктесіндегі 0,01 МТА-ға дейін.
      9. Курстың орташа сызығы ұсталып отыратын шектер, ҰҚЖ-ның осьтік сызығына қатысты тіректік нүктенің тұсында, төмендегі мәндерден аспауы керек:
      1) I санатты КРМ үшін ± 10,5 м;
      2) II санатты КРМ үшін ± 7,5 м;
      3) III санатты КРМ үшін ± 3,0 м.
Ығысуға сезгіштік
      10. Курс сызығынан ығысудың номиналдық сезгіштігі 0,00145 МТА/м болуы тиіс. Курс секторының барынша үлкен бұрышы 6Ү-тан аспауы керек.
      11. КРМ-ның ығысуға сезгіштігі ұсталып отыратын шектері (номиналдық мәнінен ауытқуы) төмендегіден аспауы керек:
      1) I санатты КРМ үшін ± 17%;
      2) II санатты КРМ үшін ± 17%;
      3) III санатты КРМ үшін ± 10%.
      Ескертпе. 1. II санатты КРМ үшін сезгіштікті номиналдық мәнінен ± 10% шектерінде ұстап отыру ұсынылады.
      2. Ығысуға сезгіштіктің номиналдық мәні ретінде ҰҚЖ табалдырығына келтірілген жартысектордың шектерінде 0,00145 МТА/м мәні қабылданған.
      I санатты КРМ үшін егер курстың секторы 6Ү-тан аспаса, 0,00145 МТА/м-ден өзгеше сезгіштіктің номиналдық мәні болуы рұқсат етіледі. I санатты КРМ үшін қысқа ҰҚЖ-да сезгіштіктің номиналдық мәні ретінде В нүктесіне келтірілген мән қабылданады.
Тану
      12. Тану сигналы КРМ-ның көтергіш жиілігінде таратылуы тиіс және курстық радиомаяктың негізгі функцияларына әсер етпеуі тиіс.
      13. Тану сигналы Морзе халықаралық кодымен жіберілуі және үш әріптен тұруы тиіс. Бірінші әріп "И", екіншісі мен үшіншісі – әуеайлақтың немесе ҰҚЖ-ның коды.
Бақылау
      14. Автоматтың бақылау жүйесі басқару пункттеріне ескертпе жіберуі тиіс және сәулелеудің тоқтатылуына немесе 90 және 150 Гц модуляция сигналдарының және көтергіш жиіліктің танушы құрамының алып тасталуына, немесе келесі мәндерден аспайтын уақыт ішінде төменірек санатқа өтуіне (II және III категориялар үшін) әкелуі тиіс:
      1) I санатты КРМ үшін 10 с;
      2) II санатты КРМ үшін 5 с;
      3) III санатты КРМ үшін 2 с.
      Келесі жағдайлардың кез келгені туындағанда:
      1) ҰҚЖ табалдырығына келтірілген курстың орташа сызығы ҰҚЖ-ның осьтік сызығына қатысты келесі мәндерден астам ығысқанда:
      I санатты КРМ үшін ± 10,5 м;
      II санатты КРМ үшін ± 7,5 м;
      III санатты КРМ үшін ± 6 м.
      2) КРМ-ның 3- 8-т.т. талаптарына сәйкестігі әрі қарай жалғаса берген жағдайда бір көтергіші бар КРМ үшін сәулелеу қуаты 50%-ға дейін азайғанда.
      3) екі көтергіші бар II және III санатты КРМ үшін оның әр көтергіші үшін сәулелеу қуатының 80%-ға дейін азайған кезінде. Егер КРМ-ның 3-8-т.т. талаптарына сәйкестігі әрі қарай жалғаса берген жағдайда қуатының 50%-ға дейін азайтылуына жол беріледі.
      4) ығысуға сезгіштіктің өзгеруі номиналдық мәннен 17%-дан астам болса.
      Ескертпе: басқару пункттері ретінде құрал-жабдықтың жұмысын басқаратын пункттер және әуе қозғалысын басқаратын пункттер түсініледі.
2. ILS қағидасы бойынша жұмыс істейтін ГРМ параметрлеріне
қойылатын талаптар
Радиосигнал
      1. ГРМ-нің көтергіш жиіліктен ауытқуы берілген мәндерден аспауы тиіс, олар төмендегідей:
      1) біржиіліктік маяк үшін ± 0,005%;
      2) екіжиіліктік маяк үшін ± 0,002%.
      2. Көтергіш жиіліктердің 90 және 150 Гц сигналдарымен модуляциялау тереңдігі глиссаданың ұзынабойында 40 ± 2,5% болуы тиіс.
Әрекет аймағы
      3. Көлденең жазықтықтағы әрекет ету аймағы курс сызығына қатысты сектормен оңға және солға кем дегенде 8o-ке шектелуі тиіс.
      4. Тік жазықтықтағы әрекет ету аймағы көкжиекке қатысты бұрыштармен шектелуі тиіс, олар төмендегідей:
      1) глиссададан жоғары, кем дегенде 1,75 ?;
      2) ГРМ глиссадасынан төмен, кем дегенде 0,45 ?, немесе глиссадаға кепілді енуін қамтамасыз ету үшін 0,30 ? бұрышына дейін.
      5. Қонуға кіру бағытындағы алыстығы бойынша әрекет ету аймағы кем дегенде 18 км болуы тиіс.
      Ескертпе. ГРМ-нің әрекет ету аймағы әуе кеңістігін пайдалануды шектеуге байланысты әрекет ету алыстығы бойынша шектелуі мүмкін.
      6. Әрекет ету аймағындағы өріс кернеулігі кем дегенде 400 мкВ/м
(- 95 дБВт/м) болуы тиіс және ҰҚЖ-ның табалдырығы арқылы өтетін горизонтальдік жазықтықтың үстінде I санатты ГРМ үшін 30 м биіктікке дейін, ал II және III санатты ГРМ үшін 15 м биіктікке дейін қамтамасыз етілуі тиіс.
Бұрышорындық сипаттама
      7. МТА-ның глиссададан 0,30 Ө бұрышына дейін өзгеруі жатық сипатта өтуі қажет және МТА=0,22 мәніне дейін ұлғаюы тиіс. Егер МТА 0,45 ?-тен астам бұрыштар кезінде 0,22 мәніне жетсе, онда МТА мәні тура 0,45 Ө бұрышына шейін немесе 0,30 Ө бұрышына дейін 0,22-ден кем болмауы тиіс.
Глиссада құрылымы
      8. Глиссада сызығының қисаюлары (ықтималдығы 0,95) учаскелерде мына мәндерден аспауы тиіс:
      1) I санатты ГРМ үшін әрекет ету аймағының шегінен С нүктесіне дейін 0,035 МТА;
      2) II және III санатты ГРМ үшін әрекет ету аймағының шегінен А нүктесіне дейін 0,035 МТА;
      3) II және III санатты ГРМ үшін А нүктесінен В нүктесіне дейін сызықтық заңы бойынша А нүктесіндегі 0,035 МТА мәнінен В нүктесіндегі 0,023 МТА мәніне дейін азаюы тиіс;
      4) II және III санатты ГРМ үшін В нүктесінен тіректік нүктеге дейін 0,023 МТА.
Глиссада еңкіштігінің бұрышы
      9. Номиналдыққа қатысты глиссада еңкіштігінің бұрышы I и II категориялы ГРМ үшін ± 0,075 Ө шектерінде және III категориялы ГРМ үшін ± 0,04 ? шектерінде ұсталуы тиіс.
Ығысуға сезгіштік
      10. ГРМ-ның бұрыштық ығысуға номиналдық сезгіштігі РГМ = 0,0875 мәніне төмендегі бұрыштық ығысу кезінде сәйкес болуы тиіс:
      1) орташаландырылған глиссададан төмен:
      1) I санатты ГРМ үшін (0,12 + 0,02/-0,05) Ө;
      2) II және III санатты ГРМ үшін (0,12 ± 0,02 ) Ө.
      2) орташаландырылған глиссададан жоғары:
      1) санатты ГРМ үшін (0,12 + 0,02/-0,05) Ө;
      2) II санатты ГРМ үшін (0,12 + 0,02/-0,05) Ө;
      3) III санатты ГРМ үшін (0,12 ± 0,02) Ө.
       11. ГРМ-ның бұрыштық ығысуға сезгіштігі номиналдық мәніне қатысты төмендегіден аспайтын шектерде ұсталуы тиіс:
      1) I санатты ГРМ үшін ± 25%;
      2) II санатты ГРМ үшін ± 20%;
      3) III санатты ГРМ үшін ± 15%.
       Ескертпе. Ығысуға номиналдық сезгіштік (МТА/град.) глиссаданың жартысекторының мәніне жатқызылған, 0,0875-ке тең МТА мәнімен анықталады.
Бақылау
      12. Автоматтық бақылау жүйесі басқару пункттеріне ескертпе жіберуі тиіс және I санатты ГРМ үшін 6 с-тан аспайтын уақыт ішінде, ал II и III санатты ГРМ үшін 2 с ішінде келесі жағдайлардың қайсысы болса да туындаған кезде сәулелеудің тоқтатылуын қамтамасыз етуі тиіс:
      1) глиссаданың еңкіштік бұрышы оның номиналдық мәнінен 0,075 ?-тен астам мәнге (төмен қарай) және 0,1 Ө-ден астам (жоғары қарай) ауытқығанда;
      2) ГРМ-ның 2.3- 2.8т.т. талаптарына сәйкестігі ары қарай жалғаса берген жағдайда сәулелеу қуаты 50%-ға дейін азайған жағдайда;
      3) екі көтергіштік жиілігі бар ГРМ-ды пайдаланғанда әр көтергіш жиілік үшін сәулелеу қуаты 80%-ға дейін азайғанда;
      4) ГРМ 2.3- 2.8т.т. талаптарын қанағаттандырған жағдайда екі көтергіш жиіліктері бар II және III санатты ГРМ үшін әр көтергіш жиілік үшін 80%-дан 50%-ға дейін сәулелеу қуаты азайғанда;
      5) бұрыштық ығысуға сезгіштіктің белгіленген номиналдық мәннен ±25%-дан астам мәнге өзгерген жағдайында.
3. Маркерлік радиомаяктардың параметрлері
      1. МРМ-нің көтергіш жиілігінің берілген мәннен ауытқуы 0,01%-дан аспауы тиіс (жаңадан енгіліетін МРМ үшін ± 0,005%).
      2. Модуль белгілерінің жиілік ауытқулары атаулы мән көрсеткішінен ± 2,5% аспауы керек.
      3. МРМ әрекет ету күші курс пен глиссада сызығында төмендегідей болуы тиіс:
      1) жақын МРМ-нің 300 м ± 100 м;
      2) алыс МРМ-нің 600 м ± 200 м.
      4. Әрекет ету аймағының шегіндегі өріс кернеулігі 1,5 мВ/м-ден кем болмауы тиіс.
      5. Өріс кернеулігінің МРМ әрекет күшінің шегінен оның ортасына қарай ұлғаюы ең болмағанда 3 мВ/м болуы керек.
      6. МРМ-ді тану сигналдары:
      1) жақын МРМ үшін – үздіксіз тарату секундына 6 ± 15% нүкте;
      2) алыс МРМ үшін - үздіксіз тарату секундына 2 ± 15% тире құрауы тиіс.
      7. Автоматтық бақылау жүйесі келесі жағдайларда іске қосылуы және басқару пунктіне ескертпелер жіберіп отыруы тиіс:
      1) шығу қуатының номиналдықтан 50%-дан астамға азайған кезінде;
      2) модуляциялау тереңдігінің 50%-дан астамға азайған кезінде;
      3) модуляция мен манипуляция тоқтаған кезде.
4. Қондыру радиолокаторының параметрлері
      1. ҚРЛ антеннадан кем дегенде 17 км қашықтықта азимуты бойынша кем дегенде 200 орнының бұрышы бойынша кем дегенде 7o-тық сектормен шектелетін әуе кеңістігіндегі курс сызығына және глиссадасына қатысты әрекет аймағын (тиімді шағылысу беті 15 м2 ӘК үшін табу ықтималдығы
0,9-дан жаман емес және жалған дабыл беру ықтималдығы 10-6 мәнінен аспайтын жағдайда) қамтамасыз етуі тиіс.
      2. ӘК-нің курстың номиналдық сызығынан ауытқуын анықтаудағы радиолокатор антеннасынан қашықтықтың ары кеткенде 0,6%-ын құруы тиіс оған қоса іс жүзінде ауытқуының 10% немесе 9 м (көбірек мәнін қабылдайды) құрайды.
      3. ӘК-нің курстың номиналдық сызығынан ауытқуын анықтаудағы қателік ҚРЛ антеннасынан қашықтықтың ары кеткенде 0,4%-ын құруы тиіс плюс номиналдық глиссададан іс жүзіндегі сызықтық ауытқуы, немесе 6 м-ді (көбірек мәнін қабылдайды) құрайды.
      4. ӘК-ден қону нүктесіне дейінгі қашықтықты анықтаудағы қателік 30 м плюс оған дейінгі қашықтықтың 3%-ынан аспауы тиіс.
      5. Шешім қабілеті мына мәндерден кем болмауы тиіс:
      1) алыстығы бойынша 120 м;
      2) азимуты (курсы) бойынша 1,2;
      3) орнының бұрышы бойынша 0,6o.
