Оқылым
Тапсырма
Екі үзіндінің ұқсастығы мен айырмашылығын (мәтіннің түрін, мақсатын, мазмұнын, стилі мен тілін, аудиториясын) салыстырып, жазыңыз.
[10]
А мәтіні
Элон Маск Марсты игеру үшін термоядролық қаруды пайдалануды ұсынды
Америкалық миллиардерді бізге «Темір адам» фильмінен белгілі Тони Старкқа теңейді. Элонның SpaceX компаниясы бір зымыранды бірнеше рет қолдануды ұсынса, Tesla концерні электромобиль құрылымын дамытуда еңбек етіп келеді. Ал SolarCity болашақта Жерді Күн энергиясымен қамтамасыз етпек.
Америкалық кәсіпкер өзінің кезекті сұхбатында Марсты игерудің екі түрлі жолы бар екенін мәлімдеді. Біріншісі көп жылдық еңбек пен қаржыны талап етсе, екіншісі отарлауды жылдам жүзеге асыру мүмкіндігін береді.
«Біз Марсты Жердің аналогына айналдыра аламыз», - дейді Маск.
Марс ғаламшары Күннен Жерге қарағанда біршама алыста орналасқан. Сондықтан Марс бедерінің орташа температурасы –40°С болып, мұздықтармен қапталған. Оның айтуынша, Марстың қалыпты атмосферасын қайта қалпына келтіру үшін жаһандық жылыну үдерісін қолдан жасау керек, яғни мұз болып жатқан көмірқышқыл газын еріту қажет. Көмірқышқыл газы Марс атмосферасы қабатын қалыңдата түспек. Ол үшін адам баласы қызыл ғаламшарға жылытатын генераторларды орнатуға міндетті. Бұл – көп қаржыны талап ететін қажырлы еңбек.
Элон Маск бұл мәселенің оңай шешімі термоядролық бомба болатынын ашып айтты. Егер бүгінгі таңдағы аса қауіпті қару Марсқа тасталса, мұз кейпіндегі көмірқышқыл газы еріп, атмосфера құрылымы өзгереді.
Айта кетсек, Элон Маск осыған дейін де ғылыми негізі бар болжамдарды айтқан болатын.
Ә мәтіні
Электр тоғын әуеде ойнатқан ғалым
Никола Тесла – мың жылда бір өмірге келетін ғажайып таланттылардың бірі десек қателеспейміз.
1856 жылы Австрия империясына қарасты Смилян қаласында өмірге келген Никола Тесла бала кезінен-ақ ерекше қабілетке ие болатын. Мектепті бітіргеннен кейін әкесінің қарсылығына қарамай Австриядағы жоғары оқу орнына оқуға түседі. Студент кезінен-ақ түрлі өнертапқыштығымен жұрт назарына бірден ілігеді. 28 жасында-ақ түрлі марапаттарға ие болады. Өз армандарын орындау мақсатында 30-ға толмай жатып Нью-Йоркқа келеді. Бірақ көп өтпей бейтаныс қаладағы алаяқтарға алданып, бар жиған-тергенінен айрылып қалады. Дымсыз қалған Тесла көшеде бұзылып қалған электр техникаларын жөндеп ақша таба бастайды. Осылай күн көре жүріп ол ғылыми ізденістерін де тоқтатпайды. Кейін тәжрибелі маман ретінде «Вестингауз электрик» компаниясына жұмысқа кіреді.
1893 жылы Чикагода болған бүкіләлемдік көрмеде ерекше оқиға орын алады. Никола Тесла денесінен 2 миллион вольтты тоқты өткізіп, қолына электр шамдарын алып жағады. Мұның сырын сұраған адамдарға: «Әңгіме электр энергиясы қуатының қаншалығында емес, оған қалай жалғануда», – деуден арыға аспайды. Осы жылы толқынды радиоұзатқышты ойлап табады. Бұл дегеніміз жердің бір бұрышынан екінші бір бұрышына электрді сымсыз-ақ жеткізу еді.
Ол Колорада да талай тәжрибелер өткізді. Жасанды күн күркірі, найзағай шақыру жолдарын ойлап табады. Өзі құрдырған арнайы мұнарадан біршама қашықтықтықтағы 200-ге тарта электр лампасын сымсыз-ақ жағып жиналғандарды таң-тамашаға батырады. (190 сөз)
А мәтіні
|
Ә мәтіні
|
Мәтіндердің стилі
|
|
|
Мәтіндердің тақырыбы
|
|
|
Автор көзқарасы
|
|
|
Мақсатты аудиториясы
|
|
|
Құрылымы
|
|
|
Тілдік ерекшеліктері
|
|
|
Жазылым
Берілген 4 тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмыстарын орындаңыз.
[10]
«Парасат» журналына «Қазақстанда көші-қон мәселесіне қатысты оралмандар мен келімсектер қандай қиындықтарға кездеседі?» деген тақырыпта 150-180 сөзден тұратын мақала жазыңыз.
Мектепте қалыптасқан игі дәстүр бойынша «Ақылды бейсенбі» жобасы аясында «Болашақ» бағдарламасының түлегімен мектеп оқушылары арасында кездесу болып өтті. Кездесуде сөз болған «болашақтықтардың» білім алуы, тыныс-тіршілігі туралы мектеп ғаламтор форумында жарық көретін сұхбат жазыңыз.
Мектеп газеті келесі айдың басылымын әлемді өзгерткен өнертабыстар тақырыбына арнайды. «Өнертабыс – өрлеу кепілі» деген тақырыпта жаңа технологиялардың қоғамға тигізетін әсері туралы ақпараттық мақала жазыңыз.
Сізге «Зерде» журналының тілшісі ретінде қазақстандық атақты өнертабыс иесінен сұхбат алу тапсырылды. Жанрлық ерекшелігін сақтап, сұхбат жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |