Қазақ тілінен І жартыжылдық бақылау тесттер 9 сынып
I нұсқа
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын көрсетіңіз
А. алайда В. кейде Г. да/де Д. сондықтан Е.бірісе
2. Сенің әкеңнің шешесі саған кім болады?
А. қарындас В.әпке Г. ата Д.әже Е.жиен
3. Ежелгі қаланың атаун табыңыз
А. Тараз В. Алматы Г.Астана Д. Қарағанды Е. Қостанай
4. Біздің жерлесіміз кім?
А. Абай В. А.Байтұрсынов Г. С.Сейфуллин Д. Ж.Жабаев Е. М.Әуезов
5. Ашық буыннан құрылған сөзді тап
А.көктем В. қызмет Г.далада Д. сатып Е. шығыс
6. Бастауышы бар сөйлемдерді қалай атайды?
А. толымды В. жай Г. жақты Д. анықтауыш Е. құрмалас
7. Жай шырайда тұрған сөзді тап
А. ақшыл В. қызылырақ Г. жап-жасыл Д. үлкен Е. биігірек
8. IV-X ғасырларда Түркістан қалай аталған
А. Тараз В. Фараб Г. Шабғар Д. Йасса Е. Отырар
9. «Пайда болған» деген сөздің аудармасын тап
А. расположен В. сохранен Г. развит Д. появилось Е. польза
10. Әйгілі түрколог, Шығысты зерттеуші ғалым
А. В.В. Радлов В. Ш.Уалиханов Г. Қ.Сатпаев Д. Ы. Алтынсарин Е. Ә.Қастеев
11. Қазақ хандығының ең жоғары билеушісі кім?
А. сұлтан В. хан Г. батыр Д. ақын Е. би
12. Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар
А. 5 В. 4 Г. 3 Д. 2 Е. 6
13. Елтабаның ортасында не бейнеленген?
А. қос пырақ В. күн Г. шаңырақ Д. ұлттық өрнек Е. жұлдыз
14. Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлемнің түрін тап
А. жақты В. жайылма Г. жалаң Д. жақсыз Е. атаулы
15. Ағаның әйелін қалай атайды?
А. апа В. жеңге Г. немере Д. әже Е. қарындас
16. Қатыстық сын есімді тап
А. биік В. жасыл Г. сұлу Д. қарлы Е. тұщы
17. Сөйлемнің алдында тұрған қаратпа сөзді табыңыз
А. Сенің атың кім, балам? В. Қайрат, сенің жасың нешеде? Г. Кел, балалар, оқулық!
Д. Кеше жаңбыр жауды. Е. Қап, әттеген-ай!
18. Күрделі сөзді табыңыз
А. күн В. дәптер Г. балмұздақ Д. немере Е. балалар
19. Жалқы зат есімді табыңыз
А. Қала В. Шығыс Г. Аудан Д. Тараз Е. Ауыл
20. Ер жігіттің жүйрік аты
А. қанаты В. қуаты Г. серігі Д. оты Е. сұсы
21. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той
А. шілдехана В. қырқынан шығару Г. бесікке салу Д. тұсау кесу
22. Атау септігінде тұрған сөзді тап
А. атаммен В. атамда Г. атам Д. атама Е. атамды
23. Айша биби кесенесі қай қаланың маңында табылған?
А. Түркістан В. Тараз Г. Отырар Д. Алматы Е. Қостанай
24. Есептік сан есімді атаңыз
А. үш жүз В. төртінші Г. елудей Д. үшеу Е. алпыс алтыншы
25. Нешінші ғасырда ежелгі қаланың бірі Түркістан деп аталған
А. Х V В. ХVII C.XI Д. XIII Е. XIV
26. Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз
А. Ел іші- алтын бесік В. Ең тәттісі – тіл С. Көп оқысаң- көп білерсің Д. Жастар ән айтты, биледі.
27. Орта жүздің биі кім?
А. Төле би В.Әйтеке би Г. Майқы би Д. Қазыбек би Е. Балпық би
28. Түбір сөзді табыңыз
А. Күндізгі В. Оқулық С. Күз Д. Таңертең Е. Күнделік
29. Қазақ отбасында әпкесі өзінен кіші қызды кім деп атайтынын белгілеңіз
А. Қарындас В. Сіңлі С. Апа Д. Әже Е. Жеңге
30. Болымсыздық етістікті табыңыз
А. Жапты В. Ашты С. Тыңдама Д. Көрме Е. Алма
Қазақ тілінен І жартыжылдық бақылау тесттер 9 сынып
II нұсқа
Ахмет Йасауи кесенесі қай қалада сақталып қалған?
А.Түркістан В.Отырар С.Тараз Д.Алматы Е.Ақтау
2. Сұраулы сөлемдерге байланысты қойылатын тыныс белгісін табыңыз
А. Сызықша В.Нүкте С.Үтір Д. Нүктелі үтір Е. Сұрау белгісі
3. Себеп- салдар салалас құрмалас сөлемнің жалғаулықтарын табыңыз
А. Біресе В. Және С. Бірақ Д.Кейде Е. Сондықтан
4. Қазақстан Республика Елтаңбасының авторы кім?
А. О.Сүлейменов В. Ш.Қалдаяқов С. Ш.Ниязбеков Д. Ә.Қастеев Е. М.Әлімбаев
5. Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді қалай атайды ?
А. Жай В. Құрмалас С. Лепті Д. Жақты Е. Толымды
6. Тек ашық буынды сөзді көрсетіңіз
А. Арман В. Баламен С. Қалаға Д. Өрт Е. Дәптер
7. Қазақ отбасында ұлдың баласын қалай атайды ?
А. Немере В. Жиен С. Іні Д. Аға Е. Нағашы
8. Жалпы зат есімді табыңыз
А. Астана В. Көксерек С. Асхана Д. Балқаш Е. Арал
9. Сәби тез жүріп кету үшін жасалатын салт- дәстүрді атаңыз
А. Шілдехана В.Қырықынан шығару С.Бесікке салу Д.Тұсау кесу Е.Үйлену тойы
10. Бастауышы жоқ сөйлемнің түрін табыңыз
А. Жақты В. Жақсыз Г. Құрмалас Д. Жай Е. Жайылма
11. Реттік сан есімді көрсетіңіз
А. Он төрт В. Елу С. Бесінші Д. Екі бүтін оннан екі Е. Жүзден астам
12. Қазақ халқының дүниетанымындағы жеті ырысқа не жатады
А. Адамның ақылы В. Байлығы С.Сөзі Д. Аты Е. Өнері
13. Қазақстан Республикасының Рәміздері қабылданған жылы
А. 1991 ж. В. 1992 ж. С. 1993 ж. Д. 1994 ж. Е. 1995 ж.
14. «Қаладан» сөзі қай септікте тұрғанын анықтаңыз
А. Атау В. Көмектес С. Ілік Д. Шығыс Е. Жатыс
15. Қыста ауа райы қандай болатынын анықтаңыз
А. Жылы В.Әдемі С. Қызық Д. Суық Е. Жаңбырлы
16. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз
А. Үйге В. Ағаштікі С. Талапты Д. Мектепте Е. Балалар
17. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулығын көрсетіңіз
А. Бірақ В. Содықтан С. Бірде Д. Және Е. Өйткені
18. Сөздердің орын тәртібі дұрыс сөйлемді көрсетіңіз
А.Болады тоғайда әр түрлі аңдар. В Әртүрлі тоғайда аңдар болады С. Аңдар болады әр түрлі тоғайда
Д. Тоғайда әр түрлі аңдар болады. Е. Аңдар әр түрлі тоғайда болады.
19 Антоним сөзді анықтаңыз
А. Үлкен –дәу В. Көне – жаңа С. Таза - әдемі Д. Жалқау – ақылды С. Көне –ежелгі
20. Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз
А. Ел іші- алтын бесік В. Ең тәттісі – тіл С. Көп оқысаң- көп білерсің Д. Жастар ән айтты, биледі.
21. Қабанбайдың шын атын белгілеңіз
А. Ержан В. Ералы С. Ербол Д. Ер Тарғын Е. Ерасыл
22. Синонимдік қатар құрайтын сын есімді табыңыз
А.Ақылды,мейрімді В.Сабырлы,салмақты С.Мәдениетті адам Д.Жауапты, қабілетті Е.Қасиетті, қадірлі
23. Төле би нешінші жылы дүниеге келген
А. 1968 ж. В. 1961ж. С. 1663ж. Д. 1863ж Е. 1889ж.
24. Нешінші ғасырда ежелгі қаланың бірі Түркістан деп аталған
А. ХV В.XVII С. X Д. XII Е. XIII
25.Шабғар деп қай қаланы атаған
А. Отырар В. Алматы С. Тараз Д. Түркістан Е. Ақтөбе
26.Қазақтар қолданған алфавиттерді белгілеңіз
А. Түрік, араб, латын В. Татар, латын С. Орыс, түрік Д. Араб, латын, орыс Е. Шағатай, орыс
27. Атау септігінде тұрған сөзді табыңыз
А. Әкеммен В. Әкеме С. Әкем Д. Әкемде Е. Әкемді
28. Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар екенін анықтаңыз
А. 5 В. 3 С. 1 Д. 2 Е. 4
29. Күрделі сөзді табыңыз
А. Түлкі В. Биік С. Шаңсорғыш Д. Өзен Е. Қыс
30. Өздік есімдігі бар тіркесті табыңыз
А. Менің елім В. Бұл ел С. Өз елім Д. Мен үшін Е. Бәрі бар
І жартыжылдық бақылау жұмыстарының кілттері
-
І нұсқа
|
ІІ нұсқа
|
1Г
2Д
3А
4В
5Г
6Г
7Д
8Г
9Д
10А
11В
12Г
13Г
14С
15В
16Д
17В
18Г
19Д
20А
21А
22Г
23В
24А
25А
26В
27Г
28В
29В
30С
|
1А
2Е
3Е
4В
5В
6С
7А
8С
9Д
10В
11С
12А
13В
14Д
15Д
16В
17Д
18Д
19В
20С
21Е
22В
23С
24А
25Д
26Д
27С
28В
29С
30С
|
Достарыңызбен бөлісу: |