      6. Радиолокациялық ақпараттың жаңартылып отыру мерзімі 1 с-тен аспауы тиіс.
5. Әуеайлақтық шолу радиолокаторының параметрлері (ШРЛ-А)*
      1. Шағылысу беті 15 м2 ӘК-ін табу ықтималдығы және жалған дабыл берулер ықтималдығы 10-6–дан аспайтын жағдайда әрекет ету аймағы шегінде қосымша ақпарат алу бастапқы арна бойынша 0,8-ден және екінші арнада 0,9-дан кем болмауы тиіс.
      2. ШРЛ-А әрекетінің алыстығы бастапқы арна бойынша кем дегенде
50 немесе 100 км (әуеайлақ ауданындағы ӘҚБ үшін) және 160 км (аэроторап ауданындағы ӘҚБ үшін), ал екінші арна бойынша кем дегенде 160 км болуы тиіс.
      3. АІТК-сіз ШРЛ-А бастапқы арнасының қателігі (ТШШК – тасымалды шеңберлік шолу көрсеткіші бойынша) нысанаға дейінгі қашықтықтың 2,0%-дан аспауы тиіс немесе алыстығы бойынша 150 м-ден (қайсысы көбірек болуына байланысты) аспауы және азимуты бойынша ± 20 болуы тиіс.
      4. Орташа квадраттық қателік (ОКҚ) ШРЛ-А-ның бастапқы арнасының АІТК-нің шығысында алыстығы бойынша 150 м-ден және 200 м-ден аспауы (50-100 км және 160 км әрекет алыстығына сәйкес) және азимут бойынша
0,20-тан аспауы тиіс.
      5. ОКҚ мәні ШРЛ-А екінші арнасының АІТК-нің шығысында алыстығы бойынша 200 м-ден және азимут бойынша 0,20-тен аспауы тиіс.
      6. ШРЛ-А шешуші қабілеті бастапқы арна бойынша нысанаға дейінгі қашықтықтың 1%-ынан нашар болмауы немесе 230 м-ден (көбірек мәнін қабылдайды) және азимут бойынша 7o-тен кем болмауы тиіс.
      7. ШРЛ-А әрекетінің аймағы, төмендегідей сипатталатын кеңістіктің шектерінен кем болмауы тиіс:
      Антеннадан 60 км*) қашықтықтағы нүктеге дейін антенна арқылы өтетін көлденең жазықтыққа 0,5o бұрышпен антеннадан бастап жүргізілген сызықпен шектелген тік жазықтықтың антеннаны 360Ү айналып құрылатын кеңістік; антенна арқылы өтетін көлденең жазықтыққа 45Ү бұрышпен антеннадан бастап жүргізілген осы тік сызықпен қиылысу нүктесінен 3000 м биіктікке дейін жоғары қарай осы нүктеден жүргізілген тік сызықтың; және антеннамен қиылысатын соңғы нүктені қосатын сызықпен құрылатын кеңістік.
      Ескертпе: 1. Тік жазықтықта әрекет аймағын бейнелейтін сұлба 1-суретте келтіріледі.
      2. ӘҚБ аэродромдық жүйелерінде пайдалануға арналатын ШРЛ-А үшін 160 км мәнін қабылдау қажет.
      8. ШРЛ-А шешуші қабілеті екінші арна бойынша (АІТК-нің шығысында) алыстығы бойынша 1000 м-ден кем болмауы және азимуты бойынша 4o-тен кем болмауы тиіс.
      9. ШРЛ-А бастапқы және екінші арналарында сигналдарды өңдеу кезінде алынған ӘК координаттық белгілері ығысуының қателіктері алыстығы бойынша 500 м-ден және азимуты бойынша 8 -ден аспауы тиіс.
      10. ШРЛ-А екінші арнасы бойынша қосымша (ұшулық) ақпаратты алу ықтималдығы кем дегенде 0,9 болуы тиіс.
      11. Радиолокациялық ақпараттың жаңартылып отыру мерзімі 6 с-тен астам болмауы тиіс.
      _____________________________________________________________
*Пайдаланудағы ШРЛ-А үшін екінші арна бойынша әрекет ету алыстығына сәйкестігі және дәлдік сипаттамаларының ПҚ талаптарына сәйкес болуына рұқсат етіледі (2 - 8-т.т.).

1-сурет.Тік жазықтықтағы ШРЛ-А әрекет аймағы (масштабта емес).
жүктеу 10,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау